4. Каогуляцияға қарсы ем - Гепарин 4 мың.бірлікте. в/і
5. Агрегацияға қарсы ем - аспирин 300 мг шайнау.
36
Науқас С., 22 жаста мынадай шағымдармен қаралды: бірден жүрегінің қатты соғуы, әлсіздік, бас айналу. Өткен түнді ол ұйқысыз өткізді, емтиханға дайындалған, көп мөлшерде қою кофе ішкен. Өзін денім сау деп есептейді, еш уақытта дәрігерге қарлмаған. Обьективті көрінісі: Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы бозарған. Жүректің салыстырмалы тұйықтығы: оң жақта- 4-ші қабырға аралықтан төс қырынан 1,5 см сыртқа, жоғарғысы – 3-ші қабырға аралығында төс маңы сызығы бойынша, сол жақта – 5-ші қабырға аралықтан бұғана ортаңғы сызықтан 1,5 см ішке. Жүрек соғысы ырғақты, ЖСЖ- ін есептеуге жатпайды (айқын тахикардия). АҚ 100/70 мм с.б.б.. Өкпеде везикулярлық тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ 22 рет/мин. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыр және көкбауыр үлкеймеген. ЭКГ: жүрек соғысы ырғақты, ЖСЖ 210 рет/мин. ІІ, ІІІ және Avf тіркемелерінде Р тісшесі теріс, QRS комплексінің артында орналасқан, қарыншалық комплекстер деформацияланбаған, ұзақтығы 0,1 сек..