Жылдар аралығындағЫ Қазақстанның медицина жүйесінің даму тарихы



бет4/8
Дата27.04.2023
өлшемі150,51 Kb.
#87367
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Әбен Сабина 1-004 СТОМ КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Александр Николаевич Сызғанов - Ұлы Отан соғыс жылдарында Қазақ медицина ғылымында дарынды ғалымдардың бірі болды. Олар бүгінгі қазақ медицинасы ғылымын қалыптастырғандар еді. Ол Қазақстандағы хирургиялық қызметтің дамуына үлкен үлес қосты. Жауынгерлер мен соғыс мүгедектерін емдеуде аянбайды, медициналық кадрларды дайындауда да үлесі зор. Қазақстандағы эвакогоспитальдар жұмысы басталған алғашқы күннен-ақ Сызғанов хирургияның әр саласы бойынша жетекші кеңесші болды. Соғыс уақытының травматологиясы бойынша ғылыми жұмыстар жүргізді. Ол травматологияда емдеудің жаңа методикалырын ашты. Сол жылдары ол ғылыми еңбектерін майданда жараланғандарды емдеуге арнады. Мүгедектерді емдеуде, оңалтуда негізгі әдіс ретінде Қазақстанның шипа жайларынының емдік қасиетін қолдануды бірінші болып ұсынды. Александр Николаевичтың бастамасымен Қазақстанда бірінші қан құю республикалық станциясы ашылды. 1945 жылы КазССР ҒА-ның бұйрығымен А.Н. Сызғанов Алматыда клиникалық және эксперименталды хирургия ғылыми зерттеу орталығын ұйымдастырды. А.Н. Сызганов басшылығымен 18 докторлық, 80 кандидаттық диссертациялар қорғалған болатын.6

&4. 1953-1964 жылдардағы Қазақстан


1953 жылы наурыздың бас кезінде Сталиннің қаза болуынан кейін партиялық-мемлекеттік аппаратта билік үшін жанталасқан бақталастық басталған болатын. Көсемнен айырылған Кремль сарайындағылар жаңа саяси айлакерлік пен қулық-сұмдық күресіне бел шеше кірісіп кетті, оның бәрі партия құжаттары қарарларында көрініс тапты. Наурыз айынан ел билігін 3 адам Н.С.Хрущев, Г.М.Малинков, Л.П.Берия басқарды. Алайда бұлардың соңғысы 26 маусымда тура КСРО Министрлер Кеңесі Президиумы отырысы кезінде тұтқындалып артынша атылған. Сол сәттен бастап сырт көзге көш басшы Г.Маленков болды. КОКП Орталық Комитетінің В.М.Малотов, Л.М.Каганович және Г.Маленковтың “партияға қарсы тобының” жікшілік әрекетін айыптауынан кейін мемлекет басынан Н.Хрущев келген болатын.7
1950-1960 жылдар аралығында Қазақстанда медицина ғылымының көптеген саласы жаңадан ашылып жатқан кезі еді. Институт жаңа медицина салаларының орталығы болды. Бруцеллез, лептоспироз, туберкулез ауруларының эпидемиологиясы, аллергология, иммунология, эндомиялық зоб ауруларын зерттеу зертханалары орталықта болды. Сонымен бірге еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар, тағам гигиенасы, қорғасын мен фосфордың зиянды әсерінен болатын созылмалы улануларды зерттейтін зертханалар құрылды. Ғылыми жұмыстардың нәтижелері дереу тәжірибеде қолданылып, алдын алу жұмыстарына толық бетбұрыс жасалған кез еді. Жоғарыда көрсетілген медицина ғылымының салалары кейін ірі ғылыми орталықтарға айналды. Осы институттан көптеген ғалымдар шығып, жүздеген диссертациялар қорғалды. Солардың бірі академик Бақия Атшабаровтың қазақ халқы мен оның тағдыры жолында жасаған ерлікке толы еңбегі ерекше. 1952 жылдан бастап 33 жылдан астам уақыт бойы директор қызметін атқарды. Ғалымның ерен еңбектерінің ішіндегі ерекше маңыздысы Семей ядролық сынақтарының зиянды әсерлерін зерттеп, сынақ жұмыстарына тоқтау салуға шақыруы болды. 1947 жылдан бері Семей облысында жүргізіліп келе жатқан ядролық сынақтардың адам денсаулығына тигізетін зиянды әсерін анықтау қолға алынды. Бұл жұмыс өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының басшысы Бақия Атшабаров бастаған ұжымға тапсырылды. 100-ден аса қызметкерден тұратын экспедиция құрамы бекітіліп, ғылыми-зерттеулері нәтижесінде аталған жарылыстың адам ағзасына, жан-жануарларға, қоршаған ортаға өте зиян екені республика мен Одақ басшыларына жеткізіледі. Міне, осы ғылыми-зерттеу жұмыстары 1961 жылы 12 томдық еңбек болып жинақталып, үкімет тарапына арнайы хабарлама жасалды, конференция өткізілді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде тарихта алғаш рет осы өңірде Бақия Атшабаровтың «Қайнар» синдромы» деп айдар таққан ауру түрі әлемдік медициналық әдебиетке науқастың жаңа түрі ретінде енеді. Ғалым әскери генералдардан құралған комиссия алдына бірнеше рет шығып, зерттеу қорытындыларын дәлелдейді. Ядролық сынақтарды жалғастыруға болмайтынын көрсетті. Сөйтіп, 1963 жылы әуелі ядролық қару-жарақтың жер беті мен жоғары атмосферада өткізілетін сынақтары тоқтатылады. Ядролық сынақтарды тоқтату оңай болған жоқ еді, себебі бұл ауқымды әрі еліміз бойынша ірі жоспарлы жұмыс болып саналған болатын. Оның әсерінен зардап шеккен адамдар саны мен ауру түрлері адам түршігерлік. Бақия Атшабаровтың бұл еңбегі қазақ халқы үшін ең бағалы болып саналады. Әлеуметтік денсаулық сақтаумен айналысқан Бөкейханова-Садуақасова Елизавета Әлиханқызы. Ол белгілі кеңестік әлеуметтік гигиенист және медициналық демограф. «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және әлеуметтік гигиена» мамандығы бойынша тұңғыш қазақ әйелі, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Алаш идеясының дәйекті жақтаушысы. Екінші дүниежүзілік соғыстың ержүрек және жанқияр қатысушысы. Соғыс кезінде атақты екі қазақ әйелінің бірі алған «Медициналық қызмет майоры» және екі әскери орден, ал бейбіт уақытта – Еңбек Қызыл Ту ордені. 1957 жылы Елизавета Әлиханқызы докторлық диссертациясының тақырыбын алып, осыған дейін көп жылдар бойы жинаған материалдарын талдауға кірісті, кейін қосымша зерттеулер жүргізді. 1965 жылы Елизавета Әлиханқызы «Аборт әлеуметтік-гигиеналық мәселе ретінде» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, 1969 жылы жарық көрген «Отбасы мөлшерін реттеудің әлеуметтік-гигиеналық аспектілері» монографиясының негізін қалады. Диссертациямен танысу және монографияны, оның КСРО-ның басты медициналық журналдарының біріндегі «Советская денсаулық» мақалаларын мұқият оқу оның ғылымды жүйелі оқуға деген сүйіспеншілігін әкесінен алғанын көрсете білді.Сонымен қатар білікті хирург, гинеколог, жоғары білікті неонатолог, денсаулық сақтаудың талантты ұйымдастырушысы Ермекова Бибі-Рақия Шағабетдинқызыны да айтып кету керек. Ағартушы. 1921 жылы Томск университетінің емдеу факультетін бітірген. Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, Алаш-Орда үкіметі премьер-министрінің орынбасары Әлімхан Ермековтің әйелі. Ол «халық жауының» әйелі ретінде сталиндік режим тарапынан қуғынға ұшырағанымен КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі атанды. Тоғыз жыл бойы (1938-1919 жж.) Жамбыл қаласындағы қалалық ауруханада дәрігер және хирург болып жұмыс істесе, 1947-1919 жылдары Шымкент қаласындағы облыстық офтальмологиялық диспансерде хирург, кейін онкологияның жаңа мамандығын игеріп, осы жанып жатқан қалада тағы төрт жыл қызмет еткен болатын. 1949-1951 жылдары Шымкент қаласындағы онкологиялық диспансерге жетекшілік етті.8




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет