ЖинағЫ (әдістемелік құрал)


«Жалқаубекке көмектесейік»



бет7/37
Дата11.11.2022
өлшемі6,39 Mb.
#49329
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
Байланысты:
дидактикалық материалдар Уристимбаева Л

«Жалқаубекке көмектесейік»
Балалар, үлкен бір қалада тұратын Жалқаубек деген бала сабаққа барғысы келмейді екен. Ол үйінде жатып алып теледидар, компьютер ойнайды екен.Ол баланың анасы сендерден көмек сұрап хат жазыпты. Сендер қалай ойлайсыңдар Жалқаубектің осы қылығы дұрыс па? Неге дұрыс емес? Оқу не үшін керек? Жалқаубекке қандай ақыл айтасыңдар?
«Көмектес»
Оқушылар бүгін бізге Айгүл деген оқушыдан хат келіпті. Ол хатта былай деп жазылған:«Мен өз дыбыстарыма арнап «дыбыстар
үйшігі» деп аталатын үй жасаған болатынмын.Сол үйдің ішіндегі дауысты дыбыстар жоқ.» Енді осы Айгүлге көмектеселік. Ол қандай дауысты дыбыстар? 
«Сиқырлы көзілдірік»
«Сіздердің алдарыңызда сиқырлы көзілдіріктер.Бұл көзілдіріктер-
дің шынысы дөңгелек,төртбұрышты және үшбұрышты.Дөңгелек көзілдіріктің сиқырлығы одан тек қана дөңгелек заттар көрінеді».
Төртбұрышты көзілдіріктің сиқырлығы одан тек қана төртбұрышты
заттар ғана көрінеді..Үшбұрышты көзілдіріктің сиқырлығы одан тек қана үшбұрышты заттар ғана көрінеді.Айнаш сенің көзілдірігің
дөңгелек екен,сен не көріп тұрсың? (алма,доп,өрік,шар .т.б

Әліппе кезеңі
«Буынға әріп қос».
«Ай» және «су»буындары айрылмастай дос болды.Бір күні «ай» дауссыздарға қосылып,бірнеше сөзге айналып кетті.Қалай ойлайсыңдар,бұлар қандай дауыссыздар мен дауыстылар?

«Көмекке кел».
Айдос дауысты және дауыссыз дыбыстарға арнап қағаздан екі үй жасады.Дауыстыларды бірінші үйге, дауыссыздарды екінші үйге орналастырды.Ол с,ж,н,а,з дыбыстарының адасып жүргенін байқады.Айдос дыбыстардың өз үйлеріне оралуына көмектесті.
Ал дыбыстар Айдосқа осы дыбыстардан құрастырылған сөздерді сыйлады.қалай ойлайсыңдар бұл қандай сөздер?
«Жоғалған әріп».
Марғұлан портфелін ашып жатып,ойламаған жағдайға тап болды:сөмкесіндегі оқу құралдарының бірінші әрпі
түсіп қапты.Бірінші әрпінен айрылған бұл құралдар қатты қобалжуда.Марғұлан бірінші әріпсіз бұларды қалай пайдаланады?Табуға көмекке кел.оны сөзбен жаз: …ағаз, ..арындаш,..әптер т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет