Сабақтың Сенімділік критерийінің үш деңгейімен және мақсаты: оларды ғылыми зерттеулерде пайдалану әдістерімен танысу



бет1/5
Дата10.03.2023
өлшемі132,53 Kb.
#73292
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
8 (1)


8 Орта шамалардың статистикалық қателерін және олардың сенімділігін (нақтылығын) анықтау.
Сабақтың Сенімділік критерийінің үш деңгейімен және

мақсаты: оларды ғылыми зерттеулерде пайдалану әдістерімен танысу.
Қажетті Стьюдент кестесі. Микрокалькулятор.

материалдар:

Бас жиынды сипаттайтын сандық көрсеткіш параметр деп, ал іріктемені сипаттайтын – статистика деп аталады.

Іріктелген жинақтың статистикалық көрсеткіштері өздерінің абсолюттік мәндері бойынша бас жиынның параметрлерімен сай келмейтінін ереже ретінде қарау керек. Осыған орай статистикалық қате деп іріктеме көрсеткішінің бас жиындағы параметрінен ауытқуын түсінеді. Бас жиынның көлемін N әрпімен, іріктеменің – n әрпімен белгілесек, онда n = N болған жағдайда

статистикалық қателік байқалмайды, бұл іріктеменің статистикалары мен бас жиынның параметрлері бірдей дегенді білдіреді. Алайда, мұндай жағдай мүмкін болмайды, өйткені теориялық тұрғыдан бас жиынның көлемі шексіз (N → ∞), сондықтан практикалық тұрғыдан n < N, яғни статистикалық қателіктер әр кезде пайда болады және іріктеменің көлемі азайған сайын оның мәні арта түседі. Мұндағы кез келген іріктемеге қойылған негізгі талап – ол бас жиынның жағдайы туралы толық ақпарат беруі керек. Бұл үшін статистикалық қате мүмкіндігінше аз болуы керек, сонда ғана іріктеменің статистикалары бас жиынды объективті сипаттай алады.

Іріктемелік зерттеуге ғана тән қателіктер статистикалық қателіктер деп аталады. Жоғарыда қаралған қателіктерді жою мүмкін болса, ал статистикалық қателіктен іріктемелік зерттеу өте дұрыс жүргізілгеннің өзінде құтылу мүмкін болмайды.

Статистикалық қателер m (кейде s) әрпімен белгіленеді. Іріктеменің көрсеткіштерінің әрқайсысының статистикалық қателіктерін ( mx , mMe , mσ , mCv , т. б.) анықтауға болады.

93

mx .



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет