Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясаты
Мемлекеттің конфессионалдық саясатының негізгі міндеттері мен ұстанымдары
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсүлтан Назарбаев Қазақстан 2050 Стратегиясының бағдарламалық сөзінде: «Этностық, мәдени және діни саналуандыққа
қарамастан, біз елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылық сақтап қалдық. 130 этностық және 18 конфессионалдық топ өкілдерге Қазақстан туған елі болып қалды. Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім- біздің басты құңдылығымыз. Еліміздегі қоғамда бірлік, мәдениеттер мен діндердің үндесуі адамдарлардың қарым-қатынастарға нормасына айналады. Тәуелсіздік жылдарында қазіргі таңда Қазақстан жаһандық конфессияаралық үңқатысу орталығы болып саналады» айтты. Бүгін тәуелсіз Қазақстанда барлық халықтар мен ұлттарға қолайлы жағдай жасалған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орңықтыратындығы көрсетілген. Нақты осы негізде бүгінгі таңда мемлекет дін аясында өз саясатың жүзеге асыруда. Еуропа мен Азияның дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, әрбір ел, әсіресе олардың ғасырлық мәдени және ұлттық дәстүрлерін қорғайды және Қазақстанның мемлекеттік конфессиялық саясат осы бағыттағы шет қалмайды. Конфессияаралық саласында ескере дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан мынадай бағыттар бойынша өз саясатын жүргізіп отыр: Азаматтардың діни сенім бостандығына құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз өту және діни бірлестіктермен өзара әрекеттестік орнату. Қазақстандық қөғамда конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық диалогты ұйымдастыру және қолдау. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, дін саласындағы ұлттық кәуіпсіздікті қамтамасыз ету. Көрсетілген міндеттер орталық мемлекеттік органдармен қатар жергілікті атқарушы органдар саясаты ретінде жүзеге асырылады.
Қазақстандағы конфессионалдық саясаттың құрылуына негіз болатын басты ұстанымдар: Елдің Конституциясы мен заңдары азаматтардың ар-ұждан және діни сенім бостандығына кепілдік береді.
Конституция конфессионалдық, этникалық және өзге де белгілердегі кемсітушіліктің кез келген формасына тыйым салынады Қазақстан зайырлы және құқықтық мемлекет саналатындықтан, мемлекет конфессиялардың өз қызметтері мен құқықтарын жүзеге асыруға тең және қолайлы жағдай жасайды. Аталған ұстанымдар конфессиялар арасында достық байланыстың нығаюына себепші болды. Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі өздерін мұсылман санауы өзге діни сенімдердің толыққанды қызмет етуіне кедергі жасамайды. Мұсылман емес діни бірлестіктер санының артуы осыған дәлел бола алады. Азаматтық қоғам институттарының- үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының дін саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асуына белсенді қатысуы Қазақстандағы конфессиялық тұрақтылықтың нығаюында маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда халықтың түрлі деструктивтік, оның ішінде жалған діни идеяларды мойындамаудағы нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру маңызды саналады. Қорыта келе, қазіргі таңда Қазақстанда діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға, діни сенімдерге құрметпен қарауға, заң алдында түрлі дін өкілдері тең дәрежеге ие болуына негізделген мемлекет пен діндер арасында бірегей үлгі орнағандығын айта кету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |