Кәдімгі осы шақ. Ұзаққа созылған, үздік-создық істеліп келе жатқан істің жайын айту керек болса, кәдімгі осы шақпен айтамыз. Жүр қалып етістігі арқылы жасалады: жазып жүрмін.
Әзіргі осы шақ. Дәл осы кезде болып жатқан және өзі сол қалпын жоймаған істі көрсеткіміз келсе, әзіргі осы шақпен айтамыз. Тұр қалып етістігі арқылы жасалады: жазып тұрмын.
Қазіргі осы шақ. Істеуші дәл осы кезде іс үстінде екендігін көрсету үшін қазіргі о.ш. қолданады. Отыр қ.е. арқ. : жазып отырмын.
Ғалым о
60.Сапалық және қатыстық сын есімдердің ұқсастығы мен айырмашылығы
Сын есім – заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер.
Қазақ тілінде сын есімдердің сұрақтары – қандай? қай?
Бұл айтылғандар – сын есімнің мағыналық жағы.
Тұлғалық жағынан сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі сын есімдерге – түбір сын есім жатады. Түбір сын есмі жұрнақсыз, басқа сөздермен бірікпей, қосарланбай, тіркеспей, жеке тұрып-ақ сындық мағына береді. Мысалы, көк,сары, кең, жылы, терең, таза, алыс.
Сын есімнің туынды түріне сын есімдердің бірігуі, қосарлануы, зат есім мен сын есімдердің тіркесуі арқылы және сын есімге, басқа сөз таптарына түрлі жұрнақтар қосылуы арқылы жасалған сөздер жатады. Мысалы, 1. Көкпеңбек еріндері қимылдайды. 2. Төбеміз кішкене-кішкене жақпар тастар. 3.Ақ, сары, қара, ала көк, ауыз жолды, көп балалы, жібек көйлекті.
Достарыңызбен бөлісу: |