Жылдар аралығындағЫ Қазақстанның медицина жүйесінің даму тарихы


&6. 1950-1980 жылдардағы медицинаның дамуы



бет6/8
Дата27.04.2023
өлшемі150,51 Kb.
#87367
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Әбен Сабина 1-004 СТОМ КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

&6. 1950-1980 жылдардағы медицинаның дамуы


1950-1970 жылдары Оңтүстік Қазақстандағы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті де көптеген жетістіктерге жетті. Мысалы Мухаметжан Хакимович ми қантамырлары аурулары мәселесін алға тартқан болатын. Ол 1960 жылдан бастап бұл мәселелерді кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмысы ми қантамырлары ауруларының таралымы және олардың пайда болуына генетикалық факторлардың тексеру жұмысы Мәскеудегі Ресей неврологиялық ғылыми зерттеу институтымен бірлесе жүргізілуін қадағалады.13 Мухаметжан Хакимовичтің тікелей араласуымен республикада тұңғыш рет ми қантамырлары ауруларын емдеуге арналған бөлім ұйымдастырылды. Қазақстан бойынша медицина саласына салған зор үлесі болып саналды. Себебі Қазақстан бойынша осындай терендетілген ғылыми зерттеулер енді басталып келе жатқандықтан үлкен ашуларға ие болды. Сонымен қатар қазақ мемлекеттік медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасында қызмет атқарған , біздің елімізге және достастық мемлекеттерге танымал болған ғалым - невропатологтар бар. Мысалы Доцент Р.Г.Мандрыко 24 жыл бойы (1951-1975 жылдар) Қарағанды мемлекеттік медицина инсттитутының, доцент З.М.Брянцева 5 жыл бойы (1975-1980 жылдар) Алматы қаласындағы дәрігерлердің білімін жетілдіру институты жүйке аурулары кафедрасын басқарды. Б.А.Атчабаров медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының корреспонденті. Мамандар мен ғалым-невропатологтар даярлау саласында профессор А.П.Касаткинаның еңбегі ерекше. Ол 10 жылдай кафедра профессоры, ал соңғы 10 жыл бойы өмірінің соңына дейін Алматыдағы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында жүйке аурулары кафедрасын басқарды. Медицина саласы енді енді дамып келе жатқан сала болғандықтан, әр ғалымының еңбегі мен жаңа ашулары құнды болды. Өздерінің тәжірибиелері мен білімін оқып жүрген студенттерге үйретіп, оқытуы олар үшін үлкен мүмкіндік болатын. Осындай тұлғалардан білім алған жастар тек алға басып, өз білімдерін тек өрбітіп отырды. Тағы да осындай тарихи тұлғалардың бірі профессор Қайшыбаев Смағұл Қайшыбайұлының да бірқатар еңбектерін де айта кету қажет. 1970-жылдардың соңынан бастап кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелері денсаулық сақтау тәжірибесінде кеңінен қолдау тапты. Ол заманда ми қан айналымы жедел бұзылыстарын анықтау үшін ми қантамырлары ангиографиясы, электромиография көмегімен «жасырын синкинезияны» анықтау әдісі, эхоэнцефалография пайдаланылатын. Осы мақсатта Республика Ғылыми академиясының корреспондент мүшесі Б.А.Атшабаровтың басшылығымен бас сүйек қуысы ішіндегі физикалық жағдайларды тексеру әдісі кеңінен қолданылды. Инсультты дегидратациялық терапия көмегімен емдеудің тиімділігін анықтау үшін импеданстық бақылау әдісі ашылып, қан айналымының жедел бұзылыстарын емдеу үрдісінде инемен емдеу және оттегін гипербарлық әдіспен қолдану әдістері пайдаланылда. 1980 жылдан бастап ми қантамырлары ауруларының алғашқы кезеңдерінде кездесетін вегетативтік нерв жүйесі өзгерістері кеңінен зерттеле бастады. Бұл жұмыстар кардиология және өлкелік патология ғылыми зерттеу институттарымен шартты келісім бойынша жүргізілді. 1980 жылдардың соңынан бастап кафедра қызметкерлерімен жедел ми қан айналысы бұзылыстарын ерте диагностикалау және емдеу, бас ми жарақаттарын, диабеттік энцефалопатиялар сұрақтарын өңдеу белсенді іске аса бастады. Бөкейханов Хазихан Наушерванұлы, алғашқы қазақтардың бірі – анатомист, талантты ұстаз, денсаулық сақтауды ұйымдастырушы. Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор. Қоғам қайраткері. 1945 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері. 1930 жылы Астрахань мемлекеттік медицина институтын бітірген . «Құрмет белгісі» орденімен, КСРО медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен және Құрмет грамоталарымен марапатталған. 1935-1939 жылдар аралығында-Алматы қалалық кеңесінің депутаты қызметін атқарды. Хазихан Наушерванұлы еңбекқор, сабырлы, ақкөңіл, жұмсақ мінезімен ерекшеленетін. Ол туралы шәкірттерінің бірі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ханиса Қанышқызы Сәтпаева былай дейді: «Біз оны жай ғана жоғары мәдениеттілігі үшін құрметтедік, ол оның сыпайылығын, мейірімділігін және кез келген жағдайда сабырлылық пен ұстамдылықты сақтай білу қабілетін көрсетеді. Дегенмен, жұмсақтық пен нәзіктікке қарамастан, ол объективті бағалау немесе басқа да іргелі нәрселер туралы болған мәселелерде табанды болды. Ол анатомияға қатысты өте күрделі сұрақтарды анық және түсінікті етіп түсіндіре алатын, теңдесі жоқ мұғалім болды; мыңдаған дәрігерлер мен көптеген ғалымдар мен ұстаздарды дайындап, тәрбиелеген ғұлама ғалым.14



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет