Жыраулардың сөз жасаудағы әдіс-тәсілдері


Шешендік  өнердегі  тілдік  қолданыстар



бет11/40
Дата31.12.2021
өлшемі74,94 Kb.
#23493
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
Шешендік  өнердегі  тілдік  қолданыстар. 

Сөздің таза, дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстіне, лебіз көрнекті де көркем болуы керек. Көркем сөз – көрікті ойдың көрінісі. «Шығарма тілі екі түрлі болады, – дейді А.Байтұрсынов, – 1) ақын тілі, 2) әншейін тіл. Ақын тілі айрықша өң беріліп айтылған сөз, әншейін тіл ондай өң берілмей, жай айтылған сөз. Ақын тілімен сөйлегенде, сөзге айрықша өң берілгендіктен, лебіз көрнекті болып шығады. Әншейін тілмен сөйлегенде сөзге өзгеше өң берілмегендіктен, лебіз сида, жалаңаш болып шығады».

Әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтығын, тазалығын, дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекі, әуезді болу жағын да талғайды. Лебіз көркемдігі тілдегі әр алуан көріктеу құралдары мен айшықтау тәсілдерін орнымен, шеберлікпен қолдана алудан көрінеді. Олар: теңеу, кейіптеу, эпитет, метафора, метанимия, синекдоха, параллелизм, антитеза, инверсия, қайталау, риторикалық сұрақтар. Бұл көркемдеуіш элементтер шешендік сөздерді жай сөзден ажыратып тұратын тілдік белгілер болып табылады. Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді орнымен қолдану ойды бейнелі және түйіндеп жеткізудің құралы болса, троптар өмірдің шындығын, құбылысты кісінің көз алдына елестететіндей етіп суреттеуге көмектеседі.

Ана тілімізді терең меңгеріп, оның астарлы сырларына үңілемін, шешендік өнерден тәлім аламын деген жандар қазіргі шешендер сөзімен қоса, шешендік толғаулар мен билер сөзінің көркемдігіне назар аударғандары жөн.

Көріктеу (эпитет) – бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсердей етіп айтқысы келіп, ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөз қосып айту. Қазыбек бидің:

Алтын ұяң отан қымбат,

Құт берекең атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат,

Асқар таудай әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат,

Кіндік кескен жерің қымбат,

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат, –

деген жауабындағы асқар тауың, туып өскен, кіндік кескен дегендер – әбден тұрақтанған көріктеулер, ал алтын ұя, туып өскен, кіндік кескен дегендер – метафоралы көріктеулер.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет