Жеткербаева. А. Мырзағалиева. Ж. Ертайқызы. Н. Тексерген: Қоқанова. Ж. Грамматикалық категориясы



бет5/5
Дата19.11.2023
өлшемі37,59 Kb.
#124892
1   2   3   4   5
Зат есімнің грамматикасы
Зат есімнің басқа сөз таптарынан ерекшеленетін бір белгісі – көптік, тәуелдік, септік, жіктік категорияларының болуы. Зат есімнің грамматикалық категорияларын шығармашылық тұрғыда жүйелі оқыту және оны оқушыларға сапалы білгізіп, тиянақты меңгерту оған керекті әдістемелік әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданып отыруға бойланысты. Ол үшін мұғалім зат есімнің грамматикалық категорияларына тән белгілерін бағдарлама бойынша жоспарлап, одан ұйымдастырылатын сабақ түрлері мен өтілетін иатериалдардың көлеміне қарай әдістерін белгілейді.
Ол әдістердің жеке тәсілдерін ұтымды қолданудың нәтижесінде зат есімнің грамматикалық категорияларына тән белгілері шығармашылық тұрғыда түсіндіріледі.
Алдымен көптік жалғау деген тіркеске түсінік беріледі. Көптік жалғауы жалғанған сөзіне көптік мағына беріп, оны екінші бір сөзбен жалғастыратын болғандықтан, бұл қосымшаға берілген атау өзінің атқаратын қызметіне толық сай келіп, өзінің мазмұнының қандай екенін бірден-ақ аңғартып тұрғанын ескертеміз.

Екінші ретте, көптік жалғауының арнаулы –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер тұлғалы жалғауының барын және бұлардың буын үндестігіне байланысты жуан, жіңішке вариантта айтылатынын, сол тұлғада жазылатынын балалар, кемелер, көлдер, кітаптар, мектептер сөздері арқылы түсіндіреміз.


Үшінші ретте, көптік жалғауының қосымшаларының басқы дыбыстарының л, д, т, дыбыстарынан басталатын септерінің сырын ашамыз. Бұл жайды мұғалім көрнекіліктегі үшкіл сызық арқылы түсіндіреді. Көптік жалғауы жалғанатын сөздердің соңы дауысты, сонор р, у, й дыбыстарының біріне аяқталса, көптік жалғауы үнді л дыбысынан басталып, -лар, -лер тұлғасында жалғанатындығын сұрақ-жауап әдісімен өздеріне жинақтатып, осы тәрізді мысалдар айтқызамыз. Міне, осындай жолмен көптік жалғауының д, т дыбыстарынан басталатын себебін түсіндіріп, мысалдарды өздеріне тапсырамыз. Осы жолмен түсіндірілген жаңа материалды оқушылардың қаншалықты дәрежеде түсінгендіктерін байқау үшін, магнитофонды пайдалана отырып, мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады:
Біріншіден, оқушыларға мынадай мазмұнда жазылған кеспе қағаздарын үлестіріп береміз:
1. Дауысты дыбысқа біткен екі сөз ойлап, оған көптік жалғауын жалға.
2. Өнерпаздар, егіншілер сөздеріндегі көптік жалғауы неліктен –дар, -лер болып тұр?
3. Күректер, кілемдер сөздеріндегі көптік жалғауының түрлеріне талдау жаса.

4. Көптік жалғауы қандай жағдайда д дыбысынан басталады, мысал келтір.

5. Көптік жалғауы қандай жағдайда т дыбысынан басталады, мысал келтір.

Сондай-ақ, зат есімнің сөздерінің кейбір тобы лексика-семантикалық мағынада қолданылып, оларға көптік жалғауы жалғанбайтынын да ескеру керек. Көптік жалғауда қолданбайтын зат есімдер нақты мысалдар төңірегінде мынадай жүйемен түсіндіріледі:


1. Сұйықтық ұғымды білдіретін зат есімдердің атаулары: су, шай, сорпа.
2. Газ тектес зат есімдердің атаулары: бу, түтін, шаң.
3. Уақ, ұнтақ, майда зат есімдердің атаулары: қант, ұн, құм.
4. Дерексіз зат есімдердің атаулары: қуаныш, шындық, өкініш.
5. Табиғат байлығы, кен атаулары: алтын, мыс, алмас.
6. Табиғат құбылыстарының атаулары: жел, боран, қар.
7. Жұптық ұғымды білдіретін затесім атаулары: көз, қол, аяқ.
Көптік категориясының негізгі грамматикалық мағынасы – заттың көптігін білдіру. Осы негізгі мағыналарымен бірге көптік жалғау басқа да мағыналық реңктерді, мәндерді білдіруі мүмкін екендігін мысалдар арқылы түсіндіру керек. Мысалы, көптік жалғауы сан есімге, үстеуге жалғанып, сол сөз білдіретін ұғымның жалпы мөлшерін, болжамын білдіреді: жасы қырық-тарда. Абстракты зат есімдерге жалғанып, оның көптігін емес, әр түрлілігін немесе салмақ, мөлшер, көлем есебін білдіреді: ой-лар, су-лар. Даралық мәндегі зат атауларына, жалқы есімдерге жалғанғанда, олардың өзінің көптігін емес, көпке ортақ екенін және онымен бірге топтау ұғымын білдіреді: әке-лер, шеше-лер. Заттың өзінің көптігін емес, көпке ортақтықты да білдіреді: ас-тарыңды ішіңдер дегенде астың көптігі емес, оны ішетін адамның көптігін білдіреді. Осындай әр жақтық мағынада, мағыналық реңкте жұмсалатындықтан, көптік жалғауы әр түрлі стильдік қызмет атқаратындығын да айта кеткен жөн.
Көптік жалғауы кейде зат есімнен басқа да сөз таптарына жалғанса, оларға заттық мағына үстеп, заттандырып тұрады. Көптік жалғаудың бұл қасиеті әрқашан дұрыс түсініле бермейді.

Бұл «Көптік жалғауының бұл жердегі қызметі жұрнақ қызметімен пара-пар дерлік» - деп жалпы жалғаудың табиғатына терең үңілмегендіктен туып отыр. Біріншіден, басқа сөз таптарын заттандыру қасиеті тек көптік жалғауда емес, септік, тәуелдік жалғауда да жиі кездесіп отырады: Еріншектің ертеңі таусылмас, Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.(Абай).

Екіншіден, көптік, тәуелдік және септік жалғауларының бұндай қасиеті, басқа сөз таптарынан жасалғанда, олларды заттандырып жіберу қасиеті, бұл тұлғалардың зат есімге тән түрлену жүйесі екендігін, зат есімнің таза грамматикалық категориясы екендігін дәлелдейді.
Бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншікті, қатысты болуы – тілдегі ақиқат құбылыс. Бұндай заттар арасындағы меншіктілік-тәуелдік қатынас қандай тілде болса да бар. Бірақ ондай ұғымдардың грамматикалық мәні мен сипаты, берілу амал-тәсілдері барлық тілдерде бірдей, біркелкі бола бермейді. Қазақ тілінде бұл мән тәуелдік жалғау арқылы және меншіктелуші зат атауы мен буын үндестігіне бағынбайтын –нікі, -дікі, -тікі қосымшалы сөздің тіркесі арқылы беріледі. Осы арқылы, яғни, жақ түрлеріне байланысты тәуелділік грамматикалық формалар негізінде берілуі арқылы қазақ тілінде тәуелдік категориясы грамматикалық категория болып қалыптасқан.
Атау септік. Атау септігі сырт тұлғасы жағынан да зат есімнің түбірі тұлғасымен ұқсас, арнайы грамматикалық көрсеткіші жоқ болып келсе де, басқа септік түрлерімен бірдей арнайы грамматикалық мағынасы бар, басқа септік тұлғаларындай сөз байланыстырғыш қызметі бар, олармен тепе-тең, бірақ нольдік формалы септік жүйесінің бір түрі болып табылады. Атау септігі белгілі бір заттарды атап көрсетеді, сондықтан атау септігіне қойылатын сұрақтар кім? не? деген жалғаусыз формада жұмсалады.
Ілік септік. Ілік септігіндегі сөз үнемі тәуелдік жалғаулы сөзбен байланысты болады. Ілік септіктің білдіретін басты мағынасы – грамматикалық меншіктілік, иелікті, меншіктілік-қатыстықты көрсету.

Ілік септігі кімнің? ненің? қай? деген сұрақтарға жауап болады. Ілік септігінің қосымшалары ашық та, жасырын да қолданылатыны өзара салыстырыла әңгімеленуі керек.


Барыс септік. Барыс септігінің де өзіндік ерекшелігі бар. Барыс септігі сөз бен сөзді байланыстырып, мекенді, бағытты, мақсатты, мезгілдік ұғымдарды білдіреді. Барыс септігінің сұрағы мен қосымшаларын түсіндірген соң, дейін, шейін, тарта, қарай, жуық сияқты шылау сөздер өзінің негізгі сөздердің үнемі барыс септікте тұруын керек ететіні аңғартылады. Мысалы: үйге дейін.
Табыс септік. Табыс септігі зат пен қимылды ұштастырып, өзара байланыстырып тұрады. Табыс септігі қимылдық ұғымды білдіретін кейбір етістіктердің лексикалық мағыналарымен тікелей байланысты болып, олармен табиғи жағынан да қарым-қатынаста келеді. Мысалы, «Тақтаны сулы шүберекпен сүрту керек» деген сөйлемді тақтаға жазып, сүрту керек деген тіркестің баяндауыш екенін, оған нені? деген сұрақтың тікелей қойылатыны аңғартылады. Демек, сүрту керек деген сөз тіркесі тақтаны деген сөздің табыс септікте тұруын қалайтыны ескертіледі. Табыс септігі ілік септігі сияқты ашық түрде де, жасырын түрде де қолданылатыны ескеріліп, үнемі ашық түрде айтылатыны нақты мысалдар келтіріле отырып әңгімеленеді. Мынадай табыс септігі ашық қолданылады.
Жатыс септік. Жатыс септіктегі сөздер де етістіктен болған сөйлем мүшелерімен байланысып, мекендік, мезгілдік мағыналарды білдіреді.
Мысалы: ол мектепте болды.
Шығыс септік. Шығыс септігі – септік жалғауларының ішіндегі оңай меңгерілетін категориясының бірі. Шығыс септіктегі сөздер де етістікпен байланысып, қимылдың болған орнын, мезгілін, себебін, нәрсенің неден істелетінін білдіреді.

Көмектес септік. Көмектес септік сөздер де етістіктен болған мүшемен байланысып, іс-әрекеттің құралын, тәсілін және амалын білдіреді. Демек, көмектес септігі бір заттың екінші бір затқа көмекшілік қызметінде жұмсалатынын білдіреді.

Сөйтіп, оқушыларға түсіндірген септік жалғауының түрін, сұрағын, мағынасын, қосымшаларын жинақтап, өздеріне бала, шеге деген екі сөзді ауызша септетіп, олардың жауабын ақ, қызыл бормен әр септіктің тұсына жазып тұру керек. Осындай жұмыстың нәтижесі тақтада мына түрде көрінуі тиіс:
1. Атау кім? не? бала шеге
2. Ілік кімнің? ненің? баланың шегенің
3. Барыс кімге? неге? балаға шегеге
4. Табыс кімді? нені? баланы шегені
5. Жатыс кімді? неде? балада шегеде
6. Шығыс кімнен? неден? баладан шегеден
7. Көмектес кіммен? немен? баламен шегемен
Бұл көріністен жоғарыда айтылғандардан басқа бала, шеге сөздеріндегі септік жалғауларының дәл кім? не? сұрақтарындағыдай түрленіп тұрғанын, буын үндестігіне байланысты қосымшалардың жуан, жіңішке түрлерге варианттанып тұрғанын айту қажет. Бұдан соң дыбыс үндестігіне байланысты да әр септіктің қосымшаларының түрлі вариантта келетінін мына кесте арқылы түсіндіреміз.
Септіктер Септіктердің жалғаулары.

1. Атау
2. Ілік


3. барыс
4. табыс
5. Жатыс
6. Шығыс

  1. Көмектес



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. 

  2. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет