71. Топтау (саралау) үстеулерінің құрамы мен жасалу жолдары
Амалдың, іс-әрекеттің топтық сипатын білдіріп, қалай? нешеден? деген сұрақтарға жауап беретін үстеу топтау үстеуі деп аталады.
Топтау үстеуі дара және күрделі сан есімдер мен сан мәнді сөздерге
А) шығыс септік жалғауы жалғану арқылы:бір+ден, онـ+ـнан, бес-алтыـ+ـдан, т.б.
Ә) -лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: мыңдап, бір-бірлеп, жұптап, бес-он-дап, т.с.с.
(Лекциядан)
Топтау (я саралау) үстеулері амалдың және басқа қарым-қатынастың бірігуі арқылы істелгенін немесе, керісінше, жекеленіп істелетіндігін білдіреді. Бұл үстеулер нешеден? Қаншадан? Нешеуден? Қалай-қалай? сияқтанған сұрауларға жауап береді. Мысалы: екеулеп, үшеулеп, он-ондап, бір-бірлеп, он-оннан, қырық-елуден, аз-аздан, көп-көптен, топ-тобымен, рет-ретімен, тең-теңімен, алды- алдына, бас-басына, үйді-үйіне т.б.
(А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» «Мектеп» баспасы, 1974ж)
Топтау үстеуі қимылдың , іс-әрекеттің мөлшерлік, көлемді мәнін білдіріп, қаншалап? Нешелеп? Қалай? деген тәрізді сұрақтарға жауап береді. Мысалы, үшеулеп, он-ондап,
аз-аздап, топ-тобымен, рет ретімен, т.б. ( С.Исаев «Қазіргі қазақ тілі»)
Ахмет Байтұрсынұлыда да топтау жоқ, бірақ оны СЫНАУЛЫҚ үстеудің құрамында қарастырады. «Екі-екіден бөлді,үш- үштен алды, төрт-төрттен қойды, он-оннан санады, жиырмадан үлестірді дегенде ірі жазылған сөздер қалай? Деп сұрағанға жауап болып тұр. Бұлар үстеу орнына жүретін сан есімдер.» деп А.Байтұрсынұлыкөрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |