алған мәліметіне қорытынды береді – үлкен бақай немесе барлық башпайлар керіліп жазылады;
Оппенгейм рефлексін тексеру реттілігі:
науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу;
науқасты шалқасынан жатқызу;
дәрігер науқастың қолының ұлкен саусағымен үлкен жіліншігінің қыры бойын жоғарыдан төмен қарай тобыққа дейін сызып өтеді;
алған мәліметіне қорытынды береді – үлкен бақай керіліп жазылады;
Шеффера рефлексін тексеру реттілігі:
науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу;
науқасты шалқасынан жатқызу;
дәрігер науқастың Ахилл сіңірін қолымен қысады;
алған мәліметіне қорытынды береді – үлкен бақай немесе барлық башпайлар керіліп жазылады
Алынған мәліметтерді жазу үлгісі: Науқас бас ауруына, бас айналуына, көзінің көруінің нашарлануы, аяқ-қолдарының әлсіздігіне шағымданады. Анамнезі: өзін аурумын деп 2-3 айдан бері сезінеді. Жағдайының нашарлау себебін айта алмайды.
Қарап тексеру: жағдайы орташа ауырлықта, есі сақталған, төсектегі кейпі мәжбүрлі – әлсіздігіне байланысты жатқанды қалайды. Дене бітімі қалыпты, жүдеген, бет әлпетінде шаршағандықтың белгісі. Терісі боз, сәл құрғақ. Бет аймағында – сезімталдығы сақталған. Буындар қозғалысы сақталған, бұлшықет күштері төмендеген. Беткей рефлекстері – теріден сақталған. Терең рефлекстері – иық пен білезік және тізе аймақтарында төмендеген.
Науқас бас ауруына, айналуына, құсуға, жүрек айнуына шағымданады. Анамнезі: осыдан бір жеті бұрын қатты тоңып салқынданған, бірақ мән бермеген, емделмеген.
Қарауда – терісі боз, тершең, ыстық. Беті-үшкірленген. Төсектегі қалпы- мәжбүрлі – бір жанында жатыр, көзі жұмулы, басы шалқайған.
Менингиалдық белгілер – мойын бұлшықетінің сіресуі – 3-4 саусақ ені; Керниг, Брудзинский белгілері оң.