Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына



Pdf көрінісі
бет22/32
Дата11.01.2017
өлшемі14,7 Mb.
#1622
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32

80
еуропалық  келбет  беру  идеясы  ескерілді.  Сәулетті  ғимараттар 
қазіргі заман дизайны мен азиялық айшықты үйлестіреді. Кисе 
Курокава, Норман Фостер, Манфреди Николетти секілді әлемнің 
атақты сәулетшілері өздерінің ең озық жобаларын іске асырды. 
Сол  кезде  тындырылған  ұйымдастыру  жұмыстарын  қорыта 
келе  үш  бағдарламалық  кезеңді  атап  көрсете  алар  едік. 
Бірінші  кезең  1997­1999  жылдарды  қамтиды.  Бұл  кезеңнің 
алға  қойған  мақсаты  көркі  шамалы  облыс  орталығын 
тартымды  астанаға  айналдыру  болатын.  Соған  сәйкес  ең 
алдымен  бұрыннан  бар  әкімшілік  үйлерін  министрліктер 
мен  түрлі  мекемелердің  сәулетті  кеңселеріне  айналдыру 
қолға  алынды,  ескі  қаладағы  бос  алаңдарға  көп  қабатты 
тұрғын  жайлар  салынып,  оларға  қызмет  бабымен  жаңа 
астанаға  келген  ел  қоныстанды.  Қала  көшелерін  көркейту, 
мәдени­көпшілік  орындарын  көбейту  шараларын  атқарылды. 
1999  жылы  Астанаға  ЮНЕСКО­ның  «Бейбітшілік  қаласы» 
сыйлығы  берілді.  Бұл  награда  әлеуметтік,  экологиялық 
салаларда, муниципальдық сектор саласын дамытуда неғұрлым 
табысқа  жеткен  және  әлем  мәдениетіне  іс  жүзінде  үлес 
қосқан  қалаларға  беріледі.  Ал  2003  жылы  Moody`s  Investors 
Service  жетекші  әлемдік  рейтингілік  агенттігі  атап  өтті.  
Екінші  кезең  2000­2001  жылдарды  қамтиды.  Бұл  кезеңде 
есілдің  сол  жақ  жағалауында  орын  тебуге  тиісті  Жаңа 
қаланың  орталық  ошағын  қалыптастыру,  Астананы  салу 
халықаралық  конкурсында  жеңіп  шыққан  жапон  сәулетшісі 
Кишо 
Курокаваның 
шығармашылық 
тобы 
әзірлеп, 
Республика  Үкіметі  2001  жылғы  тамыз  айында  бекіткен 
ескі  қаланы  қайта  салу  жоспарын  орындау  міндеті  тұрды. 
Үшінші  кезең.  Мұнда  құрылыс  көліктік  инфрақұрылым, 
абаттандырылған  ғылыми  және  білім  беру  кешендері, 
қоғамдық,  мәдени,  іскерлік  орталықтар,  туризм  және 
демалыс  нысандары,  табиғат  пен  мәдени  мұраны  сақтап 
қалу  бағыттары  айрықша  ескерілген.  Астана  қаласының  Бас 
жос парында  перспективалық  даму  жобалары  айқындалған. 
Қала 
сәулетіне 
сәулетшілер 
В.Лаптев, 
Қ.Монтақаев, 
Ш.Майтабеков,  С.Жүнісов,  ағайынды  Арапбай  және  Байғұтты 
Тортаевтар, Т.Әбділда, Б.Тайталиев және басқалары өз үлестерін 
қосты.  «Мобитекс»,  «Негіз­Ақмола»,  «Билд  инвест  групп», 
«Базис­А»,  «Алматықұрылыс»,  «Сембол­Иншаат»,  «Мотив  – 
Ақмола»,  «Найзақұрылыс»,  «ВЛ»,  «Орта»,  «Санар»,  «Студия 
Арт»,  «Астанабасжоспар»  жобалық  құрылыс  ұйымдары 
жаңа  бірегей  жобаларымен  қаланың  сәулеттік  келбетіне 
өздерінің  үлестерін  қосты.  Астананың  сәулеттік  көрнекті 
орындары  –  Бәйтерек,  Бейбітшілік  және  келісім  сарайы», 
Қазақ  елі,  «Мәңгілік  ел»,  Ұлттық  музей,  Салтанатты  қақпасы 
және  басқалары  қаланың  бүкіл  даму  кезеңдерін  бейнелейді.  
Бүгін,  Астана  қаласының  Бас  жоспары  болашақа  сенім 
ұялататын  ұзақ  мерзімді  даму  жобаларымен  көпшілікті 
таң  қалдыруда.  Астананың  өсіп­өркендеуіне  Мемлекет 
басшысының  саясатымен  әлемдегі  біздің  мемлекетіміздің 
беделінің  артуы  барысында  қол  жеткізіп  отырмыз. 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – біздің заманымыздың ең табыс­
ты  көшбасшыларының  бірі,  оның  басшылығымен  Қазақстан 
әсерлі табыстарға қол жеткізді.
нәзия тәсілова, 
Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дың 
тарих,  археология  және  этнология 
факультеті 
Қазақстан 
тарихы 
кафедрасының 
доценті, 
тарих 
ғылымдарының кандидаты
Астана мәртебесін алғалы бері...
Болашақта 
Қазақстан 
тарихнамасының  өзекті  мәселелерінің 
бірі 
– 
тәуелсіз 
Қазақстан 
Республикасының 
пайда 
болу, 
қалыптасу  және  даму  тарихы  болары 
күмәнсіз.  ХХ  ғасыр  соңында  адамзат  тарихындағы  ең  алып 
империялардың  бірі  –  КСРО­ның  күйреуі  нәтижесінде,  әлем 
картасының бетінде бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, 
тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Сол мемлекеттердің бірі – 
Қазақстан  Республикасы.  Бұл  бірнеше  мыңжылдық  тарихы  бар 
қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының 
басталуы болды. Қазақ халқы, осы елді мекендеген басқа да ұлт 
өкілдерімен  бірге,  өз  мемлекетін  қайта  құру  ісімен  айналыса 
бастады. Қорытындысында өз тәуелсіздігінің 23 жылдығын қазақ 
халқы әлем таныған ұлттық мемлекеті бар іргелі ел ретінде қарсы 
алды. Қазақстан сияқты жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы 
орында  тұрған,  табиғи  байлығы  мол,  өзіндік  даму  жолын  таба 
білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, атап 
айтқанда, жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және 
даму тарихы кімді де болса қызықтырары даусыз. Ең алдымен ол, 
ұлт  тағдыры  үшін  шешуші  роль  атқарған  аса  маңызды  тарихи 
құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешекте дүниеге келер 
жас  ұрпағы  үшін  қымбат.  Уақыт  озған  сайын  қайта  құрылған 
мемлекетіміздің  алғашқы  қалыптасу  кезеңіне,  яғни  іргетасының 
қайта  қалану  кезеңіне  деген  қызығушылықтың  арта  түсері,  ол 
кезеңнің қарама­қайшылықтарға толы күрделі де, маңызды кезең 
ретінде  жан­жақты  зерттеулері,  оның  тарихына  арналған  іргелі 
еңбектердің  дүниеге  келері  анық.  Сондықтан  осындай  заңды 
құбылысқа,  яғни  тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  дүниеге 
келу, қалыптасу және даму тарихының терең зерттеліп, шынайы 
да,  объективті  жазылу  ісіне  дайындық  осы  бастан  жүйелі  де, 
ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Қазақстанның тарихына үңілсек, 
ел болашағын ойлаған дарынды билеушілер мен тарихи тұлғалар 
мемлекет  мүддесін,  оның  жан­жақты  даму  жолын  айқындап, 
жүзеге  асуына  өзіндік  үлестерін  қосқан  болатын.  Атап  айтсақ, 
Қазақ хандығының нығаюы мен дамуына, нақты территориясының 
қалыптасуы, халқының көбеюіне, күшеюіне қомақты үлес қосқан 
Қасым  хан  өз  кезеңінде  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»,  Есім  хан 
«Есім  ханның  ескі  жолы»  деп  аталатын  далалық  заңдарға 
негізделген дамудың ортақ жүйесін қалыптастырған болатын. Бұл 
ата­бабаларымыздың  сара  жолының  дәстүрлі  жалғасы  ретінде 
Елбасының  Қазақстан  халқына  жолдауларын,  оның  ішінде 
«Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» стратегиясының, «Нұрлы 
жол»  бағдарламасының  ХХІ  ғасырдағы  тарихи  маңызы  жоғары 
екендігін атап өту қажет. Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынған стратегия 
болашаққа  бағдаршам  болды.  Тәуелсіздігіміздің  бастапқы 
жылдарын  оймен  бағамдасақ,  тұғырлы  мемлекет,  үдемелі 
экономика, заманауи саяси жүйе, жаңа қоғамды қалыптастыру мен 
дамытудың  дайын  үлгілері  болмағандығын  байқаймыз.  Тарихи 
дамуымыз  үшін  аса  маңызды  бағдарламалық  құжаттың  іргелі 
негіздерін  дайындауды  Елбасының  көрегендігі  мен  парасатты 
шығармашылық  ізденісінің  жемісі,  өзіне  жүктеген  үлкен 
жауапкершілік деп қабылдаған абзал. Әлемдегі дамыған Еуропа 
және  Азия  мемлекеттерінің  тәжірибесін  саралай  отырып, 
болашақтағы  Қазақстанның  өзіндік  даму  үлгісін  жасау  даналық 
пен терең білімділікті, зерде мен ерік­жігерді жұмылдыруды қажет 
ететін  дүние.  Елбасы  сарабдал  саясаткер  ретінде,  есімін  әлем 
таныған тұлға ретінде өз халқына ауқымды және нақты, мемлекет 
дамуының  стратегиялық  бағыттарын  айқындайтын  іс­әрекеттер 
жоспарын  жыл  сайын  ұсынып,  ел  болашағын  жан­жақты 
кемелдендіру ісін қолға алды. Бұл саяси маңызы жоғары құжаттар 
еліміздің  саяси,  экономикалық,  мәдени,  халықаралық  деңгейін 
жоғарылатып, үлкен белестерді бағындырудың нақты қадамдары 
болып  табылады.  Тарихтан  белгілі,  талай  билеушілер  өз 
мемлекеттерінің тәуелсіздігі мен елдігін сақтап, даму мақсатында 
өз астаналарын басқа қалаларға көшіріп, қиын болса да ауыр жүкті 
арқалап, жеңіске жеткен. Оны сан ғасырлық тарихымызға үңілсек 
те,  Еуропа  және  Америка  елдерінің  тарихынан  да  байқау  қиын 
емес. Қазақстанның астанасы – Астана қаласына көшіру үрдісі де 
тарихымызда  маңызды  қадамдардың  бірі  екені  баршамызға  аян. 
Астана  –  егеменді  Қазақстанның  жаңа  елордасы.  Қазақстан 
Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  мемлекет 
астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы ұсынысын мақұлдаған 
Қаулы  қабылдады.  1995  жылы  Республика  Президенті 
Н.Ә.Назарбаев  астананы  Алматы  қаласынан  Ақмола  қаласына 
көшіру туралы тарихи шешім қабылдады. Бұл тарихи шешімнің 
қабылдануына  қаланың  өте  ірі  көліктік  жолдардың  тоғысында, 
еліміздің  ұтымды  геосаяси  орталығында  орналасуы  себепкер 
болып,  ол  көп  жағдайда  біздің  жас  мемлекетіміздің  келешек 

81
қарқынды  дамуын  айқындап  берді.  1998  жылы  6  мамырда  жаңа 
елорданы  Астана  деп  атау  туралы  шешім  қабылданды.  Ал  20 
мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебе сі туралы» 
ҚР­ның  Заңы  қабылданды.  Осы  жылғы  10  маусымда  тәуелсіз 
Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып 
өтті. Елбасының бастамасымен біз айрықша қысқа мерзімнің ішінде 
еліміздің  дәл  ортасында,  Еуразия  жүрегінде  жаңа  астанамызды 
тұрғыздық.  Бүгінде  Астана  қазақстандықтардың  мақтанышына 
айналды.  Астанадағы  терең  әрі  кең  көлемді  өзгерістер  әлемдік 
ұйымдар  назарынан  тыс  қалмады.  1999  жылдың  шілде  айында 
елордамыз  ЮНЕСКО­ның  «Әлем  қаласы»  сыйлығына  ие  болды. 
Көреген мемлекет басшысы ретінде Н.Ә.Назарбаев әлемде болып 
жатқан  жағдайды  саралай  отырып,  еліміздің  мүмкіндіктерін 
таразылай  отырып  алдағы  15­17  жыл  Қазақстанның  ауқымды 
серпілісі үшін «мүмкіндіктер көзі» болатындығын болжамдап, оны 
еліміз  үшін  тиімді  пайдалану  қажеттігін  және  оның  жолдарын 
нақтылап  берді.  Инновация,  ғылыми  қамтымды  экономика, 
агроөнеркәсіптік  кешен,  энергетика  мен  көлік,  инфрақұрылымды 
дамыту, білім беру мен денсаулық сақтау саласын, әлеуметтік сала 
қызметінің сапасын арттыру сынды нақты тапсырмалар жүктелді. 
Соның ішінде Президентіміз ел болашағының негізін қалаған уақыт 
сынынан өткен басты құндылықтарды атап өтті: бұл – Қазақстанның 
тәуелсіздігі  және  Астанасы,  қоғамымыздағы  ұлттық  бірлік, 
бейбітшілік  пен  келісім,  зайырлы  қоғам  және  жоғары  руханият, 
индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық 
өсім, жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарихтың, мәдениет пен тілдің 
ортақтығы, еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік 
мәселелерді  шешуге  жаһандық  тұрғыдан  қатысуы.  Осы 
құндылықтар  арқасында  біз  әрдайым  жеңіске  жетіп,  елімізді 
нығайтып,  ұлы  жетістіктерімізді  еселегендігімізді  Елбасы  ерекше 
атап өтті. Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы 
метр тұрғын үй салынды. Астана құрылысына көптеген құрылыс 
компаниялары  қатысты.  Жергілікті  фирмалармен  қатар  жаңа 
елорданы  түрік,  итальян,  француз,  швейцария  компаниялары 
тұрғызды.  Астананың  сәулеткерлік  тұжырымдамасын  жасау 
барысында  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  елордада  ерекше  еуропалық 
стиль  қалыптастыру  идеясы  негізге  алынды.  Астаналық  бас 
жоспардың авторы белгілі жапон сәулеткері Кисе Курокава болды. 
Астана  –  заманауи  сәулеткерліктің,  қазіргі  архитектураның 
мүмкіндіктері  толық  көрініс  тапқан  қала.  Кең  байтақ  қазақ 
даласының  нақ  ортасында  ғаламат  ғимараттары  бар  қайталанбас 
әсем шаһар бой көтерді. Қала құрылысында ең озық технологиялар 
мен  XXI  ғасырдың  қала  салу  өнерінің  инновациялық  әдістері 
қолданылуда.  Қазақстанның  қазіргі  елордасына  Батыс  пен 
Шығыстың  мәдени  дәстүрлерін  жарасымды  тоғыстырған 
сәулеткерлік  стиль  тән.  Әлемнің  әйгілі  сәулеткерлері  мұнда 
өздерінің үздік жобаларын іске асырды. «Бәйтерек», «Бейбітшілік 
және  келісім»  сарайы,  «Хан  Шатыры»  кешені  жаңа  елорданың 
басты символына, оның өзіндік брендіне айналды.  Елбасы Астана 
қаласының  он  жылдық  мерейтойында  сөйлеген  сөзінде:  «Он 
жылдың  ішінде  Астана  әлемге  танылды  және  елімізді  де  әлемге 
танытты  деп  айта  аламыз.  Астананың  көркіне  не  бір  өркениетті 
елдерден  келген  шетелдіктер  таңғалуда.  Астана  –  ең  алдымен 
азаттығымыздың символы, Қазақстанның жаңа тарихының шынайы 
шежіресі, қарқынды дамуымыздың, қол жеткен табыстарымыздың, 
абырой­беделіміздің, береке­бірлігіміздің жарқын көрінісі», – деген 
болатын.  Қазақстанның  Тұңғыш  Президентінің  идеясымен  іргесі 
қаланған  жаңа  елорда  қысқа  мерзім  ішінде  жалпыұлттық  идея 
мәртебесіне  ие  болды  және  жас  мемлекеттің  тәуелсіздігінің 
символына және жаhандық табысына айналды. Болашақта «EXPO­
2017» халықаралық көрмесінде Қазақстанның атын Астана қаласы 
жоғары асқақтатынына сенеміз. 
ернат сүлейменов, 
«БАЗИС-А» 
корпорациясының 
маманы, сәулетші
Қала да адам секілді...
Мен  сәулетші  ретінде  бірнеше 
мәселені  ерекше  атап  өткім  келеді. 
Біріншіден,  Астанада  бой  көтеріп 
жатқан  ғимараттар  көз  сүйсіндіреді. 
Екіншіден, 
бас 
қаламыз, 
жас 
қаламыз  –  Астанада  жастар  көп. 
Яғни  келешекте  интеллектуалдық 
орта  сонда  қалыптасады  деген 
тұжырым  жасауға  болады.  Үшіншіден,  Елорда,  Ақорда, 
Елбасы,  Астана  деген  атаулардың  өзі  жұртшылықты 
қазақылыққа 
шақырып, 
салт­дәстүрді, 
әдет­ғұрыпты 
берік  ұстануға  үгіттейді.  Бұл  қуантарлық  жағдаят!.. 
Бас қаламызда әртүрлі сәулет құрылыстары жүріп жатыр. Оны 
салып  жатқан  компаниялар  да  көп.  Яғни  бәсекелестік  әркез 
сапаға  алып  келеді.  Астана  Сәулет  және  құрылыс  басқармасы 
Астананы  елу,  қажет  десеңіз  отыз  әлем 
астаналарымен иық тірестіре алатындай алдына 
үлкен,  кешенді  жоспар  қойып  отыр.  Біз  Дубай, 
Абу­Даби,  Маздар  секілді  БАӘ  елдеріндегі 
қалаларды  көріп,  көзімізді  жұмып,  аузымызды 
ашумен  боламыз.  Әрине,  әдемі,  мықты.  Бірақ 
ол  біздің  ел  емес  қой.  Біз  араб  емес  қазақ 
екенімізді ұмытпайықшы. Қалаға ұлттық нақыш 
әлі  де  жетіспейтінін  ерекше  ескерткім  келеді... 
«EXPO­2017»  өткеннен  кейін  қала  одан  сайын 
көркейе  түседі  деп  ойлаймын.  Өйткені,  зәулім 
құрылыстар мен адам таңғалдыратын нысандар 
салынады.  «Абу  Даби  Plaza»­ның  құрылысы 
жүрып жатыр. Әзірше бас қаладағы ең биік нүкте 
сол  болмақ.  Астанаға  келетін  қонақтарда  сан 
жоқ. Қазақстанның түкпір­түкпірінен ат терлетіп 
келеді.  Әрине,  бұл  бізді  қуантпай  қоймайды.  
Мен  өзім  тамырды  ауылдан  тартқан  қазақтың 
баласы  болғандықтан  қаладан  қазақы  иіс, 
қазақы  болмыс  көргім  келеді.  Ою­өрнек, 
түркілік  сарын,  Шығыс  сәулетінің  нышандары 
Астанамызға  өзгеше  өң  беріп,  өңге  қалалардан 
ерекшеле  түседі  деген  ойдамын.  Қалада  адам 
секілді  ұлттық  негізінен  алыстаса  батыстана 
немесе  орыстана  бастайды.  Менің  арманым 
«Қазақ» деген үлкен ғимарат салынса. Онда тек 
ұлттық музыка, ұлттық мұражай, ұлттық көрме, 
бәрі  тек  қана  қазақтың  қазақтығын  паш  ететін 
дүниелер болса. Ол нысан бас қаламыздың қақ 
ортасында  бой  көтерсе  ғажап  болар  еді.  Келе  жатқан  Астана 
күнімен құттықтай отыра, барлық азаматтар мен азаматшаларға 
денсаулық, береке­бірлік, отбасыларына амандық тілеймін!..
                                               
              Әзірлеген Әлібек БАЙБОЛ

82
Биыл  Астана  қаласының  елорда  болғанына  он  жеті  жыл 
толып отыр. Бұл – тәуелсіз еліміз үшін аса маңызды оқиға. Және 
осындай сәтте Астананың өткен жағдайы еріксіз еске түседі.
Мен  қазіргі  Астана  қаласын  тұңғыш  рет  өткен  ғасырдың 
жетпісінші  жылдарының  басында,  ежелгі  Ақмола  деген 
атынан  айырылып,  Целиноград  болып  тұрған  кезінде  көрдім. 
Университетті  жаңа  ғана  бітіріп,  «Білім  және  еңбек»  дейтін 
жастар  мен  мектеп  оқушыларына  арналған  журналда  қызмет 
істейтінмін.  Ол  кезде  жаз  ортасы  ауа  оқырмандармен  кездесіп, 
басылымдарды  насихаттайтын  науқан  басталып,  газет­журнал 
қызметкерлері Қазақстанның түкпір­түкпіріне жаппай аттанатын. 
Осындай  сапардың  бірінде  Целиноград  қаласына  жолым  түсті. 
Мен  түске  дейін  облыстық  партия  комитетінен  бастап,  керекті 
жерлердің бәріне кіріп шықтым.
Түстен кейін қонақүйден шығып, қаланы аралап көргім келді. 
Қала әдемі екен. Көшелері тап­таза. Үйлері де әсем. Адамдары 
да жақсы киінген, жүздері жарқын, тұрмыстарының тәуір екені 
бірден  аңғарылады.  Бірақ  қанша  қарасам  да  араларынан  қазақ 
көрінбейді.  Бірен­саран  жүзі  жылы  ұшырағандарға  жақындап 
келіп  қазақша  сөйлесем,  бетіме  бажырая  қарап,  орысша  жауап 
береді.  Мен  таза  қазақтар  тұратын  ауылда  туып  өскен  едім, 
университетте  қазақша  оқып,  қазір  де  қазақы  ортада  жұмыс 
істеп  жүргенмін  –  сондықтан  да  мына  жағдай  маған  біртүрлі 
ерсі көрінді. Мына қалада біздің журналды керек ететін оқырман 
табыла  қоймас  деген  күдік  пайда  болды.  Ұзамай  ол  күдігім 
де  расқа  айналды.  Облыстық  комсомол  комитеті  қасыма  бір 
қызметкерін  қосып,  Целиноградқа  жақын  жердегі  бір  ауылға 
жіберді.  Жолсерігімнің  айтуынша,  бұл  кілең  қазақтар  тұратын 
ауыл,  мәдениеті  де,  экономикасы  да  дамыған  –  бәрі  керемет. 
Келген  бетте  байқасам,  шынында  да  солай  сияқты:  ауылдың 
кеңсесі,  мектебі,  клубы,  бәрі  бар.  Әрлі­берлі  жүрген  кісілер  де 
АСТАНА – АРМАН ҚАЛА
түгелдей қазақ, сөздері де қазақша сияқты. Жолсерігім кездесуге 
дейін аяқ жазып отыра тұрайық деп бір кісінің үйіне алып барды. 
Біздің  келетінімізді  алдын­ала  хабарлап  қойса  керек,  ақсақал 
үйде, дастархан жайып күтіп отыр екен. Ол кісі бір көргенде­ақ 
жақсы  әсер  қалдырды.  Әңгімеге  жүйрік,  тек  осы  өңірдің  ғана 
емес, бүкіл қазақтың тарихын жетік біледі.
Өзімнің  қазақша  шығатын  журналда  жұмыс  істейтінімді, 
сол журналды осы ауылдағы кісілер, әсіресе жастар мен мектеп 
оқушылары  жаздырып  алып,  оқып  тұрса  деген  шаруамен 
жүргенімді айттым.
­ Журналдың қазақша болса онда біздің балалар оқи алмайды 
ғой, ­ деді ақсақал.
­ Неге оқи алмайды? – деген сауали ауызымнан еріксіз шығып 
кетті.
­  Сол,  оқи  алмайды,  ­  деді  шал  түк  болмағандай  бей­жай 
қалыппен.  –  Біз  қазақ  мектебін  баяғыда  жауып  тастағанбыз. 
Балаларымыздың бәрі орысша оқиды.
Көңілімді мұң биледі. Мындай халыққа арнап қазақша газет 
шығарамыз деп аянбай шапқылап жүрген құрдас досым Алдан 
Смайылов пен оның әріптестерінің есіл еңбегіне жаным ашыды, 
енді  көп  ұзамай  қазақша  оқитын  оқырмандары  таусылып, 
редакциялары жабылып, бәрі де жұмыссыз қалады­ау деген ой 
келді.
***
Міне, осыдан кейін менің бұл қалаға арада жиырма жылдан 
астам уақыт өткенде қайта жолым түсті. Бұл кезде Кеңес Одағы 
тараған,  Қазақстан  тәуелсіз  мемлекет  болған,  Целиноград 
қаласы  да  өзінің  Ақмола  дейтін  байырғы  тарих  атын  қайтып 
алған.  Осыдан  кейін  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  тікелей  бастамасымен  ел  астанасы 
осы  Ақмолаға  қоныс  аударатын  болып  шешім  қабылданған. 

83
Соған орай түрлі министрліктер жаңа астанаға көшудің қамына 
кіріскен. Біздің Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы да жұрттың 
қатарынан қалмай, болашақ жаңа астанадан өз бөлімшесін ашуы 
қажет  болып,  мен  соның  жұмысымен  келіп  едім.  Пойыздан 
түссем  сатырлап  жаңбыр  құйып  тұр.  Ара­арасында  ұшырып 
әкете  жаздап  ұйтқып  сұмдық  жел  соғады.  Анадайдан  көрініп 
тұрған автобус аялдамасына әрең жеттім. Жол бойы келе жатып 
терезеден қарап қоямын – қала баяғыдан онша өзгермеген, тек 
ескіріп,  тозуға  айналған.  Үйлердің  көбі  сұрықсыз.  Баяғыда 
көрген  әсем,  әдемі  көшелердің  сау  тамтығы  жоқ,  ойылып­
ойылып  қалған;  екі  жағы  шылқыған  батпақ,  лас,  көп  уақыттан 
бері ызаланып, жөнделмегені бірден байқалады. Әрлі­берлі жүріп 
жатқан  адамдар  да  сирек,  жым­жырт.  Мынадай  көріксіз  қала 
тәуелсіз Қазақстанның астанасы бола алар ма екен деп ішімнен 
күдіктене ойлап та қоямын. Келсем, баяғы жатқан қонақүйімді 
жауып, көшіп келетін министрліктердің біріне беруге дайындап 
жатыр екен, мен көршілес «Есілге» орналастым. Бұл қонақүйдің 
аты  үлкен  болғанымен,  ішкі  жағдайы  көңіл  құлазытатындай. 
Әбден ескірген, төсек­орындары жақындасаң сықырлап сынып 
кетейін деп әрең тұр. Бөлмедегі көршім бір министрліктің көшіп 
келу  қамымен  жүрген  қызметкері  болып  шықты.  Төсегінің  аяқ 
жағына «Сарыағаш» суы бар бес литрлік құты әкеліп қойыпты. 
Әңгімесін де бірден судан бастады:
­ Кранға жақындаманыз, бұл қаланың суы – су емес у, ­ деді. 
Сосын терезеден сыртқа қарап тұрып, қаланы жерден алып жерге 
салып жамандай бастады:
­ Құдай­ау, осындай да қала болма ма екен, бір сау жері жоқ. 
Қайда барсаң да тізеден батпақ. Күн батса болды масасы жаудай 
қаптап,  тірідей  жеп  қоя  жаздайды.  Түнімен  ұйқтағаным  жоқ. 
Желінің қандай екенін өзіңіз де көрген шығарсыз. Қазіргісі осы, 
ал  қыста  не  болады?!.  Боран  соқса  қатып  қалатын  шығармыз. 
Мұның қасында Алматы деген жұмақ емес пе?! Сондай жұмақты 
тастап мынадай жерге қалай келуге болады?..
­ Ертең астана көшіп келсе, сосын биік, зәулім үйлер салынса, 
бәрі де жақсы болатын шығар, ­ деймін мен әлі де үмітімді үзбей.
­ Қайдағы зәулім үйлерді айтып отырсыз, ­ дейді көршім одан 
сайын  сарыуайымға  салынып.  ­  Бұл  маңайдың  асты  толған  су, 
батпақ. Биік үй салсаң, көтере алмай жердің астына түсіп кетеді... 
Сенбесеңіз осында бұрыннан тұратындардан сұрап көріңіз.
***
Міне, содан бері тағы да зымырап он жеті жыл өтті. Бұл тарих 
үшін қас қағымдай ғана сәт. Осы қас қағым сәтте бұрынғы Ақмола 
– Целиноград, қазіргі Астана адам танымастай өзгерді. Жалпы, 
қазргі кезде жер жүзінде дәл осындай Астанадай барынша тез, 
жылдам қарқынмен жаңарып, өзгеріп жатқан қала өте аз шығар. 
Санаулы жылдардың ішінде қалада Ақордадан бастап қаншама 
керемет құрылыстар салынды. Әсіресе, Есіл өзенінің  сол жағалауы 
мүлдем танымастай өзгерді. Бірінен бірі өтетін зәулім, әсем биік 
ғимараттар бой көтерді. Бұл ретте қаланың бүкіл бас жоспарын 
бекітуді,  қай  жерге  қандай  үй  салынатынын  және  ол  үйлердің 
кескін­келбетінің  қандай  болатынын  Елбасының  өзі  арнайы 
қадағалап, олардың хаықаралық талаптарға барынша сай болуы 
үшін сонау Жапониядан бастап, түрлі елдерден білгір мамандар 
шақырғаны баршаға мәлім. Әрине, мұндай зәулім, әсем үйлердің 
әдеттегіден әлдеқайда қымбатқа түсетіні де даусыз. Бірақ, Астана 
тек  бүгінгі  замандастармыз  үшін  ғана  емес,  осыдан  ондаған, 
жүздеген жылдардан кейін келетін жаңа ұрпақ үшін де салынып 
жатыр ғой. Осы тұрғыдан келгенде Астанадағы жаңа ғимараттар 
алдағы замандардағы кез келген архитектуралық құрылыстармен 
терезесі тең тұрып, бәсекелесе алатыны анық. Соған орай енді 
ондаған, жүзедеген жылдаран кейін дүниеге келіп, Астанада өмір 
сүретін жаңа ұрпақ тәуелсіздікті жаңадан ғана алған кезде түрлі 
қиындықтарға қарамай, осындай әсем қаланың іргесін қайтадан 
қалап, небір тамаша ғимараттар салған біздің ұрпақты әрқашан 
да ризашылықпен еске алып, құрмет көрсетері анық. Бұл ретте 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  есімі  тарихта  тәуелсіз 
Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті  ғана 
емес,  сол  мемлекеттің  керемет,  әсем  де 
жаңа  елорадасының  іргесін  өзінің  озық  
идеясының,  қайтпас  қажыр­қайратының 
күшімен тұрғызған қайраткер ретінде де 
алтын әріптермен жазылары анық.
Әрине, 
Астананың 
бүгінгідей 
биік  деңгейге  көтеріліп,  әсем  қалаға 
айналуы  оп­оңай  болған  жоқ.  Қаланың 
болашағына  күдікпен  қарағандар,  баяғы 
қонақүйдегі  менің  көршім  сияқты  қара 
аспанды  төндіріп,  неше  түрлі  күмәнді 
әңгімелер айтқандар аз болмаған.
Астанаға  көшу  ондаған  жылдарға 
созылатын  жұмыс,  тіпті,  көш  біртіндеп 
тоқтап  қалуы  да  ғажап  емес  деген 
әңгімелерді де естігенбіз.
Бүкіл  мекемесімен  бірге  Астанаға 
амалдың  жоғынан  көшіп,  Алматыны 
қимай артына қарай­қарай кеткендер де аз 
емес еді. Енді солардың біразы Алматыға 
келсе:  «Құрысын,  мына  қала  не  болып 
кеткен,  қаптаған  көлік,  қаптаған  түтін, 
тұншығып  өліп  қалмай  қайтіп  өмір  сүріп  отырсыңдар  шіркін, 
біздің Астанаға не жетсін, ауасының өзі қандай керемет!» деген 
сыңайда әңгіме айтады.
Астана қаласының он жеті жылдығы туралы сөз қозғағанда 
айрықша атап айтуға тиіс және бір мәселе бар. Ол – елораданың 
Арқа  төсіне  қоныс  аударуының  біздің  демографиялық 
жағдайымызға жасаған оң ықпалы. Бұрын Орталық Қазақстаннан 
бастап,  елдің  теріскей  өңірінде  қазақ  халқының  үлес  салмағы 
барынша аз еді. Тәуелсіздік алғаннан кейін де үлкен өзгерістер 
байқалмаған. Тек елорда Астанаға қоныс аударғаннан кейін ғана 
бұл өңірге қарай ұлы көш басталды. Статистикалық мәліметтерге 
сүйенсек, соңғы онжеті жылда Астанаға бес жүз мыңнан астам 
қазақ қоныс аударыпты. Баяғы жетпісінші жылдардың басында 
қазақша сөйлейтін қазақты емге таба алмайтын қала енді жаппай 
қазақтануға бет бұрған.
Баяғы  қазақша  жөн  сұрасаң  бетіңе  бажырая  қарап,  орысша 
жауап  беретін  Целиноградтың  бүгінгі  тұрғындары  қаланың 
ең  үлкен  көшесіне  үш  бидің,  Есілдің  жағасына  Кенесарының 
ескерткіштерін  орнатып,  киіз  үй  тігіп,  қазақша  ән  айтып,  күй 
шертіп, Наурыз тойын тойлап жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет