Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


-жж. басындағы ашаршылықтың демографияға әсері



бет120/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

1930-жж. басындағы ашаршылықтың демографияға әсері

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ Қазақстанда XX ғасыр ірі тарихи оқиғалармен ерекшеленеді. Өткен ғасырдың алғашқы жартысы — қазақ халқының өмірінде бетбұрысты кезең деп саналады. Әсіресе 20–30 жылдарындағы ашаршылық апаты немесе «Ұлы жұт» қазақ тарихының қасіретті беттерін айғақтайды. Зертеуші ғалымдар осы мәселемен айналысып, Қазақстанда халқы бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен және оны үш кезеңге бөліп қарастырады: —1919 — 1922 жылдардағы аштық (1,5 млн адам) —1931 — 1933 жылдардағы аштық (2,5 млн адам) —1946 жылдары болған аштық.

бірінші ашаршылық та сұмдық болды. Бірінші ашаршылық 1919–1922 жж. болған. Осы жылдары аштық кезінде 1,5 млн жуық адам шығыны болды. Ол көбінесе елдің оңтүстік аймақтарын қамтыды, нақ осы және басқа да деңгейде Қазақстанның барлық тұрғындары да зардап шекті. Екінші ашаршылық, әртүрлі мәліметтер бойынша, 1930—жылдарда 1,5 млн—нан 2,5 млн. адамға дейін болды. Ал, үшінші ашаршылық соғыстан кейінгі еліміздегі экономикалық ахуалдарға байланыты туындады. Бірақ та, бұл ашаршылық сол жылдары халықтан жасырын түрде ұстады

Қазақ жерінде ашаршылық салдарынан демографиялық ахуал күрт төмендеп кеткен болатын. Оның айқын көрінісі ретінде тарих беттерінде қалған 1931–1933 жылдары қазақ халқының басына төнген ең бір қасіретті «Ұлы жұт» кесірінен күні бүгінге дейін қазақ халқы өз жерінде демографиясы жағынан азшылыққа ұшырап отыр.

Батыстық немесе ресейлік ғалымдар ашаршылықтың болу себебі ауа райының қолайсыздығынан, құрғақшылық болып егіннің шықпай қалғанынан немесе жұқпалы аурулардың таралуынан деген сияқты асыра сілтеулерден іздейді. Ашаршылық кезінде қаншама қазақ қыршынынан қиылды. Оған дәлел мұрағат қойнауында сақталған көптеген ресми құжаттар. Ұлт зиялысы М. Тынышбаевтың есебі бойынша «Қазақстанда 1917 жылы 2 910 000 қазақ өмір сүрген болса, ал М.Г. Сириустың 1924 жылғы жүргізген санағы бойынша қазақтар саны 1965 443 әрең жетіп жығылған» — деген мәліметтер көрсетілген [1, 260 б.]. Ал, белгілі демограф—ғалым М. Тәтімовтің есептеуінше "1931–1933 жж. ашаршылық Қазақстанда өмір сүрген 2,5 млн адамның, соның ішінде 2,3 млн қазақтардың және 200 мың келімсектердің қайтыс болғаны анықталды. Отырықшы келімсектер арасында аштықтан өлгендер 10%—ға жетсе, көшпенді қазақтар арасында бұл көрсеткіш 52—53%—тен асып кеткен. Осыдан 17–18% жергілікті тұрғындардың Қазақстаннан біржола көшіп кеткен"—деген мәліметтерді есепке алсақ, қазақ халқының саны өз жерінде осы кезеңде 70% дейін кемігені көрінеді [2, 17 б.] Бұл деректер осыған дейін жарияланған мәліметтердің орташа есебімен сәйкес келеді. Тағы бір естелігінде ағамыз М. Тәтімов: «1879, 1926, 1939 жылдардағы халық санағының нәтижелері жөніндегі мәліметтерді қолға түсіріргенмін. Көзімнің жеткені — 1939 жылғы санақта қазақ халқының санын айтарлықтай асырып жазғандығын аңғардым. Сонда, озбыр саясат «орыс емес» ұлттарды аяусыз қырып—жойғандығын жасырып қалғысы келген«,— деп пайымдаған болатын.

1879 жылғы санақта қазақтар 5 млн. болса, арада 42 жыл өткен соң 1939 жылғы санақта қазақтар 2 млн. 300 мың болды. Яғни екі есе азайды. Осыған қарап отырып, 42 жылда қазақтар азамат соғысы, байларды кәмпескелеу, жаппай колхоздастыру, 1932–33 жылдардағы аштық, 1937–38 жылдардағы репрессия салдарынан миллиондаған адамынан айрылған деуге әбден болады. Осы екі санақ арасында орыстар — 30, өзбектер — 24, қырғыздар — 16 пайызға көбейсе, қазақтар — 22 пайызға, украиндықтар — 21 пайызға кеміген.

орыта келгенде мамандардың айтуынша, ашаршылық басталған 1932 жылы туылған 10 қазақтың біреуі ғана аман қалып отырған. Халықтық жалпы қасіреті жадында сақталып қалған елін сүйген азаматтар Кеңестік биліктің қатаң бақылау саясатына қарамастан, тарихтың ащы шындығын болашаққа жеткізуге тырысып жатты. Әрбір қазақ шаңырағын шайқалатын ашаршылық тарихына қызығушылар саны жылдан—жалға артып келеді. Себебі, ашаршылық қасіреті елдің жадынан ешқашан ұмытылған емес және ұмытылмайды. Ал, бүгінгі ұрпақ кеңестік дәуірдегі әлеуметтік тәжірибелер, адам құқықтарын таптау және осы сияқты келеңсіз құбылыстардың қайталанбауы үшін өткен тарихымызды білуі тиіс. Шын мәнінде, бүгінгі жастар ашаршылық тарихын білуі керек және оның құрбандарын ұмытпауы тиіс. Өткен тарихтың ақиқатын халыққа жеткізу арқылы оның сабақтарын әрқашан есте сақтауымыз керек.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет