амантай Раев ,
ҚР Мәдениет қайраткері.
Үштілділік –
заман
талабы
Панфилов аудандық про-
куратурасымен мемлекет мүддесін
қорғау
мақсатында
біршама
жұмыстар атқарылуда.
Қылмыстық істер бойын-
ша күдікті, айыпкерлерді іздестіруге,
тергеу амалдарының жүргізілуінде
әр түрлі сала мамандарымен сот
сараптамалары өткізіледі, соны-
мен қатар, қылмыс жасалғанда
жәбірленушілерге жарақат келтіріліп,
олар ауруханаға түсіп, мемлекет та-
рапынан шығындар жұмсалады.
Қ а з а қ с т а н
Республикасының
Қылмыстық-
процестік кодексінің (әрі қарай ҚР
ҚПК) 177 бабы 8, 9 бөліктеріне
сәйкес тергеуден немесе соттан
жасырынған күдіктіні, айыпталушы-
ны іздестіруге және сот сарапта-
масы органдарында сараптама өт
кізуге байланы-
сты жұмсалған сомалары процестік
шығындар деп саналады.
ҚР ҚПК-нің 58 бабы 2
бөлігінің 2 тармағына сай прокурор
мемлекеттiң мүдделерiн қорғап та-
лап қоюға құқылы.
Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің 917 бабы 1
бөлігінің талаптарына сай азамат-
тар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк
немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен
құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен
(әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк
және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды,
оны келтiрген тұлға толық көлемiнде
өтеуге тиiс.
Аталған
талаптар
негізінде Панфилов аудандық про-
куратурасымен 2016 жылы аудан
сотына 2 017 051,52 теңге өндіруге
ұсыныстар мен талап арыздар
беріліп, қанағаттандырылған.
Ағымдағы жылы аудан
сотына 434 771, 41 теңге өндіруге
ұсыныстар мен талап арыздар
берілген. Мысалы, 2016 жылдың
қыркүйек айының 25-нен 26-на
қараған түні сағат 01:30 шамасында
азамат Ж. спирттік ішімдік ішкен мас
күйінде, Жаркент қаласының батыс
жағында, өзара туған наразылық
барысында жәбірленуші К-ға пышақ
ПРокуРоР ПайыМы
МеМлекет Мүддесін
қорғаудың Маңызы
қолданып
дене
жарақаттарын
келтірген. Осының салдарынан
жәбірленуші К-ның денсаулығына
ауыр зардап келтірілген.
Аталған оқиға бойынша
Панфилов АІІБ-мен азамат Ж-ға
қатысты Қазақстан Республикасы
Қылмыстық Кодексінің 106 бабы 1
бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексе-
ру басталған.
2016
жылдың
қазан
айының 25 күні қылмыстық іс
аудандық прокуратурамен ҚР ҚПК-
нің 305 бабының талабына сәйкес
Панфилов аудандық сотына негізінен
қарау үшін жолданған.
Жәбірленуші К алған дене
жарақатының салдарынан аудандық
ауруханада стационарлық емдеуде
болған.
«Панфилов
аудандық
орталық ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық
қазыналық
кәсіпорнымен жәбірленуші К-ны
емдеуге 186 223 теңге 60 тиын
жұмсалған. Осыған сәйкес, ау-
дан прокуратурасымен жоғарыда
көрсетілген шығынды азамат Ж-дан
өндіру мақсатында аудан сотына та-
лап арыз берілген.
2016
жылғы
2
желтоқсанда
Панфилов
аудандық сотының үкімімен аза-
мат Ж. Қазақстан Республикасы
Қылмыстық Кодексінің 106 бабы 1
бөлігімен кінәлі деп танылып, оған
5 жылға бас бостандығынан шектеу
түріндегі жазасы тағайындалған.
Сонымен қатар, осы сот
үкімімен азамат Ж-дан жәбірленуші
К-нің емделуіне жұмсалған 186 223
теңге 60 тиын шығыны мемлекет
пайдасына өндірілген.
Аудан
прокурату-
расы мемлекеттік мүдделерді
қорғауды прокуратура саласының
қызметінде негізгі бағыттардың бірі
деп санап, қазіргі таңда аталған
бағыттағы жұмыстардың жүргізілуін
жалғастыруда.
о.РаҚыМжан,
аудандық
прокуратураның прокуроры,
1-ші сыныпты заңгер.
Елбасы
Нұрсұлтан
Назарбаев биылғы Қазақстан
халқына жолдаған Жолдауын-
да «Сыбайлас жемқорлықтың
себептері мен алғы шарттарын
анықтап, оларды жою жұмысын
күшейту қажет. Сыбайлас
жемқорлықпен күресте көп
нәрсе бүкіл қоғамның белсе-
не атсалысуына байланысты.
Әлеуметтік желінің, өзге де
медиа-ресурстардың
дамуы
ҒалаМдыҚ ПРоблеМа
Әлемдегі Жемқорлық
жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны
жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға
тиіс», - деп атап көрсеткен болатын.
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық әлемнің бірде-бір елі жеңіп
шыға алмаған әлеуметтік проблемаға айнала бастады. Сонымен қатар
сыбайлас жемқорлық мемлекеттік проблемадан ғаламдық проблемаға
айналуда.
Transparency international ұйымы 2016 жылы сыбайлас
жемқорлық көрсеткіштері бойынша 176 мемлекетке зерттеу жүргізген.
Нәтижесінде 90 балмен Дания және Жаңа Зеландия 1-2 орында, Фин-
ляндия 89 балмен 3 орында, Швеция 88 балмен 4 орында тұр. Ал
Қазақстан 29 балмен 131 орында болған. Ең соңғысы 10 балмен Сомали
176 орында. Оңтүстік Судан 11 балмен 175-орында болса, Солтүстік Ко-
рея 12 балмен 174-орында.
Сыбайлас жемқорлық өріс алған елдерде оған қарсы
түрлі іс-шаралар жүргізілуде. Дегенмен олардағы ашық үкімет, сөз
бостандығы мен тәуелсіз сот жүйесінің жетілгеніне қарамастан сыбайлас
жемқорлықтан ада емес.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-әрекет жалғасын тауып, жемқорлықты жою жұмысы ендігі әрі күшейе
түсетін болады. Оған бүкіл қоғам белсене атсалысуы тиіс.
жомарт бейсебеков,
аудандық статистика
басқармасының жетекші
маманы.
3 наурыз 2017 жыл
«Жаркент өңірі»
№ 14 (8857)
3 наурыз 2017 жыл
7
Қазақ жұртына сан ғасыр атамекен болған сайын
даланың бір бөлігі жерұйық – Жетісудың аймағындағы
әйгілі Жаркент жазирасының табиғаты талайды
тамсандырған. Осынау аталмыш Қоңырөлеңнен – Қорғасқа
дейінгі аумақтың батысында түгін тартсаң май шығатын,
суын ішсең бал татитын киелі жерлер де жетерлік.Мәселен,
Қоңырөлеңді көктей тілген Көктерек өзенінің жағасы,
Атыжоқ тау, Қойбынның сайы, өркеш-өркеш Аққұм, Айдар-
лы....
Бұл өңірді кезінде есімі үш жүзге мәшһүр Абылайдың
ұрпағы Тезек төре де қоныс еткен екен. Осынау Жар-
кент жерінің қасиетін бойына дарытып, елге тұтқа болған,
жұртының құрметіне бөленіп, ұрпаққа үлгі, өнеге болған
тұлғаларымыз баршылық. Сол ұлт жақсыларының
көзіндей болып, бүгіндері ортамызда жүрген бойындағы
қарапайымдылығы мен тектілігі үйлесім тапқан елінің
ардақтысы, әулеттің берекесі, алтын қазығы – Рысжан
Жарасбекқызы анамыз. Қазақ елі әу бастан-ақ, ана
есімін асқақ арман мен нәзік сезіммен байланыстырған
халық қой. Бұл дегеніңіз жұбайлардың өзара сыйластығы,
отбасындағы береке, бала тәрбиесі мен денсаулығы,
жандүниенің кеңдігі. Ана махаббаты мен аялы алақанының
жылуы қашанда болса ыстық ықылас пен зор ілтипатқа
лайық.
Рысжан анамыз өткен ХХ ғасырдың сонау қаһарлы
саналатын 1942 жылы Айдарлы ауылының жазықтау
беткейіндегі, Бықыбайдың ашасы деген жерде көктем
мезгілінде өмірге келген. Көп ұзамай әкесі соғысқа атта-
нып, әкесінің жүзінен бейхабар сәби бесікте қала берді.
Сол бір ел басына күн туған қиын-қыстау заманда – жесір
қалған жас ана Сарқыт күндіз шалғы шауып, орақ орып, шөп
жиды, түнде мұңлы әуенмен бесік тербетіп, шерін басты.
Сонау қиын күндер артта қалып, анасы Сақыш өжеттігіне
басып жесірмін деп жасымай, жоқшылық пен таршылыққа
мойымай екі ұл, бір қызын қал-қадірінше аялап өсіріп ел
қатарына қосты. Тағдыр тауқыметі шымырдай шыңдаған
Рысжан жас күнінен-ақ туған анасының, елінің әдет-ғұрыпын
бойына сіңіріп өсті. Ұлтының салт-дәстүрін ұстанған, ата-
баба әруағын сыйлап өскен аққұба, ашаң жүзді бойжеткенді
ауыл-аймақ «текті қыз» деп, қадірлеген.
Иә, жыл артынан жылдар өтіп, арманы алға же-
АНА БАҚЫТЫ
ҚЫРАН БИІГІ ҚИЯДА
Менің пайымдауымша, Амантай көп
қырлы дарын иесі, табиғи талант. Ол - әнші, ол
– сазгер, ол – суретші, ол – көркемсөз оқудың
шебері, көрікті ойлары көңіл түкпірінен төгіліп
тұрады. Қысқасы, сегіз қырлы, бір сырлы.
«Жігітке жеті өнер де аз» деп тегін айтылмаса
керек-ті.
«Талантты жан барлық істе бірдей талантты» де-
ген сөз осы Амантайға бағышталып айтылғандай
әсер қалдырады.
Білім бөлімінің әдіскері. Бастау-
ыш комсомол комитетінің хатшысы. Туризм
бөлімінің бастығы. Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің бастығы. Аудан әкімінің
орынбасары.«Мейірім» арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсету орталығының директоры.
Бұлар Амантай өткен баспалдақтар,
жай баспалдақтар емес, өмір өткелдері, ты-
нымсыз еңбек жолдары, қуанышымен бірге
жұбанышы да бар сәулелі сәттер, мезгіл
мезеттері. Бір тұлғаның тұла бойына тарлық ете
қоймас осындай қызметтерді арқалаған Аман-
тай Әбдіқадырұлы жайлы қалам тербеу де оңай
емес, оны осы жолдарды жазу үстінде анық
аңғардым.
Былайғы жұрт, көзі қарақты оқырман
«Бұл журналисің кейіпкерін тым әсірелеп
жіберген жоқ па?» - деген ой жетегінде қалуы да
бек мүмкін. Жоқ, біз әсірелеп отырған жоқпыз,
кейіпкеріміздің келісті кейіптемесі – бұған дәлел-
ақ.
Жастайынан-ақ өнерге бейім бо-
лып өскен Амантайдың қабілеті институт
қабырғасындағы
студенттік
шақтарында
шыңдалды: Абылай Қармысов, Әлимұрат Жи-
енбаев (марқұм) үшеуінің орындауындағы халық
әндері тыңдармандарының көңіленен шықты.
«Алматы триосы» деп аталған бұл өнерлі
жігіттердің орындауындағы әндер сол тұста те-
ледидар мен радиодан жиі берілетін. Оншақты
ән қазақ радиосының «алтын қорына» өтіп те
үлгерген еді.
Амантай - Бекен Дүнгенбаев, Әнуар
Бекжанов, Тоқсын Құлыбеков (марқұм) сынды
өнер жолындағы жол сілтеген ұстаздарының
есімін ерекше бір ілтипатпен айтады. Осын-
дай өнер жанашырларының арқасы да бо-
лар, Амантайдың 1982 жылғы Халықаралық
байқаудың лауреаты атанғаны да.
1987 жылы комсомол қызметінде
жүргенде, сол тұстағы колхоз төрағасы Имәр
Белалов пен партия ұйымының хатшысы
Тұрған Розахуновтардың ағалық қамқорлығы
нәтижесінде Пенжім ауылында «Туған жер»
фольклорлық ән-би ансамблі дүниеге келді.
Ол кезде өнерлі азаматтардың басын құрап
МОНШАҚТАЙ МӘЛІМЕТ:
АМАНТАЙ ӘБДІҚАДЫРҰЛЫ РАЕВ
Алматы облысы Киров (қазіргі Ескелді) ауданындағы Большевик ауылында
1962 жылдың 3 наурызында дүниеге келген.
1969-1979 жылдары – Панфилов ауданы, Пенжім ауылындағы А.Розыбакиев атындағы
орта мектепте білім алды.
1979-1984 жылдары – Абай атындағы Қазақтың Мемлекеттік педагогикалық институтының
көркемсурет-графика факультетінің студенті.
1984-1987 жылдары - Жамбыл педагогикалық институтының көркемсурет-
графика факультетінің оқытушысы.
1991-1996 жылдары – Калинин атындағы ұжымшар төрағасының орынбасары.
1996-1998 жылдары – аудандық әлеуметтік даму қоры басқармасының туризм бөлімінің
бастығы.
1998-1999 жылдары – «Аман» туристік фирмасының директоры.
2000-2005 жылдары – аудандық мәдениет бөлімінің бас маманы.
2005-2008 жылдары –аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы.
2008-2013 жылдары – аудан әкімінің орынбасары.
2013 жылдың шілдесінен тартып «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
орталығының директоры.
МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ:
-Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері». (2006 жыл).
-Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы (2007 жыл).
-Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт Министрінің «Алғыс
хаты».
-Қазақстан Республикасы Көркемсурет Академиясының корреспондент –мүшесі
(2011 жыл).
-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекелік медалі (2011 жыл).
ансамбль құрудың қаншалықты қиынға
соққанын ескерер болсаңыз, жалындаған
жас Амантайдың бұл еңбегінің мәртебесі
соғұрлым арта түспек.
Колхоз
көлемінде
«Шатлық»,
халықтық ұйғыр ансамблінен кейін дүние
есігін ашқан «Туған жердің» қадамы құтты
болды: олардың «Шатлық» фольклорлық
ансамблімен бірлесе жасаған концерттік
бағдарламасы аудан мен облыс, респу-
блика көлемінен асып, Польшада өткен
халықаралық фестивальде (1990 жылы) бас
жүлдені иеленді.
Амантай 2000 жылы аудандық
мәдениет бөлімінің басшылығына келген соң
да өнерге деген ыстық ықыласын жоғалтқан
жоқ: аудандық «Жаркент әуендері» ән-би
ансамблі қайта түледі: Жетісу аймағының
өнерін насихаттауда алдыңғы лекте болды.
Бүгінде сол деңгейде.
Аудандық Мәдениет үйінің жаны-
нан құрылған «Жастар дәуірі» клубының қаз
тұрып, өнер көгіне ұмтылуында өнер десе
ішкен асын жерге қоятын Амантайдың үлкен
үлесі бар. Есімдері көпке танымал Мақпал,
Жұлдыз Исабековалар мен Гүлнәз Бахаро-
ва сияқты талантты жастар – осы клубтың
түлектері.
«Жаркент әуендері» халықтық
ән-би ансамблінің құрамында жүріп келісті
әуен әуелеткен Амантай бүгінде бұл өнер
ұжымынан қол үзіп кете қойған жоқ: Мұрат
Қаутбеков, Еркінбек Насыров үшеуінің
әйгілі триосы – Жаркент жұртшылығының
мақтаншына айналғаны қашан?!
Сөзіміздің
басында
айта
кеткеніміздей,
Амантайдың
туындыгер
ретіндегі сазгерлігі де – құрметке лайық.
Жиырмаға жуық әннің авторы. Көпшілік біле де
бермес, Амантай замандасымыз Конституцияға
арналған «Ата заң» атты тұңғыш әннің авто-
ры да.Сөзін жазған ақын Ерғазы Манапұлы.
Оның тәу етер Тәуелсіздігіміз бен Елорда-
мыз Астанамызға арнап жазған әндерінің
мақамы да айрықша. Халық суретшісі Әбілхан
Қастеевтің туған жері - шұрайлы Шежін өңірі мен
қорым тасы мол Қорғас өзеніне шығарған әсем
әуендері - тыңдаған жанның тынысын кеңітер
дүниелер.
Сурет өнеріндегі қол жеткізген
табыстары да аз емес, оған бір ғана дәлел:
оның Қазақстан Республикасы Көркемсурет
Академиясының корреспондент-мүшесі болуы.
Ердің жасы – 55-ке толып отырған Аман-
тай – ынтымақ, берекесі ұйыған отбасының отағасы.
Үш немересінің еңселі атасы. Жұбайы – Балқия
Ешенқұлқызы – Жаркент қаласындағы балалар үйінің
директоры.
Үлкен ұлдары Азамат пен келіні –
Эльмира – жоғары білімді дәрігерлер. Әділет
- кәсіпкерлік саласының, Еркебұлан – құқық
қорғау саласының қызметкері.
«Сылдырап өңкей келісім» деп дана
Абай атамыз айтпақшы, өмірі мен өнері, абзал
азаматтығы мен қарымды қайраткерлігі үйлескен
жігіт ағасы қыранша қияға қарайды.
Құдайберді ҚҰСАЙЫН.
Суретте: Рысжан апай жұбайы Әдепхан ағамен
МЕРЕЙ
телеген есейген қыз оқуға да ілікті. Көктал ауылындағы Абай
атындағы орта мектепте оқушылық өмір де басталды. Араға
біраз уақыт салып, түрлі себептермен Жаркенттегі Ы. Алтынсарин
атындағы мектеп-интернатқа ауысуына тура келді. Өзі сүйкімді,
іске ұқыпты, достарына адал Рысжан жаңа ортаға тез араласып,
оқуын да жақсы оқыды. Қоғамдық жұмыстарға да белсене ара-
ласты, өзінің зеректігімен сондай-ақ, әншілік, бишілік өнерімен де
көзге түсіп айналасындағыларға үлгі болды. 1959-1960 жылдары
оқуды үздік бітірді. 1962 жылы Москва сауда институтының Алматы
қаласындағы сауда-саттық бөлімшесінің есеп аудит факультетін
жақсыға тәмәмдап, Айдарлы совхозында
малшаруашылық есепшісі болып қызмет істеді.
Осы 1962 жылдың күзінде, жүрекпен-жүрек
табысып, тілекке тілек ұласып аталары би
болған, «асылдың сынығы», жас ақын Әдепхан
Төреханұлымен отбасын құрды.
1965 жылы Алматыдағы бар қазақ
аса қадірлейтін ҚазПИ-дің химия және био-
логия факультетін бітіріп, Көктал ауылындағы
Абай атындағы орта мектепте химия-биоло-
гия пәндерінен дәріс берген. Одан кейінгі 1966
жылдан бергі уақытта, зейнеткерлік демалысқа
шыққанға дейін Көктал совхозының «Күншуақ»
балалар бақшасында есепші болып жұмыс
істеп, 1993 жылы «Ардақты ана» ретінде еңбек
демалысына шықты. «Батыр ана» Рысжан тәте
6 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсіріп, ұлын ұяға, қызын
қияға қондырған бақытты ана. Жұбайы Әдепхан
аға екеуі аялап өсірген ұл-қыздарынан 42 неме-
ре, 10 шөбере сүйіп отырған жарасымды жұп,
берекелі де мерекелі, аймаққа үлгілі жанұя.
Балаларының бәрі де жоғары білімді, алды ака-
демик, кейінгі балалары республика, облыс, ау-
дан және мекемелерде лауазымды қызметтер
атқарып, ел игілігі үшін адал еңбек етіп жүрген
мерейлі жандар.
«Ана – әлемнің тірегі» демекші, қазақ
халқында ақыл-парасатымен, ерік-жігерімен,
барша жұрттың құрметіне бөленіп жүрген –
Қарашаш, Домалақ ана сынды қасиетті анала-
рымыз да баршылық. Міне, осындай қасиетті
аналарымыздың сіңлілері, бүгінгі күнгі еліне,
жұртына үлгі боларлық Рысжандай анамызға 75
жас! Осынау мерейтойыңыз құтты болсын – аса
қадірменді Рысжан тәте! Сұлулық пен нәзіктіктің,
мейірім мен адалдықтың бастауы Сіздерсіздер -
аналар асыл жандар!
Сіздерге қандай марапат жасасақ
та жарасымды, себебі, сіздер барша адамзат
құрметіне лайық жансыздар.
Қ. ИБРАЙЫМЖАНОВ,
Жаркент қаласы.
ЗАМАНДАС
№14 (8857)
3 наурыз 2017 жыл
«Жаркент өңірі»
8
№
Сұрақтар
Жауаптар
Халықтың сұрақтары
1
Ел азаматы ретінде, МӘлМС
енгізуден мен не аламын?
Біріншіден, ҚР аумағында Сіз таңдаған кез
келген емханадағы медициналық көмек.
Бұл жағдайда, емхананың шығыстарын
толығымен Қор өтейді;
Екіншіден, ТМККК және МӘлМС пакеттері
шеңберінде қарастырылған медициналық
көмекке жұмсалатын қосымша төлемдердің
барлық түрінен босатыласыз;
Үшіншіден, Сізге елдің кез келген
дәріханасында ұсынатын, құрамы бойынша
кеңейтілген және жақсартылған дәрілік
заттардың тізбесіне толық қолжетімділік
(Қорда фармацевтикалық қызметтердің
жеткізушілері ретінде тіркелген);
Төртіншіден, ӘлМСҚ-да Сіздің пайдаңызға
аударылған салымдар және медициналық
ұйымдарда Сізге көрсетілген қызметтер
туралы ай сайынғы ақпаратты алу мүмкіндігі;
Бесіншіден, сапасыз қызмет көрсетілсе
немесе МӘлМС қатысушысы ретінде менің
құқықтарым бұзылған жағдайда Қор арқылы
өз құқықтарыңызды және мүдделеріңізді
қорғау.
2
1996-1998 жылдардағы
ММСҚ-ның жұмыс
тәжірибесі біздің есімізде.
Осындай жағдай қазір де
қайталанбайтынына кепілдік
бар ма?
Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген
өзгерістердің өз жағымды және жағымсыз
жақтары бар.
1996-1998 жылдарда сақтандыру
медицинасын құру тәжірибесін сын көзбен
ғана қабылдауға болмайды, оның сөзсіз
жақсы жақтары бар.
Бұл реформаның ең басты нәтижесі
экономикадан қосымша қаражатты
тарту есебінен денсаулық сақтау жүйесі
объектілерінің желісін және медициналық
көмектің барлық ел халқына қолжетімділігін
сақтау болып табылады.
Мысалы, осындай мамандандырылған
бағдарламаның болмауы балалар мектепке
дейінгі мекемелерін жекешелендіруге әкеп
соқты, оның салдары осы күнге дейін
сезіледі.
Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық
шындықтар ағымдағы жағдаймен
салыстыруға келмейді.
20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар
күрделі қаржылық қиыншылықтарға тап
болғаны бәріміздің есімізде, олардың көбісі
банкротқа ұшыраған, еңбекақы бойынша
үлкен қарыздар жинаған. Экономикалық
дағдарыс жаппай, оның ішінде медициналық
сақтаундыру қорына төлемеудің негізгі себебі
болды.
Қордың жағдайы экономикалық белсенді
емес халық үшін тұрақты аударымдарды
қамтамасыз етуге қаратылған жергілікті
атқарушы органдардың да қиын жағдайға тап
болғанына байланысты күшейе түсті.
Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен
қамтудың елеулі өсімін белгілейміз.
Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан
астам жалданған жұмыскерлер еңбек
етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд
теңге және өз жұмскерлерінің пайдасына
Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд
теңге аударады. Белсенді емес халық үшін
ӘлМСҚ-а салымдарды төлеу бойынша
міндеттемелерді мемлекет өз мойнына
алатынын атап өткен жөн.
Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған
медициналық сақтандыру жүйесінің
тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын
қалыптастырады.
3
МӘлМС енгізу медициналық
қызметкерлердің ақшалай
«ризашылығын» шешуге
қалай көмектеседі?
Медициналық қызметкерлердің ақшалай
«ризашылығы» немесе қосымша бейресми
төлемдердің негізінде, бірінші кезекте,
еңбекке ақы төлеудегі теңгермешілік бар.
Қазір біліктілігі, тәжірибесі, дағдылары мен
білімдеріне тәуелсіз бір мамандандырудың
дәрігерлері бірдей еңбекақы көлемін алады.
МӘлМС жағдайында пациенттердің өздері
таныған дәрігер көрсетілетін қызметтердің
көлемі мен сапасына сәйкес (немесе
адекватты) еңбекақыға ие болады.
Азаматтар жарналарды аудара отырып,
өз госпитализацияларын немесе емханаға
жүгінуін төлеп отыр. Осыған байланысты,
жүйенің қатысушылары, МӘлМС жүйесі
белгілеген жарналардан басқа қосымша
төлемдерді жүзеге асырмауға тиіс.
Осылайша, сақтандыру медицинасының
дамуымен медициналық көмекке бейресми
төлемдердің проблемасы өзінің өзектілігін
жояды.
4
Мен үш баланың анасымын,
ажырасқанмын, ресми
түрде жұмыс істемеймін,
алимент алмаймын, қосымша
табыстар болып тұрады.
МӘлМС-пен не істеймін?
Біріншіден, Сіздің балаларыңыз үшін
18 жасқа дейін мемлекет Әлеуметтік
медициналық сақтандыру қорына салымдар
енгізеді.
Екіншіден, егер Сіз жұмыс істемесеңіз және 3
жасқа дейінгі баланы күтумен айналыссаңыз,
онда мемлекет сол кезеңге Сіз үшін де
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
жүйесіне жарналарды жүзеге асырады.
Басқа жағдайларда медициналық көмек алу
мүмкіндігін сақтап қалу үшін Сізге:
а) тұрғылықты орын бойынша жұмыспен
қамту орталығына хабарласуыңыз қажет,
ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс
тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасу
нұсқаларын ұсынады. Егер ұсынылған
нұсқалар жарамаса, онда Сіз жұмыссыз
мәртебесін аласыз және бұл жағдайда
мемлекет, белгіленген уақыт ішінде,
Әлеуметтік медициналық сақтандыру
қорына Сіз үшін салымдар төлеу бойынша
міндеттемені өз мойнына алады.
б) салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде
тіркелуге аласыз және Сіз мәлімдеген
табыстың немесе табыс болмаған жағдайда
2 минималды еңбекақы төлемінің 5%-ы
көлемінде салымдар жасауға болады.
в) егер Сізге алдындағы екі нұсқалар
жарамаса, онда Сізге өз бетінше екінші
деңгейдегі банктер арқылы минималды
еңбекақы төлемінің 5%-ы көлемінде
Медициналық сақтандыру қорына салымдар
жасауға болады.
5
Айтыңызшы, ҚР барлық
аумағы бойынша
сақтандырылған азаматтарға,
мысалы, іссапарға жіберілген,
демалыстағы адамдарға
медициналық қызметтер
көрсетіле ме? Әлде тек
тіркелген тұрғылықты орын
бойынша ма?
Міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру (МӘлМС) пакеті шеңберіндегі
медициналық қызметтер, сақтандырылған
азаматтық орналасқан жерінен тәуелсіз,
Қазақстан Республикасының барлық
аумағында көрсетіледі.
6
Маусымдық жұмыстарда
немесе тұрақсыз сипаттағы
жұмыстарда істейтін
азаматтар үшін олардың
табыстары қалай есептеледі?
Жұмыс істеу кезеңінде азамата алынған
табыстан аударады, ал жұмыс жоқ кезеңде
немесе либо МЕТ 5%-ы көлемінде өз бетінше
аударады,
немесе тұрғылықты орны бойынша
Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз
ретінде хабарласуға тиіс. Бұл жағдайда оның
орнына жарналарды мемлекет аударады.
7
ҚР-да жұмыс істейтін
шетелдіктер, еңбекші
мигранттарға медициналық
көмек қалай қамтамасыз
етіледі?
Қазақстан Республикасының «Міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыру
туралы» заңының 2-бап 2-тармағына сәйкес
Қазақстан Республикасының аумағында
тұратын шетелдіктер және азаматтығы
жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер
басқасы қолданыстағы заңмен көзделмесе,
Қазақстан Республикасының азаматтарымен
бірдей құқықтарды қолданады және міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыру
жүйесінде міндеттемелерді атқарады.
Еңбекші мигранттарға медициналық көмек
мемлекетаралық келісімдер шеңберінде
көрсетіледі. Мысалы, Еуразиялық кеңістіктің
бес елінің (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан,
Армения және Беларус) аумағында жедел
және шұғыл медициналық көмек тегін негізде
көрсетіледі. Егер мұндай келісімдер болмаса,
онда еңбекші мигранттар ҚМС шеңберінде
және ортаға қауіп төндіретін аурулар кезінде
тегін медициналық көмек алады.
8
Жұмыссыздарға, өзін-
өзі нәтижесіз жұмыспен
қамтығандарға және елдің
экономикалық белсенді емес
халқының басқа да санатына
медициналық көмек қалай
қамтамасыз етіледі? Елімізде
олар қанша?
Статистикалық деректер бойынша, өзін-
өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың
саны ҚР-да қазіргі таңда 500 мыңнан астам
адамды құрайды. Бұл халық санаты 2020
жылға дейін, жоспарлық госпитализациялау,
яғни адамның өмірі мен денсаулығына қауіп
төнбейтін жағдайлардан басқа барлық
медициналық қызмет пакетін алады.
Сонымен қатар, аталған халық санатына
мүмкіндік ұсынылады:
а) тұрғылықты орын бойынша жұмыспен
қамту орталығына хабарласуыңыз қажет,
ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс
тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасу
нұсқаларын ұсынады. Егер ұсынылған
нұсқалар жарамаса, онда Сіз жұмыссыз
мәртебесін аласыз және бұл жағдайда
мемлекет, белгіленген уақыт ішінде,
Әлеуметтік медициналық сақтандыру
қорына Сіз үшін салымдар төлеу бойынша
міндеттемені өз мойнына алады.
б) салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде
тіркелуге аласыз және Сіз мәлімдеген
табыстың немесе табыс болмаған жағдайда
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2
минималды еңбекақы төлемінің 5%-ы
көлемінде салымдар жасауға болады.
в) егер Сізге алдындағы екі нұсқалар
жарамаса, онда Сізге өз бетінше екінші
деңгейдегі банктер арқылы минималды
еңбекақы төлемінің 5%-ы көлемінде
2018 жылдың 1 қаңтар айынан бастап
Медициналық сақтандыру қорына салымдар
жасауыңызға болады.
9
МӘлМС кезінде төлемшінің
өлімі жағдайында жиналған
қаражатты туыстарына беру
қарастырылған ба?
Жоқ, қарастырылмаған, әлеуметтік
медициналық сақтандыру жинақтаушы
жүйе болып табылмайды. Әрбір төлемші
салымдарының сомасынан тәуелсіз, барлық
халық санаттары медициналық қызметтерге
бірдей рұқсат алады.
10
МӘлМС шеңберінде АИТВ-
инфекциясы: механизмі
қандай, сақтандыру тізбесіне
кіреді ме, қаржыландыру және
т.б. (қаншалықты қозғалады)?
АИТВ-инфекциясымен байланысты,
әлеуметтік-маңызды аурулардың тізіміне
кіретін медициналық қызметтермен
қамтамасыз ету, тегін медициналық көмектің
кепілденген көлемі шеңберінде ұсынылады
және сақтандыру пакетінің кеңеюіне
байланысты Қорға беріледі.
11
Неше жасқа дейінгі балалар
ММС жүйесіне енгізетін
салымдардан босатылатынын
айтыңызшы?
18 жасқа дейінгі балалар, студенттер
және жоғары оқу орындарының түлектері
бітіргеннен кейін 6 айға дейін ӘлМСҚ-қа
төлейтін салымдардан босатылады.
12
МӘлМС шипажайлық-
курорттық емдеу алуды
қарастырады ма?
Жоқ, шипажайлық-курорттық емделу
көзделмеген. Бірақ, ӘлМС шеңберінде,
сақтандыру қаражаты есебінен бірқатар
аурулар (инсульт, инфаркт, онкология,
трансплантология) бойынша оңалту көмегін
кеңейту болжануда.
13 Қазақстанның медициналық
сақтандыру қорымен
аумақтық белгісі бойынша
шарт жасаған медициналық
ұйымдар туралы қайдан
білуге болады?
Медициналық сақтандыру қорының ресми
порталында ӘлМСҚ-пен келісімшарт
жасаған медициналық ұйымдардың тізбесі
орналасады, сондай-ақ қордың ақпараттық
қызметтерінде ақпарат алуға болады.
14 ӘлМСҚ-пен шартқа
отырмаған коммерциялық
емхананың дәрігері жазып
берген дәрілік заттарға
жұмсалған шығыстарды
ӘлМСҚ өтей алады ма?
Коммерциялық емхананың дәрігері жазып
берген дәрілік заттарды ӘлМСҚ арқылы
өтеу, Қор мен емхана арасында келісімшарт
жасалған жағдайда болады.
15 Е м х а н а л а р д а
ұйымдастырушылық техника
жетіспейді, ал қолданыста
бары ескірген, сондықтан
анализге рецептті немесе
жолдаманы
40
минуттай
тосуға тура келеді (осындай
жағдай 6 емханаларда бар).
Оған қоса қабылдау графигі
сақталмайды. Сонымен қатар
медициналық персонал екі
есептілікті жүргізуге мәжбүр
– қағаз және электрондық.
Нәтижесінде, тар көлемді
маманға жету үшін алдымен
терапевт кабинетінің жанында
жарты күн тұру керек, одан
кейін УДЗ немесе басқа да
тексерулерге жету үшін тағы
2-3 апта күту керек. Осындай
жағдайларда, ақылы дәрігерге
қаражаты жоқ науқастар
алтын уақыттарын жоғалтады,
ауру келесі кезеңге көшеді.
Бұл проблема медициналық
сақтандыруға көшкен кезде
шешіледі ме? Қалайша?
Біріншіден, әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесі жағдайында,
медициналық қызметтерді көрсетуге
арналған конкурсқа жұмыскерлерінің саны,
техникалық жабдықталу және медициналық
көмек ұйымының құрылымы белгіленген
минималды талаптарға (стандарттарға)
сәйкес келетін медициналық ұйымдар ғана
қатыса алады.
Екіншіден, конкурсты тек сапалы
медициналық қызмет көрсеткендер ғана
жеңе алады.Ал ауылдық денсаулық сақтауға
қатысты болса, онда оларға жалғыз
қызметтерді жеткізушілер ретінде, ӘлМСҚ,
ұсынылатын медициналық көмектің сапасын
жыл сайын арттыру талаптарын қояды.
Үшіншіден, 2018 жылдан бастап ауруханалар
мен емханаларда техникалық қайта
жабдықтау мүмкіндігі пайда болады, өйткені
осы жылдан бастап Қор амортизациялық
аударымдарға қаражат бөледі.
Төртіншіден, қолданыстағы ақпараттық
жүйе бүгінгі таңда қабылдауға E-GOV,
медициналық ұйымдардың өз порталдары
арқылы жазылуға мүмкіндік береді. МӘлМС
енгізу сәтіне қарай барлық ұйымдардың
МӘлМС-тің АТ-жүйелеріне рұқсаты болуға
тиіс.
18 Жұмыс беруші ӘлМСҚ-қа мен
үшін салым төлейтіні туралы
өз бетінше қалай білуіме
болады?
Егер ғаламторға кіруге мүмкіндігіңіз болса,
онда Сіз, Медициналық сақтандыру қорынан
сақтандыру салымдарының аударылуы
туралы ақпаратты автоматты түрде жеке
электрондық поштаңызға ала аласыз немесе
жеке мәліметтеріңізді көрсете отырып, Қорға
ресми түрде сұрау жібере аласыз.
Егер ғаламторға кіруге мүмкіндігіңіз болмаса,
онда Медициналық сақтандыру қорындағы
салымдар туралы Сіз бекітілген емханаға,
МЗТО, ХҚҚО, аумақтық жұмыспен қамту
орталықтарына хабарласып білуге болады,
19 Егер мен өзін-өзі нәтижесіз
жұмыспен қамтығандарға
жатсам, менде уақытша
табыстар болса және мен
жұмыссыз ретінде тіркелмеген
болсам, онда мен ӘлМСҚ-қа
салымдар аударуға тиіспін бе,
егер ия болса, онда қайдан
және қанша пайыз аудару
керек?
Егер Сіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
санатына жатсаңыз, онда 2020 жылға дейін
Сізге жоспарлық госпитализациялаудан
басқа медициналық көмектің барлық пакеті
ұсынылады.
Біз Сізге жеке кәсіпкер ретінде тіркелуді және
мәлімдеген табыстан аударымдар жасауға,
немесе – жұмысқа орналасу немесе
жұмыссыз мәртебесін алу үшін жұмыспен
қамту органдарына жүгінуді,
немесе – сондай-ақ өз бетінше екінші
деңгейдегі банктер арқылы ӘлМСҚ-қа
МЖА-ның 5%-ы көлемінде 2018 жылдың 1
қаңтардан аударымдар жасауды ұсынамыз.
20 Жұмыс орнын ауыстыру
кезінде, жаңа жұмысқа
ауысқанға дейін менде 1-2
ай үзіліс болды, МӘлМС
шеңберіндегі медициналық
қызметтер пакеті жұмыс
істейді ме?
Ұсынылатын нормалар бойынша соңғы
салым жасалған айдан бастап 3 айдың
ішінде МӘлМС-те медициналық көмекке
құқық сақталады, сонымен бірге 3 айға
жасалатын салымдарды төлеу міндеттемесі
(қарыз) сақталады.
21 Жеке зертханаға жүгінген
кезде медициналық
сақтандыру қоры менің
анализ тапсыруға жұмсалған
шығыстарымды төлейді ме?
Қор зертхананың қызметтерін тікелей
төлемейді. Бірақ, егер зертхананың
емханамен жасалған келісімшарты болса,
ал емхананың медициналық сақтандыру
қорымен жасалған шарты болса, олар Сізге
тегін болады.
22 Адам сақтандырылғаны
туралы қалай білуге болады?
Егер Сіз жұмыскер болсаңыз, онда
заңнамаға сәйкес жұмыс беруші ай сайын,
келесі есепті айдың 15-жұлдызынан
кешіктірмей Сізге есептелген (ұсталған)
және аударылған салымдар және (немесе)
жарналар туралы мәліметті ұсынуға
міндетті. Сондай-ақ, бұл ақпаратты Қордың
бөлімшелерінен, МЗТО, ХҚҚО, e-gov
порталында және Сіз бекітілген емханаларда
тексеруге болады.
23 Қай уақыттан бастап
адам МӘлМС жүйесінде
сақтандырылған болып
есептеледі – еңбек шартын
жасаған кезде ме, әлде
жұмыс беруші бірінші
салымды аударған кезінде
ме?
Медициналық сақтандыру қорына салымды
аударған сәттен бастап.
24 Ерікті медициналық
сақтандыру сақталады ма?
Қызметтер МӘлМС-ке немесе
ҚМС-ке қосарланады ма?
Ерікті медициналық сақтандыру
жойылмайды. МӘлМС пакетіне кірмейтін
бөлек медициналық қызмет түрлері ҚМС
арқылы төлене алады, мысалы: ересектерге
арналған стоматология, зиянды өндірістерде
жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін міндетті
мерзімді қаралу, шипажайлық-курорттық
емдеулер және т.б. Барлығы жеке адамның
немесе кәсіпорынның қалауы мен қаржылық
мүмкіндіктеріне байланысты. Жеке
адам немесе кәсіпорын (ұжымдық шарт
негізінде) МӘлМС пакетінде қызметтерді
қосарланбайтын ҚМС қызметтер пакетін
таңдай алады.
25
Науқас емханаға процедура
кабинетіне, емдейтін дәрігер
белгілеген процедураларды
орындау үшін шприцтарды өз
есебінен сатып алып, өзімен
бірге әкелуге міндетті ме?
Жоқ, Сіз ТМККК және МӘлМС шеңберінде
медициналық көмек алсаңыз, олар
медициналық ұйымдарда бар болуға тиіс.
26 Мысалы, адам үшін мемлекет
салым төледі, одан кейін ол
өзін-өзі жұмыспен қамтыған
халық санатына көшеді.
Үзілістер немесе екі еселік
сақтандыру болмайды ма?
Екі еселік сақтандыру мүмкін емес, өйткені,
Сіз мәртебені ауыстырып, жеке кәсіпкер
ретінде тіркелген кезде, бұл ақпарат салық
органдарында көрінеді және медициналық
сақтандыру қорына түседі. Егер Сіз
жұмыссыз болып, одан кейін мәртебеңізді
ауыстырсаңыз, онда сәйкесінше мемлекет
жарналарды төлеуді тоқтатады.
Discovery арналар топтамасы
алғаш рет қазақ тілінде сөйлейді
Бірінші наурыздан Қазақстанда Discovery Showcase HD телеарнасы
хабар таратуын бастайды.
Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Discovery Networks CEEMEA, серіктесі
— «Қазтелерадио» Акционерлік Қоғамымен бірлесе отырып, Қазақстанда жаңа
— «Discovery Showcase» SD (№102) және HD (№126) қолжетімді болатын теле-
арнасын іске қосады. Арна «OTAU TV» жерсеріктік хабар тарату желісінің «Толық»
ақылы арналар топтамасында қол жетімді.
Discovery-дің ең үздік саналатын – Discovery Channel, Animal Planet, TLC, Discovery
Science және ID Xtra секілді телеарналарының танымал шоу бағдарламаларын
біріктіреді. Сонымен қатар, көрермендер эксклюзивті материалдарды тек Discovery
Showcase арнасынан көре алады.
Бірінші кезеңде көрерменге телебағдарламалар қазақ тілінде прайм-
тайм уақытында ұсынылады (18:00-ден 24:00-ге дейін). Жыл бойы қазақ тіліндегі
бағдарламаларының үлесі ұлғаятын болады және 2018 жылғы қаңтардан бастап
барлық мазмұны толығымен қазақшаланады. Сонымен бірге, көрермен өзінің
қабылдағышының параметрлерінен арнаны орыс және ағылшын тілдерінде көруді
таңдай алады. Бірінші болып қазақ тіліне «Морган Фрименмен жаһан құпияларын
тану», «Таңғаларық мұхит», «Аляска: ормандағы отбасы», «Кит аулауға қарсы
соғыс» сынды бағдарламалары және Discovery Networks-тың басқа да маңызды
жобалары аударылады.
«Біз абоненттерімізге қазақстандық нарығы үшін бірегей жо-
баны ұсынғанымызға қуаныштымыз. Енді OTAU TV абоненттері бүкіл әлем
телекөрермендерінің жүректерін жаулаған анағұрлым рейтингі жоғары
бағдарламаларды қазақ тілінде көре алады. Бұл жобаның айтарлықтай ерекшелігі
ұлттық жерсеріктік OTAU TV телевизиясы желісі жаңа телеарнаны көрермендерге
бірінші болып ұсынып, біздің миллионнан астам абоненттер эксклюзивті контентке
абоненттік төлемнің артуынсыз қол жеткізе алады. Естеріңізге сала кетейік, OTAU TV
жерсеріктік телевизиясы желісінде шамамен 120 теле,- радио арналар ұсынылған,
ай сайынғы жазылу құны 2500 теңгені құрайды,
Достарыңызбен бөлісу: |