time.
nothing is so important for a nation’s culture as its language.
- Wilhelm von Humboldt.
ЕЛІЅДІ, ЖЕРІЅДІ, ОТАНЫЅДЫ СЇЙ!
ЕЛІЅДІ, ЖЕРІЅДІ, ОТАНЫЅДЫ СЇЙ!
6
6
6
Евгений
Михайлович
Селифонов – Лениндік және
Мемлекеттік сыйлықтардың
лауреаты, Қ.И. Сәтбаев
атындағы Қазақ Ұлттық
техникалық университеттің
түлегі, менің шәкіртім. Ол
көптеген жылдар бойы Ле-
ниногорск
Геологиялық
барлау
экспедициясын
басқарды, Геология ми-
нистрі қызметін атқарды.
Евгений
Михайловичтің
айрықша еңбегі - Кен-
ді Алтайда, түсті металлургияға қажет бірне-
ше ірі кен орындарын ашты (Тишинское, Ново-
Лениногорское,
Малеевское,
Чекмарь
т.б.)
Кейінгі нарықтық жылдары ол геологиялық
инновациялық орталық құрып, жаңа шикі-
зат көздерін іздей бастады. Оның басқаруымен
жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының
нәтижесінде
Солтүстік
Қазақстанда-Сырымбет
(қалайы), Құмдыкөл (алмаз) кен көздері табыл-
ды. Титан өндірісінің шикізат базасы құрылды
(Обуховское, Сатпаевское, Шокаш, Қараөткел).
Ресейде Миасск тау-кен техникумын бітіріп, Лени-
ногорскіге жұмысқа келген Евгений Михайловичтің
айтуынша, қазақ жерінде қалуына оның Лениногор-
скідегі кеніште академик Қаныш Сәтбаевпен кездесуі
себеп болған. Қанекең өзіне тән кішпейілділігімен
жас маманға “сен киелі қазақ жеріне келгенің дұрыс
болған, осы жерде үйленерсің, отбасын құрарсың,
тіпті, мәңгілік қалыпта қаларсың, адал жемісті еңбек
ет, жаңа кен көздерін ашуға атсалыс” деп ақылын
айтып, батасын берген көрінеді. Евгений Михай-
лович Қанекеңмен кездескенін, одан алған әсерін
мақтанышпен айтып жүретін еді. Ол қазақ жерін өзінің
екінші Отаны деп санайтын. Әке жолын қуған екі ұлы
– Сергей мен Игорь менің жетекшілігіммен диплом-
дарын қорғап, өндірісте жемісті жұмыс жасап жүр.
Евгений Михайлович қай жерде жүрсе де өзі білім
алған қара шаңырақпен қарым-қатынасын еш уақыт та
үзген емес. Студенттермен жиі кездесіп тұратын, оларға
өндірісте практика өтуге, жұмысқа тұруға әр кезде
де жағдай жасайтын. Біздің Лениногорск кешенінде
жүргізген ғылыми- зерттеу жұмыстарымыздың жеті-
стіктеріне (алтынға бай кен қабаттарының барлығын
дәлелдеген) шын көңілмен қуанатын. Ал жеңілдің
астымен, ауырдың үстімен жүргісі келетіндерге,
өтірік айтатындарға, мансапқорлардың қимылдарына
қатты ренжитін, ал өзінің көңілі адал болатын, ұлттық
кадрлерге көп қамқорлық жасайтын. Оның осын-
дай жарқын мінезі, қазақ еліндегі зор еңбегі, оны бі-
летін азаматтардың жүрегінде мәңгі сақталуға тиіс.
М.БӘКЕНОВ,
академик, Еңбегі сіңген ғылым
қайраткері, Қ.И. Сәтбаев атындағы
Орталықтың директоры, профессор.
ҐМІРІ ҐНЕГЕ ТЎЛЄАЛАР
Т а ғ л ы м
Адам өмірі үш кезеңнен өтеді. Өткен шақ,
қазіргі кезең, болашақ. Өткеніне қарап, қазіргісін
ұмытпайтын әрбір адам баласын ойландыратын бір
ғана – болашақ. Бәріміз де келешегіміздің еш кедер-
гісіз керемет боп, ұрпақтарымыздың қайсар рух-
ты болғанын қалаймыз. Ал келешек ұрпақтардың
осындай болуына негіз болатын, әрине, жастар.
Кейбір студенттер лифт ішінде уылдап-шуылдап,
небір сөздер айтып, айналасындағы адамдарға мән
бермей, жеке өздері тұрғандай болады. Аузындағы
сағыздарын көрінген жерге былш еткізіп түкіріп та-
стайды. Оқу ғимараттарының алдында қыз балалардың
аузында темекі, жігіттер қыздармен құшақтасып, бі-
рін-бірі аймалап, үлкен-кішіден, оқытушыларынан
ұялмайды, қарап тұр-ау деп те ойламайды.
Тағы айта кетерлік жай, қазіргі жастар автомат-
ты ойындарға және компьютерге әуес. Бұлардың
барлығы ой-өрістің, сананың улануына әкеліп
соқтырады. Ішімдікке, темекіге жақын жастар-
дан болашақта не күтуге болады? Дөрекілік мінез
көрсету, тазалық сақтамау сияқты келеңсіздіктерге
көбіміз ұсақ-түйек деп мән бермей жатамыз. Де-
генмен мәдениетті, өнегелі жастар да жоқ емес.
Соларды өзгелерге көбірек үлгі-өнеге ету керек.
Бану ТОҚСЕЙІТҚЫЗЫ
ҐНЕГЕЛІ БОЛЄАН ЖҐН
Әдептілік әліппесі
Әдептілік әліппесі
Жуырда университетімізде Алматыдағы Орталық
мешіттің бас имамының орынбасары М. Ахметұлы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушысы, дінта-
нушы ғалым Б. Бейсенов, осындағы «Нұр-Мүбәрәк»
Ислам университетінің оқытушысы Ә. Сейітмұхаммед
қатысқан «Менің діни сенімім» деген тақырыпта сту-
денттермен кездесу өткізілді. Кездесуді оқу-тәрбие
ісі жөніндегі проректор Ұ. Сыдықов сөз сөйлеп
ашып, келген қонақтарды таныстырды. Меймандар
мен студенттер «Менің діни сенімім» атты деректі
фильмді тамашалады. Бұл фильмде ислам және хри-
стиан діндері туралы әңгімеленіп, елімізде заңсыз
әрекет етіп жүрген діни секталар жайлы деректер
келтірілді. Одан соң келген қонақтар сөз алып, сту-
денттерге ислам діні туралы мол мағлұмат берді.
Қазақстанда 5 мыңға жуық діни бірлестік бар
көрінеді. Олардың басым бөлігі әлдебір діни топтың
мүддесін көздеп, заңсыз әрекет етіп жүр. Мұндай
бірлестіктер ел ішіне іріткі салып, мемлекетіміздің
біртұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін. Міне, осын-
дай секталардан қалай сақтануға болады деген мәселе
әңгіме өзегіне айналды, бұл жайында студенттер де
көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Әңгіме соңы
сұрақ-жауапқа ұласты. «Университетте намазханалар
неге ашылмайды?», «Студент қыздардың оқу орнын-
да хиджап киюіне көзқарас қандай?» деген сұрақтар
да қойылды. «Бір мемлекетте өмір сүргендіктен сол
мемлекеттің заңына бағынамыз. Сол секілді универ-
ситетте оқығанда сол оқу орнының тәртібіне, ереже-
сіне бағынған жөн. Бұл сіздің діни сеніміңізге шектеу
қою емес. Намаз оқып, парызыңызды өтесеңіз, ол
өзіңіз үшін, басқалар сізге міндетті емес, сондықтан
бұл мәселеде сабырлы болыңыздар» деді Орталық
мешіттен келген М. Ахметұлы. Тағылымы мол
әңгіме барысында студенттер, оқытушылар өздерін
толғандырып жүрген мәселелерге жауап алды.
Кездесу соңында меймандарға ҚазҰТУ
атынан
естелік-сыйлықтар
табыс
етілді.
Н. СӘРСЕК
Таєылымды
кездесу
Мен қазақпын,
мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен,
Мұңайғанда аспанда күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген,
–деп, көзінің тірісінде асқан ұлтжандылық сезім-
мен жырлап, өз халқының өр намысын қорғап өткен
патриот ақын Жұбан Молдағалиевтің “Мен қазақпын”
поэмасы кез келген қаракөз қандастарымыздың
жадында жаттаулы,
көкейінде сақтаулы.
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде жастарға
көрсетілген қиянатқа шыдамай: “Мен қазақтың қан
төккенін қорлықпен көргенше, кешегі майдан дала-
сында өлгенім жақсы еді...” деген еді майдангер тай-
салмастан. Ақынның “Мен қазақпын” поэмасы бой-
ынша қыркүйек айының 28 күні университетіміздің
Ғылыми кітапханасында “Бір ел – бір кітап” атты
акция өтті. Ол университетіміздегі студенттер мен
оқытушы ғалымдарға, осындағы қызметкерлерге
ой тастап, өз халқының әдебиеті мен мәдениетіне,
тарихына деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.
Акцияның
салтанатты
ашылуында
оқу-
тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор, про-
фессор Ұлықпан Сыдықов патриот ақынның
ерлігі мен өрлігі жайлы қысқаша әңгімелеп бер-
ді. “Мен қазақпын” поэмасын оқу – кез келген
жастың бойындағы намыс отын тұтандырып, ер-
лік рухқа тәрбиелейтін шығарма екендігін айтып өтті.
Университетіміздің Тәрбие жұмысы жөніндегі
департаменті, Ғылыми кітапхана қызметкерлері,
әл-Машани атындағы Жоғары технологиялар
және тұрақты даму институтының тіл кафедралары
ұйымдастырған бұл акцияда Қазақ тілі кафедрасының
аға оқытушысы, ақын Аспандияр Әденұлы жаужүрек
ақын Жұбан Молдағалиевтің күрескерлігі, ерлігі мен
өрлігі жайлы айта келіп, оның кез келген шығармасы
жастарды адалдыққа және патриоттық тәрбиеге
баулудың тамаша үлгісі екендігін тілге тиек етті.
Ғылыми кітапхана қызметкері Рысалды Бо-
лысбекова Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен
шығармашылығына шолу жасады. Майдангер
ақынның “Жеңіс жырлары”, “Нұрлы жол”, “Жыр тура-
лы жыр”, “Ғашық көзбен”, “Байқоңыр баспалдақтары”
тағы басқа да шығармаларына қысқаша тоқталды.
Ақынның әр кезеңде қазақ және орыс тілдерін-
де 60-тан астам кітабы жарық көрді. Ержүрек
ақынның шығармашылығы жайлы Ғылыми кітапхана
қызметкері Айгүл Исаева орыс тілінде жалғастырды.
“Мен қазақпын, белдімін, байтақ елмін” атты бұл
әдеби-музыкалық бағдарламаның барысында Ғылыми
кітапхананың қызметкерлері Гүлнұр Тасқынбаева, Ай-
дана Қайыржановалар Жұбан Молдағалиевтің “Мен
қазақпын” поэмасынан үзінді оқыса, халқымыздың ер-
лігі мен өрлігін, парасаты мен махаббатын құдіретті күй
тілімен жеткізетін Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғауы”,
“Аққу” күйлерін Мұнай және газ институтының 4-курс
студенті Мұрат Сұлтанбай шеберлікпен орындады.
Университетіміздегі
Ғылыми
кітапхананың
директоры Айкен Ыстыбайқызының тікелей
ұйымдастыруымен өткен бұл дәстүрлі акцияның
қорытындылау рәсімінде сөз сөйлеген директордың
орынбасары Талшагүл Ибрагимова өз сөзінде мұндай
игі шара атақты жазушы Мұхтар Әуезовтың “Қилы за-
ман” повесі, Мағжан Жұмабаевтың “Сен сұлу” атты
шығармалары төңірегінде де болып өткенін айта келіп,
бұл дәстүр алдағы уақытта да жалғаса бермек деді.
“МЕН ЌАЗАЌПЫН, БЕЛДІМІН, БАЙТАЌ ЕЛМІН...”
“Бір ел – бір кітап”
“Бір ел – бір кітап”
1972 жылдан Республика
Ғылым академиясының корре-
спондент мүшесі, 2003 жылдан ҚР ҰҒА-ның академигі,
философия ғылымдарының
докторы, профессор, уни-
верситетіміздегі байырғы ұстаздарымыздың бірі
Досмұхамед Кішібекұлы Кішібековтың “Избранные
статьи” – “Таңдамалы мақалалар жинағының” төртінші
кітабы жарық көрді. Кітапқа ғалым-ұстаздың 2005-
2010 жылдар аралығында республикалық түрлі басы-
лымдарда жарияланған мақалалары топтастырылған.
Онда екі тілде бірдей жазатын автордың ең алдымен
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамаларын, оның ішкі
және сыртқы саясатын қолдауы, өзі 46 жыл жұмыс
істеп келе жатқан Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың
соңғы кездегі
техникалық про-
греске сай, әлемдік қауымдастыққа қосылып, даму
үстіндегі табыстары, сондай-ақ инженер маман кад-
рларын даярлаудағы еңбегі сіңген қоғам, ғылым
қайраткерлері жайлы және тәрбиелік мәні зор өзінің
атқарған істері туралы көп мағлұмат алуға болады.
Меншікті тілшімізден
ҒАЛЫМНЫҢ ТАҢДАМАЛЫ МАҚАЛАЛАР ЖИНАҒЫ
Жаңа кітап
Жаңа кітап
Т а ғ л ы м
Әдептілік әліппесі
“Бір ел – бір кітап”
Жаңа кітап
Көкейтесті мәселе
Көкейтесті мәселе
Б А С Т Ы Б А Й Л Ы Ќ
–
Д Е Н С А У Л Ы Ќ . О Н Ы С А Ќ Т А Й Б І Л Г Е Н Ж Ґ Н !
Д Е Н С А У Л Ы Ќ . О Н Ы С А Ќ Т А Й Б І Л Г Е Н Ж Ґ Н !
7
Еңбекті қорғау саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыты қызметкерлердің өмірі мен
денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету болып табыла-
ды. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен
басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде еңбекті
қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптары,
еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлердің өмірі мен
денсаулығын сақтауға бағытталған ережелер, рәсімдер
мен стандарттар белгіленген. Нормативтік-құқықтық
актілер жүйесі еңбекті қорғау жөніндегі салааралық
және салалық ережелер мен үлгілік нүсқаулықтардан,
құрылыстық және санитарлық нормалар мен ережелер-
ден, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
ережелер мен нұсқаулықтардан, машиналарды, тетік-
тер мен жабдықтарды құру және қауіпсіз пайдалану
ережелерінен, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық
регламенттерден, гигиеналық нормативтер мен мемле-
кеттік стандарттардан құралады. Әрбір қызметкердің
еңбекті қорғау талаптарына сай келетін жұмыс орнын
иеленуге құқығы бар. Сондықтан, жұмыс орнында
қауіпті және зиянды жағдайлар кездесетін болса, еңбек
жағдайына объективті баға беру үшін, қолданыстағы
заңнамаға сәйкес жұмыс орындары еңбек жағдайлары
талаптарына сай аттестатциядан өткізіледі. Әрбір
жұмыс беруші жұмыс орындарын еңбек жағдайлары
бойынша аттестатциядан өткізіп, еңбекті қорғау
жөніндегі сертификаттаумен қамтамасыз етуі тиіс.
Адам ресурстарын тиімді пайдалану үшін
қызметкерлер
ынтамен
жұмыс
істейтіндей
жағдай жасалуы қажет. Қызметкерлерге көңіл
бөлініп, қамқорлық жасалып отырса, бұл оларға
күш беріп, моральдық қанағаттанушылық сезі-
мін туғызады, яғни, еңбек өнімділігі арта түседі.
Бүгінгі таңда ҚазҰТУ ректоры Ж.М. Әділовтың
бұйрығымен Әлеуметтік еңбекті қорғау комис-
сиясы құрылды. Оның төрағасы әлеуметтік
жұмыс жөніндегі проректор Қ.Н. Мұқановтың
басшылығымен ҚазҰТУ қызметкерлерінің жұмыс
орындары тексеруден өткізіліп, бұл салаға ерекше
көңіл бөлінуде. Соның нәтижесінде жұмыс үдерісі
барысында зиянды жағдайлар кездесетін орындар-
да істейтін 138 қызметкер қосымша ақы алады, 33
қызметкер тегін дәргерлік тексеруден өткізілді, ал
70 қызметкер сүтпен тегін қамтамасыз етіліп отыр.
Өзара жасалған ұжымдық шарт жұмыс беру-
ші мен қызметкерлердің міндеттемелерін бекі-
тіп, өзара түсіністік пен сенім қалыптастыруға,
ынтымақтаса жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Дау-
лы жағдайлар туындаса, оны тараптар арасындағы
жеке қатынастар арқылы және келіссөздер көмегімен
шешу жағдайы қарастырылған. Осындай іс-шаралар
әрбір қызметкердің еңбекке деген құлшынысын арт-
тырып, әл-ауқатын көтеруге септігін тигізері сөзсіз.
С. ОМАРҒАЛИЕВ,
Еңбекті қорғау қызметінің бастығы
Еѕбекті ќорєау хаќында
Қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін
Қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін
да, бұл жаман әдетке үйір жандар қатары азаймай отыр.
Ал темекіні ұзақ уақыт бойы әрі көп шегетін адамның
тіреді. Өйткені никотин денедегі жарақаттардың
жазылуын, сынған сүйектің бітуін тежейді, С және
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының таратқан
екен. Сондықтан бұл ұйым темекіні адамзат өміріне
төнген ірі қауіптердің бірі ретінде жариялап отыр.
Бүгінде саусағына шылым қыстырған қыз-келін-
шектерді де жиі көреміз. Бұрындары темекі шегетін
қыздарды сирек ұшыратқандықтан ба, бұл көрініс
тым ерсі көрінуші еді. Қазір көшеден мұндайды жиі
көргендіктен етіміз үйреніп кеткендей, аса мән беріп
жатпаймыз. Әйтсе де, көк түтінді будақтатып тұрған
жап-жас қыздарды көргенде, ішің удай ашиды. Өз
тәнін өз еркімен улап тұрғанын бір сәт неге ойламайды
екен? Әлдекімге еліктеп немесе құрбыларымен бірге
қызық үшін шылымды қолына алған қыздардың кей-
бірі бұл жаман әдеттен дер кезінде бойын аулақ салса,
бірі тастай алмай қиналады. Ал кейбір бойжеткендер
мұны мықтылық санайды, мәртебе көреді. Мұндай жа-
ман әдетке бой алдырып, болашағына балта шаба ма,
әлде салауатты өмір салтын таңдай ма, әркім өзі біле-
ді. Десек те, бұл мәселе ешкімді бей-жай қалдырмауға
тиіс. Табиғат әйелге ана болу жауапкершілігін
жүктеді. Дені сау ұрпақ – дені сау ұлт. Ұрпақ мәселесі,
ұлт мәселесі бәрімізді де толғандыратыны анық.
Әйел затының темекіге әуестігінің зардабы
қаншалық екеніне тағы бір рет көз жіберейікші. Жүкті
кезде әйелге темекі шегуге мүлде болмайды. Анасы
темекі шексе, баласы әлсіз болып туылады, жиі ауы-
рады, өз қатарластарына қарағанда баяу дамып-жеті-
леді. Жүкті әйел темекі шеккенде оның құрамындағы
никотин, көмірқышқыл газы, тіпті кейбір радиоак-
тивті заттар плацента арқылы құрсақтағы нәрестеге
жетеді де, оның қалыптасып келе жатқан ағзасын
улайды. Никотиннің кесірінен нәрестеге оттегі же-
тіспей тұншығады. Бұл оның қалыпты дамуын те-
жейді. Сондай-ақ никотин баланың психологиялық
жағдайына, ақыл-ойының қалыптасуына да зиянын
тигізеді. Бірақ бұл бала көтерген тоғыз айда ғана
шекпеу керек деген сөз емес. Оған дейін де ұзақ
уақыт шексе, ағзада радиоактивті заттар жинақталып
қалады. Никотин кесірінен ішкі секреция бездерінің
қызметі нашарлайды, ас қорыту жұмысы бұзылады,
әйелдің мінезі де өзгере бастайды. Ал радиоизотоптар
адамның генетикалық саулығына кері әсер етеді. Де-
мек, болашақта дүниеге келер баланың генетикалық
ауытқумен туылу қаупі арта түседі деген сөз.
Өмірге сергек қарап, тән мен жанның саулығын
бірінші орынға қоятын жан бұл деректерді оқыған
соң, өз таңдауының дұрыстығына қуанар. Ал
шылымға әуестері өз өміріне тағы бір көз жүгіртер.
Әсіресе, болашақ ана – бүгінгі бойжеткеннің темекі
қорабын қолына аларда тағы бір ойланғаны жөн болар
еді. Бойыңнан ыстың емес, гүлдей нәзік әтірдің хош
исі аңқысын, ару қыз!
Достарыңызбен бөлісу: