Мәтін бойынша тапсырмалар Мәтінді оқыңыз және тақырыбын анықтаңыз.
Мәтіннің басты кейіпкерлерін атаңыз.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Аюды көргенде достар не істеді?
Аю неге өз жөніне кетті?
4. Мәтінде кездесетін тірек сөздердің астын сызыңыз.
5. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.
Бағалау критерийлері
Дескрипторлар
2-сынып «Қазақ тілі» пәні бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.
Екі дос келе жатып бір аюға кездесіпті. Олардың біреуі әлсіз, ауру екен. Аюды көрген кезде сау адам ауру жолдасын тастап, ағаштың басына шығып кетіпті. Ауру адам ағашқа шыға алмай, өлген кісідей дем алмастан жерге жата кетіпті. Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен. Аю жатқан адамның қасына келіп, иіскелеп, дыбысы білінбеген соң, жөніне кетеді.
Аю кеткен соң сау адам ағаштың басынан түсіп, ауру жолдасынан:
- Аю құлағыңа не деп сыбырлап кетті? – деп сұрапты.
Сонда ауру адам тұрып:
- «Екінші рет қауіп төнген кезде жолдасын жау қолына тастап кететін адаммен жолдас болма» деді, - депті.
.
Бағалау критерийлері
Оқылған шағын мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Дескрипторлар
Мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды.
-мәтіннің тақырыбын анықтайды;
-мәтінде кездесетін тірек сөздерді табады;
-әңгіменің басты кейіпкерлерін атайды;
-мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
-мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ Өткізіледі Ақпараттандырады Оқушының қызметі
Оқу үдерісіне белсене қатысады; Бағалау критерийлері мен дескрипторларды түсінеді; өзін-өзі бағалайды/бірін-бірі бағалайды.
Оқу үдерісіне белсене қатысады;
Бағалау критерийлері мен дескрипторларды түсінеді;
өзін-өзі бағалайды/бірін-бірі бағалайды.
материалды оқу барысында тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны жөнінде оқушылар ақпарат алады; оқушының ілгерілеуі жөнінде мұғалім ақпарат алып, оқыту үдерісіне өзгерістер енгізе алады.
материалды оқу барысында тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны жөнінде оқушылар ақпарат алады;
оқушының ілгерілеуі жөнінде мұғалім ақпарат алып, оқыту үдерісіне өзгерістер енгізе алады.
Мұғалім және оқушының қатысуымен тоқсан барысында өткізеді