Саусақ жаттығуы.
Қуырмаш (ойын өлең)
Қуыр қуыр, қуырмаш!
Тауықтарға бидай шаш!
Бас бармақ
Балаң үйрек
Ортан терек
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек
Халық ауыз әдебиеті.
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру: Ермексаздан қалаған түсті таңдап алып, жұмсартамыз, оны екі бөлікке бөліп, алақанға салып домалақтаймыз;
Екінші бөлікті алақан арасына салып, ширатып пішін жасаймыз;
Екі бөлікті біріктіріп, әшекелейміз.
Балалардың өз бетінше жұмысы.
Қиналып отырған балаларға көмек көрсету.
Сергіту сәті. «сылдырмақпен би» Қолымызда сылдырмақ
Сылдыр сылдыр етеді
Аяғымыз тыпылдап
Өзі билеп кетеді.
Тып, тып, тып, тып,
Тыпылдатып биге шық
А. Меңжанова
Жасаған сылдырмақтың түсі қандай?
Сабын қандай түспен жасадың? Кімге арнап жасадың? Сұрақтарын қойып, жауап алу.
Балалар тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сылдырмақтың сырымен таңысады.
Сылдырлайды сөзін қайталайды.
Үйлерінде сылдырмақтың кішкекнтай іні қарындастарының барын айтып, сұрақтарға жауап береді. Оларды сылдырмақпен ойнататындарын айтады.
Саусақ жаттығуларын өлең жолдарын қайталай отырып орындайды.
Сылдырмақтың жасалу жолдарымен таңыстырады.
Балалар тәрбиешімен бірге сылдырмақты мүсіндейді.
Қолдарына сылдырмақ алып, сылдырлатып, қимыл қозғалыстар жасайды.
Балалар өздерінің жасаған сылдырмақтары туралы әңгімелейді.
Рефлексиялық-түзетушілік
Балалар, бұл жасаған сылдырмақтарынды ата аналарыңа көрсетемін. Балалардың жұмысын талдау, мадақтау.
Балалар жасаған сылдырмақтарымен ойнайды. Өз текшелеріне қояды..