Құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар 1 сынып Әліппеге дейінгі кезең «Негешке көмектесейік». Мұғалім: «Маған мектепке кіре берісте кезекші мұғалім мына конвертті ұсынды.Кімге және кімнен келді екен?Конверт сыртында біздің мектептің және сыныптың мекен-жайы жазылған.Хат Негештен келіпті.
Негеш –сендер сияқты кішкентай бала.Ол көңілді,мейірімді,
білім құмар.Негеш үнемі«Кім?не?қайда?неге?сұрақтарын
көп қояды.Сол себепті оны Негеш деп атайды.Мүмкін ол бізден де бірдеңе білгісі келетін шығар.Кәне,хатты оқып көрелік.
«Балалар,мен тұратын жерге қыс түспейді.Менің қыс мезгілі туралы білгім келеді.Қыс туралы әңгімелеп беріңдерші»..
Сендердің Негешке көмектескілерің келе ме?Олай болса алдарыңа Негешке көмектесейік деген мақсат қойыңдар.
Мақсатты іске асыру үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
-Қыс дегеніміз не?Ол қай айдан басталады және қанша айға созылады?Қыста аңдар мен құстар қайда тіршілік етеді?-Қыстап
Қалған аңдарға қандай қамқорлық көрсетесіңдер?-Адамдар қысқа қандай дайындық жұмыстарын жүргізеді?
-Қыста қандай ойын түрлерін ойнайсыңдар?Берген жауабыңнан қорытынды жаса.Сен жауабыңмен Негешке көмектесе алдың ба?
«Кім ән айта алады?» Дыбыстар жиыны болды.Үзілісте ән айтып,сергіп қалғысы келген бір дыбыс «Ән айтайықшы!»-деген ұсыныс жасады.»Біз ән айта алмаймыз»-деп сыбырлады бір топ дыбыстар.»Біз ән айтуға қосыламыз!»деп мөңірей жөнелді келесі дыбыс тобы.
Ізденуді ұйымдастыр.Қандай дыбыстарды әндетіп айтуға болады?Қай дыбыстар әндетіп айтуға келмейді?Қай дыбыстарды айтқан кезде ауа кедергісіз өтеді және оған не ерін,не тіс,не тіл кедергі келтірмейді.Қорытынды жаса.Қай дыбыстар дауысты,қай дыбыстар дауыссыз деп аталады?Неге олай аталады?
«Заттар көрмесін ұйымдастырайық» .Сәуленің ойыншықтары өте көп.Қуыршақ дейсің бе,түйе,қоян,кереует дейсің бе,не керектің бәрі бар.Тек шашылады да жатады.
Бүгін інісінің туған күні.Сәуле інісіне арнап заттар көрмесін ұйымдастырмақшы болды.Бірақ әр түрлі формадағы,әр түрлі материалдан жасалған заттарды қалай топтастырып орналастыруға болатынына шамасы жетпеді.Сәулеге көмектескілерің келе ме?Көрменің неше бөлімнен және қандай бөлімнен тұрғанын қалар едіңдер?Көрменің әр бөліміне ат қой.