Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазақтар үшін ұжымдастырудың – «орасан зор адам қайғысына» әкелгендігіне мысалдар келтіріңіз



бет113/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Қазақтар үшін ұжымдастырудың – «орасан зор адам қайғысына» әкелгендігіне мысалдар келтіріңіз.

Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың тез қарқынмен жүруі шаруалардың өз еркімен болмай, күштеу, зорлау, жазалау әдістері арқылы жүзеге асырылып отырды. Ауқаттының малын еріксіз ортаға алып, енді жекешенің күн көрісіне жарап отырған азын - аулақ малды да сыпыра бастады. Сол тұста «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын», «Қайдан тапсаң одан тап - қаптың түбін мықтап қақ» деген ұрандар тарады. Зорлаумен ортаға түскен мал күтімсіздіктің салдарынан жаппай қырыла бастады. 1929 жылы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 47 миллионға жуық мал болса, 1934 жылы 1 қаңтарда не бары 4,5 миллионы қалды. Жаппай ұжымдастыру саясатын жүргізу Қазақстан шаруашылығы үшін орны толмас қайғылы оқиғаларға алып келді. Оның шаруашылығының қалыптасқан құрылысын бұзды, елдің әлеуметтік - демографиялық дамуына өзгерістер әкелді. Көшпелілердің рухани - мәдени дамуына бөгет жасады. Басшылық көбінесе әкімшілік әдістермен жүргізілді. Ұжымдастыру принципін өрескел бұзушылық жаппай сипат алды. Отырықшыландыру науқаны жаппай ұжымдастыру науқанымен қатар жүргізілді. Отырықшыландыру барысында жеделдету мақсаты қойылып, қазақ ауылының ерекшеліктері ескерілмей, екі жолмен жүргізілді. Оның біреуі - жүздеген шаруашылықты бір жерге иіріп әкеліп, шоғырландыра орналастырып, малын өнім дайындау қорына өткізу. Екіншісі - әлгіндей көп халықтың киіз үйлерін қар үстіне көше секілдендіріп тігіп, поселкелер құру, бұлардан ұжымшар жасау. Осылайша Ресей секілді егіншілік өңірлердің ұжымдасу формасы малшы өңірге күштеп таңылды. Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа сталиндік күштеп көшіру саясатықазақэтносының тіршілік ету жүйесін мықтап бұзды. Отырықшыландырудың алғашқы жылының қорытындылары бұл бағыттың қате екендігін көрсетіп берді. Бірде - бір бағдар бойынша міндеттер мен жоспарлар орындалмады. Салықтық қысымдар мен ет дайындау науқандарынан күйзелген қазаққа өз қаржысымен отырықшыландыру оларды босқынға ұшыратты.Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аймақты түгел қамтығанын, бұл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзіндеҚазақстанда 30—дан астам үлкенді—кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтерілістерге Тақтакөпір, Бостандық, Батпаққара көтерілістері жатады.1929—1930 жылдар аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Ф. Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929–1931 жж. өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып, оларға 80 мыңдай адам қатысты. Ұжымдастыру мен отырықшыландыру кезінде дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі есепке алынбай, түгел қауымдастырылған мал шығынға ұшырады. Сонымен қатар, малдыңкөп бөлігіүкіметтің ет салығын орындауға жұмсалды. Сонымен, осы жылдарда Қазақстанда жүзеге асырылған әлеуметтік—экономикалық процестер қазақ халқының дәстүрлі даму жолын талқандап қана қоймай, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының халықтық салт — дәстүрлерін аяқ асты етті. Нәтижесінде адамзат өркениетінде өзіндік орны бар, бірегей қазақ ұлтының өзінің рухани тамырларынан қол үзу, өзінен үлкен ұлттың жетегінде кету процесі белең алды. Қазақстандағы күшпен ұжымдастырудың және зорлап отырықшыландырудың алып келген ауыр зардаптарының бірі- демографиялық апат еді. Тарихи зерттеулерде Қазақстандағы 1931-33 жылдардағы ашаршылыққа байланысты әртүрлі пікірлер мен деректер айтылып жүр. Қазақстандық тарихшы демограф ғалымдар осы жылдардағы ашаршылық құрбандарын 1,5 миллионнан 3 миллионға дейін жеткізіп жүр. Қасiрет құрбандарының саны туралы мәселе әзiрге ашық қалып отыр. Ашаршылық кезінде құрбан болғандардың жалпы саны әлі де болса терең зерттеп, анықтай түсуді талап етеді. Аштық жылдары ел тарихының тұтас кезеңі ретінде арнайы зерттеуді қажет етеді. Қайткен күнде де Қазақстан тарихында «1932 жыл» қара жазумен жазылатын дата. Бұл жыл – республика басына төтенше төнген нәубет, бұл жыл – халық тұрмысымен, психологиясымен санаспай басшылық етудiң, әкiмшiлiктегi волюнтаризмнiң аяғы немен тынарын мәңгi еске салып тұруға, мәңгi сақтандырып тұруға тиiс жыл. Бұл жыл – ешуақытта ұмытылуға тиiс емес, керiсiнше, келер ұрпаққа үлкен сабақ болуы тиiс. Бұл – орны толмас халықтық қасiрет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет