Екі сатылы өсіру- жартылай синтетикалық пенициллинді алу әдісі екі сатыдан құралады. Бірінші сатысында микробиологиялық биосинтез арқылы аминопенициллан қышқылын алады. Екінші сатысында аминопенициллан қышқылының амино тобының ацилдеу реакциясын жүзеге асырады.
Жартылай синтетикалық антибиотиктер - биологиялық және химиялық синтездің үйлесімі жаңа пенициллиндердің үлкен тобын құруға мүмкіндік берді, олардың көпшілігі дәрі ретінде қолданылды.
Пенициллин- пенициллум зең саңырауқұлақтарынан алынатын антибиотик. Оған стрептококтар, стафилококтар және пневмококтар жатады. Пенициллин микробтар жасушасына өте шапшаң енеді. Пенициллин әсер еткен микробтардың сыртқы пішіндері өзгереді, өніп-өсу қабілеті жойылады, қоректенуі баяулап қалады.
Ампициллин -бактериялардың дамуына жол бермейтін пенициллин антибиотигі, жасуша қабырғасының синтезін тежейді. Ол көбінесе трансгенді өсімдіктерді құру процесінде селективті агент ретінде қолданылады.