Ескерту. Тәуелдік жалғауын қолданудағы ерекшеліктер: 1) тәуелдік жалғаулы сөзбен матаса байланысқан ілік септіктегі сөздің қосымшасы кейде түсіп қалады. Мысалы: аудан әкімі, мектеп бастығы; 2) біздің, сіздің, өзіміздің деген есімдіктерден кейін келетін сөздердің тәуелдік жалғауы кейде түсіп те қолданылады. Мысалы: біздің жайлау, сіздің қалам, өзіміздің бала; 3) тәуелдеу мағынасы кейде жіктеу, сілтеу есімдіктеріне, зат есімдерге -нікі,-дікі,-тікі жұрнақтары тіркелу арқылы жасалады. Мұндайда олар сингәрмөнизм заңына бағынбай жалғана береді әрі меншіктелуші сөз меншіктенуші сөзден бұрын тұрады. Мысалы: кітап Серіктікі, қарындаш Ақандікі. 4) тәуелдік жалғауы затсымақтанған (субстансивтенген) басқа сөз табына да жалғана берді. Мысалы: Шашының ағы молайып барады; 5) бірқатар зат есімдерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда соңғы буынындағы қысаң дауысты дыбыс ы, і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: халық – халқым, орын – орным, көрік – көркі, ерік – еркі, т.с.с.