Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды тексеру әдістері


б) көру аймағын тексеру – болжама тексеріс (әсіресе жатып қалған науқастарға жасалады)



бет3/9
Дата14.05.2023
өлшемі34,87 Kb.
#92981
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Неврологиялық науқастарды тексеру әдістері - Қазақша медицина

б) көру аймағын тексеру – болжама тексеріс (әсіресе жатып қалған науқастарға жасалады):

  1. науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу:

  2. дәрігер науқасқа қарсы отырады;

  3. науқас бір көзін жапқышпен жабады;

  4. дәрігер науқасқа өзінің (дәрігердің) мұрын қырына қарауды сұрайды;

  5. дәрігер саусағын шетінен ортасына қарай (жанынан, жоғарыдан, төменнен, іштен) науқас саусақты көргенге дейін жәй қозғап алып келеді;

  6. дәрігер науқас саусақты көрген деңгейі мен өзінің деңгейін салыстырып белгілейді;

  7. осы әдіспен екінші көзін тексереді;

  8. қорытындыны бағалау– егерде дәрігер саусақты науқастан бұрын көрсе – бұл науқастың көру аймағының шектелгенін сипаттайды;

БСН ІІІ, ІУ, УІ жұптары – көз қимылдатушы, тежеуші және әкетуші нервтері қызметін тексеріп бағалау:

  1. дәрігер науқасқа қарсы отырады;

  2. науқастың бет-әлпетін жайбарақат отырғанда тексеру:

  3. көз саңылауын бірдейлігі мен ені – птоз-қабақтың түсіп тұруы;

  4. көзалмасының орналасуын экзофтальм-бадыраң көз- шарасының шығып тұруы; энофтальм – шүңірек көз –шарасының кіріңкі болуы;

  5. көз қарашығының пішіні (дұрыс – дөңгелек, дұрыс емес); көлемі (үлкейген, кішірейген, екі жақата бірдей, бірдей емес) қарау;

Көз алмасы қимылының көлемін тексеру:

  1. дәрігер науқасқа қарсы отырып, оның иегін саусақтарымен ұстайды;

  2. дәрігер балғашаны 20см қашықтықта ұстап, оны оңға, солға, жоғары, төмен және науқастың мұрын ұшына қозғап алып келеді;

Көз қарашығының жарыққа тітіркенуін тексеру:

  • науқас жарыққа қарсы отырады;

  • науқастың екі көзін дәрігер алақанмен жабады;

  • кезек-кезек көздерін ашып қарашықтың тітіркенуін бағалайды;

  • жарықта қалыптыда қарашық кішірейеді – қарашықтың жарыққа тікелей тітіркенуі сақталған;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет