Шөкеев.
өтті.
сөз мәслихатында.
сыңай байқатты.
отыр.
РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет
№168 (168)
26.09.2009 жыл, сенбі
www.alashainasy.kz
6
e-mail: info@alashainasy.kz
Оқиға
????????????
? Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
интернетке қалай қосылам?
Кеңес тиындарын өткізе аламын ба?
Ең алдымен айтарымыз, 1926 жыл
дан бастап кеңес тиындары мыс пен
алю миний балқымасынан соғыл ды.
Оның құрамында күміс тәрізді асыл ме
талл жоқ. айналымнан шы ғып қалған
валюта болғандықтан, Ұлт тық банк қазір
кеңес сомдарын да, тиындарын да қабы л
дамайды. алай да тиындарыңыз дың ара
сында түрлі мерекелер мен мерей той
лар ға орай ластырылып шығарылған
ай р ы қ ша мо нета лар болса, коллекцио
нерлерге өт кі зе аласыз. Сатам деген ұсы
нысыңызды www.allegro.kz сайтына ор на
ластырып, кімнің қанша төлеуге әзі р лігін
көре ала сыз. Онда 1930 жылға дейін шы
ғарылған кеңес тиындарына 2001200
теңге ара лығында баға қойы лыпты.
19721990 жылдарғы тиындар сатылым
ұсынысы нда көрсетілмепті. ал 1989 жы
лы шыға ры лған М.Ю.Ле р монтов бей не сі
басыл ған 1 рубльдің бағасы – 220 теңге
деп тұр.
Кеңестік 10,15, 20 тиындық ақ күміс тиындар мен 1,2,3,5 сары күміс
тиындықтарды өткізетін жер бар ма? Бұл тиындар 1972-1990 жылдары
шығарылған. Соны білгім келеді.
Ескермес ҮндіКЕров, Қарағанды
интернет байланысының ең арзаны және жыл дамы кең жолақты
байланыс болып тұр. Мұндай жағ дайда интернетке қосылу үшін
қала теле фоны ңыздың болуы шарт. Оның құны айына 45 мың теңге
төңірегінде. Сондайақ ұялы байланыс опера торлары арқылы қалта
телефоныңыздан да қосылуға болады. Сіздің спутниктік байланыс
деп отырғаныңыз –Wi FI байланысы тәрізді . Laptop сынды компью
термен барып қосылуға болады. Бұл қызмет әуежай ғимаратында
тегін. ал мейрамханаларда бір шыны шай сатып алсаңыз, арнайы
пароль береді.
Мен Алматыда пәтер жалдап тұрамын. Интернетке қосыл-
сам деп едім. Әркім әртүрлі айтады. Компьютерді өзіңмен
бірге алып жүре беруге болатын спутниктік интернет болады
екен ғой.
Жанар ТАСТАновА, Алматы
даТ!
Әлеуеті төмен
ұлттың әдебиеті
өркендемейді
Темірғали КөпБАЕв, ақын, «Қазығұрт» баспасының бас директоры:
ҚыЖыл
Қазақстанда ресми есеп бойынша 12 мыңдай кітапхана бар екен.
Бұған қоса, кейбір балабақшалар мен мекемелерде, әрбір мектепте,
жоғары оқу орындарында, әскери бөлімшелерде де кітапхана бар. Ал
бүгінгі күні жарық көріп жатқан кітаптардың таралымы 2000 данадан
аспайды. ол кімге жетеді? Қазір кітап оқу мәдениеті төмендеп кетті деп
жүрміз. негізі, олай емес. Меніңше, бізде, керісінше, кітап оқытудың
мәдениеті қалыптаспаған. Әдебиетінен нәр алмаған ел тілінен де
ажырап, сауатсыздыққа ұрына бастайды. Ал «сауатсыз елді іріту оңай».
Біз кітап шығару мен оның тарату жүйесін заманға лайықтап жөнге
келтіре алмай жүрміз. Бұған мемлекеттің өзі мүдделі болуға тиіс.
Бұлай болмаған күнде ұлттың интеллектуалды потенциалын әлсіретіп
аламыз.
АлАшҚА АйТАр дАТыМ...
Әрине, бізде баяу болса да халықтың өсуі байқалады. 16 миллион
деген соншалықты үлкен цифр емес. Салыстырмалы түрде алатын
болсақ, бұл шетелдегі шағын бір қаланың тұрғындарының саны. Ал
жеріміз қандай кең! оның асты мен үстіндегі табиғи байлықтарымызда
шек жоқ. Қара алтынға балайтын мұнайымыз бен көмірімізді, сары
алтындай бидайымызды айтпағанның өзінде, қазақ жерінде өзге
елдерде кездеспейтін, бір грамының өзіндік құны 1000 доллардан асып
жығылатын өте сирек әрі қымбат металдар бар. өкінішке қарай, осынау
қыруар байлығымызды дұрыс игермеуінің кесірінен, жемқорлықтың кең
етек жаюынан біз «бір қаланың тұрғындарын» лайықты деңгейде асырай
алмай отырмыз.
– Қазір көптеген зиялы қауым өкіл-
дері қаржылық дағдарыс рухани дағ-
да рысты тудырады деген пікірлерін
ор таға салуда. Бұлай ой өрбітуге се бе п-
тер де жоқ емес. «Қанша адам болса,
сонша пікір бар» дегендей, шығар ма-
шылық адамы ретінде бүгінгі қоға м-
дағы өзгерістерді сіз қалай қабыл дай-
сыз?
– қай қоғамда өмір сүріп жатса да,
адам үшін ертеңгі күннің жағдайы мен
болашақтың мәселесі – ең маңызды нәрсе.
алайда дәл бүгінгі біздің қоғамда адам
дардың барлығы да ертеңіне, болашағына
берік сеніммен қарайды деп айта алмай
мыз. Себебі қазіргі ақпараттықтехноло
гиялық заман басқа құндылықтарды алды
ға шығарды.
Елдің өз ішінде жүрген қарапайым адам
ретінде, қалам ұстаған шығар ма шылық
иесі ретінде де мені осындай сұрақ тар жиі
мазалайды. Оның үстіне еліміздегі жалпы
экономикалықәлеуметтік, геосаяси жағ
дай жуық арада озық елдердің қатары нан
көріне алатындай деңгейде емес. Оны
мойындауымыз керек. Шетелдіктер біз
тура лы «қазақтар – иен байлықтың тегін
күзетшілері» деп айтатын көрінеді. Сон
дық тан да біз өйттік, бүйттік деп сыртқа
жалымызды күдірейте бермей, алдымен
өз ішіміздегі әртүрлі жағдаяттарды жөнге
келтіріп алуымыз керек. қазақстандағы 16
миллион халықты түгелдей дерлік қазақ
қоғамына қалтқысыз қызмет етеді деуге
келмейді. Өзге ұлттарды айтпағанда, оның
10 миллионға жуығы қазақтар. Бұл да
әжептәуір сан болып көрінуі мүмкін. Бірақ
соның өзінің бір бөлшегі орыстілді шала,
мәңгүрт қазақтардан тұрады. Мұны да
мойындауымыз керек. Біз көбіне санға
ұмтылатын сияқтымыз. Сандық басымдық
бар жерде сапа болады деп кесіп айтуға да
болмас. Осы ретте ұлттық генофон дымыз
дың сапасы туралы әңгіме туады. Өйткені
сәт сайын құбылып, өзгеріп тұрған бүгінгі
жаһанданған әлемде адамзат баласы ру
хани жағынан дағдарысқа ұшырай баста
ды. қазақ қоғамы да бұл мәселеден аулақ
емес. Себебі материалдық жағдайы тиісті
деңгейге көтерілмеген ұлт өзінің рухани
әлеміне, әдебиеті мен мәдениетінің өркен
деуіне жағдай жасай алмайды. алматы,
астана сияқты үлкен қалаларымызда қай
на ған тіршілік байқалғанымен, алыстағы
ауылдарда, шеттегі аймақтарда күн көру
мүлдем төмендеп кеткен. Оны көзімізбен
көріп жүрміз. Көптеген отбасылар ұл
қыздарын оқытыптоқытуға, оларды аяқ
тан дыруға жағдайлары жоқ. Мұндай жағ
дайда өмір сүруге деген құлшыныс азаяды,
жалпы әкімшілікбасқару жүйесіне деген
наразылық туындайды. Осылайша, еңсесі
түскен елде ертеңге деген сенім жоғалады.
ал руханияты тоза бастаған елде қылмыс
көбейіп, жемқорлық тамыр жая бастайды.
Бұл кезде адамдар ертеңін емес, бүгінгі
күнді ғана ойлайтын болады. Тұрмыстық
деңгейі жоғары, әлауқаты мықты, қарны
да, көңілі де тоқ адам теріс әрекеттерге ба
ра бермейді. аш адамның ең басты мұраты
қарнын тойғызу ғана. десек те, рухани
бай лығы мол, ақылы кемел, зиялы адам
дардың барлығының жағдайы жақсы деуге
болмайды. қалай болған күнде де бү гін гі
қазақтың көңілі алаң. қарап отыр са ңыздар,
азғана уақыт ішінде бі реу лер қол жет
пейтіндей мол дәулетке ке неліп, бі реулер
тіпті кедейліктің шегінен төмен тү сіп кетті.
Әйтеуір, әркім өзінің бас пайда сын ғана
ойлаған заман. Ортақ мүддеге то қайласу
деген бізде жоққа айналып барады.
– Қазақта «Бір байдың отына он
кедей жылынады» деген мақал бар
ғой. Байлардың көбеюі біздің әлеуеті-
міздің артқандығының көрсеткіші бо-
ла алмай ма?
– Байығандар байыған үстіне байи тү
сіп, өзінен төмен топтарды менсінбейтін
жағ дайға жетіп, кеуделеріне нан пісіре
баста ды. Ондайлардың менмендігі әлеу
мет тік ахуалы нашар топтың ашуызасын,
көреалмаушылығын тудыруда. айналып
келгенде, бүгінгі байлардың барлығы
дерлік – мемлекеттің ақшасына байы ған
дар. аяқастынан төрге шығып кеткен мұн
дайлар елдің ертеңіне, ұлттың тіліне, дініне
көзінің астымен қарайды. дегенмен сен
әкім боласың ба, аула сыпырушы боласың
ба, жоқ әлде басқа боласың ба – алла
алдында бәрі бірдей.
– Кейбір шығармашылық адам-
дары «мен саясаттан аулақпын» дей ді.
Ай на лып келгенде, елді оятып, ұйыта-
тын негізінен қаламгерлер қа уымы
емес пе? Аңсап жеткен Тәуел сізді гіміз-
дің мә нін кейінгі ұрпаққа түсіндіріп
бе ре тін де зиялы адамдар емес пе?
– Тәуелсіздік алғанымызға 18 жыл
болды, бірақ оны әлі күнге дейін толық
сезіне алған жоқпыз. Себебі сол Тәуелсіз
дікті қамтамасыз ететін біздің негізгі төрт
тірегіміз әлсіз. Бірінші – территориялық,
екінші – экономикалық, үшінші – рухани,
төртінші – ақпараттық тәуелсіздікті берік
орнықтырып алуымыз қажет.
– Тәуелсіздіктің төрт тірегі туралы
ойыңызды тарқата түссеңіз...
– қазақстан өте күрделі жағдайда
әрекет етіп шекарасын бекітіп алды. деген
мен алтай мен атырау арасында кең
көсіліп жатқан жерімізге әлі де көз алар
тушылар жоқ емес. Солтүстігімізде аю
арқы рап тұрса, оңтүстігімізден айдаһар
айбарланып отыр. Осы тұрғыдан келгенде,
біз қазақтың өз мүддесін ойлаудан гөрі
осындай алып күшке ие көршілеріміздің
қасқабағына көп қарағыштаймыз. Мұны
да мойындауға тура келеді. Орыстар өз
баласын қазіргі қазақ жерінің кейбір сол
түстік аймағы біздің жер болған деп, қы
тай лықтар өз балаларын Балқашқа дейінгі
өңір бұрын бізге қараған деп оқытады.
Ұйғырлар да өздерінің қолдан жасап алған
жалған карталарына оңтүстігімізден біраз
жер қосып алып, алашапқын болып жүр.
Территориялық тәуелсіздікті нығайту қажет
деп отырғандығым сондықтан.
– Мұны бір деп қояйық...
– ал экономикалық жағынан тәуелсіз
бола алмай отырғанымыздың жайы тағы
белгілі. Рас, кейінгі жылдары елімізде бір
қа тар үлкендікішілі өндіріс орындары
ашы лу да. Бірақ бұл аздан да аз. Шикі заты
мызды шетелге сата бермей, өзі міз өңдей
тін болсақ, экономикалық қуа ты мыз да
артар еді. Өзіміз ештеңе өндірмейтін бол
ған дықтан, қазақстан қытайдың база ры
на айналып кетті. Біздің бір қателігіміз, қа
ла ларды өркендетуге баса назар ауда рып,
ауыл мен ауыл шаруашылығын көр кейтуді
кейінге ысырып қойғандығымызда. Тәжі
ри бе бойынша әлемнің ең мықты мемле
кеттері мол қар жыны алдымен ауыл ға
құяды емес пе?
– Мұны екі деп қояйық...
– қазіргі кезде рухани тәуелсіздік мәсе
лесі биік деңгейде күн тәртібіне шық пай
отыр. Санамыздың түкпірінде кеңестік
кезең нен қалып қойған құлдық санадан
толықтай арылу үшін кемінде екі ұрпақ
алмасуы керек. Бұған қоса, ұлттық әдебиет
пен өнердің, жалпы, мәдениетіміздің на
си хатын күшейту қажет және осы салада
атқары луға тиіс дүниелер қазақы рухты
шыңдауға қызмет етуі керек. Біз бәріміз
қазақ баласы қазақ боп туғанын мақтан
ететін жағдайға жетсе деп ойлаймыз.
Рухани тәуелсіздігімізді босаңсытып тұрған
тағы бір дүние, ол – дін. қазақстан зайырлы
мемлекет бола тұра, сан түрлі діндерге
шекарасын ашып берді. Біз қазір кім қан
дай дінді, қандай бағытты уағыздап жүр
генін ажырата алмай қалдық. Өзіміздің
дәстүрлі ислам дінінен бөлек кетіп, адасып
жүрген қандастарымыз қаншама! Әсіресе,
қоғамның әлсіз топтары мен жастардың
санасы уланып барады. Олар ертең өзімізге
қауіп төндіреді. Бетімен кеткен жалған
діншілдерге билік тарапынан бақылау да
жоқ. Осыдан келіп ұлттық болмыс жоғала
ды.
– Үшінші мәселе туралы ойыңызды
осы жерден үзе тұрып, төртінші
мәселеге ойыссақ...
– ақпараттық тәуелсіздік бізде мүлде
жоқ десе де болады. Себебі «халықтың
көзі, құлағы һәм айнасы» болуға тиіс
бұқаралық ақпарат құралдары толығымен
қазақтың өз тілінде сөйлемейді. Бұл аз
десеңіз, біздегі ақпарат кеңістігін күндіз
түні айылын жимайтын Ресейдің телеарна
лары мен қаптаған газетжурналдары жау
лап алды. Әлемді алақаныңа салып беретін
интернет те өзге тілде сайрайды. Сол се
бепті біз өзімізде және әлемде болып
жатқан түрлі оқиғалар мен өзекті мәселе
лерге басқаның көзқарасымен қарауға
мәжбүрміз. Олар кімді содыр десе, біз де
оны солай атаймыз, олар кімді жақсы десе,
біз де соған қосыла кетеміз. Сондықтан да
өз сөзімізді айта алмай жүрміз. ақпараттық
тәуелсіздікке қол жеткізу үшін әр нәрсеге
өзіміздің дербес көзқарасымызды білдіру
ге тиіспіз. Мұнымен қатар еліміздегі бедел
ді ақпарат құралдарының бернеше шет
мемлекеттерде өздерінің жеке тілшілер
қосыны жұмыс істеуі керек. Зерделеп қара
са ңыз, осы айтып отырған Тәуелсіздігіміздің
төрт тұғыры да төрттағандап тұрған сияқты.
ал Тәуелсіздігімізді нығайта түсу үшін бізге
әлі қанша тер төгіп, еңбек етуіміз қажет.
аяғынан енді тұрып, өзгелермен терезесін
тең ұстап келе жатқан қазақстанға бір сәт
те босаңсуға болмайды.
– осы айтқандарыңыздың әрқай-
сы сы да – бір-бірімен байланысып
жат қан түйінді мәселелер. Қазақтың
ал дын да көлденең тұрған тағы бір
бас ты проблема, ол – тіл мәселесі. осы
төңі ректе ой қозғамаған адам жоқ.
деген мен сіздің де айтарыңыз бар
шы ғар...
– Бүкіл қазақ болып тіл туралы қақсап
жүргенімізге қаншама жыл болды? Сон
шама жыл улапшулап жүргенімізге құлақ
түріп, нәтиже шығарған кім бар? Орыс
тіліне төрден орын беріп тұрған заңы
мыздағы бір ғана сөйлемді өзгерту сон
шалықты қиын ба? Меніңше, орыстардан
бұрын орыстілді қазақтар мемлекеттік
тілдің осындай мүшкіл халде тұруына аса
мүдделі көрінеді. Босағадан қарап тұрған
жетім баланың күйін кешкен тіл мәселесін
қозғап, көтеріп жүрген ғалымдар, ақын
жазушылар, журналистер, саясаткерлер,
жалпы, зиялы қауым билікке жексұрын
болып бітті. Бізде қазақ тілінің дамуына
ешқандай жағдай жасалмаған, сұраныс
төмен. Осы тұрғыдан алғанда, қазақстанда
қазақ тілі салтанат құрмай, қазақ халқы да
ұлт ретінде өз жерінде үстемдік ете ал
майды. Бүгінде өзінің ұлт ретіндегі артық
шылығын айқындай алмай отырған қара
пайым халықтың еңсесі төмен. Себебі
қа зақ тілі ғылым мен техниканың, ақпарат
алмасудың, ресми қатынастардың тілі
дәре жесіне көтеріле қойған жоқ. Шын
дығын айтқанда, ана тілімізді от басы ошақ
қасының тілі деңгейіне түсіріп алдық.
Әңгімеміздің басында айтқан 10 мил
лион қазақтың жоқ дегенде 2 мил лионнан
астамы туған тілін білмейді деуге негіз бар.
Оларды қазақ дейін десең, тілі – орыс,
орыс дейін десең, түрі – қазақ. Ел айтатын
«шалақазақ» деген осылар. Міне, осы
тілсіз буынның келесі ұрпақтары да тілсіз
болмақ. Ондайлар орыс тілі осы елде
басым болып тұрса екен деп тілейді.
– Сонда бізге не жетпейді деп
ойлайсыз?
– қазір адамның адамшылығы азайып
барады. Таяуда көшеде кетіп бара жатсам,
жолдың жиегінде бір қарт кісі құлап жатыр
екен. қасынан қаншама көлік, қаншама
үлкенкіші адамдар селт етпестен арыбері
өтіп жатыр. Ол тірі ме, өлі ме, ауру ма, сау
ма, ешкімнің онымен шаруасы жоқ. Әлгі
адамның қасына барып қарасам, шамамен
сексенге таяп қалған қария екен. Тамырын
ұстап көріп едім – жүрегі соғып тұр. Тірі
екен. Сосын дереу жедел жәрдем шақыр
дым. Сәлден кейін дәрігерлер келіп: «Енді
бір жарты сағат жатып қалғанда, мына кісі
өліп қалар еді», – деді. Сөйтсек, бұл қария
ның жүрек талмасы ұстап қалған екен.
Мұндай көріністер бізге таңсық болмай
қалды ғой. Неге біз бірбіріміздің тағдыры
мызға алаңдамаймыз? Неге біз қатыгез
болып барамыз? Бұл эгоизм емес пе? Оның
үстіне, қазіргі адамдардың көбі қорқақ.
қандай да бір қиын жағдайлардан өзінің
жеке басын арашалап алғысы келеді.
«Жазықсыз жала жауып жібереді» деп
құқық қорғау органдарынан да сескенеді.
Сосын «құрысын, бұған жолап нем бар?
Одан да тыныш жүрейін, бәлесінен аулақ»
дейді. Ондайлар ешкімге сенбейді. Себебі
адам құқығын сақтау ұғымы бізде қалып
таспаған. «адам – мемлекеттің ең басты
құндылығы» деген қағиданың бос сөз
болғаны ғой онда.
Достарыңызбен бөлісу: