188
189
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ 2015
Пайдаға салынатын кейінге
қалдырылған салық бойынша
активтердің өтелуі
Пайдаға салынатын кейінге қалдырылған са-
лық бойынша активтер барлық пайдаланыл-
маған салық шығындары бойынша, оған қарсы
салық шығындары есетелуі мүмкін салық салы-
натын пайданы алу ықтималды болатын шама-
да мойындалады. Пайдаға салынатын кейінге
қалдырылған салық бойынша мойындалмаған
активтер әрбір есептік күнге қайта қаралады жә-
не келешектегі салық салынатын пайда пайдаға
салынатын кейінге қалдырылған салық бойын-
ша активті өтеуге мүмкіндік беретін деңгейінде
мойындалады.
Жалпы бақылаудағы ұйымдар
арасындағы мәмілелер
Жалпы бақылаудағы ұйымдар арасындағы
мәмілелер алдағы мәндердің әдісі, баланстық
мәндер пайдаланыла отырып жүзеге
асырылады. Топ аталған қағиданы кейін
осыған ұқсас барлық мәмілелерге қолданады.
Жалпы бақылаудағы ұйымдарды сатып алған
кезде, Топ, ұйымдардың қаржы есептілігін
мәміле жасалған күннен бастап біріктіреді,
салыстырмалы ақпарат қайта қаралмайды.
Активтерді және міндеттемелерді өтеу
мен сатып алу арасындағы айырмашылық
бөлінбеген пайдада танылады
4. Жаңа және қайта қаралған хқес қолдану
Жаңа және қайта қаралған
Халықаралық қаржы есептілігінің
стандарттарын (ХҚЕС) қолдану
Төменде келтірілген жаңа және қайта қаралған
стандарттар мен түсіндірулер осы кезеңде ал-
ғаш рет қолданылып отыр және осы шоғырлан-
дырылған қаржы есептілігінде берілген қаржы
көрсеткіштеріне әсер етті.
•
ХҚЕС жыл сайын жетілдіру, 2010-2012 жж.
кезең;
•
ХҚЕС жыл сайын жетілдіру, 2011-2013 жж.
кезең;
ХҚЕС жыл сайын жетілдіруге, 2010-2012 жж. ке-
зең, ХҚЕС (IFRS) 3, ХҚЕС (IFRS) 8, ХҚЕС (IAS) 16,
ХҚЕС (IAS) 38 және ХҚЕС (IAS) 24 түзетулер, сон-
дай-ақ ХҚЕС (IFRS) 13 қорытындысына арналған
негізге енгізілген түзетулер кіреді.
ХҚЕС жыл сайын жетілдіруге, 2011-2013 жж. ке-
зең, ХҚЕС (IFRS) 3, ХҚЕС (IFRS) 13, ХҚЕС (IAS) 40
түзетулер кіреді.
Аталған түзетулер Топтың шоғырландырылған
қаржы есептілігіне айтарлықтай әсер еткен жоқ.
Топ шығарылған, бірақ әлі күшіне енбеген бас-
қа стандарттарды, түзетулер мен түсіндірулерді
мерзімінен бұрын қолданған жоқ.
Шығарылған, бірақ әлі күшіне енбеген
жаңа және қайта қаралған ХҚЕС
Топ шығарылған, бірақ әлі күшіне енбеген
мынадай жаңа және қайта қаралған ХҚЕС
қолданған жоқ:
•
ХҚЕС (IFRS) 9 «Қаржы құралдары» ²;
•
ХҚЕС (IFRS) 14 «Кейінге қалдырылған та-
рифтік айырмалар шоттары»²;
•
ХҚЕС (IFRS) 15 «Сатып алушылармен шарт-
тар бойынша түсімдер»²;
•
ХҚЕС (IFRS) 16 «Жалгерлік»³;
•
ХҚЕС (IFRS) 11 түзетулер «Бірлескен опера-
циялардағы қатысу үлесін сатып алу есебі»¹;
•
ХҚЕС (IAS) 1 түзетулер – «Ақпарат ашу сала-
сындағы бастама»¹.
•
ХҚЕС (IAS) 27 «Жеке қаржы есептілігінде
үлестік қатысу әдісін қолдану» түзетулер²;
•
ХҚЕС (IFRS) 10 және ХҚЕС (IAS) 28 «Инвестор-
дың бірлескен немесе тәуелді кәсіпорынға
активтерді сатуы немесе салуы» түзетулер²;
•
ХҚЕС (IFRS) 10, ХҚЕС (IFRS) 12 и ХҚЕС (IAS) 28
түзетулер «Инвестициялық ұйымдар: шоғыр-
ландыру туралы талаптардағы ерекшелік-
терді қолдану»¹;
•
ХҚЕС жыл сайын жетілдіруге, 2012-2014 жж.
кезең. ¹
1
Мерзімінен бұрын қолдану мүмкіндігімен, 2016 ж. 1 шілдеден баста-
латын жылдық есептік кезеңдерге қатысты әрекет етеді.
2
Мерзімінен бұрын қолдану мүмкіндігімен, 2008ж. 1 қаңтардан баста-
латын жылдық есептік кезеңдерге қатысты әрекет етеді.
3
2019 ж. 1 қаңтардан басталатын жылдық есеп кезеңдеріне қатысты
мерзімінен бұрын қолдану мүмкіндігімен әрекет етеді.
ХҚЕС (IFRS) 9 «Қаржы құралдары»
2009 ж. қарашада шығарылған ХҚЕС (IFRS) 9 қар-
жы активтерін жіктеу мен бағалауға қатысты
жаңа талаптар енгізді. ХҚЕС-ке (IFRS) 9 2010 ж.
қазанда толықтырулар енгізіліп, қаржы міндет-
темелерін жіктеу және бағалау бойынша және
оларды тануды тоқтату бойынша жаңа талап-
тар енгізілді, ал 2013 ж. қарашада хеджирлеуді
есепке алуға жаңа талаптар шығарылды. 2014 ж.
шілдеде ХҚЕС жөніндегі Кеңес ХҚЕС (IFRS) 9 соң-
ғы нұсқасын шығарды, онда Қаржы активтерінің
құнсыздануын есепке алу бойынша талаптар,
сондай-ақ қаржы активтерін жіктеу мен баға-
лауға қатысты кейбір өзгерістер енгізілді, жай
борыштық құралдардың белгілі бір түрі үшін
қаржы құралдарының «басқа да жиынтық кіріс
арқылы әділ құны бойынша бағаланады» (БЖ-
КАӘҚБ) деген жаңа санатты қосу арқылы. ХҚЕС
(IFRS) 9 ағымдағы ХҚЕС (IAS) 39 «Қаржы құралда-
ры: тану және бағалау» стандартын ауыстырады.
ХҚЕС (IFRS) 9 негізгі
талаптарына сәйкес:
Достарыңызбен бөлісу: