науқасқа тілін шығаруды сұрау – тіл кілегей қабатының өзгерісі – жұқаруы мен қатпарлануы және тілдің бір жағына қисаюы- зақым нервтің бір жартысында;
тіл қимылсыз (глоссоплегия) – нервтің толық зақымы – сөйлеу мен тағамды итеру қабылеті қоса бұзылады
Қимыл-қозғалыс үйлесімі мен кеңістіктегі дене тепе-теңдігі тұрақтылығын зерттеу: Мұрын – саусақ сынағы – қимыл –қозғалыс үйлесімі. Мұрын – саусақ сынағы – науқастың көзі ашық және жұмып тұрған жағдайда тексереді. Қадамдары:
қашықтықтан алып келген созылған оң қолының сұқ саусағымен мұрнының ұшына тигізу;
осы реттілікте сол қолымен қайталау.
Өкше – тізе сынағы:
науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат;
науқас шалқасынан жатады;
бір аяғының өкшесін екінші аяғының тізесіне қойып тілерсек үстімен төмен қарай жүргізу, сосын кері тізеге дейін қайту;
осы реттілікте екінші жағында тексеру.
Ромберг кейпі сынағы- көзі ашық және жұмып тұрған жағдайда тексеріледі. Қадамдары:
науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу;
науқас аяқ ұштарын бір-біріне қосып, басын сәл көтеріп, қолдарын жанына алып сәл уақыт тік тұрады (кейбір жағдайда жүктемелеу үшін қолын алға созып тұрады);
дәрігер науқастың қолдарын шынтақ буынында сәл бүгіп қүрсақ үстіне орналастырады;
балғаша соққысын дәрігер кәрі жілік өсіндісінің үстіне түсіреді;
науқастың қолы шынтақ буынында сәл бүгіледі; сонымен қатар кейбір жағдайда саусақтары бірге бүгіледі және білектің ішке қарай аударылуы (пронация) болады