Болжалдыкелер шақ формасы алдағы уақытта істелетін амал-әрекетті атайды, бірақ ол амалдың жүзеге асу-аспауы күдікті, екі талай екені аңғарылады. Ал форманың өзі есімшенің келер шағының -ар (-ер, -р) жұрнағы арқылы етістіктің жалаң және күрделі негіздерінен жасала береді. Мысалы: Өзіңіз әуелі келерсіз, жай-жапсармен сонда танысармыз; Сізбен әлі де талай кездесетін де шығармыз, әңгімелесетін де болармыз
Мақсатты (арнаулы) келер шақформасы амаләрекеттің алдағы уақытты шүбәсіз, күдіксіз (қайткенде де) жүзеге асатынын және онда бір мақсат барын коса білдіреді. Бұл форма етістік негізіне есімшенің мақсатты келер шағының -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы жалғану арқылы, кейде соңғы жұрнақтың үстіне -шы дәнекері косылу арқылы жасалады. Мысалы: Біз ертең жиналмақшымыз да, онда сембілікке кім, қашан, қайда баратынын сөз етпекпіз; Бүгін кітапханаға бармақпын, жолға қажет кітаптар алмақпын
ЖАҚ КАТЕГОРИЯСЫ Қазақ тіліндегі жақтылық мәселесін А.Байтұрсынов, К.Жұбанов,
С.Аманжолов, М.Балақаев,С.Омарбеков, С.Исаев, ә.Төлеуов,А. Айгабылұлы,Ж.Сәдуақасов, Т.Сайрамбаев сынды ғалымдар сөз еткен. Жақты бөлек алып қарастыру А.Байтұрсынұлы енбектерінен басталады. Осы авторлардың ішінде Ж.Сәдуақасов пен Т.Сайрамбаев қана жақ категориясы туралы жеке енбегін берген. Бірақ бұл еңбектердің зерттелу дережесіне қарай үш топка бөліп көрсетуге болады. С.Омарбеков,Төлеуов жақ мәселесін зат есім төңірегінде ғана сөз етсеН.Сауранбаев,Н.Оралбаева, С.Исаев, Ж.Садуақасов,А.Айтабылұлыжақ категориясын етістікке байланысты зерттеп,етістіктің жақтық қасиетін сөз етеді.
Ал Т.Сайрамбаев болса онын функционалдык жагына баса назар аударады. Жак - грамматикада сейлеушінін істелінген іс пен зат арасындаты катынасын білдіретін зат есім мен етістік категориясы.Жақ ұтымы қимыл, іс әрекеттің қай жақ арқылы (сөйлеуші ме, тыңдаушы ма, бөгде ме) іске асатынын немесе белгілі қасиетінің қай жаққа қатысты екенін я қасиеттің иесі кай жақ болып тұрғанын білдіру бөліп табылады.