Жүйке орталықтарының Қасиеттері жүйке орталығы



бет4/9
Дата04.11.2023
өлшемі34,88 Kb.
#122094
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Иррадиация принципі. Орталық жүйке жүйесінде қозудың таралуын иррадиация деп атайды. Егер әсер ететін тітіркендіргіш күшті және ұзақ әсер ететін болса, иррадиацияның көрініс беруі де жоғары болады. Бір жүйке орталығында пайда болатын қозу көрші жатқан жүйке орталығына да тарала алады. Бұндай қозу таралуын ондағы нейрондар өсінділерінің толып жатқан тармақтарының және әр түрлі жүйке орталықтарын өзара байланыстырып жатқан аралық нейрондар тізбектерінің болатындығы қамтамасыз етеді.
Индукция принципі. Жүйке орталығында қозу тежелуге немесе тежелу қозуға жылдам ауысады, сонымен қатар бір жүйке орталығының қозуына байланысты екінші бір жүйке орталығының қозуы тежеледі немесе бір жүйке орталығы тежелгенде екіншісінің қозуы күшейуі мүмкін. Бұны қозу мен тежелудің индукциясы деп атайды. Қозу мен тежелудің өзара әрекеттесуі өзара индукция құбылысына негізделеді. Егер бір аяқты бүгетін еттермен байланысты жүйке орталығында қозу туғанда, оның жазғыш еттерімен байланысты тежелу туады (теріс индукция), ал екінші аяқты жазғыш еттерімен байланысты орталықта қозу туғанда, бүгуші еттерімен байланысты керісінше, тежелу туған (оң индукция). Антогонистік еттердің жүйке орталықтары бір мезгілде қарама-қарсы күйде болады. Бұл реципроктық иннервация. Реципроктық иннервацияға байланысты туатын тежелуі – реципроктық тежелу деп атайды.
Рефлекстердің реципроктық иннервацияға негізделген бірін-бірі тежеуін бірмезгілді теріс индукция деп те атайды.
Рефлекторлық әрекеттердің үйлестіру механизмінде жүйке орталығы күйінің контрасты өзгерістерінің де маңызы үлкен. Мәселен, жүйке орталығын тежеуші әсерлер аяқталысымен онда қозу туа алады (бір ізді оң индукция), немесе қозу аяқталысымен тежелу туады (бір ізді теріс индукция).
Доминанта принципі. Бұл принципті А.А.Ухтомский ашты және оны ол жүйке орталықтары жұмысының негізгі принципі деп есептеді. Доминантаның мәнісі – белгілі бір жағдайда белгілі бір жүйке орталықтарындағы қозу басқа жүйке орталықтарындағы қозудан күшті және басым бола алады. Күші басым қозу ошақтары өзінен әлсіз қозу ошақтарына қарағанда доминантты роль атқарады. Мұндай доминанты жүйке орталығы бір жағынан әлсіз қозуларды тежейді, екінші жағынан, өздерін солардың есебінен одан әрі күшейте, тұрақтандыра түседі. Осыған орай орындалатын рефлекторлық реакциялар үйлесімді, белгілі бір мақсатқа, пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттер іске асады. Доминантты қозу ошағының басты қасиеттері: 1) жоғарғы қозғыштық; 2) қозудың тұрақтылығы; 3) қозуды жинақтай алуы; 4) қозуды тудыратын әсер тоқтағаннан кейін де ұзақ сақталуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет