Жылдар аралығындағы зерттеулердегі етіс категориясына қатысты ұстанымдар


Етістіктің жіктік жалғауларын қабылдап, қимылдың қай жақтағы субъектіге тән екенін көрсетуін – етістіктің жіктелуі дейді. Жіктік жалғаудың үш жағы болады



бет3/10
Дата09.05.2023
өлшемі47,73 Kb.
#91170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Етістіктің жіктік жалғауларын қабылдап, қимылдың қай жақтағы субъектіге тән екенін көрсетуін – етістіктің жіктелуі дейді. Жіктік жалғаудың үш жағы болады:
 І – сөйлеуші жақ.
ІІ – тыңдаушы жақ.
ІІІ – бөгде жақ.
Морфологиялық көрсеткіш ретіндегі жіктік жалғау үш жақтың әр жағында бөлек-бөлек болып түрленіп, сол арқылы, бір жағынан, бір тектес грамматикалық (жіктік) мағына білдіріп, екінші жағынан, әр жақты (жекеше, көпше) әр түрлі грамматикалық формалар арқылы бір-біріне қайшы грамматикалық мағына білдіріп, морфологиялық түрлену жүйесінің жиынтығын құрау арқылы грамматикалық категория болып танылады.

Сонымен бірге жіктік жалғаудың синтаксистік қызметі мен сөйлем құраудағы сипаты ерекше. Ол сөйлемді тиянақтап, бір жағы қимылдың иесі – бастауышпен (субъектімен) қиыса байланысып тұрса, екінші жағынан, ойды тұжырымдап, тиянақтап, сөйлемді аяқтап тұрады.


Жақ деген ұғым мен жіктелу бір-бірімен толық балама емес. Өйткені, жіктік жалғау тек жақтың мағынамен ғана шектеліп қоймайды, онда жіктік жалғаудың тәуелдік жалғаудан бөлек грамматикалық категория боларлықтай ерекшеліктері, айырмашылықтары болмас еді. Өйткені жақтық мән жіктік жалғауда да, тәуелдік жалғауда да бар.
Жақ ұғымы қимыл, іс-әрекеттің қай жақ арқылы іске асатынын білдіреді де,субъекті мен предикат арасындағы семантикалық және грамматикалық қатынасты көрсетеді. ІІ жағынан жіктік жалғау, ІІІ жақта (жекеше, көпше) әрқайсысына тән арнайы грамматикалық тұлғалары бар парадигмалық түрлену жүйесі болып табылады. Жіктік жалғау көбіне етістікпен байланысты сипатталады. Бірақ жіктелетін тек етістік емес. Әдетте жіктік жалғау етістік түбіріне тікелей жалғанбайды, ал есім сөздерге тікелей жалғанады. Сондай-ақ етістіктің жіктелуі біркелкі емес.


Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.
 1. Етістіктің түбір тұлғасы тікелей жіктелмейді, ал есім сөздер тікелей жіктеледі.
 2. Етістіктің жіктелетін тұлғаларының өзі бірдей, біркелкі жүйемен жіктелмейді. Қазақ тілінде етістік 5 түрлі жіктеледі, 4 түрлі жіктік жалғау жалғанады.
 1. Етістіктің есімше (-ған, -ген, -атын, -ар, -р, -с), қалып етістіктері, есім сөздер біркелкі жіктеледі. -уда, уде тұлғалы тұйық етістіктер есімдерше жіктеледі.
 2. Етістіктің көсемше тұлғалы түрі (-а, -е,- й, -п, -ып, -іп) І-ІІ жақтарда есімдерше жіктеледі де, ІІІ жақта арнайы –ды/ді жалғауы болады.
 3. Шартты рай (-са, -се), жедел өткен шақ (-ды,-ді) тұлғасының түрлері шағындалған қосымшалар жалғану арқылы жіктеледі.
 4. Етістік бұйрық рай тұлғасында ерекше жіктеледі.
 5. Етістіктің ерекше жіктелетін түрі – қалау рай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет