ауданымызға келген ақпараттық-түсіндіру тобы 21-22 ақпан күндері Панфилов
Қ.Мүтебаев, М.Ордыбай қатысты.
кездесу өтті. Кездесу барысында дәстүрлі исламға толық түсінік беріліп, перзентхана
қызметкерлерінің қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.
К. Нуракишевтың қатысуымен кездесу өтті.
Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының
орталық қызметкері Е. Матаев өзінің ой пікірімен бөлісті.
сақтану жолдары»тақырыбында кездесу өткізді.
орталық қызметкерлері Қ. Мүтебаев, Е. Матаев ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын
Ш. Кекбаева мен орталық қызметкері Е. Матаев «Елтай» мешітінде, Талдықорған
қаласы орталық «Иман» мешітінің ұстазы Е. Қанапиянов «Орталық» мешітте,
орталық қызметкерлері М. Ордыбай мен Ж. Қонысбаев «Базар» мешітінде, Қ.
Мүтебаев «Мұқаш-Кеңесбай» мешіттерінде уағыздар жүргізді.
забек Батталұлы мен ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ахмади-
діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.Сондай-ақ
республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ис-
лам мәдениеті университетінің оқытушысы Ілімбаев Ризабек Жаркент қаласының
орталық мешітінде ақшам намазынан кейін мешітке жиналған қауымға «Ақида
мәселелері» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
3 наурыз 2017 жыл
«Жаркент өңірі»
№ 14 (8857)
3
Қасиетті
Отанымыз
Тәуелсіздіктің үшінші мүшеліне аяқ
басты.
Қазақстан қысқа мерзім
ішінде кемелденіп, қуаты толысқан
сақа мемлекетке айналды.
Мемлекет басшысының
жыл
сайынғы
Жолдауы
Қазақстанның
бұлжымас
са-
яси дәстүріне айналды. Осы
орайда
ел
халқы
биылғы
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы:
жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
тақырыбындағы Жолдау еліміздің
жаңа даму дәуірін айқындап
беретін негізгі бағдарламалық
құжат екенін жақсы түсініп отыр.
Онда белгіленген бес басымдықтың
әрбірінің міндеті экономиканың
өсімі мен жаппай кәсіпкерлікті
дамытуды көздейді.
Бұл тұрғыдағы негізгі мақсат
халықтың әл-ауқатын жақсарту
мен өмір сүру деңгейін көтеруді
ескерген. Атап айтқанда, осы
уақытқа дейін екі жаңғыру кезеңі
өтті. Жалпы, бұрынғы Жолдаулар-
да қабылданған міндеттемелердің
арқасында
бүгінде
мыңдаған
мектептер мен балабақшалар,
жүздеген ауруханалар мен емха-
налар, ондаған мың шақырымға
созылған жаңа жолдар, жүздеген
мың шаршы метр тұрғын үйлер,
сондай-ақ жаңа кәсіпорындар мен
жұмыс орындары түрінде нақты іс-
қимылдар жүзеге асырылды.
Осы
орайда,
Н.Ә.Назарбаевтың
ұстанған
бағытына өз үлесімді қоса оты-
рып, «Нұр Отан» партиясы атынан
депутаттыққа түсу, мен үшін үлкен
мәртебе және маған білдірген сенім
деп білемін. Егер мен аудандық
мәслихатқа депутат болып сайлан-
сам, төмендегі бағдарлама бойын-
ша жұмыс жүргіземін:
-«Нұр
Отан»
партиясының
бағдарламасы және партия өзінің
тұғырнамасында бекіткен халықтың
әлеуметтік тұрмыстық деңгейін
көтеру
және
экономикалық,
әлеуметтік реформалардың жүзеге
асырылуын, жергілікті жерлерде
орындалуына ықпал жасаймын;
-халықты жұмыспен қамтудың
негізгі бір діңгегі – шағын және орта
кәсіпкерлікті дамытуға және сол
арқылы жаңа жұмыс орындарының
ашылуына, жұмыссыздықты жоюға
атсалысамын;
-зейнеткерлер
мен
мүмкіндігі
шектеулі азаматтардың, көпбалалы
және табысы төмен отбасылардың
Қазақстан
Республикасының
Заңнамаларына сәйкес әлеуметтік
қорғалуына жағдай жасаймын;
- е л д і - м е к е н д е р д і
ПАНФИЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА
КАНДИДАТ ШОҚПАРОВ ЕРҒАЛИ ОТАРҒАЛИҰЛЫНЫҢ
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
көркейту,
көгалдандыру,
жарықтандыру және санитарлық
тазарту шараларын ұйымдастыру.
Көше, аулалардың және көпқабатты
үйлерді көріктендіру мәселелерін
шешу, қала, ауыл аумақтарындағы
күл қоқыс төгетін орындарды рет-
ке келтіру, пәтер меншіктеушілер
кооперативтері және коммуналдық
қызмет жұмыстарын жақсартуға өз
үлесімді қосамын;
-білім
мен
тәрбие
беру ісін жақсарту мақсатында
мұғалімдердің мәртебесін көтеруге,
балалардың толық мектепке тар-
тылуын қамтамсыз етуге, елді-
мекендердегі оқу орындарының
материалдық – техникалық база-
сын нығайтуға және жаңа үлгідегі
талапқа сай білім ордасын салды-
ру жолында еңбек етемін.
-ауданымыздың күн са-
нап қарыштап дамып келе жатқаны
күнделікті өмірде айқын байқалуда,
олар: «Қорғас» шекара маңы
ынтымақтастығы
халықаралық
орталығы, «Қорғас – Шығыс
қақпасы» арнайы экономикалық
аймағы, «Батыс Европа – Ба-
тыс Қытай» тас жолы, «Жетіген -
Қорғас» темір жолының салынуы.
Аталған жетістіктер біздің өңірге
шетелдерден инвесторлар мен
туристердің еріксіз ағылуына әкеп
соғатыны айқын. Сол себептен
Жаркент қаласы мен округтерде
туристік кластерін дамытуға аян-
бай еңбек етемін.
-су - тіршіліктің көзі.
«Сумен қамтамасыз ету пробле-
масы біздің елімізде де өткір бо-
лып отыр. Бізге сапалы ауыз су
жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның
зардабын қатты тартуда - деп
Елбасы атап көрсеткендей, ау-
данымызда орналасқан барлық
округтер толығымен ауыз сумен
қамтылмаған.
2011-2020
жылдарға
арналған
"Ақ
бұлақ"
бағдарламасын
іске
асыру
шеңберінде ауқымды жұмыстар
атқарылуда. Аталған мемлекеттік
бағдарламаны жүзеге асыру
жолында мен де аянбай еңбек
етемін.
- э к о н о м и к а н ы ң
маңызды
салаларының
бірі – ауыл шаруашылығы.
Дүниежүзілік сауда ұйымына
кіруге байланысты Отандық
ауыл шаруашылық өнімдерінің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру
қажеттігі туып отыр.
Өндірістің негізгі са-
ласы болып табылатын ауыл
шаруашылығын дамыту үшін
біз бүгінде батыл да маңызды
қадамдарға баруымыз қажет.
Ол үшін шаруаларға берілетін
несиенің пайыздық көлемін 4
пайыздан асырмау мәселесін
қолға алу керек. Екіншіден, заман
талабына сай құрылып жатқан
кооперативтік шаруашылықтарға
қолдау
көрсету.
Себебі,
кооперативтік шаруашылықтар -
айналасындағы өндірістік құрал-
жабдықтарды, техника мен тех-
нологиялар қуатын толық өз
уақытында пайдалануына, білікті
ауыл мамандарының қызмет
атқаруына мүмкіндік туғызады.
-спорттың
адам
өмірінде алатын орны зор
екендігін бәріміз білеміз. Спорт-
пен
айналысқан
адамның
денсаулығы мықты, өзі шыдамды
болады. Біздің ата-бабаларымыз
«тәні саудың – жаны сау» - деп
бекер айтпаған. Халықты сала-
уатты өмір салтына ынталан-
дыру басым бағыттың бірі. Ра-
сында да, бүгінгі таңда еліміздің
ақсақалдарынан кішкентай ба-
ласына дейін дене тәрбиесіне
ерекше мән беруде. Біздің де
ауданымызда жалпы бұқаралық
спортты дамытуда ауқымды
істер атқарылуда. Осы бағыттағы
жұмыстарды қолдап, одан әрі
дамытуға ықпал етемін.
Құрметті сайлаушылар!
Біздің баға жетпес
байлығымыз - бабалардан өсиет
боп қалған, халқымызға қасиет
боп қонған береке-бірлігіміз.
Құнды қазынамыз - тарих та-
быстырып, тағдыр тоғыстырған
халқымыз.
Біз бір ұлтпыз, қанымыз бір, жа-
нымыз бір.
Сыртта жүрсек те,
іште жүрсек те, барлық мәселені
бірлесіп шешуге тиіспіз.
Туған еліміздің тағдыры,
болашағы кімді де болсын бей -
жай қалдырмайды. Сол Отанның
бүгіні мен ертеңі осы топырақта
туған маған да ыстық. Сондықтан
да осы жылғы саяси науқанға
қатысуға бел байлап отыр-
мын. Менің аудандық мәслихат
депутаттығына кандидат етіп
ұсынылуым
маған
көптеген
міндеттерді жүктейтіндігін толық
сезінемін.
Туған елдің, жердің өзекті өткір
мәселелерін шешуге барынша ат
салысуды - өзімнің азаматтық па-
рызым деп білемін. Осы тұрғыдан
алғанда мен халық қалаулысы
болып
сайланған
жағдайда
төмендегі
бағдарламаларды
жүзеге асыруға ұмтыламын.
1.
Салауатты
өмір
салтын
қалыптастыратын
іс
шараларға қатысып отырамын;
2.
Көше
жолдарын
жөндеуге, жарықтандыруға ықпал
ПАНФИЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА
КАНДИДАТ БЕКСЕЙТОВ МЕДЕТ АРМАНҰЛЫНЫҢ
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
жасаймын;
3. Біздің болашағымыз-
жастардың терең, әрі сапалы
білім, патриоттық тәрбие алуына
үлес қосамын;
4.
Қала,
ауыл
жастарының техникалық және
кәсіптік білім алып, өңіріміздің да-
муына ықпал етемін;
5. Қала әкімімен бірігіп
бағдарлама
жасап,
жұмыс
жүргіземін.
Қаладағы
учаскелік
полиция
қызметкерлері
мен
ақсақалдар алқасы және көше
комитеті төрағаларымен бірлесе
отырып
жастар
тәрбиесіне
көңіл бөліп, қоғамдық тәртіптің
сақталуын,
қаладағы
көше
тазалығына мән беріп, күл-
қоқыстардың
тиісті
орынға
шығарылуын, санитарлық тазалық
нормаларының
сақталуын
қадағалаймын.
Құрметті сайлаушылар!
Егер Сіздер менің кандидату-
рамды қолдап дауыс беретін
болсаңыздар, өзімнің барлық күш-
жігерімді аудан жұртшылығына
қызмет етуге жұмсаймын. Біз
әрқайсымыз келер ұрпақтың
болашағы үшін жауаптымыз.
ПАНФИЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
ИЕМБЕРГЕН АЙДЫН РАХЫМЖАНҰЛЫНЫҢ
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Аудандық мәслихаттың
депутаттығына кандидат бола оты-
рып, Сіздердің назарларыңызға
өзімнің
ойымдағы,
іс-жүзінде
атқарылатын
бағдарламамды
ұсына отырып, егер де сай-
лаушылар маған өз сенімдерін
білдіріп жатса, басты міндетім:
ел сенімін ақтап еңбек ету, яғни
басты мақсатым халқыма пай-
дамды тигізу деп есептеймін. Егер
халқым сенім артса, білім алған
мамандығым және еңбек ете жүріп
жинаған іс – тәжірибем бойынша
халықпен бірге жұмыс атқарамын.
Осы тұрғыда:
Ең алдымен, тұрғындар
денсаулығы басты назарда бо-
луы шарт. «Тазалық – денсаулық
кепілі» деген дана сөз бар халқымызда. Өзім сайланатын Жаркент
қаласы ғана емес, аудан көлемінде ауыл тазалығының қалыптасуына
жұмыс жасаймын. Көгалдандыру, көріктендіру жұмыстарына септігімді
тигіземін.
Мұқтаж жандарды өкімет тарапынан берілетін тегін дәрі-дәрмекпен
қамтылуына, тегін емдеудің дұрыс жүргізілуіне жағдай қарастырамын.
Ауданымыз көп ұлтты болғандықтан, Елбасымыздың көреген
саясатын қолдай отырып, Қазақстан халқының ынтымағын, қоғамдық-
саяси тұрақтылықты сақтап қалуға барынша еңбек етемін.
Ел ертеңі – білімді жастар. Олай болса, мектеп жасындағы
жасөспірімдердің сапалы да саналы білім алуына, отансүйгіштік,
жастардың патриоттық рухта тәрбиеленуіне бар жігерімді жұмсаймын.
Сондай-ақ, менің сайлауалды бағдарламамда шағын және
орта кәсіпкерлік те назардан тыс қалмайды. Жаңа жұмыс орында-
рын ашамын деушілерге қолдау көрсетіп, кәсіпкерлердің жұмыстарын
жандандыруға атсалысамын.
Менің басты қағидам - «Таза болса табиғат – аман болар
адамзат». Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін
ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Бүгінде табиғи
жайылымдар, шабындықтар көлемі азайып, жан - жануарлардың құрып
бара жатқандығы белгілі. Сондықтан табиғат қорғау шаралары: өндіріс
орындарында тазалаушы қондырғылар орнату, зияны аз деген отын
пайдалану, қалдықсыз технологияға көшу, жерді биологиялық түрлерге
пайдалану, флора мен фаунаның жойылып кетпеуін қадағалау және
экологиялық білімді тереңдету қажет.
Менің сайлауалды бағдарламам осы мәселелердің оңды
шешілуіне ықпал етеді. Дұрыс таңдау жасау - сіздердің еріктеріңізде,
уәдені орындау - менің азаматтық парызым. Сондықтан сіздерге
қоғамымыз денсаулыққа бай, салауатты өмір салты қалыптасқан ел бо-
луы үшін ерінбей еңбек етемін деп нық сеніммен айта аламын. Бар білімім
мен қабілетімді тұрғындардың мәселесін шешуге арнаймын. Дауыс беру
арқылы өз таңдауларыңызды жасайтындарыңызды ұмытпаңыздар. Бұл
саяси науқан ертеңіміз үшін қажет.
Өз елімнің дамуына үлес қосу -менің азаматтық парызым, әрі
міндетім деп санаймын.
Біздің болашағымыз – жарқын, келешегіміз – кемел. Әр істе де
әділ бол, әділ болсаң әлді боласың.
САЙЛАУ - 2017
АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ
Осыны айғақтаған аудан әкімдігі жанындағы азаматтық қоғам инсти-
туттарымен өзара байланыс жөніндегі қеңестің отырысы 23-ші ақпанда болып өтті.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен бұл жиынды аудан әкімінің орынбасары
Роза Мағрупова ашып, жүргізіп отырды.
Кеңес отырысына аудан әкімі аппаратының басшысы А.Садықов,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илипов, Жаркент қаласы әкімінің
міндетін атқарушы Е.Нұрахметов, аудандық әділет басқармасының бас мама-
ны Қ.Розбакиев, аудандық кірістер басқармасының бөлім басшысы С.Сәбитов,
аудандық «Жаркент өңірі» газетінің бас редакторы Б.Айтмұқаева, жиырмаға тарта
қоғамдық ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Кеңес отырысын ашқан аудан әкімінің орынбасары Роза Азаматқызы
ауданымызда тіркелген үкіметтік емес ұйымдар туралы мәлімет бере келе
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41
бабының 5 тармағы негізінде өткен жылдан тартып Үкіметтік емес ұйымдардың
дерекқорын ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп келе жатқандығын атап көрсетті.
Ауданымыз бойынша 29 ҮЕҰ-дар тіркелген. Осы ұйымдардың бүгінгі
таңдағы қызметі жайлы не білеміз. Міне, бүгінгі отырысымыз негізінен осы
мәселеге арналмақ-деген аудан әкімінің орынбасары Роза Азаматқызы Үкіметтік
емес ұйымдардың төрағаларына сөз берді.
Кеңесте «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі, «Знание» қоғамдық бірлестігі,
«Панфиловское добровольное общество инвалидов», «Жәрдем-А», Ауған соғысы
ардагерлері Одағы, «Мейіз» қоғамдық бірлестігі, «Жаркент жастары-2050»
қоғамдық бірлестігі, ұйғыр этномәдени орталығы, «Всем миром-против рака»
қоғамдық бірлестігі, «Дәулет-Жаркент» кәсіпқой спорт клубы, «Жаркент өңірінің
жанашыры», «Дәнеш Рақышев қоғамдық бірлестігі», «Нұрай-Көктал ауылдық
мүгедектер қоғамы», «Развития культуры и традиций уйгурского народа»
қоғамдарының төрағалары сөз алып, өз мәліметтерін берді.
«Ел сүйеніші», «Ақжазық, «Частный фонд Пенджим» сияқты қоғамдық
бірлестіктерінің жабылатындығы да сөз болды.
Осы мәселелер бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы
М.Илипов, аудандық Әділет басқармасының бас маманы К.Розбакиев, кіріс
басқармасының маманы сөз сөйлеп, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
Аудан әкімдігі жанындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара
іскерлік байланыс жөніндегі кеңес көтерілген мәселелер
бойынша тиісті шешімдер
қабылдады.
( ӨЗ ТІЛШІМІЗ).
БАЙЛАНЫСЫМЫЗ БЕКЕМ БОЛСА
атқарылмайтын шаруа жоқ