Жеткербаева. А. Мырзағалиева. Ж. Ертайқызы. Н. Тексерген: Қоқанова. Ж. Грамматикалық категориясы



бет2/5
Дата19.11.2023
өлшемі37,59 Kb.
#124892
1   2   3   4   5
ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ
Етістік амал-әрекет ұғымдарыньщ атаулары я сол үғымдарды білдіретін сөздер болатындықтан, оған тән сөздер, қашанда болсын, белгілі дәрежеде мезгіл үғымдарымен байланысты болады. Өйткені амал, әрекет, қимыл, қозғалыс атаулынын кай-қайсысы болсын үнемі белгілі бір мезгілде жүзеге асырылады. Мезгіл ұғымына байланыстырмай етістікті жеке сөз табы деп тануға да, аныктауға да болмайды. Солай болса, шак категориясы етістікті әрі сөз таптарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ен, негізгі грамматикалық категория делініп есептеледі.
Бірақ, шақтарды бір-бірінен ажыратуда қиыншылықтар бар.Ол қиыншылықтар, бір жағынан, шақ мазмұнынын бір-бірімен ұштастығымен, соған орай, шақ формаларынын бір-бірінен жіктері ашылмағандығымен байланысты болса, екінші жағынан, шақ категориясы мен рай категориясынын бір-бірінен мазмұн шегі де, форма шегі де ажыратылмағандьғымен байланысты.
ӨТКЕН ШАҚ
Өткен шақ деп сөйлеу кезінен бұрын болған я істеліп тынған амал-әрекетті білдіретін етістік формаларын айтамыз.
Шақ формаларын сыртқы тұлға-түрлеріне карай да, ішкі мазмүн өзгешелігіне қарай да жіктеуге (таптастыруға) болады. Бірак, қашан да болсын, мазмұн түрге жетекші болатынын ескергеңде, шақтарды да мағыналарына қарай жіктеу әрі олардың мазмұнын тану үшін, әрі баяндау жүйесі ықшамды болу үшін қолайлы да. ұтымды да болады. Сондықтан, жоғарыдағыдай семантикалық сипаттарын ескере отырып, өткен шакты а н ы қ ( айғақты) ө т ке н шақ, т а н ық ( ай ғақсыз ) өткен шақ және неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деген үш салаға бөлуге болады.

  • Анық (айғақты) өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекетті өзі басы-қасында болғандай, өз кезімен көргендей, тыңдаушы (окушы) әбден қанық боларлықтай, сенерліктей етіп хабарлайтын формаларды айтамыз. Анык. өткен шак. формалары мынадай көрсеткіштер арқылы жасалады:

  1. -ды (-ді, -ты, -ті) жұрнағы (алды ,келді, айтты, кетті);

  2. -ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағы (жайған, есейген, көшкен);

  3. -атын (-етін, -йтын, -йтін) жұрнағы (жазатын, күзететін, қарайтын, сөйлейтін);

  4. -ып еді (-іп еді, -п еді) форманты (көтеріп еді, сынап еді, ішіп еді);

  5. -ған еді (-ген еді, -қан еді, -кен еді) форманты (қалаған еді, білген еді, шашқан еді, түскен еді, сүрініп кеткен еді, ашылып қалған еді;

  6. -ушы еді (-уші еді) форманты (барушы еді, келуші еді);

  7. тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері мен есімдерге еді кемекші етістігі тіркеседі (жүр еді, отыр еді, жатыр еді, тур еді);

  • Танық (айғақсыз) өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекетті өзі басы-қасында болмай, ез көзімен көрмен, тек баска айғаққа (біреудің айтуына, хабарлауына) сүйеніп, немесе кейін өзі көріп, оқып, сұрап, естіп... білген мәліметке сүйеніп айтқанындай етіп көрсететін формаларды айтамыз. Танық өткен шақ көрсеткіштері мыналар:

  1. -ып (-іп , -п) жұрнағы (алыпты, көріпті сөйлепті);

  2. -ған екен (-ген екен, -қан екен, -кен екен) форманты (аш қылған екен, кешіккен екен, сасқан екен);

  3. -а + ды екен (-е + д і екен) форманты (ақылдасады екен, кеңесіп жүреді екен)

  • Неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деп сөйлеушініц бұрын істелмекші болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсатты, шартты, болжалды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгісіз етіп көрсететін формаларды айтамыз. Неғайбыл өткен шақ формалары төмендегі көрсеткіштер арқылы жасалады:

  1. -мақ еді (-мек еді, -бақ еді, -пақ еді, -пек еді) форманты (алмақ еді, бермек еді, жазбақ еді, төзбек еді, ашпақ еді, түспек еді).

ОСЫ ШАҚ
Өткен шақ пен осы шактың жігін ажырату үшін де сейлеу кезі, демек, сөйлеушінін тындаушыға сөйлеп отырған сәті (мезеті) шек, өлшеу етіп алынады. Олай болса, осы шак формасы сейлесіп отырған (диалог) уақыт бойында болатын я болып жататын амал-әрекетті суреттейді. Қазақ тілінде осы шак категориясының арнаулы морфологиялық көрсеткіштері жоқ. Бірақ етістік жүйесінде оның қилы-қилы мағыналарын білдіруге икемделіп, замандар бойы сол кызметтерді атқару нәтижесінде әбден орнығып, қалыптаскан грамматикалық амал-тәсілдер бар.
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет