ЖҰма 3 наурыз



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата15.03.2017
өлшемі3,06 Mb.
#9708
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Конституциялық   рЕформа

Жаңа заман - 

Жаңа талап

мЕмлЕКЕттіК   қызмЕт

Кешенді  аттестаттаудың 

 

еКінші Кезеңі өтуде



 

Мәңгілік 

елге       

бастайтын  ең  абыройлы 

да  мәртебелі  жолымыз-

«Қазақстан-2050»  Стра-

тегиясын  бірлесіп  жүзеге 

асырайық. 



Бағдат  БЕйсЕнқызы. 

жаңа  амалдарды    енгізуді  та-

лап етеді. 

 

Елбасының 



кәсіби, 

мемлекеттік 

 

аппарат-


ты  қалыптастыру  саясаты 

«Қазақстан-2050» 

Страте-

гиясын  жүзеге  асыру  мен 



Қазақстан 

мемлекеттілігін 

нығайтуға арналған «100 нақты 

қадам»    бағдарламасының  

97,  98,  99  қадамдарында  да 

айрықша  назарға  алынған. 

Олар  өзін-өзі  реттеу  мен 

жергілікті    өзін-өзі    басқаруды 

дамыту арқылы азаматтардың  

шешімдер қабылдау  үдерісіне 

қатысу  мүмкіндігін    кеңейтуді  

көздейді. 

 

Мемлекеттік 



 

ор-


гандар    мен    әкімдер 

жанындағы 

қоғамдық  

кеңестердің 

стратегиялық 

жоспарлар  мен  аумақтық 

даму 

бағдарламаларын, 



бюджеттерді, 

есептерді, 

мақсатты    индикаторларға  

қол  жеткізуді,  азаматтардың 

құқықтары  мен    еркіндіктерін 

қорғайтын 

нормативтік  

құқықтық  актілер  жобаларын 

бағдарламалық 

құжаттар 

жобаларын; 

талқылаудағы 

рөлдерін  күшейту,  қоғамдық 

кеңестердің  өкілеттіктері  мен 

мәртебесін  заңмен  бекіту, 

мемлекеттік 

шешімдерді 

қабылдау  ашықтығын  арт-

тыру  жөніндегі  ұсыныстар  да 

айрықша  назар    аударуды 

қажет  етеді.  Аталған  барлық 

мәселелер  қоғам  алдына 

тағы  да  жергілікті  өзін-өзі 

басқару  тетіктерін  құру  мен 

қалыптастыру  проблемасын 

шешу керектігін   ұсынып отыр. 

 

Мұның 


бәрі 

Елбасының  өкілеттікті  билікті  

бұтағына қайта бөлу мәселесі 

бойынша  Қазақстан  халқына 

арналған  Үндеуімен  сәйкес 

келеді. 


 

Мемлекет  басшысы 

Қазақстан  халқына  арнаған 

«Қазақстанның 

 

үшінші 


жаңғыруы: жаһандық бәсекеге 

қабілеттілік»  атты  Жолдауын-

да  айтылған  мәселелер  мен 

Қазақстан  халқына  арнаған 

Үндеуін аудандағы ақпараттық  

насихаттаушылар  тобы  наси-

хаттап,  түсіндіру  жұмыстарын  

жүргізуде. 



Б.тлЕухан. 

 

Бүгінде  атқарушы  органдардың  құқығы 



мен мүмкіндіктерінің арттырылуы елдің орнықты 

дамуын  нығайтады.  мемлекет  басшысы 

нұрсұлтан назарбаевтың  билік өкілеттіліктерін  

қайта  бөлу  бағытындағы  бастамасы    негізінде  

болатын өзгерістер қазақстанның Батыс  Еуро-

па және солтүстік америка елдерімен екі жақты 

қарым-қатынастарын  жандандыра  түседі.  Бұл 

өз кезегінде қазақстанға қаржылық  қатынастар 

мен елдің ұлттық қауіпсіздік саласы        бойын-

ша көп пайда әкеледі. 

 

Бәсекеге 



қабілеттілікті 

арттырып, 

мемлекетті нығайтатын  үлкен күшке ие болу үшін 

экономикалық  жаңа  қадам  жасаудың  маңызы  зор.    

Президент  ұсынған   реформа тың  бастамаларға  

серпін  береді. 

 

Жалпы  елдің  тәуелсіздік  жылдарында  қол 



жеткізген табыстары, даму деңгейі ескеріле отырып 

жасалған  бұл  қадам  Қазақстанның  эволюциялық 

жолмен өркендеуін қамтамасыз етеді. Өмірдің өзінен 

туындап  отырған,  Елбасының  жүрек  елегінен  өткен 

мұндай өзгерістерді кешеуілдетудің  қажеті жоқ.  

 

 



Біздің  болашақты  болжай  алатын 

ұлттық  көшбасшымыз бар. Нұрсұлтан  Назарбаев-

әлем мойындаған сарабдал саясаткер, ірі қайраткер. 

Сондықтан  да  Қазақстан  дамуының  жаңа    бағыты 

айқындалды. 

азамат  аБдраймов,

аудандық  соттың  

төрағасы.


«Жаркент  өңірі»

№ 14  (8857)

3 наурыз   2017  жыл

5

 

Міндетті 

әлеуметтік 

сақтандыру 

жүйесін  енгізу  –  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың                  «100 нақты қадам» Ұлт 

жоспары  аясында  Үкіметтің  алдына  қойған 

тікелей  міндеттерінің  бірі.  Бұл  жөнінде  Мем-

лекет  басшысының  «Қазақстанның  үшінші 

жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік» 

атты Жолдауында айрықша атап өтілген. 

Біздің еліміз үшін бұл аса маңызды әлеуметтік 

реформа  болмақ.  Осыған  орай  бүгінгі  таңда 

аудандағы медициналық мекемелер  үшін  де 

міндетті  әлеуметтік  сақтандырудың  негізгі 

қағидаларын  тұрғындар  арасында  кеңінен 

түсіндіруде. 

 

  Міндетті  медициналық  сақтандыру 

ерекшелігі  мен  артықшылықтары  туралы 

«Панфилов  аудандық  орталық  ауруханасы» 

мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ди-

ректоры,    Алматы  облысы  Мәслихатының 

депутаты  Төлеу    Құмарбекұлы    САРПЕКОВ 

жауап  береді. 

                                ***

 

-Төлеу 

Құмарбекұлы, 

міндетті 

әлеуметтік    сақтандыру  жүйесінің  ең  тиімді 

тұсы қандай? 

         - Ұлт  денсаулығын       сақтау - мемле-

кет назарындағы         басты мәселе. Сондықтан 

медицина саласындағы бұл реформа халықтың 

денсаулығын жақсартуға бағытталған. Біріншіден, 

ЖАңғыРТу   3.0

Міндетті Медициналық 

сақтандыру Межесі

ел  аумағындағы  өзіңіз    қалаған  кез    келген  емханадан 

медициналық көмек аласыз. Екіншіден, міндетті әлеуметтік 

медициналық  сақтандыру  жүйесінде  қарастырылған 

қосымша барлық ақылы қызметтен  босатыласыз.  Басқа 

да тиімді тұстары баршылық. Мысалы,  сақтандыру жар-

наларын  азаматтарға  жұмыс  беруші  мекемелер  төлейді. 

Ал, жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз азаматтар үшін 

жарна  мемлекеттен  аударылады.  Бұл  жүйе  халықтың 

барлық топтары үшін медициналық және дәрілік көмектің 

тең  көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді. 

           



-Бұл жүйеге қатысты сан түрлі пікірлер бар. 

Аға  буын  1990  жылдардағы  міндетті  медициналық 

сақтандыру қорының қателігін  алға тартады.  Мұны 

қайталамас  үшін  қордың  қаржылық    тұрақтылығы 

қамтамасыз етіле ме? 

 

-Қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуде түрлі 



тетіктер  қарастырылған. Біріншіден, қызмет коммерциялық 

сипатта емес аударымдар мен жарналардың  нысаналы  си-

паты және олардың қайтарымсыздығы қамтамасыз етіледі. 

Әлеуметтік  міндетті  сақтандыру  қорының  активтерін 

медициналық  қызмет  берушілердің  қызметтеріне  ақы 

төлеу  үшін    айрықша  қолдану  көзделген.  Бұл  еліміздің  

ашық инвестициялық саясаты.  Сонымен қатар қандай да  

бір үшінші тұлғалар  тарапынан  әлеуметтік медициналық 

сақтандыру қоры активтерінде өндірулерді   талап   етуге   

тыйым   салынады.

         

- Сақтандыру қорының халық үшін қажеттілігін 

айттыңыз.  Ал,  мемлекет  пен  қызмет  берушілерге 

қаншалықты пайдасы бар?

          -Тағы қайталап айтайын, халық  

амбулаториялық 

дәрі-дәрмекпен 

қамтамасыз  етіледі  және    денсаулық 

сақтаудағы  бейресми  төлемдер  деңгейі 

төмендейді.  Еліміз  үшін  де    тиімділігі 

жоғары.  Медициналық  көмек  жалпыға  

ортақ  болғандықтан,  азаматтардың  

жауапкершілігі де ортақ болады. Тұтыну 

көлемдерін  теңгерімдеуге  мүмкіндік 

беретін денсаулық сақтаудың қаржылық 

тұрақты  жүйесі  қалыптасып,  нарықтық   

тетіктері  жетілдіріледі.    Қаржы  ресур-

старын  пайдалану тиімділігі артады. Ал 

қызмет берушілер үшін  еңбекақы төлеу 

жүйесі  жетілдіріліп,  бәсекеге  қабілетті 

жалақы  алу  мүмкіндігі  болады.  Сондай-

ақ, жаңа медициналық технологияларды 

енгізу арқылы негізгі құралдар уақытылы 

жаңарып отырмақ.

    


     - Егер сақтандырылмаған адам 

шұғыл түрде  көмекке мұқтаж болғанда 

емдеуге 

қалай 

жатқызылады? 

Азаматтардың  өздерінен    ақы 

төлеуді  талап  ету  арқылы  сыбайлас 

жемқорлыққа жол  берілмей ме?

    -  Менің  ойымша  қалтадан  төлеу, 

керсінше    маңыздылығын  жоғалтады. 

Жұмыссыз  ретінде  тіркелгісі  келмейтін 

немесе салық төлемейтін адамдар      жо-

спарлы  көмекке  ақы  төлеуге  міндетті 

болады. Шұғылдықты бақылау сарапта-

ма бойынша және шұғыл жағдайлардың  

тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.

       - Бүгінде ақылы қызмет көрсететін 

жеке  зертханалық  орталықтар  бар. 

Олар да  сақтандырумен қамтыла ма?

              -Бұл  жерде    олардың  міндетті 

әлеуметтік сақтандыру жүйесінде жұмыс 

істеу  ниетіне  байланысты.  Зертханалық 

қызметтер 

медициналық 

көмектің 

бір  бөлігі  ретінде  міндетті    әлеуметтік 

медициналық  сақтандыру  жүйесімен 

қамтылады.

       

- Сақтандыру болмаған жағдайда 

медициналық  көмек  көрсетуден  бас 

тартуға бола ма?

         - Жарналарды төлемейтіндерге тек жо-

спарлы  станционарлық  көмек  негізінде  бас 

тартылады.

   


     - Ал жедел және шұғыл медициналық 

көмек қалай көрсетіледі?

                -  Кейінге  қалдыруға  болмайтын  шұғыл 

көмек  барлық  азаматтарға  түгел  көрсетіледі. 

Қазіргі  уақытта    заңға  сәйкес  клиникалық 

белгілері  және  параметрлері  бойынша  шұғыл 

жай-күйі әзірленуде.

  

          -Ауданға  уақытша  істеуге  келген 

шетелдік азаматтар көп. Олардың мәселесі 

не болмақ?

       - Еліміздің «Міндетті әлеуметтік медициналық 

сақтандыру  туралы»  заңына  сәйкес    ел 

аумағында  тұрақты  тұратын  шетелдіктер 

мен    азаматтығы  жоқ  тұлғалар,  сондай-

ақ    оралмандар  егер  олар  заңмен  өзгеше 

көзделмесе,  Қазақстан  Республикасының 

азаматтарымен  тең  міндетті  әлеуметтік 

медициналық 

сақтандыру 

жүйесіндегі 

құқықтарды қолданады.  Еңбекші мигранттарға  

медициналық    көмек    мемлекетаралық 

келісімдер  шеңберінде  көрсетіледі.  Егер  он-

дай  келісімдер  болмаса,    онда  еңбекші  ми-

грантар  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  

шеңберінде  медициналық    көмек    алады,  ал 

қоршаған  ортаға  қауіп  төндіретін  аурулар 

кезінде  тегін емдейді.

    

   -Жұмыссыз  азаматтар  жайы  қалай  

болады?

       - Салық төлемдерін жүзеге асырмайтын бей-

ресми және  өнімсіз жұмыспен қамтылған халық  

саны бүгінгі таңда  шамамен 2,5 млн адамды 

құрайды. Әдейі салық төлемейтін  адамдар  тек  

жоспарлы көмек кезінде шектеледі. Халықтың 

бұл  санаты  үшін  медициналық  көмек  алудың 

балама  мүмкіндіктері  бар:  жұмыссыз  ретінде 

тіркелу  ұсынылған,  онда      ӘМСҚ-қа    мем-

лекет  төлейтін  болады  немесе  өз  қызметін 

заңдастырып,  салықты  жалпы  қорға  төлеуі 

қажет.

 

          -  Міндетті  медициналық  сақтандыру 



жүйесін  жүзеге  асыру  қай  кезеңдерді 

қамтиды?

      - Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі 

елімізде  2017-2024  жылдар  аралығында 

біртіндеп енгізіледі. 2017 жылдан бастап мемле-

кет , жұмыс берушілер және  өзін-өзі  жұмыспен 

қамтыған  азаматтар  әлеуметтік  медициналық   

сақтандыру  қорына  жарна  төлеуді  бастайды. 

Ерекше  сипаттағы  азаматтар    үшін  мемлекет 

төлейтін жарнаның мөлшерлемесі 2024 жылға 

қарай  орташа айлық  еңбек ақының 7 пайы-

зын  құрайтын  болады.  Ол  бастапқыда  4  пай-

ызбен  басталса,  одан арғы жылы 5 пайызға 

ұлғаймақ.  Ал  жұмыс  берушілер  жарнасы 

мөлшерлемесінің жалпы көлемі  алғашқыда 2 

пайызды  құраса, 2020 жылы 5 пайызға артатын 

болады. Бұл ретте 2020  жылға қарай кірісінің 7 

пайызын қорға аударып отыратындар  өзін-өзі 

жұмыспен қамтыған азаматтар болмақ.  

    Бағдат   БЕйСЕНҚызы.       


«Жаркент  өңірі»

№ 14 (8857)



6

К.Аханов:

«Тіл



халықтың  тарихы,  шежіресі,



халықтың

күллі


өмірінің

жаңғырығы мен ізі, одан сол тілді

жасаушы  халықтың  арманы  мен

үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі

рухани өмірінің үні естіліп тұрады.

Ол  әрбір  адамға  ана  сүтімен

бірге  еніп,  қалыптасады»,-  деп

айтқандай,  тіл  –  біздің  өміріміз

бен  қоғамымыздың  ажырамас

бөлігі.


Тіл  мәселесі  ешқашан

күн тәртібінен түскен емес. Қазіргі

еліміздің  тіл    саясаты  үш  тілдің

қатар  қолданысын  көздейді,

үш  тілді  әрбір  азаматтың

меңгеруіне  басымдық  береді.

Елбасы

Н.Назарбаев



2006

жылы  «Үш  тұғырлы  тіл»    иде-

ясын  алғаш  рет  Қазақстан

халқы


Ассамблеясының

XII


құрылтайында  жария  еткен  бо-

латын.  Сол  уақыттан  бастап  ол

кезең-кезеңімен  жүзеге  асыры-

лып  келеді.  Бұл  жоба  бойын-

ша  Қазақстан  халқы  үш  тілде

сөйлейтін  жоғары  білімді  ел

ретінде  дүниежүзіне  танылуы

тиіс, яғни, қазақ тілі – мемлекеттік

тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас

тілі,  ағылшын  тілі  –  жаһандық

экономикаға ілесудің кілті.

Үштілділік  саясатының

негізгі  мәнін  көпшіліктің    ұғына

алмауы  да  заңдылық.  Өйткені

қазақ  тілін  толық  меңгермеген

отандастарымыз,  өкінішке  орай,

әлі  де  бар.  Ал                    мектеп

табалдырығын  жаңадан  аттаған

бала  ана  тілін  толық  меңгермей

жатып,  екі  тілді  қалай  алып

жүреді  деген  сұрақ  туындайды.

Дегенмен,  тез  қарқынмен  да-

мып  жатқан  заман  осыны  талап

етеді.  Президентіміз  Н.Әбішұлы:

«Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып

қалмайды.  Үш  тілдің  біріншісі,

негізгісі,  бастысы,  маңыздысы

бола  береді»  -  деген  ескерту

айтқан болатын. Сонымен қатар,

биылғы  «Қазақстанның  үшінші

жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге

қабілеттілік»  атты  Жолдауын-

да  да  қазақ  тілінің  басымдығы

сақталатынын

айтып,

жұртшылықтың  қорқынышын  бір



сейілтті деуге болады.

Үш


тұғырлы

тіл


саясатының  бізге  берер  пай-

дасы


қандай?

Біріншіден,

қазіргі

жаһанданудың

екпін

күшіне  ілесуге  ұмтылған  қазақ



жастарының  ұмтылысы,  білім

мен  ғылымды  танып  білуге

мүмкіндік алуы, ақпарат алмасу –

ағылшын тілін меңгерудің пайда-

лы  жақтарының  бірі.  Алайда  тіл

үйренуші  «тану»,  «білу»  ұғымы

мен  «жұтылу»  ұғымын  шатасты-

рып алмаса екен.

 Екіншіден,  мәдениетаралық

коммуникацияға

ықпалын

тигізеді.  Әр  тілдің  табиғаты  өз

ұлтының  мәдениетінің  айрықша

үлгісі. Бұл өзге мәдениетті танып-

білуге,  тың  серпілістерге  баста-

ма  беруге  деген  мүмкіндіктің

бірі  болмақ.  Бірақ  бұл  тағы

да  өз  құндылықтарымыз  бен

мәдениетімізді

жоғалтуға

ұласпауы тиісті.

Жоғарғы  оқу  орнының

оқытушысы  ретінде,  қазіргі  та-

лапкерлер  мен  ата-аналардың

оқу  орнын  таңдағанда  баса

назар  аударатын  тұсы  –  оқу

ордасындағы  тіл  саясаты  деп

айта  аламын.    Себебі,  студент

4  жыл  ішінде  лайықты  маман

болып  шыққысы  келеді.  Демек,

қоғам  тіл  білудің  қаншалықты

маңызды екенін түсініп келеді.

Қалай  болғанда  да,

үштілділік саясаты аясында қазақ

тілінің мүмкіндігі артып, іс жүзінде

елдің  тыныс-тіршілігінің  дамуы

мен болашағын қамтамасыз ету-

де қажетті тілге айналуы - басты

бағыт болады деп сенеміз.

Қ.МұхаМади,

филология  ғылымдарының  

кандидаты.

 Әр  адамның  тазалық

туралы  түсінігі  әр  түрлі.  Әрине,

тазалық  ережелері  дүние  жүзі

бойынша бірдей емес, әрі адам-

дар  тазалыққа  қатысты  әр

түрлі  тәрбие  алады.  Бұрын  көп

елдерде  мектептегі  тазалық

пен  жинақылық  балалардың

бойында  тазалыққа  қатысты

жақсы  әдеттер  дамытуларына

көмектесетін.  Қазір  болса,  жеке-

леген  оқушылар  “мынаны  жина-

стыра салшы” немесе “ананы та-

зарта  салшы”  деген  өтініштерді

жазалау  деп  түсінеді.  Бұлай

болуының  себебі  —  кейбір

мұғалімдер  расында  да  дәріс

бөлмелерін  жинастыруды  жаза

ретінде қолданады.

       Оның  үстіне,  ересектер

күнделікті  өмірде  не  жұмыс  ор-

нында тазалыққа қатысты ұдайы

жақсы  үлгі  көрсете  бермейді.

Мысалы,

көптеген

көпшілік

орындарында  адамдар  тазалық

сақтамайды,  қайта,  өздерінен

кейін  көп  қоқыс  тастап  кетеді.

Кейбір

өндіріс


мекемелері

қоршаған  ортаны          ластайды.

Алайда  өндіріс  орындары  мен

кәсіпорындар  қоршаған  орта-

ны  өздігінен  ластап  жатқан  жоқ,

олардың


артында

адамдар


тұр.  Қоршаған  ортаның  ласта-

нуы  адамдардың  ашкөздігінен

ғана  дүниежүзілік  проблемаға

айналып  отырған  жоқ,  ең  ал-

дымен  бұл  олардың  тазалық

сақтауға

үйренбегендігінің

нәтижесі. Сөйтсе де кейбіреулер

тазалық  сақтау    -  әр  адамның

жеке басының ісі, онда ешкімнің

жұмысы  болмауы  керек  деп  ой-

лайды. Алайда бұл шын мәнінде

солай ма?

       Тазалық  —  салауатты  өмір

сүрумен  байланысты  этикалық

түсінік. Сонымен қатар ол ой-сана

мен  жүрек  күйіне,  құлықтылық

пен  Құдайға  деген  ғибадатқа

қатысты мәселе.

Қадірменді

ағайын!

Отанымыздың  келешегі,  көркеюі

– салауатты өмір салтын сақтау,

қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп

шам  жақсаңыз,  шам  үйді  жарық

қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен

бір  ақ  гүл  көрсең,  көзің  соған

түседі. Біздің де өмірімізді жарық

қылатын,  жан-жағымызға  тама-

ша  сәулесін  шашатын,  өмірдегі



Маңызды    Мәселе

Тазалық сақТау 

да-  Тәрбие мекТебі

басты байлық – денсаулығымыздың

кепілі  айналамыздың  абаттығы,

өмір  сүріп  жатқан  өлкеміздің

көркемдігі, тазалығы. Тазалық – бұл

адамның  еңбекке  белсенді  болуы,

әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын

және рухани саулығын сезінуге жол

ашатыны даусыз.

Қарапайым  мысалдарға

жүгінсек. Әлдекімнің әдейі неме-

се  аңдамай  су  көзін  ластағандығы

да  үлкен  проблемаларға  әкеліп

соғады.  Ал  нашақорлардың  не-

месе  бәз  біреулердің  қолданып

болған  соң  лақтырып  кеткен

пісектері  жататын  халық  көп  бара-

тын  Өсектің  жағасымен  жалаң  аяқ

жүру  қаншалықты  қауіпсіз?  Бәлкім,

келесі  сұрақ  бұдан  да  маңыздырақ

болса керек: мен өз үйімде тазалық

сақтаймын ба?

Міне, осындай сұрақтар төңірегінде

мекемемізде  ашық  пікір  алмасу

жиынын өткізген болатынбыз.

   Жиын  барысында  бірінші  кезекте

мекеменің  іші-сыртын  абаттанды-

румен қатар, мекемеміз орналасқан

Головацкий-Табынбаев-Қонаев-

Шекарашылар  көшелері  кесінді

аумағындағы  әрбір  тұрғын  үй

иелерімен кездесіп, түсінік жұмысын

жүргізу  туралы  ұсыныс  бірауыздан

қолдау тапты.

         Осы  мақсатта  мекемемізден

арнайы


мамандарды

бекіттік,

олар  әрбір  тұрғын  үй  иелерімен,

шағын  мекеме,  сауда  орталықтары

қызметкерлерімен  кездесті.    Атап

айтсақ:


Тыйым    салынған       іс -әрекеттер:  

1)көшелерде,

тротуарларда,

гүлзарларда,сондай-ақ

үйлердің

көше  беттерінде  құрылыс  матери-

алдарын жинауға;

2)көшелердің  өту  және  жаяу

жүргіншілер

жолдарын,

жасыл

желектер  алаңдарын,  сондай-ақ



жалпы  қолданыстағы  басқа  да

орындарды  қоқыстың  қандайда

болсын  түрлерімен,  тұрмыстық

қалдықтармен ластауға;

3)  тұрғын  үйлердің  маңында  және

санитарлық

аймақтарда

көлік


құралдарын жууға;

 4)  өту  жолдарында  және  тротуар-

ларда құдықтардың люктерін ашық

қалдыруға;

5)  көшелерде,  шағын  гүлбақтарда,

саябақтарда, стадиондарда, мектеп

алды  учаскелерінде  және  басқа  да

жалпы  қолданыстағы  орындарда

мал, құстарды жаюға, еркін жіберуге;

6) тұрғын үй аумағында қоқыстарды,

жапырақтарды өртеуге, от жағуға;

7)


хабарландыруларды

және


афишаларды,

ақпараттарды,

үгіт  плакаттарын  (тиісті  объект

иесінің  рұқсатынсыз)  және  тағы

басқа

белгіленбеген



жерлерге

жабыстыруға  тыйым  салынатыны

ескертілді. Үйлердің, ғимараттардың

мекеме  маңы  аулаларының  таза,

шарбақтарының  жөнделіп,  сыртқы

қасбеттерінің, қоршауларының сыр-

лануы, көркем болуы, үйден шыққан

күл-қоқыс  аула  ішіне  шарбақтың

бір  бұрышына  төгілуі  қарапайым

міндеттердің

біріне

саналаты-



ны  жайлы  түсіндірмелік    жұмыс

жүргіздік.  Қазірге  нәтижесі  жаман

болып жатқан жоқ.

       Ендігі  жерде  бұл  бағыттағы

менің  ұсынысым:  дәл  осындай

жұмыстарды  іске  асыру  үшін

әрбір  қала  аумағындағы  мекемеге

негізінен  өздері  орналасқан  бір-бір

кварталдан  бекітіліп  берілсе.  Бұл

әрине,  мәжбүрлеу  емес,  ерікті,  са-

налы түрде іске асырылғаны дұрыс.

II.  Өткенде  халыққа  есеп

беру  жиынында  халық  көп  жина-

латын  орындар,  атап  айтқанда,

мерекелік  шара  өтетін  орталық

алаңда


мәдени-көпшілік

шара


өткеннен  кейінгі  жағдай  тіпті  сын

көтермейтіні айтылды. Шындығында

да қоқыстан аяқ алып жүре алмай-

тынымыз рас. Осыған орай, қала мен

елді    мекендерде  инфрақұрылым

объектілерін    ұстау  жөнінде  мына-

дай ұсыныс айтқым келеді:

Барлық алаңдар мен көшелерде,

саябақтарда,

базарларда,

көліктердің

аялдамаларында,

ғимараттардың  маңында  және

басқа  да  орындарда  жеткілікті

көлемде  қоқыс  салатын  шағын

жәшіктер қойыла бастады,

             -әрине,  қоқыс  салатын

жәшіктер  таза  болуы  керек,  ол

күнделікті  тазартылады,  залал-

сыздандырылып  және  жылына

кем  дегенде  екі  рет  сырланып

тұруы қажет.

III. Қалаға кіре беріс жолдардың

тазалығы жайлы.

Бұл мәселе бізде тек науқандық

сипатта шешіліп келе жатқандығы

жасырын

емес.


Айтпағым-

жоғары лауазымды басшылар ке-

лер сәтте ғана жабыла тазартуға

шығып жатамыз.

Қызмет бабымен немесе жол

түсіп Тараз қаласы жаққа арагідік

іссапармен

барып


тұрамыз.

Сондағы  таң  қалғаным-  елді

мекендерді

байланыстыратын

жол  бойының  тап  тұйнақтай

тазалығы  ерекше  көзге  түседі.

Жергілікті  мекеме  басшыла-

рынан  сыр  тартып  сұрап  та

көрдім.  Сондағы  байқағаным-

ұйымдастыру

шараларының

ұтқырлығы  болды.  Әрбір  ме-

кемеге

мүмкіндігіне



қарай

жол  бойының  белгілі  мөлшері

бекітіліп берілген. Әр сенбі сайын

аталған  мекеме  өз  учаскелеріне

ұжым  боп  барып,  тазалық

жұмыстарын  жүргізеді.  Соңынан

самаурындарын

сақырлатып,

дастархан  жайып,  мәдени  де-

малыс  ұйымдастыру  дәстүрге

айналған.  Ал  күн  ара  мекеменің

көлік  жүргізушісі  көлігімен  бір-

екі  жұмысшыны  қасына  алып,

учаскесін бір сүзіп шығады, бұған

бар  болғаны  он,  он  бес-ақ  ми-

нут  кетеді  екен.  Жол  бойынан

темекінің тұқылын да таппайсың.

Міне,  керемет!  Неге

осыны бізде де жасамасқа?!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет