Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы



бет28/28
Дата31.10.2022
өлшемі85,2 Kb.
#46550
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
мүсіндеу

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Ойыншықтардан көрме ұйымдастыру.


«Ойыншықтарды ата» ойынын ұйымдастыру.
Ойын барысы: доп, машина, аю, пирамида т.б. ойыншықтар. Балалар әрбір ойыншыққа сипаттама берулері тиіс.



Ойынды қызыға ойнайды.
Балалар ойыншықтарды сипаттап атайды: доп резеңкеден, машина темірден, аю матадан, пирамида пластмассадан жасалған.

Ұйымдастыру-іздестіру

Пирамиданы қалай жасаған?

Ол неше бөліктен тұрады?


Түстері қандай?

Қалай орналастырылған?


Ол неге ұқсайды?


Сендер ермексаздан пирамида жасай аласыңдар ма?
Қараңдар, мен мынадай пирамида жасап алдым. Тәрбиеші өзі жасаған үлгіні көрсетеді. Билингвальды компонент: пирамида пирамида.
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:
Ермексаздан ұзын түтікше жасаймыз;
Түрлі түсті ермексаздан бірнеше ширатпалар жасап аламыз;
Ширатпалардың екі ұшын қосып, біріктіреміз;
Үлкен бөліктен кішісіне қарайдөңгелектерді бірінің үстіне бірін түтікшеге кигіземіз.
Сөздік жұмыс: ширатпалар, түтікше.
Балалардың өз бетінше жұмысы.
Қажет болған жағдайда балаларға көмек көрсету.
Сергіту сәті.
Алақай ау алақай
Ән шырқайық, балақай
Қызарғанша алақан
Қол соғайық, балақан.
«Түстерді ата!» ойынын ұйымдастыру.
Пирамиданы пайдаланып, түстерін атау.
Балалар алты түрлі негізгі түстерді суреттен немесе пирамидадан атайды.



Түрлі түсті дөңгелектерден.
Алты бөліктен.
Пирамиданың түстерінатайды.
Үлкенінен кішісіне қарай орналастырылған.
Пирамидаға.
Иә.

Үлгіні тамашалайды.


«пирамида» сөзін қайталайды.
Пирамида жасаудың әдіс тәсілдерімен танысады.
Пирамиданы мүсіндейді.

Ширатпалар, түтікше сөздерін қайталайды.


Балалар сергіту сәтін орындайды.


Түстерді атайды.
Ақ, қара, сары, қызыл, жасыл, көк.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың жұмысын талдау, мадақтау жасаған пирамидаларын суреттегі пирамидамен салыстыру.

Балалар бір бірінің жұмысына баға береді.пирамидаларын салыстырып, ойнайды.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: ұзындығы әртүрлі ширатпалардың ұшын біріктіріп сақиналар жасайды, үлкенінен кішісіне қарай ретімен пирамида құрастырады;
Игереді: пирамиданың дөңгелектері әртүрлі көлемде, әртүрлі түсте болатынын;
Меңгереді: әр түсті ермексазды есу арқылы ұзындығы әртүрлі ширатпалар жасау дағдысын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет