Семен Алексеевич Чесноков - 1937-1938 жылдар аралығында РСФСР денсаулық сақтау халық комисары болып жұмыс атқарды. 1939-1946 жылдарда КазССР Наркомы қызметінде кейін 1946 жылы елде министрліктер құрылғаннан кейін ол КазССР-дің бірінші денсаулық сақтау министрі болды(1946-1949 жылдар) аралығында. Соғыс жылдарында С.А. Чеснокова басшылығымен Қазақстан денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысы соғыс уақыты талабына сай жұмыс істеді. Сұрапыл соғыс жылдарында Чеснаков С.А. тылдың санитарлық жағдайын сақтап, инфекциялық аурулардың эпидемиясын болдырмады. Осы жылдарда атқарылған сапалы жұмыстар арқасында кейін амбулаторно - поликлиникалық және ауруханалық мекемелер саны арта бастады. 1943 жылы Алматыда Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған хирургиялық қалалық аурухана ашылды. Бұл мекеме 1947 жылы Республикалық госпитальға айналды кейін республикада жаңа емдеу, оқу орындары және ғылыми-зерттеу орталықтары ашыла бастады. Чесноков С.А. еңбегі үшін “Трудового Красного Знамени”, “Красная Звезда” және басқа орден, медальдармен марапатталды. Семен Алексеевичпен қатар денсаулық саласын басқаруда Владимир Георгиевич Ермолаевтың еңбегі мол болды. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан мемлекеттік медицина институтының отоларингология кафедрасының меңгерушісі атанды. 1938 жылдан Алматы қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметін қатар алып жүрді. Ал 1939 жылы КазССР денсаулық сақтау халық комисарының бірінші орынбасары атанып, Ұлы Отан соғыс жылдарында азаматтық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Қызыл әскер командирлері мен жауынгерлерін емдеп жүрді. Үкіметтің арнайы тапсырмасы бойынша республиканың 14 облысы және Алматы қаласында аз уақыт ішінде эвокогоспитальдердің мықты жүйесі қалыптастырды. Бұл Қазақстан аймағында соғыстың төрт жылында үзбей қызмет жасаған көпсалалы мекемелер қатарында болды. Госпитальдардың медицина қызметкерлері жауынгерлердің өміріне аман алып қалуда талмай еңбек етті. Тез арада жауынгерлерді емдеп, оларды әскер қатарына қайтарды. Бұл жауапкершілігі мол әрі ауыр эвакогоспитальдар жұмысын КазССР денсаулық сақтаудың халық комисарының бірінші орынбасары В.Г.Ермолаев басқарған еді. Сондай-ақ Владимир Георгиевич Ермолаевтың Қазақ медицина ғылымына қосқан үлесі ұшан теңіз. Профессор В.Г.Ермолаевтың бастамасымен бірнеше ғылыми жұмыстар жарық көрді. Ол 1944 жылдан және соғыстан кейінгі уақытта ҚазММИ оториноларингология кафедрасын басқара отырып, отандық лор қызметтің дамуына және оториноларинголог дәрігерлерді дайындауда еңбегі ерекше.4 Мұхамедрахым Қуандықұлы Тілеуғабылов - соғыс жылдарында Қазақстан медицинасында орны ерекше тұлғалардың бірі. Ол 1938 жылы ҚазММи бітіріп, 1941 жылдан ҚазССР Халық комисарлары кеңесі қаулысымен Денсаулық сақтау халық комисарының кадр мәселесі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Мұхамедрахым Қуандықұлы өзі жұмыс істеген уақытта эвакогоспитальдарға дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін дайындап үлгеріп отырған. Нәтижесінде госпитальдерде дәрігерлермен 75-80%-ға, ал орта буын медицина қызметкерлері толықтай қамтылды. Госпитальдердегі медицина қызметкерлері еңбегі арқасында бірталай жауынгерлер аман қалды. Кадрлар мәселесін орынды шешіп, әрі эвакогоспитальдар жұмысы сәтті басқарғаны үшін М.Қ.Тілеуғабылов бірнеше Ордендермен марапатталған. Соғыстан кейін ол Обаға қарсы ортаазиялық ғылыми-зерттеу орталығы директоры қызметін атқарды. Сөйтіп 1952 жылы М.Қ.Тілеуғабылов «ҚазақССР еңбек сіңірген дәрігері» атағына ие болды.
Ишанбай Қарқұлов - дәрігер-эпидемиолог. Соғысқа дейін 1937-1939 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссары болып қызметін атқарып, әскерден оралғаннан кейін Қазақ Мемлекеттік медициналық институтының эпидемиология кафедрасы меңгерушісі болып қызметін атқарды. 1948-1950 жылдары - Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1950-1954 жылдары Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған. Ишанбай Қарақұлұлы (1909-1992) - ғалым-эпидемиолог, медицина ғылымының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының, КСРО Медицина ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, КСРО Медицина ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның және Қарақалпақ АКСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, медицина ғылымы саласында қазақтан шыққан тұңғыш профессоры болды. Эпидемиология, профилактика және микробиология саласындағы белгілі зерттеуші және денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы ірі қайраткерлердің бірі. Ол жастарды жан-жақты тәрбиелеудің теориялық және практикалық мәселелерімен де үзбей айналысты. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері адамға жұғатын ауруларды зерттеуге және Қазақстанның денсаулық сақтау ісін ұйымдастыруға арналған. Ол малдан жұғатын аса қауіпті ауруларға эпидемиологиялық тұрғыдан жіктеу жасап, олардың жұғу жолдарын анықтады, оларға қарсы қолданылатын кешенді шаралардың біртұтас жүйесін ұсынды. Cарыптан сақтану мақсатында адам терісіне алдын ала вакцина егу әдісін тапқан. Оның ұсынған бұл әдісі қазіргі кезде шет мемлекеттерде де қолданылады. Сонымен қатар, 1946 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында эпидемиология кафедрасын құрып, оны өзі зейнеткерлікке шыққанға дейін (1987-1988) үздіксіз басқарған. Осы кафедраның негізінде 300-дей жұмыс орындалып,30-дан асадокторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалған болатын.5 Аклима Бисеновна Бисенова - «1942 жылы 27 қазанда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі «Денсаулық сақтау органдары мен балаларға медициналық көмек көрсету жөніндегі балалар мекемелерінің жұмысын жақсарту және мұқтаж балаларды тамақтандыруды күшейту шаралары туралы» қаулы қабылданғаннан кейін 1943 жылдың қазан айынан бастап медицина ғылымдарының кандидаты атанды. Балалардың денсаулығын сақтауға ерекше қамқорлық көрсетті. Ол ата-анасыз қалған сәбилерге қамқорлық жасау үшін патриоттық қозғалысты басқарды. Соғыс жылдарында тек денсаулық сақтаудың арқасында 3 жасқа дейінгі мыңнан астам бала асырап алуға берілді, - деп жазылған ресми деректерде. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде республикада ана мен бала денсаулығын қорғау мекемелерінің жүйесі қалыптасты. Республикада соғысқа дейін он шақты перзентхана болса, 1943 жылдың соңына қарай перзентхана саны 161-ге жетті. Кейінгі жылдары Ақлима Бисенова ана мен бала денсаулығын жақсартуда үлкен жұмыс атқарды. 1959 жылдан ол Ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми институты директоры қызметін атқарса 1977-1980 жылдар аралығында Педиатрия ғылыми зерттеу институты директоры болып, республикада әйел мен балалар денсаулығын қорғауға және жас ғалым кадрларды дайындауға ат салысты.