Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына


қара  өлеңінің  шеңберінен  орын  алған  шеберлігі



Pdf көрінісі
бет21/32
Дата11.01.2017
өлшемі14,7 Mb.
#1622
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32

қара  өлеңінің  шеңберінен  орын  алған  шеберлігі. 
ақынның айрықша атап өтер өзгеше қыры – осы бір 
қазақ тілінің құнарлы қасиетіне жетіктігі.

76
оқшау оқиғаны жырға айналдырған ақынның пәлсапалық терең 
ойлары өзгемізге өмірлік сабақ екендігі, айтпаса да түсінікті. 
Қазақы әдет­ғұрып, салт­дәстүрді дәріптеу де өлең өнерінің 
басыбайлы еншісі екендігін әрдайым есінде сақтайтын ақынның 
осыған  байланысты  жазған  жырлары  да  жетерлік.  «Нағашы» 
деген өлеңінен үзік мысал:
«…Жатырсыз неге келмей, нағашымыз, 
Есікті сәлем беріп тағы ашыңыз. 
Шақырған өзіңізді саясына, 
Бақшаның сіз өсірген ағашымыз. 
…Енді олар келді кезек іздесін деп, 
Сіз күтіп жүрсіз бе әлде біз келсін деп. 
Алдымен орындаушы едіңіз ғой, 
Істерді сізден бұрын бізге міндет». 
Осы  бір  этнографиялық  эсседей  әсерлі  де  өнегелі  өлең 
жолдары қазақ қауымында баяғыдан бері қалыптасқан халықтық 
қасиет  –  нағашылы­жиенді  туыстықтың  қадірін  қашырмауды 
есімізге салатын сара сөздің салмағы сары алтындай емес пе?! 
Ағайын арасындағы жарасымды базынаны, жүрегіңді жібітер де 
жылытар тілектестікті, қайда жүрсең де басыңнан құс ұшырмай 
қорғайтын қамқорың, жанашырың болуға дәйім дайын тұратын, 
арадан қыл өтпес туыстықтан тұратын әсерлі әрі ақиқат әспеттеу 
– нағыз ақындықтың айғағы. 
Оразақынның  өлең  өрнектеуге  келгенде  оңтайын  тауып, 
шабытына  қамшы  салдырмайтын,  ерекше  ептілігі,  төтенше 
тапқырлығы бар. Оған мазмұны маңызды, ойы орнықты, өңі де, 
өрнегі де өзгеше «Ана сыйы» деген өлеңі толық дәйек болғандай. 
Алыс  сапардан  жолсоқты  болып,  шаршап­шалдығып,  арып­
ашып  келе  жатқан  геологтар  айдаладағы  бір  ауылға  кезігіп, 
шеткі  бір  үйге  атбасын  бұрады.  Алдарынан  сүріне­қабына 
шыққан кейуана, сәлемдесіп, жөн сұрасқан соң­ақ үйіне түсіріп, 
жік­жаппар болып, қолынан дәм татырып, қазақы қонақжайлық 
көрсетіп  мәз.  Сөйтсе,  ананың  жалғыз  ұлы  да  жұмыс  бабымен 
көбінесе сыртта жүреді екен. Соны айтып, көзінің жасын жеңімен 
сүртіп,  «Жегендеріңнен  қалған  тағамды  жолдарыңа  алыңдар, 
ал  асығыс  болмасаңдар,  қона  жастанып  кеткейсіңдер»,  деп 
бейтаныс  меймандардың  асты­үстіне  түскен  анаға  алғыстарын 
жаудырып, жолаушылар аттанып кетерде ағынан жарылып: 
«…Әумиін дейін, ақ батам 
Сендерге болсын ат­шапан», – деп шығарып салатын сәттегі 
кейуананың  бейнесі  өзінің  жалғыз  ұлын  ұзақ  жолға  ұзатып 
салғандай кейіпке түскен тұлғасын, жалпы қазақ әйелінің бекзат 
болмысын,  ұлтымыздың  ұмытылмас  ұлттық  дәстүрін  есімізге 
түсіріп, осы оқиғаны өз басымыздан кешірген кісіше бір жасап 
қаламыз.  Ақындық  сөздің  құдіреті  осындай  болса  керек.  Ал 
ақынның жас ұрпақ ата дәстүрімізге ұлттық мүдде тұрғысынан 
қарап, оны жаңаша жаңғырту, жасанту мәселесінен сырт қалмаса 
деген ақ тілегіне қосылу – бәріміздің де парызымыз. 
Қазақтың келіндері туралы да кестесі келісті, өнегесі өрісті 
өлеңге де арнайы тоқтала кеткен жөн. Иә, қазақтың келіні ұрпақ 
сабақтастығын  жалғастырып,  өзі  аттаған  ақ  босағасының  – 
отбасының  өсіп­өніп,  әулеттің  абыройын  асыруға  атсалысуды, 
ұлдарын  ұяға  қондырып,  қимаса  да  қыздарын  қияға  ұшырып, 
қара шаңырақтың киесіне бас иіп, ғұмыр кешеді. Осындай ибалы, 
инабатты,  иманды  келіннің  асыл  бейнесін  аялап,  толғана  жыр 
арнаған ақынға дән риза боласың. Оразақын осылай ой толғап, 
осындай  өнегелі  өлеңдер  жазудан 
жалыққан емес. 
Қазақ  әйелдерінің  құдай  қосқан 
ерлеріне  адалдығын,  арлылығын, 
бастарына 
қандай 
ауыртпалық 
түссе 
де 
төзетін 
көнбістігін, 
қайраттылығын  өлеңде  өрнектеу 
жөнінен  Оразақынның  ақындығы 
асып  тұр.  Соның  бір  мысалы  ұзақ 
та  болса  ұлағатты  «Ана  ескерткіші» 
деген  өлеңі.  Осынау  сырлы  жырда 
отағасынан 
ерте 
айырылып, 
құшағындағы  екі  бөпесімен  жесір 
қалған  келіншекке:  балаларың  тым 
жас,  оларға  қамқоршы  керек,  екі 
жарты, бір бүтін болайық деп талайлар 
сөз  салса  да,  өзім  тірі  тұрғанда  қос 
құлынымды  жетім  дегізбеймін  деп, 
тіршіліктің  бейнетін  тарта  жүріп 
жетілдірген,  ұлдарының  ержеткенін 
көрсе  де  үйленіп,  немере  сүйдіретін 
сәтінде  бақилық  болған  қайран 
анаға  өлеңнен  ескерткіш  орнатқан 
Оразақынның осынау элегиялық жыры көптеген оқырмандардың 
да басынан кешірген қилы да қиын тағдырдың баяны екені рас 
қой. Сондықтан да элегияны жүрегің егіліп, көз жасың төгіліп 
отырып оқисың. 
Ақын  –  қазақ  қыздарының  тағдырын  әр  қырынан  алып 
жырлаудың да шын шебері. Соның бірі – «Қыз ұясы». Қарапайым 
қазақ  қызының  намысқойлығын,  ержүректігін  ертегідей 
шертетін  аңыздың  ізімен  жазылған  өлең­хикаяның  ғибратына 
тәнті  боласың.  Асқар  таудың  қия  шыңына  ұя  салған  мұзбалақ 
қыранның балапанын алуды көздеген құсбегі жігіттердің бірде­
біреуі  дегендеріне  жете  алмай  әлек.  Беліне  байлаған  арқаны 
үзіліп, өлі­тірісі белгісіз, хабарсыз кеткен аңшы ағасын іздеуге 
қорқақтап,  ортадан  суырылып  ешкім  шыға  қоймаған  соң 
қарындасы  тәуекелге  бел  буады  ғой,  баяғы.  Сөйтіп,  жаралы 
ағасын  да,  ұядағы  балапанды 
да  аман­сау  жерге  түсіріп, 
соңында  өзі  мерт  болады.  Соған 
орай  бүркіт  ұя  салған  сол  қия 
шың  «Қыз  ұясы»  атанып,  ел 
есінде  қалған  екен.  Ақын  ел 
арасында  аңыз  болып  сақталған 
сол  сырды  тарқатып,  ержүрек 
қазақ  қызының  бекзат  бейнесін 
жырына  арқау  еткен.  Өмірлік 
өнегесі  бар  болғандықтан  да 
жазылған жырды сүйсіне оқисың. 
Ақынның  үлгілі,  қағидалы 
өлеңдер 
жазуға 
айрықша 
бейімділігін  байқау  қиын  емес. 
Бір  жақсысы,  ондай  өлеңдері 

77
сылдырақ 
қызыл 
сөздерден  бас  құраған, 
өңкей 
ақыл 
айтудан 
тұратын  тұзы  татымсыз 
дүниелер  емес.  Айталық, 
«Өмір 
өнегелері» 
аталатын 
топтамасы 
толайым 
пәлсапалық 
пайым­толғаныстардан 
жаратылған 
жырлар. 
Ақын  онда  пенделік 
тіршілік пен рухты адами 
өмірдің  ара  салмағын 
саралай 
отырып, 
қос 
ұғымның 
мән­
мағынасына  ой  жүгіртіп, 
сыр  сабақтайды.  Санаңа 
сәуле түсіріп, толық адам 
болудың 
қағидасынан 
құлағдар  етеді.  Артыңда 
ел­жұртың 
жадында 
сақтайтын  қандай  ізгі  із  қалдырдың,  құр  әшейін  ішкенге  мәз, 
кигенге  қуанып,  тоғышардың  ғұмырын  кештің  бе  деген  сауал 
тастап,  ойлы  оқырманнан  жауап  күтеді.  Көпшілік  көкейіне  ой 
салып, рухын оятудың тура тәсілі осы болса керек.
Қазақ  ауылының,  ел  ішінің  тұрмыс­тіршілігінің  бейнелі 
суреттерін тірілтіп, этнографиялық мазмұндағы жазылған ақын 
жырлары да бір төбе. Соның бірі «Көкпарды» оқып отырғанда 
делебең қозып, өзің де додаға қосылып, көкпар тартуға араласып 
кеткен кісінің кейпіне түсесің. Ал қазақтың киіз үйі туралы ақын 
толғаулары да жүрегіңді дір еткізетіндей әсерлі: 
«…Шаңырағынан қарайтын таң сығалап, 
Киіз үй тұр алдымда алты қанат. 
…Есігі ашық, қонаққа төрі дайын, 
Түңлік түріп төнетін күн мен айың. 
Ұясына оралған құстай болам, 
Киіз үйді жайлаудан көрген сайын». 
Ежелден  ел  ішінде  денсаулықтың  досы,  көңілдің  қошы 
саналатын сары қымыздың қасиеті жөнінде жазбаған ақын жоқ 
десек те, Оразақын өз сөзін тауып айтқан­ақ. Мына шумақ соған 
дәлел: 
«…Па, шіркін, иісінің бұрқырауы­ай, 
Адамның баурап іші­сыртын оңай. 
Сапырып, өрнекті әсем сырлы аяққа, 
Сызылып құйып отыр бір құралай». 
Тәуелсіздікке  тәубешілік  жасап,  ел  ертеңін  ойлаған  зиялы 
замандастардың ой­мақсаты осындай тастүйін түсінікте болғанын 
қуанып­құптаймыз.  Ел  азаматтарының  бедел­абыройының 
артуы ырыс­ынтымақтастықтан, бірлік­бірауыздықтан,  татулық­
түсіністіктен  екендігін  әрқашан  естерінде  ұстап,  орынсыз 
жауласып­дауласпай, халқының – қазағының көсегесін көгертіп, 
көксегеніне жетуіне жұмылдыруға тікелей байланысты. Ақынның 
көздеген мақсаты мен мегзеуі оқырманға осындай ой түйдіреді, 
ақиқаттығына секемсіз сендіреді. Ой түйіні төмендегідей: 
«…Бір ауызды болсаңшы әр істе, елім, 
Бармағыңды аз ба еді тістегенің?! 
Аңғаратын уақытың болмады ма, 
Алыпқа да қолдаушы күш керегін?!» 
Елінің  есін  жидырып,  болашағына  құтты  қадам  жасауына 
жөн  сілтемесе,  ел  зиялыларының  азаматтығына  сын  екендігін 
сыпайылап әрі жүрекке жеткізе айтпаса – ақынға айып. Осылай 
ойлайтын  Оразақын  көкейкесті  сұрағын  оқырманға  арнап 
айтады. 
Шынында, кезінде ұлттар достығын мақтан етіп, ақырында 
сол  достардан  таяқ  жедік,  тіліміздің  байлығын  айтып  жүріп, 
ақырында  ана  тілімізден  айырылып  қала  жаздадық,  ғарыш 
айлағы  –  Байқоңырдың  біздікі  екендігіне  қуана  жүріп, 
табиғатымыздың  да,  денсаулығымыздың  да  залал  шеккенін 
қайтпекпіз?! Азаттық алған соң, ақылымыз кейін кірген жұртпыз 
ғой.  Ел  болып,  етегімізді  жиып,  еңсемізді  көтерген  кезде 
ертеңгі  күнге  сабақ  болатын  жаман  әдетімізден  арылайық,  деп 
білместігімізді бетімізге басқан ақын сөзі өте орынды. Сондай­
ақ,  басқа  да  сорақы  қылықтарымыз  шаш­етектен.  Бүгінде  ата 
салт, әдет­ғұрпымыздан неге жұрдай болдық? Ақсақалға бозбала 
сәлем  бермесе,  ағайындар  бір­біріне  қараспаса,  абысын­ажын, 
құда­жекжат  араласпаса,  қария  бата  бере  алмаса,  келін  ата­
енесін  сыйламаса,  онда  қазақтық  –  ұлттық  тамырдан,  тектен, 
қасиетімізден айырылғанымыз емей немене? Ендеше, елдің сөзін 
сыйлауға тиіс ақын неге ашынбасын? Ол үшін оны жазғырсақ, 
жаза басқанымыз. Жалпақ жұрттың сөзін сөйлеп, жоғын іздеп, 
барын  базарлайтын  парасатты  ақын­жазушылар  қауымы, 
зиялылар ортасы емес пе еді. Қалай болғанда да еліміз еркіндік 
алып,  тәуелсіздіктің  көк  туын  көкке  көтерген  кездегі  ұлтының 
ұлы  қуанышын  қазақ  баласының  жүрегіне  жырымен  жеткізуге 
асыққан ақынның жан сырын оқып көрейік:
«…Сырттан жау сан қайтара шапқан қазақ, 
Сан өшкен отын қайта жаққан қазақ. 
Тап басып кең пейілі тар заманға, 
Тағдырға ән­күйімен мұң шаққан қазақ. 
…Елдікке ерте қанат қаққан қазақ, 
Сол жолда талай азап тартқан қазақ.
Арманға өліп­талып жеттің зорға, 
Айырыла жаздап тіл мен салттан қазақ». 
Жүрегі  жарыла  қуанып  отырып  та  Оразақын  есеміз  кеткен 
қапалы  кезеңді  ойымызға  түсіріп,  төл  тарихымыздың  ұлы 
көшінің адасқан, алданған сәттерін санамызға сіңіруге тырысып 
бағуда. Иә, осынау екі шумақ өлеңде қазақ халқының тағдыры 
мен  тарихының  терең  сыры  жатыр.  Небір  зұлмат  замандарды 
басынан  кешіре  жүріп,  енді  қол  жеткен  тәуелсіздік  –  Алаш 
жұртының  асыл  арманы.  Ендігі  басты  мақсат  елдің  ертеңіне  – 
бақытты болашағына қалтқысыз қызмет ету. 
«…Құтылдың тәуелді, отар шақтан, қазақ, 
Сергек бол, сан қауіптен сақтан, қазақ. 
Еселеп еңбек сіңір елің үшін, 
Дербестік алдың, міне, шаттан, қазақ!» 
Ерекше  елгезек  ақын  ел  өмірінде  болып  жатқан  өзгеріс­
жаңалықтарға  дер  кезінде  үн  қосып  отырудан  жаңылған  жері 
жоқ.  Әнұран,  Елтаңба,  Ата  Заң  сынды  ұлттық  рәміздердің 
жаңадан  қабылдануы,  тіпті,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымына  мүше 
болуымыз да ұмыт қалмаған. 
Ұлттық  рәміздеріміздің  бірі  –  Ту  туралы  ақын  тебіренісі 
оқырмандар жүрегіндегі сөз екендігі де ақиқат: 
«…Киелі ұлттың байрағын, 
Ар, намыс, айбарым. 
…Мақтанам ұлттық байрағым, 
Дербестік, елдік айғағым». 
Елдікке  қатысты  әңгімеге  араласып  отыруды  азаматтық 
парызы  санай  тұра,  Оразақын  қайсыбір  әріптестері  сияқты 
сыңаржақ сын айтып, негізсіз айып тағуға қарсы. Өтпелі кезеңге 
өкпелеп, қиыншылықтарына төзбесең, ата­бабаларымыз аңсаған 
азаттығымызға  жеткенімізді  бағаламау  ғой.  Сондықтан,  сары 
уайымға салынып, салымыз суға кетіп, жүнжи бермей, қажыр­
қайрат көрсетіп, білім­білікке сүйеніп, тынбай тіршілік жасасақ 
қана  ауыртпалықтар  артта  қалып,  жақсылыққа  қол  жеткіземіз. 
Міне,  Оразақынның  тәуелсіздік  алған  жылдарда  жазылған 
жырларының  мазмұн­мақсаты  осы  төңіректе  ой  толғауымен 
ерекше  есте  сақталары  сөзсіз.  Мен,  ақын  өлеңдерінің  басты 
бағыт­бағдарын шола пікір айтып отырмын. Бұл жерде тағы бір 
ескерте кететін мәселе, ақын өлеңдерін кешегі кеңес заманындағы 
саясаттың  ыңғайында  жазған  екен  деген  теріс  пікірден  аулақ 
болсақ  екен.  Рас,  негізінде  насихаттыққа  ұқсас  мақамдардың 
бары  рас.  Алайда,  ежелгі  қазақы  ақындық  дәстүрдің  үлгісімен 

78
үкіленген,  сөздері  салмақты,  ойлары  көшелі,  тілі  көркем  де 
тартымды  өлеңдер.  Оның  сыртында  белгілі  бір  қоғамда  ғұмыр 
кешіп  жатқан  ақынның  өз  уақыты  туралы  толғанбауы,  яғни 
азаматтық  әуендегі  жырлар  жазбауы  мүмкін  бе?  Осы  ретте 
ақынның  бір  шумақ  өлеңі  мен  тәуелсіздік  туралы  ақын  сырын 
түйіндесек болар. 
«…Бас бақыт – тәуелсіздік ала алғаным, 
Ол күтер жаңа кірпіш қаланғанын. 
Үлес қос өркендеуге, жарандарым, 
Өткізбей бос айқаймен алаңда күн!» 
Табиғат құбылысынан да зерлі сөзімен әдемі, әсерлі суреттер 
салатын ақын шеберлігіне сүйсінесің. 
«…Бұлт күннің ойнаса көзін басып, 
Көлеңке жерде ойнайды қуаласып. 
Ұштасса ұлпа бұлттар бір­бірімен 
Найзағай ойнар, нөсер шашу шашып. 
…Ерке самал қытықтап күледі гүл, 
Күліп шыққан жайлаудың күні еді бір.
 Жанап өтіп тұсынан қыз күледі, 
Қыздың неге күлгенін ұл біледі. 
…Кербез тау сері мінер сипаң кердей, 
Ат жабу жатқан анау тұман көлбей. 
…Қайың, тал ырғалады етегінде, 
Ат ұстап алдан шыққан бұраң белдей». 
Ақынның  қай  сөзі  де,  қай  теңеуі  де  таза  қазақша  ұғымнан 
өрілген.  Сол  ерекшелігімен  есте  қалады.  Тағы  бір  шумақты 
оқиық: 
«…Ақ сәуле – асыл жібек орамалым, 
Самалдың саусағымен таранамын. 
Жатады дала гүлі жұпар бүркіп, 
Қызығып кезгенімде араларын».
Дала дидарын тамашалап, көзің көріп, алған әсеріңді жүрекке 
жырмен жеткізудің үздік үлгісі осы болар… 
Бірер  сөз,  Оразақынның  арнау  өлеңдері  хақында  өрбісін. 
Астанадағы Пушкин ескерткішін көрген сәттегі ақын сезімі жыр 
жолдарына көшіпті:
«…Мәңгілік орын тепкен Астанадан, 
Бергендей ақын бейнең тасқа да жан. 
…Жер шары өз сөзіңді мұраланып, 
Тұлғаңды қойды ұрпағың мұнара ғып. 
…Хат алып Татьянадан Абай бабам, 
Татқалы тіліңнен бал талай заман». 
Ал сахна саңлағы Фарида Шәріповаға арнаған өлең өнерпаз 
бейнесінің бірегейлігін баян еткен. Бір шумақ өлеңге сыйған сол 
сипаттамаға көз жүгіртіп көріңіз: 
«…Талант, білім, еңбекпен асқан бағы, 
Құлай сүйген өнердi жастан жаны. 
Жүрсе­дағы жер басып көппен бiрге, 
Ал жұлдыздың бiрiсiң аспандағы». 
Батыр  Бауыржан  Момышұлының  бекзат  бейнесін  өлеңде 
өрнектемеген  ақын  жоқтың  қасы.  Сонда  да  болса  Оразақын  өз 
сөзін тапқан:
«…Айналдырды атыңды аңызға тіл, 
Әр қимыл, әр сөзіңде маңыз жатыр. 
Тірісінде­ақ ұлтына ұран болған, 
Өзіңсің ең ақырғы нағыз батыр». 
Атақты ақын, әйгілі әнші Әсеттің тағдыры тарата жазылған 
жырдың  түйіні:  бір  сөзі  баспа  бетін  көрмей,  арманда  кетсе  де 
қазақ үшін мұрасы мәңгілік екендігі әдемі әдіптелген: 
…Сөнсе де бір күн шырақ мың күн жанған, 
Мәңгілік өлең, әнің – інжу­маржан. 
Толтырып шоқ жұлдыздар тобын тұрсың, 
Құралған Ақан сері, Біржан салдан. 
Бүгінде жыр дүлдүлі Мұқағалиға арналған өлеңде қисап жоқ. 
Оразақын  да  Қарасазды  аралап,  ақиық  ақынмен  бірге  өткізген 
күндерді есіне алып:
«…Жеріңде мөлдір, ерке бұлақ қанша, 
Соларды солқылдатып жылатқанша. 
Ақ көңіл, албырт ақын жолдан келіп, 
Жағада жараспас па жыр ақтарса. 
Құлпырып көп өседі қырында гүл, 
Гүлдермен емес пе еді сырың да бір. 
Сыйындай сыршыл, жомарт жүрегіңнің 
Әр қолда гүлдей тарап жырларың жүр». 
Өлмейтін  өлең  жазған  ақын  туралы  толғанысқа  толы  ой, 
сырлы сөз жаныңды баурап алары ақиқат. 
Міне, осылайша балет бишілерінің айтар сөзін, оның әсерін 
қимыл­қозғалысымен,  би  ырғағымен  жеткізу  түгелдей  жыр 
жолдары  арқылы  берілген.  Бұдан  артық  қандай  тіл  шеберлігі 
керек,  қандай  түйсін  керек?!  Биді  бейнелеудің,  ондағы  терең 
ойды  жетеге  жеткізудің  тамаша  тәсілін  тапқан  ақынға  қалай 
риза болмайсың… Ақынның аузынан шыққан, өзгелердің ойына 
түспеген қаншама тапқыр теңеулер, тіркестер бар десеңізші.
Оразақынның елуге келгенде жазған бір өлеңі бар еді. 
«…Елуге жеткен де бар, жетпеген де, 
Жасармын енді отыз жыл көп дегенде. 
Арналған айларымдай ес білгелі, 
Ризамын ол жылдар да кетсе өлеңге». 
Бұл  Оразақынның  шын  жүректен  шыққан  шүкіршілігі  ғой. 
Алланың  рақымы  түскен  ақын  сәуегейлігі  ақиқатқа  айналып, 
бүгінде сексеннің сеңгіріне жетті. Алда қанша ғұмыры бар, ол 
бір құдайдың қолында. Бір сүйсінерлігі – ақын көп жасағанына 
қоса, өзі болжағандай отыз жыл бойы өлеңнің отын қыздыруда. 
Әлі де көңілінің көгенін ағытып, ақын:
«…Уақыттың төтеп беріп қатал елегіне, 
Халқымның жарайды деп керегіне. 
Мәніндей өмірімнің үміт артам, 
Алдымен өзекжарды өлеңіме», – дейді. 
Ақиқат  сөз.  Ашығын  айтып,  сөзін  сұйылтпай,  тілін 
түрлендіріп, ойын толғандырып, өлең өрнегін келістіре тоқитын 
шайыр. Қазақ өлеңімен бірге жасасып келе жатқан кәдімгі қара 
өлеңнің  қадір­қасиетін  аса  бағалайтын  Оразақын  жүрісінен 
танбайтын жыр жүйрігі. Оны айтқан да өзі. 
«…Ақ көңіл қазағымдай қара өлеңім, 
Бабамда баяғыдан бар өлеңім. 
Етене табиғатпен тіршілігі, 
Халқымның жария еткен жан әлемін. 
…Сыйғызған сырын ойға бар әлемнің, 
Бір шумақ мен де жаңа қара өлеңмін. 
Ұлт үні, тарих тілі, сын көзі боп, 
Сақталып санасында қалар елдің». 
Қазақ  жырының  бастау  бұлағы  –  қасиетті  қара  өлеңнің 
қамшыгері Оразақын Асқар ақынның өнердегі жолы да, ғұмыр 
жасы да жалғасты болғай. 
Қуанышбай ҚҰРМАНҒАЛИ, 
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Алматы

79
Жалпы,  астана  деген  сөз  асқақ  естіледі.  Өйткені,  астана  – 
рухани орталық. Әлеуметтік, экономикалық, діни, саяси, мәдени 
контекстен  рухани  деген  ұғымды  ерекше  бөліп  алғанды  жөн 
көрдік. Себебі, рухы  жасып,  көңілі  күпті  болған  ел  Орталыққа 
мойын бұрып, соған қарап бой түзейтінін тарихтың өзі бір емес, 
бірнеше рет дәлелдеді. Қолбасшылар, батырлар, уәзірлер, билер 
сөйлеп  болған  соң  соңғы,  келе  жатқан  кесірдің  алдын  алатын 
кесімді сөзді төбе би мен хан ғана айтуға құқы бар­тын. Алаш 
заманында  Орынбордың,  Хандық  дәуірде  түбі  бір  Түркінің 
басын  қосқан  Түркістанның  ролі  қаншалықты  болғанын 
ешкім  ұмыта  қоймаған  болар.  Қазақтың  қаймағы  жатқан  киелі 
топыраққа  «рухани»  деген  сөзді  қолданбасқа  лажың  жоқтай 
көрінеді.  «Тізең  бүгілсе  де,  қылышыңды  жерге  түсірме...»  – 
деген  Бөгенбай  батырдың  бір  сөзі  қалмақтарға  күшті  соққы 
беруге  септігін  тигізді.  Ерлері  елім  деп  еңіреп,  қан  майданда 
қаншама жауды қырып, өздері де шейіт болған кезеңде соңғы рет 
жанарынан бір жасы үзіліп бара жатып патшасы отырған таққа 
және  тік  шаншылған  туға  бір  қарап  армансыз  о  дүниеге  сапар 
шегіп бара жатқан картиналарды көріп жаның толқиды. Ежелгі 
парсы жазбаларында астананың символы тақ, ту, қылыш болған 
екен.  Одан  бері  он  ғасырдай  уақыт  өтіпті.  Құндылықтармен 
бірге тағыңыз – Ақордаға, Туыңыз – Көк аспанға, қылышыңыз 
– дипломатияға, мәмілегершілікке алмасып үлгерді. Мамырстан 
заманда тұрған жұртшылық: «Астананы көруге бара жатырмын!» 
–  дегенді  жиі  айтатын  болды.  Осы  бір  қоғами  құбылыста 
елдігіміздің,  ұлт  болып  қалыптасып  келе  жатқандығымыздың 
бір белгісі бар секілді. «Жерұйықты желмаясымен іздеген Асан 
шал Астана туралы естісе, іздеп барар еді», – деп қалжыңдаған 
жазушы  көзінен  адам  айтып  жеткізе  алмайтын  бір  жылылық 
байқадық.  Білмеймін,  мүмкін  маған  сөйтіп  көрінген  шығар...  
Суяб,  Баласағұн,  Тараз,  Сайрам  (Испиджаб),  Отырар  (Фараб), 
Жанкент  (Янгикент),  Сауран,  Сығанақ  (Сунақата),  Сарайшық, 
Имақия,  Орынбор,  Қызылорда,  Алматы  және  қазіргі  Тәуелсіз, 
дербес Қазақ елінің орталығы – Астана. Ұлт бас қаламызға дейін 
қаншама шаһар ауыстырып, қаншама қалыптасу кезеңін басынан 
өткерді.  Бәз  бір  дерек  көздеріне  сүйенсек  астана  сөзі  тақ  пен 
байтақтықты білдіретінге ұқсайды. Қалай болғанда да Астанамыз 
бар  екені,  ол  байтақ,  асқақ  әрі  бас  қаланың  Астана  атануында 
тарихи аспект үлкен роль ойнағаны қуантпай қоймайды. Қандай 
астананы  білесің  деген  сауал  қойсаң  Берлин,  Лондон,  Париж 
ауызға алдымен ілінеді. Енді осы қатарға аз жылда Қазақ елінің 
бас қаласы Астанада ілігетініне ешкім күмән келтірмейтін болар. 
Туған күнің құтты болсын қазақтың Астанасы!..
жәкен таймағамбетов, 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 
мұражайы  директорының  ғылыми 
жұмыс 
бойынша 
орынбасары, 
ҰҒА  корреспондент-мүшесі,  тарих 
ғылымының  докторы,  профессор,  ҚР 
еңбек сіңірген қайраткері
Астананың  қалыптасуы  бірнеше 
кезеңнен тұрады!..
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың: 
«Астананы  құру  –  ұлттық  тарихтың  жаңа  мәтінін  жазу. 
Мұндай мәртебе әр ұрпақтың маңдайына бұйыра бермеген. Екі 
мыңжылдықтың  тоғысында  біз  шешім  қабылдап,  Еуразияның 
жүрегінде  іс  жүзінде  жаңа  астана  құрдық»,  –  деген  сөзімен 
толық келісемін. 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы 
Жоғарғы  Кеңесінің  астананы  Алматыдан  Ақмолаға  көшіру 
туралы  тарихи  Қаулысы  қабылданды.  Елбасы  Н.Назарбаев 
1997  жылғы  20  қазанда  «Ақмола  қаласын  Қазақстан 
Республикасының  астансы  деп  жариялау  туралы»  Жарлық 
шығарды.  Осы  құжатқа  сай  Ақмола  Қазақстанның  астанасы 
құқығына  1997  жылғы  10  желтоқсаннан  бастап  ие  болды. 
1998  жылдың  6  мамырында  Президент  Н.Назарбаев 
«Ақмола  қаласының  Қазақстан  Республикасының  астанасы 
–  Астана  қаласы  болып  өзгертілгені  туралы»  Жарлыққа 
қол  қойды.  Жаңа  астананы  әлемге  таныстыру  –  ресми 
тұсаукесер  той  1998  жылғы  10  маусымға  тағайындалды. 
Астана  –  таза  параққа  салынған,  жаңа  үміттер  елордасы. 
Астананы  салуға  еліміздің  71  қаласы,  432  құрылыс 
компаниялары  қатысты,  135  зауыт  құрылыс  материалдарымен 
жабдықтап  отырды.  Қарқынды  құрылыс  пен  бүкілхалықтық 
қолдау  аз  уақыт  ішінде  Қазақстан  даласында  қазіргі  заманғы, 
жаңғыртылған, өз қайталанбас келбеті бар қала салуға мүмкіндік 
берді.  Қаланың  сәулеттік  концепциясын  әзірлеуде  қалаға 
АСТАНАДАН АСТАНАҒА ДЕЙІН...
6 шілде – астана күні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет