Жылдар аралығындағЫ Қазақстанның медицина жүйесінің даму тарихы



бет2/8
Дата27.04.2023
өлшемі150,51 Kb.
#87367
1   2   3   4   5   6   7   8
Жұмыстың өзектілігі: Кеңес үкіметінен келе жатқан дәрігерлердің қалдырған еңбектері мен тәжірбиелері өзара ұштаса келе бүгінгі медицинаның пайда болуына алып келді. Қазақстан медицинасының дамуының тарихы, қазір медицина саласын дамыту барысында жұмыстар жүргізіп жүрген жастарға үлкен септігін тигізеді.
Жұмыстың мақсаты: 1945-1991 жылдар аралығындағы қазақстанның медицина жүйесінің даму тарихын талдау.
Жұмыстың міндеттері:

  1. Денсаулық сақтау ұйымын сипаттау.

  2. Білім мен ғылымның дамуын сипаттау.

  3. Соғыс жылдардағы жаңа ашуларын сипаттау.

  4. 1953-1964 жылдардағы Қазақстанды сипаттау.

  5. 1964-1985 жылдардағы медицинаның дамуын сипаттау.

  6. 1950-1980 жылдардағы медицинаның дамуын сипаттау.

  7. 1990-1991 жылдардағы медицинаның дамуын сипаттау.
  1. Негізгі бөлім

&1.Денсаулық сақтау ұйымы


1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия соғыс жарияламастан, КСРО-ға тұтқиылдан шабуыл жасайды. Көп ұлтты мемлекеттің халықтары отанды қорғауға шықты. Отанға берілгендік, халық патриотизмінің саяси пафоспен ұштасу қалың бұқара халықты отан қорғау үшін бірігулеріне жағдай жасады. Сондықтан 1941-1945 жылдары кеңес әскері ерлікпен отан үшін отқа түсіп жатқан кезде әрқашан жандарынан дәрігерлер табыла білді. Медицина қызметкерлері соғыз кезінде жанын пида етіп, қаншама жауынгерлерді аман алып қалды. Ұлы Отан соғысы майданында 200 мың дәрігер, 1,5 миллионға жуық орта буын медицина қызметкерлері қатысқан. Олардың ішінде жеңіс туын желбіретуде қазақстандық мамандардың да үлкен үлесі бар. Соғыс жылдарында КазСССР наркомздравын өте білікті мамандар басқарды. Тіпті соғыс майданындағы жауынгерлерге арнап дәрі-дәрмектер көбісі Қазақсанда өндірілген болатын. Ақ жаулықты абзал жандар тез арада Қазақстан денсаулық сақтау саласын соғыс уақытына ыңғайлап, қойылған міндеттерді адал орындай білді. Ұлы Отан соғысы Жапонияны жеңумен аяқталды. КСРО өз халықтарының өмір сүру құқығын, мемлекеттің тәуелсіздігін және күреспен қол жеткізген социалистік жетістіктерді қорғады. Сонымен қатар ол Еуропа және Азия халықтарын герман, жапон басқыншыларынан және олардың одақтастықтарынан азат ету жолында, сайып келгенде әлемдік өркениетті тағылық пен түнектен құтқару үшін шайқасты. Ұлт-азаттық, революциялық және ғаламдық-дәуірлік міндеттердің сабақтасуы соғысқа аса шиеленісті, ымырасыз, сипат берді және оны Екінші дүниежүзілік соғыстың аса маңызды бөлігі, ал кеңес-герман майданын оның шешуші майданы етті. Күйреген шаруашылықты қалпына келтіру (оның тез қарқын алуын “экономикалық гүлденуге” ұластыру) шаруашылық саясат реформаторлық жолмен нарыққа қарай қайта бағыттау арқылы қамтамасыз етіледі. КСРО-да бұл саясат нәтижесіз аяқталды, өйткені ешқандай реформа туралы сөз қозғалмаған еді. Халық шаруашылығын қалпына келтіру, ен батысы, Отан ырысын еселеуге каһармандық әрі табандылықпен еңбек еткен халықтың болашаққа деген сенімі мен отаншылдығының арқасында жүзеге асырылды. Соған қарамастан соғыстан кейінгі уақытта дәрігерлер өздерін сауатты басқарушы ретінде көрсетіп, Қазақстан медицинасының дамуында қажырлы еңбектенді. Олар: КазСССР халық комисары Чесноков С.А. және оның орынбасары Ермолаев В.Г., Тілеугабылов М.К., Корякин И.С., Бисенова А.Б. Аталған ақхалаттылардың әрқайсының сонау жылдардағы еңбегі Қазақстанның денсаулық сақтау саласының қалыптасуы, әрі дамуының алғышарттары еді.1 Соған орай экономика мен мәдениеттің дамуы кеңес мемлекетінің халықтың әл-ауқаты мен денсаулығы мен қамқорлығы КСРО-да демографиялық процестердің қолайлы жүруіне ықпал етті, тіпті халқының саны 1913 жылмен салыстырғанда 1976 жылы 96 миллион адамға өскен болатын. Тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту, кеңес мемлекетінің балалардың денсаулығын қорғау шаралары КСРО халқының барлық топтары өкілдерінің физикалық даму деңгейінің тұрақты өсуіне ықпал етті. КСРО-да жұмысшылар мен қызметкерлердің отбасыларынан балалар мен жастардың физикалық даму деңгейінде айырмашылық болған жоқ. 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының санитарлық зардаптарын жою бойынша мемлекет қабылдаған шаралар 1956 жылға қарай физикалық даму көрсеткіштерінің соғыс алдындағы жылдармен салыстырғанда жоғары болуына ат салысты. Ішкі істер министрлігіне қарасты Медицина департаментіне тоқталсам. 19 ғасырдың аяғынан бастап денсаулық сақтаудың земстволық медицина, зауыттық медицина сияқты түрлері дамыды. Әрбір бөлімшенің жеке медициналық бөлімшелері болғанымен, бірыңғай денсаулық сақтау органдар болмады. Ауруханалар, дәрігерлік амбулаториялар және басқа да емдеу мекемелері әртүрлі бөлімдер мен жеке адамдармен жеткіліксіз мөлшерде ашылды. Медициналық көмекті негізінен жеке тәжірибелік дәрігерлер көрсетті. Алыс аудандардың тұрғындары іс жүзінде медициналық көмектен айырылды. Толықтырылай айтқанда революцияға дейінгі Ресейде мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі болмады.
КСРО-да 1918 жылы 11 шілде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі «РКФСР Денсаулық сақтау халық комиссариатын құру туралы» декрет қабылдады және құрылған декрет денсаулық сақтау жүйесі кеңес халқының көрнекті жетістіктерінің бірі болып табылды. Мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы міндеттерін В.И.Ленин анықтап, РСДРП-ның 1-бағдарламасында көрініс тапты. Онда 8 сағаттық жұмыс күнін белгілеу, балалар еңбегіне тыйым салу, кәсіпорындарда балабақшалар ұйымдастыру, жұмысшыларды мемлекеттік сақтандыру, кәсіпорындарда санитарлық қадағалау және т.б. қажеттігі айтылды. Еңбекшілердің денсаулығын сақтау социалистік мемлекеттің ең маңызды міндеті болып жарияланды. Қираулар, эпидемиялар және ішкі және сыртқы жаулармен күрес жағдайында әлемдегі ең прогрессивті және ең гуманистік принциптерге негізделген алғашқы денсаулық сақтау жүйесінің құрылысы басталды: халықтың қолжетімділігі және тегін медициналық көмек, профилактикалық бағыт, денсаулықты қорғау мәселелерін шешуде еңбекшілердің кең массалары қаралды. Кеңес мемлекетінің денсаулық сақтау саясаты 1919 жылы 8-съезінде қабылданған РКП(б) екінші бағдарламасында тұжырымдалды. Бірінші кезектегі міндеттер қатарында елді мекендердің жағдайын қалпына келтіру жүргізілді яғни, топырақты, суды, ауаны қорғау, қоғамдық тамақтануды ғылыми-гигиеналық негізде дамыту, санитарлық заңнаманы құру, халыққа қолжетімді тегін білікті медициналық көмек көрсету және т.б. жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 1-бесжылдық (1929-32) жылдарында денсаулық сақтау мен дене шынықтыру шығындары 1913 жылмен салыстырғанда 4 есеге жуық өсті. 2

&2. Ғылым мен білім


Соғыстан кейінгі кезендегі қоғамдық-саяси дамудың ондағы басты сипаты идеология рөлінің ерекше күшеюі болып табылды. Партияның идеологиялық қызметі еңбекшілерді саяси үгіттеу және саяси тәрбиенің кешенді шаралар мен ғана шектелмей біртіндеп бүкіл рухани мәдениет билігін өз қолына алды.
Ғылымды әміршіл-әкімшіл тұрғыда басқару белең алды, онда таптаурын қасандық пен дүмшелік орнықты, өзіндік топшылауы мен зерттеуі бастан-аяқ көсемсөбен шұбарланды, “иллюстрациялық әдіс”, ой жүйесіздігі өрістеді, ғалымдардың ғылыми тың ойлары сталиндік “қысқаша курс...” ойлап тапқан идеологиялық қағидалар ауқымынан шыға алмады. Сөз бен істің арасы алшақтай түсті. Әлеуметтік және рухани-адамгершілік саласында, әлеуметтік әділдік ұстанымдарын бұрмалаған және теріс түсіндірген көптеген аномалды (ауытқушылық) құбылыстар пайда болды. Ғылымның биік мұраттары мен күнделікті өмір арасындағы алшақтық ұлғая түсті. Ол бір жағынан-ғылыми мекемелерді ұйымдастыру, ұлттық академияны құру, ғылыми иинтеллигенцияның қауырт өсуі, ал екінші жағынан-заңсыз қудалау, ғылым мен мәдениеттің таңдаулы өкілдерінің көзін жою, шығармашылық қызметке казармалық режимде орнату болып табылды. 1946 жылдың басына дейін республикада 24 оқу орны ашылды. 1929 жылы мал дәрігерлік институты мен көбісі мен педогогикалық пен тау-кен-металлургиялық институттар болса, 1946-1960 жылдары-Қарағанды политехникалық, ауыл шаруашылық пен медицина институттары ашылған болатын. 1959 жылы жоғары оқу орындары басқармасында қайта құру басталды. КСРО Жоғары білім беру министрлігі Одақтық-республикалық Жоғары және орта білім беру министрлігі болып қайта құрылды. 1959 жылы тамызда Республика жоғары оқу орындары мен техникумдар басқару бойынша Мемлекеттік комитет құрылып, бір жылдан кейін Қазақ КСР Жоғары және арнайы орта білім беру министрлігіне айналды.
Қазақ КСР Жоғары және арнайы орта білім беру министрлігі құрылғанға дейін республиканың жоғары оқу орындары әртүрлі ведомстволарға-Жоғары және орта білім беру министрлігіне, денсаулық сақтау министрлігіне, Совнархозға, ауылшаруашылығына министрлігіне бағынды, яғни мамндарды даярлау ісінде бір жерден басшылық пен жоспарлау болмады. Министрлік құрылғаннан кейін оған әртүрлі ведомстволардан 1 жоғары оқу орны 25 арнайы орта білім мекемелері, КСРО Жоғары білім беру министрлігінен 5 жоғарғы оқу орны барлығы 151 оқу орындары берілді.3
1970, 1979, 1989 жылдардағы Бүкілодақтық халық санақтары үш он жылдықтың ішінде халықтың білім деңгейінің жоғарлай түскенін аңғартады. Жалпыға бірдей тегін білім беру саясаты мен халық ағарту ісін дамытуға жал сайын жұмсалған қаржы мен қолдау көрсету оң нәтижелер берді. 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың бас кезінде республиканың жоғары және арнайы орта білім беретін оқу орындары жыл сайын бірнеше мың маман даярланып отырды. Соның нәтижесінде халықтың білім деңгейі жоғарлады.

&3. Соғыс жылдардағы жаңа ашулар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет