ЖинағЫ (әдістемелік құрал)



бет8/37
Дата11.11.2022
өлшемі6,39 Mb.
#49329
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
«Белсенді әріптер»
«Балалар мен кітапханаға барсам,әріптер жүгіріп жүр екен.Қайда
барасыңдар?деген сұрақ қойдым.А әрпі Астанадағы атасына баратынын айтты,ал С әрпі сүйкімді сиырдың суретін салатынын айтты,ал Ж әрпі жасыл жапырақтарды жинайтынын қуанышпен айтып жүгіріп кетті.Ал кітапханадағы
Т,Ә,Б,Қ,О,Г әріптері қайда баратынын білмей отыр екен.Мен оларды сыныпқа алып келдім.Енді оларды қайда апарар едің?
Ойланып көмектесіп көрейік!
«Ойлан,тап!»
«Ай» немесе «гүл» буындарын пайдаланып,5 қыз баланың есімдерін жаз.

«Көмекке кел».
Болат дауысты және дауыссыз дыбыстарға арнап қағаздан екі үй жасады.Дауыстыларды- түсі қызыл үйге, дауыссыздарды- түсі көк үйге орналастырды.Ол т,а,х,р,е,м дыбыстарының адасып жүргенін байқады.Болат дыбыстардың өз үйлеріне оралуына көмектесті.Ал дыбыстар Болатқа осы дыбыстардан құрастырылған сөзді сыйлады.Қалай ойлайсыңдар,бұл қандай сөз?

«Жоғалған әріп».
Санжар портфелін ашып.ойламаған жағдайға тап болды:портфеліндегі оқу құралдарының соңғы әрпі түсіп қалыпты.соңғы әпрінен айырылған бұл құралдар қатты қобалжуда.Санжар соңғы әріпсіз бұларды қалай пайдаланады? Көмекке кел.Оны сөзбен жаз: қала..., дәпте..., қүнделі..., оқулы..., сызғы..., өшіргі....

Әліппеден кейінгі кезең
«Ойлан тап».
Сәуле жолда келе жатып,сөмкесіндегі құрастырған әңгімесін түсіріп алды.Тек Аяз ата,шырша,сыйлық сөздері ғана сөмке түбінде қалады.Сәуленің құрастырған әңгімесінің қанша сөйлемнен,әрбір сөйлемінің қанша сөзден тұратындығын болжаммен айтып көр.Осы міндетті шешуде қандай сөздер саған қажет болды.Мәтінді қалпына келтіру үшін
Сәулемен әңгімелес.Өз әрекетіңді бағала:жоғарыдағылардың қайсысын қалпына келтіруге мүмкіндігің болды?
«Әдеп сөздері».
Ертеңгі сабағын орындап болған Әлібек досымен киноға баруға жиналды.Жұмыстағы анасына бұл жайды
ескертпек боп,телефон шалды.Телефонды ер адам алып,жөн сұрасқаннан кейін анасын телефонға шақырды.
Сөйлеудің бұл түрінде амандасу,кешірім сұрау,алғыс айту,қоштасудың қандай сөздері қолданылды деп ойлайсың?
Қасыңдағы әріптесіңмен сөйлеудің осы түрін іске асыр.
«Кім тапқыр?»
Жандос деген бала үйге берілген тапсырманы орындап отыр. Тапсырмасы: «мектеп туралы сөйлем құра.» Ол оқушы мынадай сөйлемдер жазды: Мектепте оқиды. Сабақ береді. Партада отырады. Осы жазылған сөйлемдер дұрыс па? Қандай сөздер жазылмаған?Жандостың үй тапсырмасын орындауға көмектеселік?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет