Жұмабек кенжалин қалам қанаты


ГЕТЕ ЕЛІНЕН ТҮЙЕР ҒИБРАТ МОЛ



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата12.02.2017
өлшемі2,9 Mb.
#3983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

ГЕТЕ ЕЛІНЕН ТҮЙЕР ҒИБРАТ МОЛ
Ынтымақтастықтан – 
ықпалдастыққа
Соңғы бес-алты жыл көлемінде Қазақстан мен Германия 
жаңа  арнаға  шығып,  өзінің  нақты  жемісін  бере  бастады. 
Əсіресе,  екі  елдің  экономикалық  байланысы  атап  айтуға 
тұрарлық.  Республикамызда    бірлескен  кəсіпорындардың 
қаз тұрып, қадам басуы, бірнеше  банктер мен фирмалардың 
қазіргі аяқ алысы бұл пікірімізге айқын дəлел. Осы көшелі 
керуенге  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Германия 
жерінде  екі  рет  болып,  неміс  іскер  топтарының  инвести-
циясын  Қазақстанға  тартуға  бағытталған  қадамы  серпін 
бергені мəлім.
Екі  мемлекет  арасындағы  экономикалық  ынтымақ 
мəдени,  рухани  саладағы  байланыспен  əдіптелгенде  ғана 
мəуелі болмақ. Осы пікірдің хақтығына Қазақстанның Гер-
мания жеріндегі мəдени күндерін өткізу барысында айқын 
көз  жеткіздік.  Республикамыздың  Мемлекеттік  хатшысы 
Əбіш  Кекілбаев  бастаған  өнер  қайраткерлерінің  делега-
циясы  өзінің  бұл  сапарында  ауқымды  да  арналы  жұмыс 
атқарып қайтты деп толық айтуымызға болады. Құрамында 
өнер зерттеуші ғалымдар, неміс мəдениетінің білікті маман-
дары бар ресми делегация  мүшелері Германияның  іргелі 
ғылым-білім  ордаларында  кездесулер  өткізді.  Əсіресе, 
Франкфурттегі Гете атындағы университеттің Түркология 
институтында,  Берлиндегі  Г.Гумбольдт  атындағы  универ-
ситетте, Германия Бундестагындағы (Бонн қаласы), Франк-
фурт магистратындағы кездесулер айрықша əсерлі болды. 
Осы қауышулар бірде қазақстандық ғалымдардың лекция-
сы  түрінде  басталса,  енді  бірде  қазақ-неміс  əріптестерінің 
еркін  пікір  алысуына  ұласып  жатты.  Делегация  басшы-
сы  Ə.Кекілбаевтің,  жазушы-ғалым  А.Сейдімбековтің, 
Қазақстандағы 
неміс 
əдебиетінің 
талантты 
өкілі 

50
Г.Бельгердің  мəдениет  пен  əдебиеттің  алуан  аспектілеріне 
арналған сыр-сұхбат əңгімелері аса тартымды болды. Бұл 
əңгіме-лекциялар  халқымыздың  талантты  өнерпазы  Бек-
болат  Тілеухановтың  орындауындағы  əн-жыр  үлгілерімен 
əспеттеліп отырды.
Мəдени күндерге қатысушылар құрамында белгілі «Саз-
ген»  фольклорлық-этнографиялық  ансамблі,  Бақытжан 
Мұсаходжаеваның басқаруындағы «Солистер академиясы» 
камералық  ансамблі, «Гүлдер»  фольклорлық  би  тобының 
өнері неміс жұршылығының лайықты ілтипатына бөленді. 
Сондай-ақ  Қазақстанның  халық  артистері  Ғ.Есімовтің, 
Ю.Клушкиннің, əнші-композитор Алтынбек Қоразбаевтың, 
Президент  оркестрінің  əншісі  С.Жаңабергенованың, 
Абай  атындағы  опера  жəне  балет  театрының  əншілері 
Қ.Жолдыбаевтың,  Ж.Баспақовалардың  орындаушылық 
шеберліктері үлкен сахна тыңдаушыларының талғамымен 
үндесіп жатты.
Бір назар аударарлығы немістің өнер сүйер жұртшылығы 
Қазақстан өнерпаздарының шеберлігін ең əспетті де, əдемі 
сахналарда  тамашалады.  Өнерпаздарымыз  Подстамның 
«Сансуси  сарайлар  комплексіндегі»  Жаңа  сарай  теа-
трында,  Берлиндегі  Үлкен  концерт  залында,  Майндағы 
Франкфурттағы Герман Иозеф атындағы концерт залында 
өнер көрсетуге  мүмкіндік алды.
Өнер  күндері  бағдарламасына  сай  Германияның  Бонн, 
Берлин, Майндағы Франкфурт қалаларында Қазақстан кино 
шеберлерінің үздік туындылары көрсетілді. Кинотеатрларға 
жиналған  əлеумет  «Қыз  Жібек», «Менің  Республикам», 
«Бала – біздің тағдырымыз» деп аталатын киноленталарды 
тамашалады. Сондай-ақ, аталған қалалардың көрме залда-
рында республикамыздың қылқалам жəне қолданбалы өнер  
шеберлерінің туындылары да қойылды.
Делегация  мүшелері  Германияның  бірқатар  дəстүрлі 
жерлерін аралап көріп, халқымыздың аяулы ұлы Мұстафа 
Шоқайдың  бейітіне  барып  зиярат  етті.  Неміс  жеріндегі 
қазақ диаспорасы өкілдерімен жүздесті.

51
–  Бұл  сапар  Қазақстан  өнер  шеберлері  үшін  айрықша 
сын болғаны рас. Əлемдік театр сахналарында өнер көрсету, 
əрине, оңай емес, – деді шығармашылық топтың жетекшісі, 
Мəдениет  жөніндегі  комитет  төрағасының  орынбасары 
Е.Обаев. – Сонымен  қоса  халқымыздың  киелі  өнерге  де-
ген  көзқарасына  тəнті  болған  неміс  əріптестеріміздің 
риясыз  сезімін  атап  айтуды  парыз  көріп  отырмын.  Бұл – 
бір.  Екіншіден,  өркениет  өрісіне  өзі  осылай  ұмтылмасаң, 
ешкім  саған  абырой-атақты  қолқ  еткізіп  əкеліп  бере  сал-
майды.  Мұның  астарында  үздіксіз  ізденіс,  ақ  адал  еңбек 
жатыр. Үшіншіден, экономика көшіндегі ынтымақтастық 
өнер  керуеніндегі  ықпалдастықпен  үндесе  бергенде  ғана 
мəуелі.
Біздің де бұл пікірге алып-қосарымыз жоқ.     
Екі  ел  арасындағы  мəдени  байланыстың  арғы-бергі  та-
рихына көз жіберсек, бұл сапар қазақ  өнерін əспеттеудің, 
ғаламдық  өркениет  көшінен  көріне  білуге  деген 
құлшыныстың нақты бір көрінісі болды.
Осы бір ауқымды шара кезінде қазақ өнері мен мəдениеті 
насихатталып  қана  қойған  жоқ,  саяси-экономикалық, 
əлеуметтік  мəселелер    төңірегіндегі  көзқарастар 
үйлесім-ділігі    келелі    əңгімелер  үстінде  көрініс    тау-
ып    жатты.  Бұған,  əсіресе,  Қазақстан  Республикасының  
Мемлекеттік  хатшысы Əбіш Кекілбаев бастаған делега-
ция мүшелерінің Германия Бундестагындағы, Майндағы 
Франкфурт  қаласы  магистратындағы,  Гете  атындағы 
университеттің    Түркология  институтындағы  кездесу-
лерде мəселелерді білгірлікпен талдау шеберлігі  айқын 
дəлел бола алады.
Қазақстанның  мəдениет  қайраткерлері    тəуелсіз 
мемлекетіміздің 
абыройын 
асқақтатарлық 
өнерімен 
көпшілік қауым қошеметіне бөленді.
Қазақстан  делегациясы  барған  ел  қарт  Еуропаның 
нақ  төрінде  орналасқан.  Ал  қарт  Еуропаның  бүкіл  қадір-
қасиетін  бойына  сіңіріп,  өркениет  үрдісінен  лайықты 
орын  алып  отырған  Германияның  тағдырынан  тағылым 

52
түйер  сəттер  көп  екендігі  де  рас  қой.  Сондықтан  біз  осы 
сапардан  алған  əсерімізді  өзімізде  атқарылып  жатқан  сан 
шаруалардың ыңғаймен салыстыра отырып, əңгімелегенді 
жөн көрдік.
Күрмеусіз көш: Боннан – Берлинге
Еліміздің  жаңа  бас  қаласының  тұсаукесері  өткені 
жақында  ғана.  Германияға  сол  əсер  үстінде  барғанбыз. 
Бұларда да астананы Берлинге ауыстыру  қамына кіріскен 
екен.  Баз  біреулер  айтып  жүргендей  немістер  астанасын 
ауыстыруға  бірауыздан  келісе  қойыпты  деген  сөзде  негіз 
жоқ екендігіне көзіміз жетті. Елдің бас қаласын  ауыстыруға 
байланысты əрі тарт та, бері тарт пікір, қилы-қилы көзқарас 
мұнда  да  болыпты.  Белгілі  жайт:  кімнің  жылы  орнын 
суытқысы  келеді  дейсіз.  Бірақ  қалай  болғанда  да  мəселені 
тереңінен  ақыл-парасат  таразысына  салғанда  қоғамдық 
пікір Берлинге ойысқан.
Астананың Берлинге көшуіне байланысты Бонның рөлі 
ешқашан  кемітілмейтін  көрінеді.  Үкіметтің  жиырма  үш 
министрлігінің алтауы осында қалып жұмыс істейді. Де-
мек, осы алты министрлікке қарасты ірі-ірі мекемелер мен 
кəсіпорындар, ғылыми орталықтар мен фирмалар, банктер 
бұрынғысынша жұмыстарын Боннда жалғастыра бермек. 
Германия тарихында 1949 жылдан ел астанасы болып кел-
ген Боннға деген қала тұрғындарының ілтипаты, құрметі 
ерекше. Бас қала мəртебесінің Берлинге ауысуына байла-
нысты бонндықтардың бұл сезімі одан сайын үдей түскен. 
Олардың,  əсіресе,  сəулет  өнеріне,  жалпы  өнер  атаулыға 
деген    құрметі  ерекше.  Бонның  бір  өзінде  жиырма  екі 
музейдің болуы көп нəрсені аңғартпай ма? Қазақстаннан 
барған өнер шеберлерінің концерті де қаланың ең əсем де, 
əрлі ғимараттарында қойылды. Жыл он екі ай мұнда өнер 
мерекелері бір сəтке де үзілмейді екен. Бетховен олимпи-
адасы ауық-ауық өткізіліп, оның жеңімпаздары ғаламның 
түкпір-түкпірлеріндегі  өнер  сайыстарына  жолдама  алып  

53
жатады.  Ал  өнерге  құрмет – тарихқа  тағзым,  келешекке 
құрмет. Неміс елі мəселені осылайша түсінеді.
Қымыздың қадірін Золлман біліп отыр 
Майндағы Франкфурттағы көрікті концерттен соң қала 
магистратында қонақасы берілді. Əңгімеден əңгіме шығып, 
Қазақстаннан  келген немістеріміз  қазы-қартамызды , жал-
жаямызды, қымыз-қымыранымызды  мақтап ала жөнелген.
–  Ал  енді  бар  ғой,  сол  қымызды  біз  мұнда  жыл  он  екі 
ай  ішеміз, – деді  Александр  Гензе.  Александр  Солтүстік 
Қазақстан  облысындағы    Қызылтаң  ауылынан  келіпті. 
Мұнда келгеніне онша ұзақ та болмаған. Жерлес немісіміз 
айтып  тұрған  құпияның  мəн-жайы  былай  екен.  Біздің 
жылқының  сүті  дертке  дауа  екендігіне  бұлардың  көзі 
əлдеқашан-ақ 
жетіпті. 
Əңгімелесіп 
отырғанымызда 
елшілікте  істейтін  Төлеген  деген  жігітіміз  сопаң  еткізіп 
сөмкесінен  жасыл  бөтелкені  шығарды  да,  үстел  үстіне 
қойды. 
–  Осы, –  деді  Гензе  иегімен  бөтелкені  мегзеп. – Өзі 
қымбат та емес. Күнделікті алып ішіп тұруға болады.
Осыдан  жиырма  жылдай  уақыт  бұрын  Хоферер  Одер-
вальде  деген  деревняда  Золлмандар  əулеті  бие  байлау, 
қымыз əзірлеу кəсібімен шұғылдана бастайды. Ұлты неміс 
болғанымен  бұл  əулет  қазақтың  ата  кəсібіне  білекті  сыба-
на кіріседі. Сөйтіп, оны табыс көзіне  айналдырады. Тиісті 
биологиялық тексерулерден өткізілгеннен кейін қымыз по-
рошокталады екен. Сөйтіп, оны жылдың қалаған мерзімінде 
ерітіп, қымыз етіп ішуіңізге болады.
Қымыздың  адам  денсаулығына  пайдасын  біліп  алған 
немістер    оны  өздерінің  сырасындай    сылқылдатып  жүр. 
Ал  Золлмандардың  бизнесі  өрлеп  тұр.  Себебі  оған  күн 
сайын  тапсырыс  беруші  мекемелердің,  емдеу-сауықтыру 
орындарының  мөлшері  көбейіп  келеді.  Көбіне-көп    өзіміз 
бағалай бермейтін қымызымыздың қадірі Германияда осы-
лайша асқақтап тұр!

54
«Шалқарға» сəлем деңіз!
Еліміз  тəуелсіздік  алғалы  бері  шетелдегі  қазақ 
диаспорасының тағдыры талай қаламгерлердің қаламына 
ілікті.  Тіпті  жазылмаған  жағдаят  та  қалмағандай. 
Германиядағы қандастарымыз туралы да осылай дер едік. 
Алайда уақыт-сынаптың бір орында тұрмайтыны секілді, 
шешуін күткен мəселелердің де сəт сайын туындап жата-
тыны белгілі.
Едрес Ерол, Шұғайып Ерол, Ұятай Қажы, Жəнібек мыр-
залармен тілдескенде құзырлы мекемелер қолға алуға тиіс 
тілек-ұсыныстарды естідік.
– Қазақстаннан, əсіресе, соңғы жылдары осы Германия-
ға ат ізін салушылар көбейіп келеді, – дейді Едрес ақсақал. 
Денсаулығын  түзеу  үшін  келетіні  бар,  сауда-саттық 
мақсатында келетіні бар. Ал бірақ мұнда өз аяғымен кел-
гендер  үшін  күтім  ойдағыдай  бола  бермейтіні  де  рас. 
Қонақүйлердің бағасы аспандап тұр...
– Егер Қазақстаннан келген бауырлар үшін Кёльн неме-
се Бонн қаласынан кішкене ғана үй, немесе үй салынатын 
жер болса бұл проблема шешілер еді, – дейді Едрес Ерол 
мырза. – Олардың жатып-тұруына, шаруасын асықпай тын-
дыруына мүмкіндік туады. Ал үйдің күтімі, оған керекті 
заттардың бəрін қамтамасыз етуді біз өз мойнымызға алар 
едік.
Осы Едрес ақсақалдың айтуынша былтыр Германиядағы 
қандастардың қолға алуымен отыз бес мың марканың дəрі-
дəрмек көмегі Қазақстанға жіберіліпті.
– Былтырғы жылға дейін «Шалқар» газетін алып тұрып 
едік.  Биылғы  жылға  да  жазылғанбыз.  Ел  тынысын  біліп 
отыратын  шетелдегі  қазақтар  үшін  таптырмайтын  газет 
қой  бұл.  Осының  кідіруінің    себебі  не  екенін  біле  алмай 
далмыз,- дейді Мəуітхан Көкай. – Осы пікірімізді редакция 
қызметкерлеріне, құзырлы мекемелерге жеткізсеңіздер!

55
Мұстафа рухы – мəңгілік
Кешегі тоталитаризм кезінде есімі өз халқынан қасақана 
бүркемеленген  Мұстафа  Шоқай  даңқы  бүгінде  асқақтап 
тұр.  Республика  көлемінде    Алаштың  ардақтысы  тура-
лы  əлденеше  кітаптар  жарыққа  шығып,  оның  өзінің  төл 
еңбектері  оқырмандарына  жол  тартқаны  мəлім.  Оның 
есімін əспеттеу бір күннің ғана шаруасы емес. Ал Мұстафа 
ағамыздың  қабірі  қазір  Берлин  қаласында.  Қазақстан 
өнер  қайраткерлерінің    бұл  сапарының  ауқымды  бір 
жүйесі  Берлинде  жалғасқаны  мəлім.  Қазақта  «Өлі  разы 
болмай,  тірі  байымайды»  деген  қанатты  қағида  бар. 
Қазақстан  Республикасының    Мемлекеттік  хатшысы 
Ə.Кекілбаев бастаған зиялы қауым өкілдері Алты Алаштың 
ардақтысының  бейітіне  барып,  құран  бағыштап,  оның  ру-
хына бас иді.
Мұстафа Шоқайдың қабірінің жанында жерленген тағы 
бір қазақ азаматының  құлпытасы тұр екен. Онда былай деп 
жазылған:
«Шəкір Мұхамедияров
1891-1941
руы Беріш,
Сəтембет ауылы».
–  Былтырғы  жылы  Мұстафа  ағамыздың  денесін  атаме-
кенге  жеткізу  жөнінде  жақсы  бір  бастама  болған  еді.  Ко-
миссия  да  құрылған.  Мен  соның  бір  мүшесімін, – дейді 
Германиядағы  қазақ  диаспорасының  белсенділерінің 
бірі  Ахмет  Баки. – Комиссияның  ұсынысын  үш  елдің – 
Түркияның, Германияның, Қазақстанның үкіметтері қарап 
тиісті шешімін шығаруы керек. Ендігі тілек осы бастама ба-
янды болса екен.
Біз де Ахмет Бакидің осы ниетінің тезірек орындалуына 
тілектестігімізді білдіріп, аттанып кеттік.
Алматы – Бонн – Берлин – Майндағы Франкфурт – 
Алматы.  1998 ж.

56
    
МАҚСАТТЫ МАЙДАН МАРАФОНЫ
немесе мемлекеттігімізді мəуелі ету жолындағы 
құлшынысқа қанат бітсін десек
 
Тарих  жылнамасы  тағы  бір  жылға  қоныс  берді. 
Өн  бойына  тағылымды  істерді  тұлғаласам  деген  өткен 
жылға өкпеміз жоқ. Себебі  іргеміз – бүтін, түтініміз түзу 
ұшты. Бұл – ғасыр мəресінде мың сан мəселесі шарпысқан 
Қазақстан тағдыр талайындағы басты өлшем.
Ал    бүгін,  міне,  Уақыт  сахнасында – 1999 жыл.  Енді 
əңгімені  «Қазақ  əдебиетінің»  қам-қарекеті  төңірегінен 
қайырсақ, газет шығару ісіндегі қызығы мен қиыншылығы 
мол  алмағайып    күндердің  əр  сəті  есте.  Бəрін  тізбелеп 
шығу  шарт  емес.  Ал  бірақ  бір  мəселені  қадап  айтпасқа 
тағы  болмайды.  Газет – қоғамдық  ой-сана  мінбері.  Бұған 
қоса  əр  басылымның  өз  дəстүрі,  бет-бедері,  өсу-өркендеу 
жолы,  машығы  мен  мəдениеті  бары  тағы  ақиқат.   Осы 
өлшем  тұрғысынан    келгенде  «Қазақ  əдебиетіне»  рухани 
құндылықтарымызды қолдау, қорғау мəселелері жүктелген. 
Əдебиетіміз  бен  мəдениетіміздің  өзекжарды  проблемала-
рын талдап, таразылап отыру да осы басылымның парызы. 
Ал мақсатты жұмыстың бүкіл үрдісі газеттің ағартушылық 
сипатынан 
бастау 
алады. 
Басылым 
болмысының 
ағартушылық сипаты демократиялық қоғам орнатсам деген 
мемлекет  мұратының  басты  ерекшелігі  болып  табылмақ. 
Газет  табиғатын  тек  осы  қалыппен  өлшеп-пішуге,  өйтпе-
бүйтпе  деп  шектеуге  тағы  болмайды.  Себебі  Уақыт 
ерекшелігі қалайда өз қолтаңбасын қалдырмақ.
Мəселеге  осы  тұрғыдан  келгенде  қазақ  жұртының 
өкілдері  үшін  тəуелсіздігіміздің  іргетасын  шайқалтып  ал-
май  мемлекеттігімізді  нығайтуға  үлес  қосудан  асқан  биік 
парыз болмаса керек. Рас, қазір қиыншылық шаш етектен. 
Оны  ешкімнен  жасыра  алмайсыз.  Оны  бүркемелеу  де  бос 
əурешілік.  Биыл  ел  ішінде  баспасөз  тарату  мəселесімен 
түптеп  айналыстық.  Сонда  көп  нəрсеге  көз  жеткіздік. 

57
Ертеңім  арайлы  болсын,  ұрпағыма  ұлтарақтай  жерден 
ырыс-несібе  алудың  əдісін  үйретсем  деп  жанталасқан 
кісілерді  көрдік.  Керісінше,  кешегі  күнді  аңсаумен  кеңсе 
күзетіп, қысыр əңгімені қанағат етіп айналшықтап жүрген 
ағайындарды да көрдік. «Оу, қысыр əңгімені қайтесің, одан 
да алдыңдағы бес-алты тұяқтың қысқы азығын  дайында, 
алқапқа шық» деген сөзді «қыстырғысы» келмейді бірінің. 
Сөйтіп,  ала  жаздай  əлəулайлаған  қазекем  қара    күзде 
қалтырайды  дерсің.  Бұл – мəселенің  объективті  жағы. 
Мұны айтып отырғандағы себебіміз осынау қазақы тірлікті 
төмпештеуден ана тілді басылымдардың  ешқайсысы  кен-
де  қалып  жатқан  жоқ.  Ал  мəселе  осымен  ғана    шешіліп 
бола  ма?  Бұл  осы  ғасырдың  басында  «Қазақ»  газеті  мен 
«Айқап» журналы Алты Алашқа айқайлап жатқан мəселе. 
Бір ғажабы, соның бəрін  ғасыр мəресінде тағы айна қатесіз 
қайталап отырмыз.
Озық  нəрсе – ортақ  игілік.  Ілгерілеуді  тілейтін  болсақ, 
жан  жадыратар    жақсылықты  іздеп  тауып,  соны  жазу  ке-
рек.  Өркениетті  елдер  қатарында  тұрғымыз  келсе,  бары-
мызды  бағалай  білейік.  Жылт  еткен  жақсылықты    қалың 
əлеуметтің    ортақ  игілігіне  айналдыра  білейік.  Баспасөз, 
міне,  осы  мəселені  каперде  ұстауы  керек.  Мемлекеттікті 
нығайтуға  үлес  қосу  үрдісі  осындай  ұмтылыстармен 
əдіптелмек.
Мəселені  осылай  қоя  білгенімізбен  қазақ  басылым-
дарына  деген  екіұдай  пікірдің  бой  алып  бара  жатқанын 
жасыруға болмайды. Бірі, «қазақ газеттері сүреңсіз. Ешкім 
оқымайтын газет кімге керек?» деп қағынып-сілкініп жат-
са, енді бірі «көрдіңіз ғой əні, əкімдердің басына əңгіртаяқ 
ойнатып отырғанын» деп екінші бір басылымды мақтауға 
баға  таппай  жатқаны.  Бірінші  көзқарас  тұрғысынан  кел-
сек,  қолымызды  кеудемізге    қойып  айтайық,  Қазақстанда 
оқылмайтын  газет  шықпайды.  Қазіргі  заман  басқа,  уақыт 
өзгеше. Оқылмайтын газет өзінен-өзі тұншығып, руханият 
айналымынан шығып қалады. Нарық заңы қалай. Ал бірақ 
біраз  қазақ  басылымдарының  анау  айтқандай  таралымы 

58
болмауы да мүмкін. Себебі  əр басылымның өз оқырман ау-
диториясы  бар.  Мəселен,  қазақ  зиялыларының  үні  «Қазақ 
əдебиетінің»  тиражы 50-60 мың  бола  қоймады  деп  жер 
тепкілеудің  түк  те  қажеті  жоқ.  Осыны  түсінетін  уақыт 
əлдеқашан жетті. Теледидардағы ағайындардың тіл безеуін, 
мысқылдауын қояр кез келді ғой деймін.
Ал    тираж  мəселесіне  келсек,  газет  таралымы  редак-
ция қызметкерлерінің ғана жұмысы емес, бұл – біле білген 
жанға  елге  тұтқа  болсам  деп  жүрген  əкімдеріміздің  де,  іс 
басындағылардың да абыройлы міндеті. Жетпіс жыл бойы-
на тоталитарлық режим теориясымен тұтқындалған санаға 
демократиялық рух сіңірген кімдер? Əрине, газет-журнал-
дар. Осы бір мəселені дербес дара жүргізу іс басындағыларға 
оңайға  түспес  еді.  Мəселені  осылай  қойғанда  мерзімді 
басылымдарға барынша қамқорлық көрсету əкімдеріміздің 
бірінші кезектегі парызы болар еді. Сонда олар баспасөзге 
жазылу  науқаны  кезінде  «онда  менің  шаруам  жоқ!»  деп 
сырт  айналып  кетпес  еді.  Енді  мəселенің  екінші  бөлігіне 
келсек, ол былай.
Жақында маған «Ана тілі» газетінің тілшісі Н.Сапарғали 
сауал қойды. «Дат» газетінің жабылуына қалай қарайсыз?» 
деп. «Ойланайық.  Ұялмайтындай  етіп  жауап  берейік.  Ал, 
қазірше  уақыт  тығыз  болып  тұр»  дедік. (Уақыт  расын-
да  да  тығыз  болатын – редакцияның  сан  алуан  шаруасын 
кимелеген  сəт  еді.  Өкініше  орай  менің  тілшіден  мұрсат 
сұраған  сөзім  дəл  осы  күйінде  газетте  жарияланып  кетті. 
Есесіне берілген сұраққа деген менің көзқарасым айтылмай 
қалды.  Мұны  газет  тілшісінің  балаңдығы  əрі  шалалығы 
деп  ұқтық.  Қойылған  сауалға  тиісті  жауап  қайтарылмай 
тұрып, ауызекі айтылған əңгімені сол күйінде газет бетіне 
шығарып жіберу журналистік этикаға жатпаса керек). «Ал 
енді  «Ана  тілі»  газеті  тілшісінің  сол  сауалы  төңірегінде 
пікір айтудың қисыны енді келіп тұр. Иə, «Дат» газеті қазақ 
қауымына керек пе еді? Бір ақиқат бар. Газет шығару ісінде 
мемлекеттік  мүддеден  бұрын  жеке  мүдделердің  саясаты 
араласқанда  ол  жалпыұлттық  басылым  мəртебесінен  ай-

59
рылады.  Менің  түсінігімде, «Датты»  шығарушылар,  міне, 
осының ара-жігін айыра алмады. Сөйтіп, қалың əлеумет о 
баста үлкен үміт күте қараған газет шектеулі тақырыптар 
төңірегін шиырлай беріп, ақыры жабылып тынды.
Газеттердің  жабылуын  дау-дамайға  айналдырудың, 
үлкен  сенсация  жасаудың  қажеті  шамалы.  Бүгін  бір  газет 
ашылады, ертең екіншісі жабылады. Бұған қазақ баспасөзі 
тарихының  бір  ғасырлық  жылнамасы  дəлел.  Себебі  əр 
газеттің өз миссиясы болады. Оның өмір сүру-сүрмеуі сол 
алға қойған міндеттердің баяндылығына байланысты.
Міне,  мəселеге  осы  тұрғыдан  келгенде  «Қазақ 
əдебиеті»  газеті  өзінің  бүкіл  тыныс-тіршілігінде  өткен 
жылдардағы толымды тəжірибенің оңтайлыларын ұқыппен 
жалғастырмақ.  Себебі,  біз  үшін  дəстүр  сабақтастығы  қай 
кезде  де  қымбат.  Бұл – бір.  Екіншіден,  рухы  күшті  елдің 
алмайтын  қамалы  болмас.  Сондықтан  рух  өршілдігі  мен 
отаншылдық  тақырыбына  айрықша  назар  аударылмақ. 
Осы  мəселелер  төңірегінде  «Дөңгелек  стол»  басындағы 
сұхбаттар  мен  қаламгерлеріміздің  еркін  пікір  алмасула-
рын  ұйымдастырмақпыз.  Мұның  бəрі,  əрине,  газетіміздің 
65  жылдық  мерейтойына  əзірлік  науқаны  орайында  өріс 
таппақ.  Осы  акция  кезінде  редакция  қызметкерлері  об-
лыстарда  газет  күндерін  өткізсе  деген  ниетіміз  де  бар. 
Бұл  қам-қарекетіміздің  қай-қайсысы  да  мемлекеттігімізді 
нығайтсақ, келер ғасырға кемелді тіршілік тұтқасын ұстап 
аттасақ деген мақсаттан туындап отыр.
1999 ж. 
АРҚАЛЫҚ: ҮМІТ СƏУЛЕСІ СӨНБЕЙДІ
Еліміз тарихында бүгінде шағын қалалар деп аталатын 
Рудный,  Жаңатас,  Жітіқара,  Қаратау,  Кентау,  Арқалық, 
Талдықорған,  Лисаковск  шаһарларының  өзіндік  орны  бар.  
Ілгеріректе  жас  құрылысшылар  мен  сəулетшілер, кеншілер 
осы қалалардың болашағымен үміттерін үкіледі. Олардың 
энтузиазмы,  жалыны  мен  жігері  шағын  шаһарларды 

60
шаттыққа  бөледі,   бұрынғы   Одақ   көлеміне   əйгіледі.
Алайда соңғы бес-алты жыл көлемінде бұл қалалардағы 
екпін  бəсеңсіп,  мұның  өзі  қала  тіршілігінің  əлеуметтік-
экономикалық  дағдарысына  алып  келді.  ТМД  елдеріндегі 
нақты  шаруашылық  байланыстардың  үзілуі  шағын 
қалалардың  жан-жақты дамуына қатты соққы болып тиді.
Осының бəріне  Республика Үкіметі көз жұмып отырды 
деп айта алмаймыз. Кезінде талай комиссиялар келіп кетіп, 
деректер жиыстырған, сараптамалар жасаған. Осыдан əріге 
бара  алмаған.  Нақты  мүмкіндіктің  жоқтығы  қолбайлау 
болған.
Премьер-министр  Н.Балғымбаев  бастаған  Үкімет, 
міне,  осы  олқылықтың  орнын  толтыруға  тырысып-ақ 
келеді.  Ел  Президентінің    «Қазақстан-2030»  стратегиялық 
мақсаттамасының    бір  жүйесі  осы  шағын  шаһарлардың 
екінші  тынысын  ашу  болса,  Үкімет  те,  міне,  осы  бағытта 
өзінің  бар  мүмкіндігін  жұмсап  отыр.  Соның  бір  нақты 
айғағы Республика  Үкіметі қорынан бұл қалаларға арнайы 
қаржының бөлінуі. 
Қыс  болса,  қыр  астында.  Үкімет  өз  тарапынан  қам-
қорлығын  жасап  отыр.  Ендігі  міндет,  ендігі  сын  сол 
қалабасыларының  іскерлігіне,  оның  тұрғындарының  мүд-
делестіктеріне,  тіршілігіне  байланысты.  Жоғары  жаққа 
қарап ауыз ашып, алақан жая берген болмас. Бұл – бір.
Екіншіден, бұл шағын шаһарлардағы жағдайлардың бəрі 
қараң қалған жоқ. Өз қаласы дегенде өзегі өртене, жарғақ 
құлағы  жастыққа  тимей  жүгіріп  жүрген  жанашырлар  да 
бар.  Сондықтан  олардың  құлшынысына  қанат  бітірсек, 
жігер  отын  лаулата  алсақ – қаламгерлік,  азаматтық 
парызымыздың бір мысқалын өтегендей болар едік.
Осыны  ескере  отырып  газетімізде  «Шаршама,  шағын 
шаһар, еңсе көтер!» деген айдар ашып, осы мəселеге қалың 
оқырман  қауымды  қатыстырғанды  жөн  көрдік.  Сонымен, 
алғашқы əңгіме Арқалық қаласы хақында.
Торғайдың байлық тұнған дарқан жері,
Аққу-қаз асыр салған шалқар көлі.

61
Арқаның даласында бір қала бар, 
Анамдай құшағына тартар мені.
Бақыттың бастамасы,
Шаттықтың астанасы. 
Арқаның жас қаласы,
Атыңа бас ием!
Астықтың даласы бұл.
Жастықтың қаласы бұл,
Достықтың панасы бұл
Арайланған – 
Таң нұрым
Əн жырым
Жан гүлім
Арайлым Арқалығым!
Осыдан  ширек  ғасыр  уақыттан  астам  бұрын  Арқалық 
аспанында    қалықтап,  жас  қала  тұрғындарының  ру-
хын  асқақтатып,  оны  əспеттеген  əн  еді  бұл.  Əннің  ав-
торы    əйгілі  Əсет  аға  Бейсеуов  те,  сөзін  жазған  сыршыл 
ақын  Серік  Тұрғынбеков    болатын.  Қазақтың  қайраткер 
перзенті Өзбекəлі Жəнібековтің  ұйытқы болуымен «Торғай 
əуендері» атты фестиваль ұйымдастырылып, оның беташар 
маршы ретінде шырқалған да осы əн-тұғын.
Əңгімені  Əсет  ағамыздың    əнімен  бастауымыздың 
да  себебі  болып  тұр.  Себебі  сол  əн  əуенінде  өрнектелген 
Арқалық болмысы сол жылдардың жасампаздық рухымен 
өзектесіп,  қиялына  қанат  бітіргендей  еді.  Біздің  ол  кезде 
орта мектепті енді ғана тəмамдап, оң-солымызды  бағамдай 
бастаған    бозбала  кезіміз-ді.  Сонау  түкпірдегі  қойлы  ау-
ылдан облыс орталығына келіп, ондағы жаңалықты бойға 
сіңіріп,  алып  құрылыстары  аспанға  қол  созған  қаланы  та-
машалап, таңғалып, соның бəрін ауылдастарға жеткізгенше 
асығатынбыз. Біз үшін, өмірі ауданнан əрі асып көрмегендер 
үшін Арқалық Алматыдан кем емес.
Ақиқаттан айналып кете алмайтындығымыз рас болса, 
Арқалық  шын  мəнінде    аз  ғана  жылдың    ішінде  дүркіреп 
өсті, қанатын кеңге жайды. Іргелі кəсіпорындар бой көтеріп, 

62
мəдени-ағарту  мекемелері  сəн  түзеді.  Педагогикалық  ин-
ститут,  тарихи  өлкетану  музейі,  филармония,  драма  теа-
тры  секілді  руханият  ошақтары  дүниеге  келіп,  мұның  өзі  
қала  тұрғындарының  мақтанышына  айналды,  мəртебесін 
биіктетті.  Сырт  жерге  шыққанда  біздерде  мынадай  бар, 
мынадай  бар  деп  айтудың  объективті  қисыны  орнады. 
Сөйтіп, Арқа төсіндегі жас шаһар, шын мəнінде, «Арайлы 
Арқалық!» болды.
Қаламен бірге оның зиялы қауымы да есейді. Оқығандар 
ортасы  орныға  түсті.  Ғылым  мен  білім,  əдебиет  пен 
мəдениет саласының  өкілдері Торғай  өңірін республикаға 
мəшһүр ете бастады. Үркердей үмітті шоғыр өнер өлкесіне 
қанат  қақты.  Қысқасы,  тағдыры  талайлы  Торғай  өңірі  ұл-
қыздарының    шын  талантына    таңдай  қағып,  бас  имеген  
жан кемде-кем еді!   
Бүгінде  есімі  дүйім  елге  бір  топ  қоғам  қайраткерлері  
де  осы    қаланың  ыстық-суығында  шыңдалды.  Алайда 
уақыт шебердің өз дегеніне  көндірмей қоймайтын ақиқаты 
тағы  бар.  Жаңа  өндірістік    қатынастардың  орныға  ба-
стауы,  қаланың  даму  ерекшелігіне  де  өз  əсерін  тигізбей 
қойған  жоқ.  Бұрын  үнемі  орталыққа    арқа  сүйеп  келген  
аграрлық  облыс  шаруашылықты  дербес  қаржыландыруға  
мүлде  икемсіз  болып  шықты.  Бұл  жерде,  əрине,  бүтіндей 
халықты  күстаналау  қиын.  Алайда  сол  тұстары  басқару 
тізгінін  қолына  ұстағандардың  дəрменсіздігі,  нəуетектігі, 
қарапайым халықтың мойнына қамыт болып  киілді. Бұған 
бір  ғана  мысал  келтіруге  болады.  Арқалық  қаласының 
іргесінде  кезінде  «Қайыңды», «Алуа», «Қараторғай»  деп 
аталатын  қой  шаруашылығына  бейімделген  ірі  кеңшарлар 
болды.  Шамның  көлеңкесі    түбіне  түспейтіндігі  секілді, 
осы шаруашылық тұрғындарының ұсыныс-сұраныс, талап-
тілегі ескерілмей, орындалмай жатты. Мəселен, «Қайыңды» 
Арқалықтан 65-ақ шақырым жерде, облыс экономикасының 
қуатты кезінің өзінде Арқалықтан шаруашылық орталығына 
дейін  тас  жол  төсеу  жөніндегі  ел  адамдарының  мұң-зары 
ешкімді де селт еткізбеді. Жол түзелсе, техника демікпейді, 

63
техника  жүріп  тұрса,  шаруашылық  шалқиды  деген 
қарапайым ғана  қағида ешкімнің миына  кіріп шықпады. 
Кейін, нарықтағы экономиканың қақпақылы басталған кез-
де бұл шаруашылықтар жол салу туралы əңгімені қозғамақ 
тұрмақ, «байтал түгілі, бас қайғыға» тап келді.
Осындай  келеңсіздіктер  Арқалықтың    өз  басында  да 
жетіп  артыла  бастады.  Ол  бірте-бірте  ұлғайып,  меңдеп, 
əлеуметтік  дерт  ошағына    айналды.  Кəсіпорындар  қаң-
тарылып,  жұмыссыздық  етек  алды.  Əңгімені  əріден 
қозғамай-ақ, арқалықтықтардың  тек былтырғы жылғы қыс 
бойына  көрген  құқайын  еске  алсақ  та  жетіп  жатыр.  Қала 
жылу жүйелерінің қысқа жеткіліксіз əзірлігінің салдарынан 
адамдардың үйлерін тастап, есік-терезесін шегелеп, жақын 
елді  мекендерге  көшіп  кетуі  үйреншікті  əдетке  айналды. 
Ауызсумен, электр қуатымен қамтамасыз ету мəселесі ай-
тыла-айтыла тұрғындарды əбден ығыр қылды...
Осы  жəне  басқа  мұқтаждарға  байланысты  республика 
үкіметі  мен облыстық əкімшілік  тарапынан  əлденеше ко-
миссия  келіп,  істің  мəн-жайын  тексерген  еді.  Сондағы  де-
ректер былайша «сөйлейді». Арқалықта  күні бүгінге дейін 
77,4  мың  тұрғын  бар  дейтін  болсақ,  соның 10,5 мыңын 
зейнеткерлер, 15,4 мыңын  мектеп  оқушылары, 3,5 мыңын 
студенттер, 6 мыңнан  астамын  мектеп  жасына  дейінгі  ба-
лалар, 3,5 мыңын ресми тіркелмеген жұмыссыздар құрайды 
екен. Жалақы жөніндегі қарыз 2 жарым есеге  жуық өскен. 
Жəрдемақы  мен  зейнетақының  айлап,  жылдап  берілмеуі 
дəстүрге берік айналған. Қала бойынша 5 қабатты он бес үй 
қаңырап бос тұр. Бұл – екі мыңнан астам пəтер иесіз қалды 
деген  сөз.  Судың,  жылудың  уақтылы  берілмеуі,  қаладағы 
антисанитарлық  ахуал  əртүрлі  жұқпалы  аурулардың 
өршуіне түрткі болған.
Осының бəрі жергілікті басқару билігіндегі олқылықтың, 
икемсіздіктің, нəуетектіктің, жаныашымастықтың салдары 
еді.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарынада  қаланың  бұрынғы 
əкімі  Б.Бөлепова  туралы  əртүрлі  алыпқашпа  сөз  көп  ай-
тылды. «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтыны» рас 

64
болса, əлгі əңгімелердің  де қисынсыз еместігін уақыттың 
өзі    дəлелдеп  отыр:  оған  қызмет  бабын  жеке    басының  
мүддесі үшін  пайдаланды,  деген кінə тағылып, осы бойын-
ша құқық қорғау органдары тарапынан тексеру жүргізіліп 
жатыр.  Əңгіменің  ақ  пен  қарасына  уақыт  төреші.  Бұл –  
қаланың бұрынғы əкіміне қатысты мəселе.
Ал енді сол кісінің қол астында қала шаруашылығының 
түрлі буындарында  жұмыс істеп келген адамдардың өз ісіне 
икемсіздігі,  орашолақтығы  жуырда  республика  Премьер-
министрі  Н.Балғымбаев  қалада  болып,  кəсіпорындарды 
аралаған  кезде  айқын  көрінген.  Айталық,  Премьер-ми-
нистр  жылу  орталығында  болып,  оның  жай-күйімен  жете 
танысқан.  Жағдайды  көріп,  мəселеге  қаныққаннан  кейін, 
оған тиісті миллиондаған сом қаржы бөлінетіндігі жөнінде 
уəде  берілді.  Ал  бірақ,  осы  қаржылар  қандай  буындарға 
жұмсалады,  бірінші  кезектегі  атқарылуға  тиіс  мəселе 
қандай  деген  сауалға    келгенде,  мамандар  қағаздарын 
аударыстырып-қопарыстырып, ештеңенің ыдығын таба ал-
май, əбден əбігерге түскен. Сөйтіп, олардың қолында нақты 
ақпараттық негіздеме болмай шыққан.
Біздің дəрменсіздігіміз сол, миллиондаған сом қаржыны 
жоғарыдан  сұрағанды  білеміз,  ал  сол  қыруар  қаржыны 
қайда, қандай мақсатқа, нендей мөлшерде жұмсау керектігі 
жөніндегі  экономикалық  негіздемелерге  шорқақпыз. 
Шаруашылығымыздың  шатқаяқтауының  бір  себебі, 
əлгіндей  қаржыны  ұқсатып  жұмсау  көзін  таба  алмайты-
нымызда.  Сол  баяғы  кеңестік  шаруашылық  кезіндегі  мен-
талитеттен  жергілікті  басшылар  əлі  арыла  алмай-ақ  жүр. 
Өкінішке орай, дəл осындай жағдай «Армаш» акционерлік 
қоғамын, «Керамика» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 
кəсіпорындарын  аралау  кезінде  де  болған.  Кəсіпорын 
иелері  мен  мамандары  нақты  экономикалық  дəлдемелерді 
білмейтін  болып  шықты.  Білгеннің  өзінде  бір  дерек  пен 
екінші деректі шатастырып, өздерінің біліксіздігін көрсетіп 
алған.
Басшылар мəселені бүгінгі күннің қажетімен ғана ойлап-

65
пішетін ғадетінен əлі арыла алмай жүр. Болашақты болжау, 
мəселені кешенді түрде ойластыру жағы жетіспей жатады. 
Айталық,  Премьер-министрдің  қала  кəсіпорындарын  ара-
лау  кезінде  мынадай  жағдаят  болған  екен.  Коммуналдық 
шаруашылық  өкілдерінің  бірі  «Ашутасты»  су  құбырына 
қосымша тағы бес шақырымдық желі тарту жөнінде ұсыныс 
қояды. Сол кезде, қала тұрғындары күн сайын 5 мың кубо-
метр су алып тұрар еді дегенді айтады. Бұл үшін 40 мил-
лион теңге қажет көрінеді. Ұсынысы дұрыс. Ал бірақ, əлгі 
өкіл сол құбыр тартылатын аймақта судың қанша қоры бар 
екенін  есептеп  көрді  ме  екен?  Міне,  бізді  де  ойландырған 
осы. 40 миллион  теңге  жұмсап  құбыр  салсақ,  ал  жарты 
жылдан  соң  ол  жердегі  су  көзі  тартылып  қалса,  сонда  не 
болғаны? 
Қала  тіршілігінің  тұралап,  титықтап  қалуы,  тек  қана 
қаржының жетімсіздігінен деп түю біржақтылық болар еді. 
Бұған біз əлгінде ғана сөз еткен кəсіпорын басшыларының 
шалағайлығы, біліксіздігі, аз əсер етіп отырған жоқ. Қолға 
тиген  аз  ғана  тиын-тебенді  ұқыпты  пайдаланса,  бірді  екі 
ете  білсе  арқалықтықтар,  қазіргі  бетпе-бет  келіп  отырған 
қиындықтар едəуір жеңілдер ме еді деген ой келеді.
Арқалықтың  осындай  əрі-сəрі  күй  кешіп  тұрғанында 
оған əкім болып бұған дейін Аманкелді ауданын басқарған 
Сабыржан  Ахметов  келді.  Оның  қала  тізгінін  қолына 
алғанына  небəрі  бір  жарым  айға  жуық  уақыт  енді  болды. 
Сабыржан  Ахметов  есімін  Арқалық  тұрғындары  жақсы 
біледі.  Амантоғай  ауданына  əкім  болардан  бұрын  ол  осы 
қала əкімінің коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі 
орынбасары қызметін атқарған-ды.
Өзінің  еңбек  жолын  қарапайым  инженер-электрик 
мамандығынан  бастаған  Сабыржан    кезінде  Аманкелді, 
Арқалық  аудандарының  көптеген  шаруашылықтарында  
тындырымдылығымен, іскерлігімен ел құрметіне ие болған 
азамат.
– Арқалық қаласына бару жөнінде ұсыныс айтылғанда, 
көңілде  едəуір  қобалжу  болғаны  рас.  Оны  несіне  жасы-

66
райын, – дейді  ол. – Өйткені  шаруашылығы  шатқаяқтап, 
басқару жүйесі қожыраған қаланы қалыпты арнаға  түсіру 
оңай  еместігі  белгілі.  Оған  қыруар  күш-жігер,  қажыр-
қайрат,  адамдардың  энтузиазмы,  патриотизмі  керек.  Осы 
қасиеттер олардың бойынан көріне ме, жоқ па? Міне, мəселе 
осында. Тағы бір ой келді: «Торғай елі өз басынан мұнан да 
зор  қиындықты  өткізген.  Халық  бəріне  көнген.  Бірақ    сол 
қиындықтардан  елдің  өзінің  көшбастаған  серкелері,  сөз 
бастаған  шешендері  алып  шыққан.  Олай  болса,  мынадай 
өлара кезеңде тайсақтап, тайғанақтаған жараспас. Осы іске 
егер сенім көрсетілсе, мен кіріспегенде, кім кіріседі» деген 
пікірге  тоқтадым. Сөйтіп, нартəуекел еттік.
Бұл – Сабыржанның имандай шындығы. Біз Арқалыққа 
оның  əкім  болып    тағайындалғанына    бір    ай  өткен  соң  
ат  басын  тіреген  едік.  Қаланың  білікті  адамның  қолына  
өткендігі  бірден  байқалады.  Арқалық  бір  айдың  ішінде 
көше-көшедегі күл-қоқыстан арылып, тазалық апталықтары 
өткізіле бастаған. Қаладағы антисанитарлық ошақ нысаны-
на айналды деген  жерлердің барлығы тексеруден өткізілген.  
Арқалықты сумен, жылумен үздіксіз қамтамасыз етудің жо-
спары жасалған. Қалаға су негізінен Қараторғай су құбыры 
арқылы  келеді.  Қаржының  жетімсіздігінен  бұл  құбыр  да 
уақтылы  жөнделмепті.  Өтемақының  мезгілінде  төленбеуі 
себепті,  бұдан  қалаға  су  беру  тоқтатылған.  Ұзақ  уақыт 
тиісті техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен 
құбырлар  бірнеше  жерден  кесіліп,  ал  қайсыбір  тұстары 
шіруге айналған. Жаңа əкім, міне, осыны жедел қолға алған. 
Себебі, су – тіршілік көзі.
Бір кездері орталық жылу жүйесінде істейтін білікті  ма-
мандар экономикалық қиындықтарға, қаржы тапшылығына 
шыдай алмай, басқа облыстарға, тіпті Ресейге кете бастаған 
екен. С.Ахметов орталық жылу жүйесі инженер-техниктер-
мен,  мамандармен,  бүтіндей  ұжым  мүшелерімен  бір  емес, 
бірнеше  рет  кездесіп,  кадрлар  ағынын  тоқтатты.  Олардың 
жүрегінде  Арқалықтың  ертеңіне  деген  сенім  сезімін  оят-
ты. Сөйтіп, қаланы жылумен қамтамасыз етудің жергілікті 

67
мүмкіндіктері  мұқият  есептелді.  Есілден  жаңа  жылға 
дейін 100 тонна  мазут  алынатын  болды.  Мұның  сыртын-
да республика  Үкіметінің үстіміздегі жылдың 31-шілдеде 
өткен  мəжілісінде  атап  өтілгендей, 117 миллион  теңге 
қаржы  бөлінгені  белгілі.  Қазір  жылу  жүйелерін  жөндеу 
жұмыстары  қарқынды  жүргізіліп  жатыр.  Алғашқы  айдың 
өзінде атқарылып жатқан жұмыстар арна таба бастағандай.
Қала  əкімінің  депутаттар  корпусымен,  зиялы    қауым 
өкілдерімен,  тұрғын  үй  кешендері  басшыларымен  кез-
десу  өткізулері,  олармен  арадағы  емен-жарқын,  ашық 
əңгіме  көп    нəрсеге    түрткі  болып  келеді.  Қазақтың 
«Келісіп  пішкен  тон  келте  болмас»  дегені  бекер  ай-
тылмаса  керек.  Білек  біріктіре    қимылдасаң,  алынбас 
қамалдың    болмайтындығын  өмірдің  өзі    көрсетіп  отыр. 
Бұған  айқын  мысал,  нақты  дəлелдерді  атап  айтуға  бо-
лады.  Мəселен,  Марат    Əділбековтің    басқаруындағы 
«Ақ  нан»,  Сəлім  Зейноллаевтың  жетекшілігіндегі  «Су-
сын»,  Сəрсен  Жорғабаевтың  қамқорлығындағы  «Зарина», 
Ғафиз  Утин  басқарып  отырған  «Торғай»  кен  басқармасы, 
Марат  Мұсабековтің    жетекшілігіндегі  қалалық  сау-
да  жүйесі,  тағы  басқа    кəсіпорындар  мен  бірлестіктер 
мəселеге байыптылықпен қарасақ, орнықты іске өріс ашуға 
болатындығын дəлелдеп келеді.
Біз Арқалыққа сапарымыздың  екінші күні  қала əкімінің 
тағы  бір  үлкен    кездесуінің    үстінен  шықтық.  Бұл  жолы 
ол  бұқаралық  ақпарат  құралдары  өкілдерімен,  қоғамдық 
ұйымдар  жəне  бірлестіктер  жетекшілерімен    сұхбаттасты. 
Əңгіме кіршіксіз, таза көңіл үрдісінде өрбіді. Бір ғанибеті, 
кездесуге  келгендер  əкімді  сынау  ниетінде  емес,  қайтсек, 
қиындықтан шығудың жолын табамыз деген мақсатты алға 
сала  пікірлесті.  Тіл  жанашыры  Ə.Жүсіповтің,  денсаулық 
сақтау ісінің ардагері С.Мусиннің, кəсіпкер Е.Долдыриннің 
жанашырлық  лебізі  жаңа    əкімге    жəне  оның  командасы-
на  қала  тұрғындарының  аманатындай  естілді.  Қаперге 
мықтап  түйер  əңгіме  айтылды.  Торғай  облысы  дəуірлеп 
тұрғанда,  осы  жердің  астығын  да,  барын  да  саудалап, 

68
ең  аз  процентпен  несие  алып,  пəленбай  мың  ақшаны 
шыркөбелек айналдырған бизнесмен жерлестеріміз қайда 
бұл  күнде?  Арқалықтың  ең  əсем  де  əдемі  ғимараттарын 
жекешелендіріп    алып,  кейін  не  өздері,  не  өзгелері    ра-
хатын  көрмеген    «кəсіпкерлер»  үшін  кім  жауап  береді?  
Осының  сұрауы  бола  ма,  жоқ  па?  Кезінде  халық 
қаржысына  салынған  құрылыстардың    қазіргі  мүшкіл 
халі, обал-сауабы кімдердің  арына жүктелмек. 
Қала тұрғындарын жұмыспен  қамтамасыз етудің  бір 
көзі  орта  жəне  шағын  бизнесті  дамыту.  Ол  үшін  не  істеу 
керек?  Бұл  үшін,  əрине,  қалада  осы  мəселенің  көзін  таба 
біледі-ау дегендердің басын қосып, арнайы кеңес құру ке-
рек болар бəлкім?
Арқалық  ақырзаманның  алдында  тұрған  жоқ.  Оның 
арайлы  таңы осы өлкенің бар қиындығын мойымай көтеріп 
отырғандарды əлі-ақ аялайтын болады. Өйткені  бұл қалада 
шын  мəнінде  осы    жердің  патриотымын  деген  азаматтар 
өмір  сүріп,  тұрып  жатыр!  Тастанбек  Шыманов,  Сəкен 
Қосмұхамбетов,  Қуаныш  Шəмшиев  секілді  осы  өңірдің  
ыстығы  мен  суығын  бірге  көтерген    ағалардың  өнегелі 
істері  қашанда  халық  жадында.  Кешегі  күндері    Торғай 
облысы  бір  ашылып,  бір  жабылып,  тағдырдың  тəлкегіне  
түскен  уақытта  елге  ағалық  ақылын  айтып,  сөз    бастаған 
Асқар  Байжұманов,  Мұса  Кеңбейілов,  Совет  Керейбаев, 
Сəбит  Мəжитов,  Орал  Дəулетова,  Қосылған  Күзембаев, 
Майра  Намазқызы,  Жұмағали  Өмірбеков,  Жұмаш 
Сомжүреков,  Ахметқан  Байжанов,  Сейіт  Кенжеахметов, 
Тілес  Бекмағамбетов,  Əуезхан  Жүсіпов  секілді  азаматтар 
барда бұл елдің еңсесі ешқашан түспек емес!
Республика  Үкіметінің    нақты,  пəрменді  шешімдерінің  
нəтижесінде Арқалықта қалыпты тіршілік орнығып келеді.  
Қаланың  ертеңіне  деген  үміт  сəулесі  оянды.  Жайлы  жер, 
жақсы  қоныс  іздеп  кеткен  біраз  кісілер  дағдарыңқылап 
барып,  енді  міне,  туған  қаласына  қайтып  орала  бастады. 
Бұл  жақсы  нышан,  ізгілікті  істің  бастамасы.  Біреулер  ай-
тып жүргендей мұндағы боксит қоры жуық арада түгесіле 

69
қоймас.  Мамандар  кеніште  əлі  бірнеше  жылдың  қоры  бар 
екенін  есептеп  шығарған.  Кірпіш  зауыты  іске  қосылып, 
қазіргі  кəсіпорындар  толық  қуатында  жұмысқа  кіріссе, 
бүгінгі  қиындықтың  бəрі  бір  күнгідей  болмас.  Ол  үшін, 
əрине, қала тұрғындарының жасының да, жасамысының да 
Арқалықтың  ертеңі  үшін  титімдей  болса  жақсылық  жаса-
сам деген ниеті керек.
Сонымен,  ізгілік  көші  басталды.  Сол  үлкен  көштің 
тізгінін қолына алған Сабыржан секілді осы елдің төлтума 
перзентіне сəттілік тілейміз. Өйткені,  дəл қазіргі кезеңде бас 
пайдам үшін деп емес, елдің болашағы үшін деп жан ауырта 
жұмыс істейтін Сəкендер секілді азаматтардың, оның осы-
нау  қиын  да  қысталаң  жолдағы  əріптестерін  қолдауымыз 
керек. Сыпсың сөзден, пəле-жаладан қорғауымыз керек.
Арқалықтың қайсар халқын қабырғалы істерге жетелей 
бер, Сəке!
Алматы – Астана – Арқалық – Алматы.
1998 ж.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет