Жылдар арасындағы қазақ әңгімесіне шолу


Қазақтың ең үздік әңгімелері



бет2/2
Дата02.11.2022
өлшемі0,73 Mb.
#47085
1   2
Байланысты:
хх ғ

Қазақтың ең үздік әңгімелері:
Асқар Сүлейменов. «Ақ кемпір», «Қара шал»
Әлібек Асқар. «Социализм әңгімелері»
Әкім Тарази. «Жаңбырлы түндер»
Бауыржан Момышұлы. «Жон арқа»
Думан Рамазан. «Көш», «Көкжал»
Дүкенбай Досжан. «Ергежейлі»
Дидахмет Әшімханның әңгімелері
Жүсіпбек Қорғасбек. «Жансебіл»
Жұмабай Шаштайұлы. «Қызыл қар»
Қасым Қайсенов. «Партизан соқпақтары»
Қалдарбек Найманбаев. «Таңертеңнен түске дейін»
Қарауылбек Қазиевтің әңгімелері
Қуандық Түменбайдың әңгімелері
Құлтөлеу Мұқаштың әңгімелері
Несіпбай Дәуітайұлы. «Айғыр кісі»
Мағжан Жұмабаев. «Шолпанның күнәсі»
Сайын Мұратбеков. «Жабайы алма»
Тұрсынжан Шапай. «Айна сарай»
Тынымбай Нұрмағамбетовтің әңгімелері
Жазушының алғашқы прозалық шығармасы – 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» әңгімесі.Асыраушысы,сақтаушысы,қорғаншысынан айырылған жас Ғазиза,оның кәрі әжесі мен соқыр шешесінің тағдырлары.Әңгіме Ақан болыстың жас бала Ғазизаға жасаған зорлығы,қиянат атулының шегі жоқ дегенге сендіреді,жан түршіктіреді.Жазушы табиғат суретін,Күшікбай жайындағы әңгімені тарата отырып,психологизм,символдық бейнені шебер жымдастырады. Кейіпкерлерді суреттеуінде де олардың ішкі жан дүниесімен үйлесімділік табады.
М.Әуезов әңгімелері: «Көксерек», «Оқыған азамат», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу»,. «Ескілік көлеңкесінде», «Шатқалаңда», «Бүркітші», «Білекке-білек», «Іздер», «Жетім», «Барымта»т.б.
Жазушының «Шатқалаңда», «Бүркітші» т.б. әңгімелері – саясат ықпалымен колхоз құрылысын,социалистік қоғамды көрсетуге арналған шығармалар.
Жазушының табиғат,табиғаттағы тіршілік иелерінің өмір үшін күресі,айқасы «Көксерек» повесіндегі қасқыр бейнесімен берілген.Адам мен жыртқыш аң арасындағы айқас,суретіне басқа көзбен баға беруге мәжбүр етеді.Құрмаштың бөлтірік кезінде қолға түскен асыранды Көксерегінің әрекеттері айтылады.Қанша қолдан тамақ беріп,түнде қойнына алып жатқанымен де,тағының бәрібір жыртқыштығын қоймайтыны,оның әр қимылынан,әр айла,әрекетімен көрінетіні көркем жазылған.
Бейімбеттің проза саласындағы тұңғыш еңбегі – «Шұғаның белгісі» атты атақты повесі. Бұл шығарма жазушының прозадағы тырнақалды еңбегі бола тұра көтерген тақырыбы, тіл көркемдігі; оқиға тартысын өрбітудегі жазу шеберлігі жағынан қазақ әдебиеті тарихындағы кезеңді шығармалардың бірі болып есептелінеді.
Повестегі басты образ – Шұға махаббат бостандығын аңсап, сүйген жігіті Әбдірахманға қосылу тілегін орындай алмай, қайғы – шермен қаза болады. Повестің негізгі тақырыбы-махаббат бостандығын аңсаған жастар жайы.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет