«Адасқан сөйлемдер» «Мәтін» елінде сөйлемдер өмір сүріпті.Бір күні олар өздерінің қандай сөйлем екенін ұмытып қалып, үйлерін таба алмай адасып қалыпты.Балалар, сендер оларға көмектесе аласыңдар ма ?Сөйлем түрлерін білесіңдер ме ?Мына сөйлемдердің үйі қайсысы,неге олай деп ойлайсыңдар ?
Қайрат далаға шықты
-Сенің атың кім
-Менің атым Самат
-Екеуіміз дос болайық, бірге ойнайық, келісесің бе
-Алақай, мен өзіме дос таптым
-Досың болған қандай тамаша
«Буындар сыйлығы» Бір күні бірінші сынып оқушыларына сыйлықтар әкеліп беріпті.Әр баланың сыйлығының саны әртүрлі.Мысалы , Ұлан 2 сыйлық алды, Сақыпжамал 4 сыйлық алды, Қуаныш 3 сыйлық алыпты.Балалар алдымен олай ойлап, былай ойлап түсіне алмапты,неге сыйлықтар былай әртүрлі бөлінгенін. Ақырында мұның сырын тауыпты.Ал ,балалар сендер мұның себебін түсіндіңдерме ?
Сөзде неше буын болады,неліктен ?Бұл жөнінде не айта
аласыңдар ?
«Тасымал» Бірде сөздер саяхатқа шығыпты. Серуендеп келе жатса алдарында өзен кездеседі. Олар өзеннің арғы бетіне өтпекші болып теңізшіге келеді.Теңізші «тауық», «қоңыз», «дала», «кітапхана» сөздерін қайығына мінгізіп, ал , «әуен», «оян», «илеу», «қою», «ұя» сөздерін мінгізбеді.Қалай ойлайсыңдар, неге оларды мінгізбеді ? Тасымал туралы не біліп, не айта аласыңдар ?
«Сиқырлы сандық» Сабақты аяқталмаған оқиғаны баяндаудан бастауға болады.
«Сен бір күні саябақта серуендеп жүріп ағаштардың арасында жатқан өзгеше бір сандықтың үстінен түстің.Оның сиқырлы сандық екенін түсіндің.Сандықты ашып қалғанда сен тамаша
бір ...... көрдің ....»
І топ оқушылары сиқырлы сандықтың ішінде не көргенін
жазып береді.
ІІ топ оқушылары сиқырлы сандықтың ішінде не көргенін
сурет арқылы білдіреді және сол туралы әр оқушы әңгімелеп береді.
«Мен ойлаған ертегі» «Аспанмен тілдескен биік тауда қалың қар.Осында тау барысы өмір сүреді,көктем келе мұнда ғажайып кереметтер болады.. Балалар осы ертегіде қандай кереметтердің болғанын қалар едіңдер?
Қане,ойланып көрейік.