ерітінділерді тілдің симметриялық аймақтарына (артқы 3/1 және алдыңғы 3/2 бөліктері) тамшылау;
сезіну деңгейін науқас жазба түрде көрсетеді немесе дайындалған трафареттерді белгілейді (дәмнің түрі мен кұштілігі).
дауысының өзгерісін тексеру – әңгімелесу кезінде дауыстың үнділігі (қарлығу, дауыстың шықпауы – сыбырлап сөйлеу – дауыс байламдары қызметінің бұзылысы) мен ашықтығын бағалау (маңқа дауыс тембрі – жұмсақ тіл мұрын-жұтқыншақты толық жаппайды)
БСН ХІ жұбы – қосымша нерв БСН ХІ жұбы – қосымша нерв – қимылдатушы нерв – төс–бұғана-емізіктік және трапеция тәрізді бұлшықеттер қимылын реттейді. Бұл бұлшықеттер күшейтілген тынысқа қатысады.
1 төс – бұғана-емізіктік бұлшықет қимылын және күшін тексеру:
науқасқа тексеру мағынасын түсіндіру – бұлшықет қимылын – науқас басын оңға және жоғары бұрып, осы кейпінде ұстайды; кейіннен осы қимылды сол жағында қайталайды;