Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Қуыршақтар»
Мақсаты:Балаларды ойыншықтар әлемімен таңыстыруды жалғастыру, жұмбақ жасыра отырып, қуыршақтың ерекшелігіне көңіл бөліп, құрастыру жолдарын үйрету, домалақ пішіннен әртүрлі көлемде сопақша және «шұжықша» пішіндерді жасауды дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, қуыршақтың суреті, тақтайша, ермексаз, сулық
Сөздік жұмыс: бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек.
Билингвальды компонент: қуыршақ кукла.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс- әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Балаларға ойыншықтар әлемін бейне таспадан тамашалату.
Жұмбақ:
Аяғы бар жүрмейді
Аузы бар күлмейді
Айнымайды бөпемнен
Тек сөйлеуді білмейді.
(қуыршақ)
Билингвальді компонент: қуыршақ кукла.
|
Балалар жұмбақты шешуге тырысады.
Қуыршақ
«қуыршақ кукла» сөзін қайталайды..
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Үлестірмелі материалдағы мазмұнды суретпен жұмыс.
Балалар, бізге айсауле, інісі айдос екеуі қонаққа келіпті.
Кімнің бойы ұзын?
Айсауленің киімінің түсі қандай?
Айдостікі ше?
Оларда достары жоқ екен, оларға дос жасап берсек қайтеді.
Тәрбиеші өзі жасаған қуыршақтың үлгісін көрсетеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |