Жұмабек кенжалин қалам қанаты



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата12.02.2017
өлшемі2,9 Mb.
#3983
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

ҮМІТ ҮКІЛЕГЕН КҮН БОЛДЫ
Өткеннің бəрі – тарих. Бұл мен ашып отырған жаңалық 
емес. Осы заңдылық ай мен ай, күн мен күн астасқан сайын, 
мезгіл  шіркіннің  əр  сəтін  өрнектеп,  зергерлеп  отыратыны 
тағы ақиқат. 
Бұған  дəлел: 2011 жылдың  көктемі.  Дəлірек  айтсақ, 
мақпал мамырдың 21, 22 жұлдыздары.
С.М.Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университеті 
журналистика  факультетінің 1981 жылғы  түлектері  осы 
бір күнді асыға күткен еді. Себебі оқу бітіргелі бері ширек 
ғасырдан асса да курстастар болып,  бас қосудың сəті түсе 
қоймаған-ды. 
Рас, университеттен соң, Алматыда қалып жұмыс істеп 
жүрген  жігіттер  жанұяларымен  бірге  оқу  бітіргеніміздің 
5  жылдығы  деп  шай  ішкеніміз  бар.  Аз-кем  уақыт  Горь-
кий  саябағын  аралап,  Панфилов  саябағында  балаларды 

145
сейілдеттік.  Кейін, «Отырар»  мейрамханасында  кездесу-
дің  шырайын  келтіргендей  болғанбыз.  Соңы  студент 
кездегідей  ыдыс-аяқтың  сыңғырына  ұласты...  Ол  енді 
түсінікті жай ғой. Жатақхананың «жаңғырығы» əлі басы-
ла қоймаған кезі. 
Арада  жылжып  жылдар,  сынаптай  сырғып  күндер 
өтіп жатты. Бəріне Уақыт ағзам төреші. Біз курстастар бір 
Дəуірден өтіп, екінші Дəуірді еншіледік. Тұтастай Қоғам, за-
ман өзгерді. Сол қат-қабат тіршіліктің зіл батпан салмағын 
жүректен өткізіп, алға ұмтылған курстастарды Тəңір қуаты 
2011 жылдың мақпал  мамырына жетектеп жеткізген еді. 
Курстастар  кездесуін  өткізу  айтуға  ғана  жеңіл  екенін 
сол  күндері  анық  сезінді  жігіттер.  Оған  əзірлік  шарала-
рын  былай  қойғанда,  əрқайсымыздың  жүрегімізде  біз  осы 
күнге  дейін  не  бітірдік,  не  істедік  деген  жауап  жетегінде 
жүргеніміз тағы шындық.
Ал осы үлкен сауалға  көңілімізді көншітетін бір-ақ жа-
уап  айтуға  болар  еді.  Біздер  курстастар  осы  есепті  шаққа 
ұл-қыздарымыз,  немерелеріміз  мерейленіп  атап-атап  ай-
татын  дəрежеде  келдік.  Ол – біздің  əрқайсымыздың  қал-
қадерімізше қоғамға адал қызмет етіп жатқанымыз, Тəуелсіз 
еліміздің  тұғырлы  болуы  үшін  қалтқысыз  еңбек  етіп 
жүргеніміз! Қазақ елінің аламан дүбірінде тізгін ұстайтын 
ұл-қыздарды бəйгеге баптап қосып отырғанымыз!
Курстастар  кездесуін  ұйымдастыру  шаралары 2011 
жылдың 15-ақпанында  қолға  алынды.  Дəл  осы  күні 
курстастарға  арнап  хат  жазылып,  мамыр  айының 21,22 
жұлдызында  кездесу  болатындығы  хабарланды.  Хатта 
кездесу  бағдарламасының  нобайы  ұсынылып,  жігіттер 
мен  қыздардың  əрқайсысының  қандай  іс-шараға  жауапты 
екендігі тəптіштеліп жазылды. 
Хат  дайындалып  болысымен  курстастардың  байла-
ныс  телефондары  мұқият  іздестіріліп,  оларға    алдын  ала 
кездесудің  мəн-жайы  айтылды  да,  кейін  шақыру  мəтіні   
«Қазақ газеттері» ЖШС-ның жəне «Тоғанай Т» баспасының 
электронды пошталары арқылы жіберілді. 

146
Қысқасы, курстастар кездесуін өткізу осылайша жоспар-
лы, жүйелі басталып, кейін көзделген əрбір мəдени іс-шара 
көптің көкейінен шығатындай болып  атқарылғанына қыз-
жігіттердің көзі жетті. 
Қандай  да  бір  қолға  алған  жұмыстың  мəйекті  бо-
луы  ақпараттық  қолдауға  байланысты.  Осыны  ескере 
отырып,  кездесу  өтетін  күннен  біршама  уақыт  бұрын 
курстастардың  шығармашылығын оқырмандарға  таны-
стыратын  материалдарды,  бұ  дүниеден  өткен  азаматтар 
туралы  еске  алулар  республикалық  мерзімді    басылым-
дарда  жариялана бастады. Ал кездесудің дəл қарсаңында  
«Ана  тілі», «Алматы  ақшамы»  газеттерінде      айқарма 
беттік  «Арман  қуып,  арғымақ  ойнатқан», «Курстың 
күлкісі»  деп  аталатын  мақалалар  жарияланса, «Қазақ 
университеті» газеті өзінің тұтастай нөмірін журфактың 
1981 жылғы түлектеріне, яғни бізге арнады.
Ал кездесу соңына орай  қорытынды материал ретінде 
«Ана тілі» газетінде (№22, 2-8 маусым 2011ж.) «Құс қайтып 
оралды Алматыға» деп аталатын тақырыппен мақала жа-
рияланды. Газет мақаласы тақырыбының да бұлай аталуы 
тегін емес-ті. Себебі  кездесу басталардан дəл 15 күн бұрын 
«Тоғанай Т» баспасынан  мақаланың тақырыбы аттас 21,5 
баспатабақ көлемді кітап жарық көрген еді.
Курстастар кездесуінің басты олжасы болған осы кітапты 
баспаға əзірлеуге Талғаттың, Еркін мен Сəбиттің айрықша 
күш салғанын атап айтқым келеді. 
Кітап  шын  мəнінде  курс  қазынасына  айналды. 
Курстастарды  былай  қойғанда,  кейін  бейтаныстар 
мен  көзтаныстардың  осы  кітапты  іздеп,  шарқ  ұрып 
жүргенінің  куəсі  болдық.  Астанаға  бір  жолым  түскенде 
оның бір данасын ұлым Дастанның үйіне апарып қойған 
едім.  Қызы  Лиза  магистратураға  оқуға  түсетін  болып, 
Қызылордадан  келген  Мақпалдың  құдағиы  Гүлжахан   
Дастанның  пəтеріне  аялдаған  екен.  Астана  күніне  орай 
мен  де  қалалық  əкімшіліктің  шақыртуымен  Елордаға 
барғам.

147
Сонда бір байқағаным, отырса да, тұрса да құдағиымның 
қолынан біздің курстың кітабы түспеді. 
–  Жүке, – деді  бір  орайы  келген  əңгімеде  ол. – Мына 
кітапты  жастанып  жатып  оқымау  мүмкін  емес!  Бұл 
бүтіндей  бір  толқынның,  бүтіндей  бір  ұрпақтың  жүрек 
лүпілі  кестеленген  маржан  ғой.  Өзімнің  де  студенттік 
шағым  еске  түсіп  отыр.  Қайран,  жастық!..  Бір  күн,  бір 
түнде оқып бітірдім! 
Мен марқайып қалдым. 
Осы  кітаптың  тұсаукесері  де  курстастар  кездесуінде 
журфактағы  Т.Қожакеев  атындағы  аумақты  мəжіліс  за-
лында  өтіп  еді.  Сол  жолы  да  шəкірт  студенттерді  былай 
қойғанда, оқытушы-ұстаздар, профессорлар бірінен-бірі ат-
тай қалап алып жатқанның куəсі болдық. 
Тұсаукесер  демекші,  осы  тұсаукесер  өткен  сəтке 
дейін  университет  ұстаздары  мен  студенттерінің,  жал-
пы  зиялы  қауым  өкілдерінің  есінде  қаларлық  əңгіме-
дүкен,  сыр-сұхбаттар  болды.  Ол  отыз  жылдан  соң  қайта 
қауышқан достардың өздері қанат қаққан білім ордасының 
алаңқайында  орналасқан  əл-Фараби  жəне  Ө.Жолдасбеков 
ескерткіштеріне гүлшоқтарын қоюдан басталды. 
Мұнан  соң  өткен  ғасырдың 70-80 жылдарындағы 
өздерінің  бұла  дəурендерімен  қайта  табысқандай  болған 
курстастар  білім  ордасының  мұражайын  аралап  көрді. 
Журналистика  факультетінің  баспасөз  орталығы  бүгінде 
ақпарат  кеңістігіне  батыл  қадам  басқан  отаулардың  бірі 
болып  отыр  екен.  Осындағы  интернет-шаңырағында 
өздерінің  жас  жеткіншектерімен,  ізбасарларымен  болған 
кездесу айрықша əсерлі өтті. 
Профессор Т.Қожакеев атындағы мəжіліс залында болған 
дидарласу  ерекше  есте  қалмақ.  Осында  жиналған  қауым 
курстастардың  қатарынан  о  дүниелік  болған  азаматтарды 
бір  минут  үнсіздікпен  еске  алып,  олардың  рухына  тағзым 
етті.  Курстастардың  жүрегінде  осы  үлкен  жиын  ортасы-
нан  Жұмабайдың,  Мəншүктің,  Қалдыбайдың,  Сапардың, 
Болатбектің, Əмірдің, Абдолланың, Мылтықбайдың жарқын 

148
жүздері  табылғанда  ғой  деген  өкініш  ұялап  тұрды.  Біздер 
үшін  бұл  аттары  аталған  достарымыздың  əрқайсысының 
орны бөлек еді. 
Амал  не,  тағдыр  өз  үкімін  біреуге  ерте,  біреуге  кеш 
шығарады. Біздер достарымыздың рухы пейіште шалқысын 
деп  ниет  білдіреміз,  құран  бағыштаймыз,  соңдарында 
қалған  ұрпақтарына  дін  амандық  тілейміз.  Біздің  ендігі 
жерде қолымыздан келер бар амалымыз осы ғана... 
Осы  кездесуге  қатысуға  ерекше  ықылас  білдірген  уни-
верситет  ректоры,  академик    Ғ.Мұтанов  шұғыл  арада  іс-
сапарға  кетуіне  байланысты  ол  атқаратын  міндетті  оқу 
ордасының  бірінші  проректоры,  профессор  М.Бүркітбаев 
өз  құзырына  алды.  Ол  ректордың  ақжарма  тілек  ниетін 
жеткізді. Мұнан соң, университеттің тəрбие жөніндегі про-
ректоры Ш.Жаманбалаева мен журналистика факультетінің 
деканы,  профессор  Е.Алауханов    осы  жоғары    оқу 
орнындағы жəне факультеттегі атқарылып жатқан қат-қабат 
ізденістерді тілге тиек етті.  Олар жылма-жыл дəстүрге ай-
налып отырған мұндай кездесулердің студенттер арасында 
жүргізілетін  тəрбие  жұмыстары  үшін  айрықша  маңызды 
екендігін атап өтті.
Түлектер  атынан  сөз  алған  жігіттер  мен  қыздар 
қазіргі  таңдағы  ақпараттық  кеңістіктегі  өзекті  мəселелер 
төңірегінде ойларын ортаға салды. Əсіресе, жас журналист 
кадрларын даярлаудың толғаулы тұстарына назар аударды. 
Университет 
əкімшілігі 
жоғары 
оқу 
орны-
мен  байланыстың  дəнекері  болғаны  үшін  бірқатар 
курстастарымызға мадақтау дипломдарын табыс етті. 
Ал  атақты  №5  жатақханадағы  кездесу  айрықша  есте 
қаларлықтай  еді.  Студенттік  күндердің  ең  бір  қимас 
сəттерінің  куəсі  болған  осы  жатақхананың  тұрғындары 
отыз  жылдан  соң,  сол  дəуренді  шағымен  қайта  табысып 
жатты.  Бұл №5 жатақхана кімдердің қаламына азық болма-
ды дерсіз?! Кімдердің қаламына қуат бермеді дерсіз?! Шы-
нында да, жатақхана  тақырыбына жыр жазбаған ақындар 
кемде-кем.

149
Жігіттер  мен  қыздар  этаж-этажды  кезіп  кетті.  Ар-
манды  күндерімен,  асыл  шақтардың  елесімен  еркелей 
қауышып жатты олар. Курстың келіні Сəуле Абдолласының 
бөлмесінен шыр айналып шықпай жүр. «Ана жерге барғанда 
олай еді... мына жерде былай еді...» – деп дəл күні кешегідей 
бəрін бірде күлімсіреп, бірде жанары мөлтілдеп еске алып 
жатыр. 
Талғат пен Болатбектің, Мейрамбек пен Мылтықбайдың 
сері күндерінің қалтарыс-бұрылыстарын секундомеріне са-
лып қойған бұл бөлмелер туралы айтар əңгімені жігіттердің 
өз еншісіне қалдырып отырмын. 
Мамыр айы ғой, жатақхана құлпырып,  төңірегі түрленіп, 
жайнап кетіпті. Факультеттің көркемөнерпаздар үйірмесінің  
мүшелері бізге арнап əн-шашу жолдады. Фотосессия болды. 
Осынау  көңіл-күй  кемерінен  асып  төгілердей  болған 
əңгіме-дүкен,  кешкісін  мейрамханада  жалғасын  тапты. 
Кеште  ұстазымыз,  профессор  Əбілфайыз  Ыдырысов  ағай 
ақ тілегін білдірді. Əдеттегідей, жеңгемізбен қосылып «Қыз 
Жібек»  операсынан  Төлегенің  ариясын  айтты.  Сексеннің 
сеңгіріне  шықса-дағы  көңілі  əлі  сол  бəз  баяғы  қалпы. 
Əттең, сайтан алғыр инсульттың  ағамыздың бір аяғы мен 
бір қолын əлсіздендіріп қойғаны болмаса. 
Осы  кітап  өндіріске  дайындалып  жатқанда  сұм  ажал 
тағы 2 курстасымызды  өзінің  қармағына  іліктірді.  Ақпан 
айында  Маңғыстаудағы  Мұрат  Əбуов,  оның  алдында 
Жамбылдағы  Оңлагүл  Арзықұлова  дүниеден  өтіп  кетті. 
Өкініштісі,  бұл  екеуі  де  кезінде  денсаулық  жағдайымен 
курстастар кездесуіне қатыса алмай қалып еді. 
Болған  іске    Уақыт  емші,  болашаққа  тағы  да  Уақыт 
төреші.  Себебі  біз  бəріміз  де  Тəңір  талабынынң  құлымыз. 
Өмір – өзен...
Мақаланың  соңында  осынау  көшелі  шараларға  бір 
жағадан бас, бір жеңінен қол шығара отырып, атсалысқан 
достарға рахмет айтқым келеді. Олар ортақ шаруаға қоғадай 
жапырыла  кірісіп,  шын  жанашырлық  танытты.  Кісімсіп, 
кергімеді. 

150
Сол бір күндері біздің осылайша қарбаласып жатқанымыз 
əрбір отбасына да игі шарапатын тигізді ғой деп ойлаймын. 
Себебі  кездесу  қарсаңында  жəне  ол  өтіп  жатқан  сəттерде 
əрбір жанұяның микроклиматы өзгеше болғаны анық. 
Біз  ол  күндері 80 жылдардың  арман-аңсарымен,  сол 
шақтың  тəтті  қиялымен,  ешкімге  қимас  сəттерімен  өмір 
сүрдік.  Үй  ішімізбен,  бала-шағамызбен    осы  кездесудің 
жай-жапсарын  күйттеумен  болдық.  Таңғы  шай  «Енді  не 
істеледі? Ана шаруа қалай? Мына мəселе былай болдымен»  
басталып,  жатар  орындағы  əңгіме  «орайы  келген  іс  екен-
мен» аяқталатын.
Сынаптай  сусып,  ол  кез  де  өте  шықты.  Дəл  қазір  осы 
мақаланы жазып отырып, сол бір қарбалас күндердің өзін 
сағынасың. Өйткені  ақындарымыздың айтатынындай, басы 
жұмыр пенде сағыныштар мен  сабылыстардан жаралған.
Кездесудің  финалы  қала  шетіндегі  Қайнардың  үйінде, 
орталықтағы  Тəкеңнің  шаңырағында  жалғасты.  Бəрі  де 
сəнімен, салтанатымен үндестік тауып жатты. 
Кездесуден кейін 2 жыл өтсе де, оның əңгіме-жыры тау-
сылар емес. Екі-үш жанұя қосыла қалса болды, айтылатын 
əңгіменің  арқауы  курстастар  кездесуінің  сəтті  де,  тəтті 
күндері. Сондай бір əңгіме-дүкен тұсында: «Тəке, 21-мамыр 
курстастар күні болсын» деп ұсыныс айтып едім. Игі баста-
маны жиылған достар дуылдаса қолдап кетті. 
Енді былай болмақ. Жыл сайын 21-мамыр күні аяғы жет-
кен жігіттер Алматыда бас қосып, «Курс күнін» атап өтуге 
уағдаласты. Келе алмағандарға өкпе жоқ. 
Осының бəрін ой сарабына сала келе, мен де мақаламның 
тақырыбын  «Үміт  үкілеген  күн  болды»  деп  қоюды  жөн 
көрдім. 
 2013 ж.

ЖАҚСЫ 
ЖҮРГЕН ЖЕРІНДЕ 
ІЗ ҚАЛАДЫ

152
ҚАНЖЫҒАЛЫ БӨГЕНБАЙ
Уа, Алатаудай ақшадан, 
Асып тудың, Бөгенбай. 
Болмашыдай анадан, 
Болат тудың, Бөгенбай. 
Қалақайлап дулатқан, 
Қалдамандап шулатқан, 
Қалмақты алдың, Бөгенбай, 
Құбыла көшкен байтақтың, 
Ордасындай Бөгенбай. 
Темір жұмсап, оқ атқан, 
Қорғасындай Бөгенбай, 
Қолтығы ала бұғының. 
Пəйкесіндей Бөгенбай, 
Жалаң қия жерлерден 
Жазбай түсіп түлік алған. 
Білегі жуан бүркіттің, 
Тегеуріндей Бөгенбай.
Əйгілі от ауызды, орақ тілді   Үмбетай ақын толғай да 
толғай  осылай  толғана  жырлаған  Бөгенбай  батыр  туралы 
исі  қазақ  жұртының  білмейтіні  кемде-кем-ақ  секілді.  Ал 
сəл-пəл ойланып, осынау дулығалы дала перзенті туралы не 
білеміз, келер ұрпақ ол жөнінде бізден қандай мұра қабылдап 
алмақ  деген  сауал  көкейге  қонақтағанда  кібіртіктеп  қала 
беретініміз  де  рас.  Ілгеріректе  ел  ішінде  қазақтың  қара 
өлеңінің балқаймағы бұзылмай тұрған шақта шежіре сыр-
дан сəулетті сарай салдырған небір жайсаңдар мен жампоз-
дар Қанжығалы Бөгенбай туралы таңды-таңға ұластыратын 
əңгіме айтар еді. Қыстың қыраулы қысқа күнінде, тіпті 60-
ыншы  жылдардың  жуан  ортасына  дейін  қиялға    серік  бо-
лып,  талайларға таңдай қақтырған сол бір саумал шақтар 
дəстүрі  де  көрген  түстей  ұмтылып,  жылыстаған  жылдар 
тасасында  қалып  барады...  Ал  бүгінде  қай-қайсымыз  да 

153
кінəмшіл боп алдық. «Құйма құлақ шəкіртің қане, түге» деп 
қариялар  тепсінсе, «Ғасырдан  ғибрат  айтар  аңыздар  болса 
шіркін» деп көзі ашық, көңілі ояу жастарымыз таусылады. 
Қалай болғанда да осы сөздердің жаны бар. Зəухайырда  «Е, 
Бөгенбайды,  батыр  бабаны  білмей  не  көрініпті  деп  өзіңді 
күстəналайтын қарсы сұраққа тап боласыз. Ал əңгіме жеме-
жемге келгенде болашақ үшін басын оққа байлаған батыр 
туралы білетінімізден білменгеніміз көп екеніне айқын көз 
жеткізер едік.
Соңғы жылдар үрдісінде ел тарихын, жер тарихын зер-
делеу мұратында қыруар іс тындырылып жатқаны белгілі. 
Бұның  өзі  егемендік  алып,  оң-солын  зерделеп  отырған 
халық үшін ауадай қажет құбылыс. Тарихты білу – тініңді 
білу, діліңді білу. Олай болса, кезінде жат жұрттықтардан 
отбасын,  өскен  ортасын,  айпара  атамекенін  қорғап,  жауға 
алдаспан  сілтеген  ақберен  ұлдардың  есімін  ардақтау, 
əспеттеу  мына  біздің  парызымыз,  ұрпақтар  парызы. 
Баһадүр бабаларды білу, олардың ерлік істерін, ел танытар 
қайраткерлерін  жалпақ  жəмиғаттың  жүрегіне  қонақтату 
дəл  қазіргі  күннің  ғана  шаруасы  деп  өлшеп-пішу  келтелік 
болмақ.  Өйтсек,  қайырымы  қысқа  ғана  парасаттың  ісімен 
айналысқанымыз.
Ел иесі, жер иесі – келешек. Ал келешек кешегісіз бол-
майтыны  тағы  ақиқат.  Сондықтан  міне,  дулығалы  дала 
перзенттерінің  ерлігі  кеше  мен  келешектің  арасындағы 
ұрпақтар  дəстүрі  сабақтастығының  алтын  көпірі  болу  ке-
рек.  Бұл  жалаң  қағида,  жалған  ұран  емес.  Соңғы  жылдар 
белесінде  жастар  арасындағы  зердесіздік  пен  жадсыздық, 
пигилистік пиғыл мен мəңгүрттік індеті өріс алған шақтарда 
осылай демеуге амал жоқ.
Осынау ой торабын сауғанда, біріншіден, өз ұрпағының 
келешек  жолында  жаумен  жалғасып,  найзаласқан, 
арпалысқан ардагер аталарымыздың рухы сайын даламызда 
салтанат құрып тұру үшін не істеп, не қойып, батыр есімін 
əспеттеу жолында не қайран қылдық деген сауалдарға жау-
ап іздеріміз кəміл.

154
Қазақ даласын қанға бөктіріп, туырлығын тулақ қып та-
лай тағдыр иесін тентіреткен XVIII-ші ғасыр белесінде сол 
ауыртпалықтан азат еткен ақберен ұлдар шыққаны мəлім. 
Солардың  алдыңғы  легінің  қатарында  дəйім  Қанжығалы 
Бөгенбай (1690-1775 ж.ж.) есімі ардақталады.
Тарихи  деректерге  жүгінсек,  кенен  кешегімізде  екі 
Бөгенбай батырдың есімі аталатыны белгілі. Бірі – біз əңгіме 
етіп  отырған  Қанжығалы  Бөгенбай  да,  екіншісі  Шақшақ 
Жəнібек тарханның інісі Бөгенбай. Бір ескертетін жайт ел 
аузындағы əңгімелерде осы екі тұлғаға қатысты естеліктер 
жиі   шатыстырылады. Өйткені   бұл екеуінің өмір сүрген 
уақыты тұстас. Міне, осы мəселені діттей отырып біз тари-
хи очеркімізді Қанжығалы Бөгенбай туралы өрбітпекпіз.
Қанжығалы Бөгенбай баһадүр туралы білетінімізді бай-
ыптап,  пысықтай  түсу  үшін  шын  дерек,  соны  пікір  ести 
аламыз  ба  деген  үмітпен  Ақмола  облысының  Ерейментау 
ауданына  ат  басын  тірегенбіз.  Өйткені  біз  тілге  тиек  етіп 
отырган  Бөгенбай  батыр  Ерейментау  қыраты  мен  Сілеті 
өзені арасын мекендеген ел ортасынан шыққаны тарихтан 
белгілі. Батыр баба туралы материалдар жиыстырып, оның 
мұраларын  көздің  қарашығындай  сақтауға  себесінім  тисе 
деп жүрген азаматтар бұл өңірде көп-ақ екен. Солардың бірі, 
осында  батырға  ескерткіш  орнату  жөніндегі  мəселелерге 
мұрындық болып отырған зиялы кісі Молдахмет Досаевпен 
кездесіп, көп жағдаяттарға қанығудың сəті түсті.
– Бірден басын ашып айтар мəселе – Бөгенбай баһадүр 
туралы күні бүгінге дейін ештеңе жазылмады, түк те жоқ 
деп ауызды қу шөппен сүртсек күпірлік болады, – деп ба-
стады  əңгімесін  Молдекең.  Бөгенбай  есімі  аузымен  құс 
тістеген Бұқар, Үмбетай, Тəтіқара, Қожаберген сынды өлең 
сөзден сарай салдырған жыраулар жырының түп қазығына, 
алтын діңгегіне айналған. Ал Совет дəуірінде 1935  жылы 
Алматыда  тұңғыш  рет  «Бөгенбай»  деп  аталатын  да-
стан  басылып  шығарылған. Coм  алтынның  сынығындай 
осы  бір  дүниенің  жарық  көруіне  білімдар  ғалым  Сəрсен 
Аманжолов  көп  еңбек  сіңірген  екен.  Ал  бертін  Бөгенбай 

155
Əнуар  Əлімжановтың,  Софы  Сматаевтың  туындыларын-
да  суреттеледі.  Көзі  қарақты,  көңілі  ояу  Амантай  Сата-
ев,  Нөгербек  Мағзұмов  секілді  азаматтардың  зерттеу-
зерделеулерінде де батыр өмірі, ол өмір сүрген орта арқау 
болған. Ал соңғы кездері жазылған ойлы мақалалардың бірі 
белгілі  журналист-жазушы  Балғабек  Қыдырбекұлының 
«Шапырашты  Наурызбайы»  дер  едік.  Осы  мақалада  да 
Бөгенбайдың батырлық тұлғасын, елге тұтқа болсам деген 
ерен бейнесін байқататын қасиеттері аз жазылмаған.
Жалпы, Бұқар жырындағы:
Қаракерей Қабанбай, 
Қанжығалы Бөгенбай, 
Оларды қазақ көруші еді, 
Шапырашты Наурызбай – 
Жер жібіткен наурыздай, – 
деген  жолдарда  үлкен  ой  жатқаны  анық.  Исі  қазақ  елінің 
ұранына айналып еліне тірек болған ақберен аталар есімін 
ұрпақтар  жадында  сіңіру  үшін  қолда  бар  мүмкіндіктің 
бəрін пайдалану керек. Ақиқат, міне, осы.
***
Молдекеңмен  Ерейментау  өңірінде  сапарлас  болған 
сəтімізде бірқатар ойлы азаматтармен пікір тоқайластырдық 
дедік  ілгеріде.  Сондағы  сыр-сұхбаттың,  əңгіме-дүкеннің 
иіні  қайтып  айналып  халқымыздың  жаугершілікке  тап 
болған  тарихына,  Бөгенбай  баһадүр  өмір  сүрген  замана 
сырларына  маңдай  тіреп  жататыны  да  заңдылық.  Өйткені 
белгілі  бір  тұлға  туралы  ой  толғағанда  ол  ғұмыр  кешкен 
ортаның арғы-бергісіне үңілмей өту əбес болар еді.
...XVIII  ғасырда  қазақ  жұрты  қияметтің  қыл  көпірінен 
өткен,  елдік  пен  бірліктің  сынына  түскен.  Батыр 
ұрпақтарының  айтуына  қарағанда 85 жыл  ғұмыр  кешкен 
(Қазақ  Совет  Энциклопедиясындағы  деректер  де  осыны 
қуаттайды) Бөгенбай тұлғасы тұтастай бір қиғаш дəуірдің 
қаттамасы десе де болғандай. Себебі Бөгенбай есімі ауызға 
алынғанда  сол  дəуірдегі  дала  уақиғалары  көз  алдыңызға 

156
жөңкіліп  көше  берері  сөзсіз.  Ал  тарихнамашылар  бұл 
хақында былайша ой толғайды: «XVIII  ғасырдың ең басы-
нан бастап қазақ хандықтары сыртқы саяси жағдайдың одан 
əрі шиеленісуінен туындаған ауыр күйзелістерге ұшырады. 
Тəуке  хан  феодалдық  өзара  тартыстарды  уақытша  тиып, 
үш  жүздің  үшеуінде  де  тыныштықты  қалпына  келтіріп, 
осы  арқылы  қазақ  руларының  табыстарын  сыртқы 
шапқыншылықтардан  қауіпсіздендіре  алған  еді.  Деректе-
мелерде  айтылғандай,  оның  өз  билігінде 80 мыңға  тарта 
жауынгердің  болуы  əлгіндей  жетістікке  жетуіне  себепші 
болған  еді.  Алайда  сұлтандардың  өз  алдына  оқшауланып, 
билік  үшін  күресуі  көп  ұзамай  бірлікті  бұзды.  Ал  мұны 
көрушілер  дереу  пайдаланды.  Оңтүстік  Батыстан  Шайық 
қазақтары  қолдаған  Волга  қалмақтары  шапқыншылық 
жасады,  солтүстіктен  Сібір  казак-орыстары  сұғынды. 
Жайық  сыртындағы  жерлерге  башқұрттар  көз  алартты. 
Оңтүстіктен  қазақтарды  Орта  Азиялық  хандықтардың 
(Бұқара,  Хиуа)  феодалдары  ығыстырды.  Алайда  қазақ 
халқына неғұрлым қатерлі қауіп шығыстан күшті əрі агрес-
сияшыл  əскери  феодалдық  Жоңғария  хандығы  тарапынан   
төнді» (Қазақ  ССР  тарихы,  үшінші  том, 14-15-беттер). 
Байқап қарасаңыз, ауыз əдебиетінде де, жазба əдебиетте де 
көп айтылып, жазылып жүрген жоңғарлардың қазақ жеріне 
көз алартуының бір сыры міне осындай. Нақты жағдайларға 
байланыстырылғанда  күмəн  жоқ.  Өйткені  өзге  көршілер 
батыстан,  солтүстіктер  қазақ  жерін  қайтсек  жырмалап, 
жырымдап  молынан  қарпып  қалсақ  деп  аранын  ашқанда 
Жоңғар  қонтайшылары  да  қазақтың  ұлан-ғайыр  даласы-
нан «өзіндік үлесін» алып қалуға тырысқан. Бастапқыдағы 
арагідік қақтығыстар кейін екі халық арасындағы бітіспес 
жаугершілікке,  қантөгіске  ұласты.  Бейбіт  отырған  қазақ 
елінің  момындығын  малданған  жоңғарлар  бүтіндей  ауыл-
ауылды  шауып  алып,  қанды  қырғын  жасады.  Бұл  туралы 
əйгілі  ғалым  Ш.Уəлиханов,  сондай-ақ  қазақ  жерінің  əдет-
ғұрпын,  тарихын  зерттеген  Я.Гавердовский,  А.И.Левщин 
нақты деректерге сүйене отырып баяндайды.

157
Miнe,  осындай  ел  басына  күн  туған  сəттері  халық  өз 
тағдырын ту ұстаған ұлдарына, біртуарларына топ бастаған 
серкелеріне табыстаған. Осынау бір тарихи үрдіс Бұқар жы-
рында былайша кестеленген:
Қалданменен ұрысып, 
Жеті күндей сүрісіп, 
Сондағы жолдас адамдар: 
Қаракерей Қабанбай, 
Қанжығалы Бөгенбай, 
Шақшақұлы Жəнібек, 
Сіргелі қара Тілеуке, 
Қарақалпақ Құлашбек, 
Тігеден шыққан Естербек, 
Шапырашты Наурызбай, 
Құдаменді Жібекбай қасында 
Бақ-дəулеті басында. 
Секербай мен Шүйбекбай, 
Таңсыққожа, Мамыт бар, 
Қасқарауұлы Молдабай 
Қатардан жақсы қалдырмай 
Айнақұл Бəти ішінде
Өңкей батыр жиылып 
Абылай салды жарлықты.
Міне, осынау батырлар легінің ішінде біз тілге тиек етіп 
отырған Бөгенбай Абылай заманындағы атақты қолбасшы, 
қазақ жауынгерлерінің үлкен ағасы болған екен. Деректер-
ге қарағанда, батыр Бөген өзенінің бойында туып, Торғай 
өзенінің  бойында  қайтқан.  Ол  жерді  қазір  Шахта  дейді. 
Бұрынғы аты – «Бөгенбай сөресі». Бөгенбай батыр есімінің   
халық жадында айрықша сақталып, ардақталып, ғасырлар 
бойы  өлең      жырдың  өзегіне  айналып  келуі,  біріншіден,   
оның ел алдындағы   перзенттік парызына адалдығы бол-
са, екіншіден, елін сүйген ерге деген халық махаббатының 
мызғымастығы, мəңгілігі.
1710  жылы  Қарақұмда  исі  қазақ  баласы  өкілдерінің 
мəслихаты өтеді. Осы мəслихатта жүз-жүзге, ру-руға бөлініп 

158
қазақ  өз  жерін  сырт  жаудан  қорғай  алмайтындығы  айты-
лады.  Рух  біріктіру,  күш  біріктіру  қажеттігі  дəлелденеді. 
Мəслихатта  жасақ  құру  керектігі  сөз  болып,  оның 
қолбасшылығына Бөгенбай батыр сайланады. «Қазақ елінің 
тəуелсіздігі  үшін  талай  шайқастарға  кірген  оның  даңқы, 
Бөгенбайдың  даңқы,  əсіресе  Құба  қалмақпен  (Жоңғар), 
кейін  Қытай  əскерімен  соғысқанда  ерекше  дəуірледі  деп 
жазылған  Қазақ  Совет  Энциклопедиясында. 1725-1927 
жылдары қазақ жұртының астанасы Түркістан мен Сауран-
нан  жоңғарларды  қуып  шығып,  қаласын  қорғауда  қайрат 
көрсеткен  Абылаймен  бірге  қазақ  жастарын  соғысқа  ба-
стады.  Сөйтіп,  Түркістан  мен  Саураннан  жоңғарларды 
қуып  шығып,  Жоңғар  Алатауынан  асыра  бөксерді».  Көне 
тарихтың  сараң  баяндаулары  осылайша  ғана  тіл  қатады. 
Ал оның астарында тұтастай бір елдің, халықтың тағдыр-
талайы  қатпарда-қатпар  шежіресі  бөгіп  жатқаны  кəміл. 
Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл кезеңде, əсіресе, жоңғар 
қоңтайшылары түгін тартса майы шыққан шұрайлы қазақ 
жеріне  əлсін-əлсін  қоқан-лоққы  жасап,  ақыры  басып 
кіреді.  Тарбағатайдан  тұтқиылдаған  жау  Жетісу  өңіріне 
дейінгі  аралықта  бейбіт  жатқан  елді  қанжоса  етіп  зар 
илеткен. Жоңғарлар онымен де қоймай Түркістанға жетіп, 
осы  жерде  хан  ордасын  күзетудегі  Қаракерей  Қабанбай 
қолымен  шайқасады.  Осы  соғыс  жөңкіле  көшкен  елдің  аз 
уақыт мұрсат алып Сырдарияның арғы бетіне өтіп кетуіне 
жағдай жасаған. Халық аузындағы, тарихындағы «Ақтабан 
шұбырынды Алқакөл сұлама» деген атпен қалған зарлы, за-
ман запыраны осылайша хатталған тарихта.
Ал  енді  осы  кездері  біз  əңгімеге  қазық  етіп  отырған 
Бөгенбай  батыр  не  қайран  қылған?  Ауыртпалық  жылда-
рында  Бөгенбай  өз  төңірегіндегі  қолына  қару  ұстай  ала-
тын еркек кіндіктілерді жиып, о шеті Ырғыз, бұ шеті Есіл 
Торғай аралығын мекендеген халықты жауға қарсы соғысқа 
əзірлейді. Бұған құлақтанып қалған жоңғарлар бас көтеруге 
əзірлікке  кіріскен  қазақтарды  «жөргегінде  құртудың» 
амалын  ойластырады.  Сөйтіп  қайысқан  қалың  жоңғар 

159
Арқаға  беттейді.  Торғай  даласында  болған  соғыс  ойра-
нында Бөгенбай қолы жеңіске жетіп, жаудың тас-талқанын 
шығарады.  Міне,  осы  жеңіске  жігерленген  қазақтар  ендігі 
жерде бүкіл елді жаулап азат етудің қамына кіріседі.
Билік құру, билік айту бір өнер болса, сол билікке құлақ 
аса  білу  екі  есе  өнер  саналған  қазақ  топырағында.  Осы 
тұрғыдан  келгенде  қазақтың  қазақ  болып  бip  мəмілеге 
келуіне бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына əйгілі 
Төле  би  Əлібекұлының  рөлі  ерен  болған  екен, – дейді 
көнекөз қариялар. Бөгенбай баһадүр де, міне, сол Төле би-
мен ұдайы мəслихат құрысып, кеңесіп отырған. 1730 жылы 
исі қазақ жұртының Арғанатыға жиылып, күш біріктіруіне, 
жауға  соғыс  салуға  əзірлікке  кірісуіне  де  Бөгенбай  мен 
Төле  би  мəслихатының  үлкен  рөлі  болғаны  сөзсіз.  Сол 
жылы  Ұлытауда  бас  біріктірген  қалың  қолдың  ұзын  саны 
40  мыңға  жетіп,  жоңғарларға  қарсы  соғысқа  тас  түйін 
əзірлікке кіріседі қазақ елі. Соғысқа əзірлік оңайға соқпады. 
Қару-жарақ тапшылығы қол-байлау жасайтын түрі болған. 
Сондықтан жер-жерге кісілер жіберіліп, қолының месекері 
бар ұсталарды Ұлытауға жиған. Бөгенбай мұнымен де шек-
телмей,  Ташкент,  Бұхар  жақпенде  хабарласып,  қайткенде 
де  өз  қолын  қару-жарақпен  қамтамасыз  етудің  əрекетін 
жасаған.
Бес қаруын бойына асынған қазақ əскерлері Ұлытаудан 
Шуға бет алып, одан Жетісуға маңдай тіремек ниет қылды. 
Бұл хабарға құлақтанып үлгерген жоңғарлар Іленің бойында 
қазақ əскерлерін тосады, сөйтіп Іленің Аңырақай ағысымен 
түйіскен тұсында аспан айналып жерге түскендей сұрапыл 
соғыс  болады.  Осы  жан  алыс,  жан  берісте  небір  ақберен 
арыстар  өмірден  көшеді,  о  дүниелік  болады.  Əйгілі  Бəсен 
тиін Малайсары батыр да осы маңда жантəсілім етті деген 
дерек  келтіреді  өз  зерттеулерінде  ғалым-жазушы  Аман-
тай  Сатаев.  Осы  соғыста  естен  тана  жеңілген  жоңғарлар 
Ілені  өрлей  қашады.  Сол  қашқаннан  жылыстай  отырып 
жау  Талқыға  барып  бекінеді.  Жау  бекінісінің  қыр-сырын, 
əдіс-амалын,  соғысқа  даярлық  тəсілін  ізін  суытпай  біліп 

160
отырған Бөгенбай бұл жолы да жоңғарларға жойқын соққы 
береді. 1733 жылғы  соғыста  да  қазақ  əскерлерінің  айы 
оңынан  туып,  жұлдызы  жанады.  Əрине,  бұл  жеңістердің 
бəрі оңайға түскен жоқ. Мұнда елім, жерім деп жауға ары-
станша  атылған  азаматтардың  қайрат-жігері,  арымнан 
жаным  садаға  деген  иманды  сөз  жауынгерлерді  рухтан-
дырады.  Бұл  майдандардағы  Бөгенбай  баһадүрдің  соғыс 
өнеріндегі білгірлігі, жаужүректігі қазақ даласына аңыз бо-
лып тарайды.
Жоңғар қалмақтарымен арадағы бейбіт өмір онша көпке 
ұзамады.  Əйгілі  қанішер  Қалдан  Серен  өлгеннен  кейін 
хан  тағына  отырған  Лама  Əрдене-батор  бұрынғы  кекті 
қайтаруға  кіріседі.  Бұған  қарсы  Абылай  қол  аттандырып, 
кейін жоңғарларды Аякөзге дейін қуады. Бұл уақиғалардың 
бəрі,  тарихшылардың  шежіресіне  қарағанда, 1750-інші 
жылдар  шамасында  болса  керек.  Осы  тұстары  жоңғардың 
əлсіздігін  байқаған  қытай  əскерлері  шабуылға  шығып, 
бүтіндей  Жоңғарияны  тас-талқан  етеді.  Бұл  жеңіске  ма-
сайрап,  масаттанған  қытайлықтар  қазақ  еліне  көз  аларта-
ды.  Міне,  осыны  ауыздықтауға  Бөгенбай  басқарған  қол 
қарсы тұрады. Ол Қытайдың қолын кейін түріп тастайды. 
Бөгенбай  баһадүр  қатысқан  ірі  соғыс  қырғыз  манапта-
рымен  болған  қақтығыс.  Бұл  кезде  батыр 77 жаста  екен. 
Қарабалтада өткен ойранда да халқы ардақтаған Бөгенбай 
қолының абыройы асқақтайды.
Жұмыр  басты  пендеге  ерте  ме,  кеш  пе,  əйтеуір  бір 
ажал.  Ал  осы  бір  дауасыз  тағдырмен  кім  қайда,  қалай 
кездеседі? Міне, гəп сонда. Біреулер азаматтық ар-иманын 
ардақтап  өтеді – халқына  қызмет  қылады.  Біреулер 
тышқаншылап  тіршілік  жасайды.  Бөгенбайды  осының 
алдыңғыларының  қатарына  жатқызамыз.  Баһадүр  өзінің 
бүкіл  саналы  ғұмырын  туған  топырағының  тағдырымен 
байланыстырған,  сөйтіп,  халқының  құрметіне  бөленген, 
елі ардақтаған ұлдардың бірі. Бөгенбай өлімі бүкіл қазақ 
даласын күңірентуі де сондықтан. Бұл жөнінде ел аузында 
əрқилы əңгімелер бар. Ал ақмолалық Рақымжан Мұқанов 

161
былай  деп  жазады: «Батыс  Сібірде  қазіргі  Көкшетау, 
Омбы  облыстарының  шектесетін  жерінде  «Үлкен  Қарой, 
Кіші  Қарой»  дейтін  жерлер  бар.  Ереймендегі  Бөгенбай 
елі  осы  аталған  жерлерді  жайлаған.  Қазақ  ССР  тари-
хы  оқулығындағы  бір  мағлұматтарға  қарағанда,  Россия 
патшасының  Жарлығы  бойынша  қазақтың  сұлтандарына 
тұрақты жерінен мың шақырым, ал билерге ел басқарған 
батырларға 500 шақырым  жерге  дейін  көшіп  жүрулеріне 
рұқсат  етілген.  Абылайдың  Қызылжарға  шейін  жайлап 
қайтатынын  білеміз.  Ендеше,  Бөгенбайдың  өз  ауылда-
ры  мен  Еремейден 500 шақырымдай  тұратын  «Қаройға» 
шейін  барып  жайлап  қайтуы  шындық.  Сол  жайлау-
дан  қайтып  келе  жатқан  жолда  Бөгенбай  дүние  салады. 
Абылайдың Жарлығы бойынша   Түркістанға апарып жер-
леу  үшін  батырдың  денесін  былғарыға  орап,  əрбір  жол-
жөнекей  қонған  жерлерде  сөреге  қойып  жел  қақтырып 
отырса керек. Үлкендердің айтуынша, сол Қаройдан бері 
қарай бірнеше жерде ертеде «Бөгенбай сөресі» деген жер 
аттары  болған...  Батырдың  былғарыға  оралған  сүйегін 
сол  жылы  өзінің  немере  інісі  Бапан  бастаған 40 адамнан 
құралған жолаушы тобы Түркістандағы Қожа Ахмет Яса-
уи  мавзолейіне,  яғни  мұнара  зиратының  іргесіне  апарып 
жерлеген. Тарихи шындық осы.
Батырдың  о  дүниелік  болуы  ел-жұртты  қатты 
қайғыртады.  Оның  ажалы  ақын-жыраулардың  өлең-
жырларынан  шер-мұң  болып  төгіледі.  Мəселен,  ақиық 
Үмбетай жырау:
Бөгенбай сынды батырың, 
Береке берсін артыңа-ай. 
Сабыр берсін халқыңа-ай. 
Жасаған ие жар болып, 
Бейіште нұры шалқығай, 
 деп жырласа əйгілі Бұқар баһадүрдің қазасын Абылайға 
естірткенде былай деп толғанады:
Еңбек қылған ел үшін, 
Жауда кеткен кек үшін, 

162
Қазақтың абырой-арына, 
Сарып қылған бар күшін. 
Қайыры болсын халқына, 
Сабыр қыл ойлап келмесін, 
Қарияң келіп жырлап тұр, 
Еңбегі сіңген ер үшін 
Батырың өтті Бөгенбай!
Батыр  дүниеден  көшкенменен,  оның  соңында  атын 
ардақтаған  ұрпағы  қалды.  Олар  кімдер  еді?  Шежіреге 
қарағанда,  Бөгенбайдан  үлкен  бір  зерделі,  иманды  ұрпақ 
ерген  екен.  Батырдың  өз  кіндігінен  Батырбек,  Тасыбек, 
Тұрымбай,  Жылқыбай,  Қайназар,  Тұраналы,  Арғымбай, 
Шілдебай,  Нарбай  атты  кісілер  тарайды.  Бұлардың  қай-
қайсы да өз ортасына, ел-жұртына сыйлы адам болған деседі. 
Ал  енді  осылардан  өрбіген  ұрпақ  Қанжығалы  Бөгенбай 
есімін  алқалы  жиын,  мəнді  мəслихаттарда  сүйінішпен 
ауызға  алдыратын  болған.  Бұған  Тұраналыдан  тарайтын 
Бапан бидің, одан туған Саққұлақ шешеннің халқына еткен 
қызметі дəлел.
Еліне құрбан болмаса, 
Абырой-бедел қонбаса, 
Ағайын-туыс ел, жұрты, 
Батырым-ау деп тұрмаса, 
Ер дегенің немене. 
Арыңды сатпа, малыңды сат, 
Жалған айтып болма шат. 
Жалған айтып жандассаң, 
Жүрегінде қалар дат, 
  деп  еліне  насихат  айтқан  Бапан  бидің  шайырлығынан 
оның перзенті Саққұлақ та кем түспеген.
«Бапан  бұқарашыл,  кішіпейіл  шамасынша  ақиқатты 
сүйген рақымды адам болған. Əкесінің осындай қасиеттері 
Саққұлақтың  да  бойына  дарыған», – деп  жазады  Ғалым 
Сейсенбай  Созақбаев.  Жас  кезінен  зерек  болып  билердің 
шешендік  өнерін,  əдеттік  правосын  нормаларымен  қатар 
Тəуке  ханның  «Жеті  жарғысын»  жақсы  меңгерген  екен. 

163
Осыған  орай,  ол  қазақ  даласында  бұрынғы  кезеңде  өмір 
сүрген  ділмар  жыраулардың  дастандары  мен  өсиет-
қиссаларын  қазақ  халқының  ежелден  бергі  тарихын  жəне 
генеологиясын жетік білген жан. Мал-жайын жақсы білген, 
қолы ісмер болыпты. Қарттардың айтуынша, табақ, саптаяқ 
сияқты  үй  тұрмысына  қажетті  бұйымдарды  сол  аймақта 
одан  артық  ешкім  жасай  алмаған  көрінеді.  Ермек  бола-
ды  деп  ол  кəсібін  қартайған  шағында  да  тастамаған  екен. 
Саққұлақ  шешен  саятшылықпен  де  айналысыпты.  Ол  кісі 
88 жасында дүние салады.
«Саққұлақ  шешен  айтқан  екен...»  деген  мына  бір 
шумақтар ел аузында əлі күнге дейін бар. Ғалым Сейсенбай 
Созақбаевтың қағазға хаттаған осы ғақлианы оқырман на-
зарына ұсынуды жөн көріп отырмыз.
Аңсағанда ішкен су, 
Шекер емей немене?
Ат жолынан табылған, 
Бекер емей немене? 
Парасатпен салған жол, 
Жетек емей немене? 
Даңғыл жолдан шыққан ұл, 
Тентек емей немене? 
Жақсы болса ат шіркін, 
Қанат емей немене? 
Жылы болса, тайтерің, 
Жанат емей немене? 
Теріс жолға бастаған, 
Көрген-білген іс болса, 
Залым емей немене?
Сабақ емей немене?
Жүрген-тұрған жеріңіз 
Суат емей немене?
Сөз  басында  батыр  есімін  ардақтау,  əспеттеу  бүгінгі 
ұрпақ  парызы,  парасаттылық  белгісі  дедік.  Олай  болса, 
осы  бағытта  нендей  шаралар  қолға  алынып  жатыр.  Енді 
осы  хақында  бірер  пікір.  Баһадүр  есімін  жас  ұландардың 

164
жүрегінде  зерделету,  жалпақ  жəмиғаттың  жадында  сіңіру 
үшін ұлан-ғайыр істер атқаруға тура келеді.
1989  жылы  Бөгенбайға  ескерткіш  орнату  жөніндегі 
əңгіменің  сеңі  жүріп,  сол  кездегі  Қазақ  ССР  Министрлер 
Советінің  №173-інші  қаулысы  шықты.  Бұл  қаулыда  аты 
аңызға  айналып,  ғасырлар  бойы  өлең-жырға  арқау  болған 
батыр  бейнесін  халық  жадында  қастерлеу  мақсатындағы 
жергілікті қоғамдық ұйымдардың бастамасы мақұлданған. 
Сөйтіп, халық депутаттары Целиноград облыстық Советінің 
атқару  комитеті,  Советтік  мəдениет  қорының  Целиноград 
бөлімшесі,  сəулетшілер  одағының  Целиноград  ұйымы, 
облыстық  Тарих  жəне  мəдениет  ескерткіштерін  қорғау 
қоғамы Қазақ ССР Министрлер Советінің 1989 жылғы 12-
інші  маусымдағы  қаулысын  негізге  ала  отырып,  Бөгенбай 
батырға орнатылатын ескерткіш-белгінің жобасын дайын-
дау жөнінде конкурс жариялады. Ол конкурсқа байланысты 
арнайы  ереже  де  жарияланды.  Бұл  конкурстың  мақсаты 
–  қазақ  халқын  сыртқы  жаулардың  шапқыпшылығынан 
қорғауда  ерекше  көзге  түскен  Халық  батыры,  көрнекті 
қолбасы Бөгенбай батырдың ескерткіш белгісінің жобалық 
жəне  көлемдік  шешімін,  көркемдік  сипатын  анықтау. 
Конкурсқа  ұсынылатын  жобаларға  идеялық  мазмұны  мен 
жоғары  архитектуралық  көркемдік  сапасының  ерекше  бо-
луына талап қойылды. Бұл ескерткіш Ерейментау қаласына 
кіре  берістегі  қыраттардың  арасы  əзірге  шартты  түрде 
ескерткіш белгінің қойылатын орны деп танылып отыр. Бұл 
белгі  Ақмола – Павлодар,  Ерейментау – Павлодар,  Ерей-
ментау – Ақмола  жолдарының  тоғысқан  торабына,  яғни 
батырдың туған жеріне орнатылмақ. Ереймен жеріне барған 
сапарымызда осы жерде болып ескерткіш орнататын жерді 
көрдік.  Жобалық  ұсыныста  архитектуралық  көркемдік 
ойдың  жан-жақты  шешім  табуы  қамтамасыз  етілуге  тиіс. 
Мемориалдық  аймақ  жанында  көлемі 50-70 шақырым 
шаршы  метр  экспозициялық  бөлме  болуы  қарастырылмақ 
екен. Үздік жобалық ұсыныстар үшін ақшалай сыйлықтар 
берілмек.  Ескерткіш  халық  қаражатына  салынбақ.  Бұл 

165
үшін  əлеуметтік  тұрғын  үй  бəйгенің  мəдени  қорының 
000702401 (қала  үшін)  жəне 000702703 нөмірлі  село  үшін 
арнаулы  есеп  ашылған.  Осы  бастамаға  Ақмола  өңірінің 
кəсіпорындарынан, еңбек коллективтерінен, жекелеген аза-
маттардан  қаржы  түсіп  жатыр  екен.  Алғашқы  кездері-ақ 
батырға ескерткіш орнату қорына облыстық астық өнімдері 
бірлестігі Целиноград пен Вишнев құс өсіру бірлестіктері 25 
мың сомнан қаржы түсірген. Осындай ортақ іске алғаш боп 
үлес  қосқандардың  қатарында  Ерейментау  ауданындағы 
орталық  аурухана, «Өлеңті»  совхозы, «Целинсанмех-
монтаж»  тресі,  электростанция  жəне  электр  өнеркəсібі 
қызметкерлер кəсіподағының облыстық комитеті мен басқа 
да  мекемелер  қаржы  аударған.  Облыс  көлемінде  осындай 
шаралар  қолға  алынып  жатқанда  Бөгенбай  батырдың  өзі 
өсіп-өнген  жерінде  қандай  мəселелердің  басы  қайырылып 
отыр деген сауал туады.
–  Аудандағы  «Қазақ  тілі»  қоғамының  жанашырлары 
бас  болып,  Бөгенбай  есімін  ардақтау,  əспеттеу  бағытында 
игілікті  шаралар  қолға  алынып  жатыр, – дейді  Ереймен-
тау ауданы əкімшілігінің қызметкері Өмірсерік Мұсабаев. 
Негізгі жұмыстың атқарылар тағаны аудандағы қазақ орта 
мектебіне  түсіп  отыр.  Бөгенбай  салтанатына  əзірлік  жан-
жақты  қолға  алынып,  батыр  жөніндегі  тың  деректерді 
жиыстыру  ісі  жүріп  жатыр.  Аудан  орталығында  музей 
ашылады, онда Бөгенбайға, оның ұрпақтарына қатысты ма-
териалдар жинастырылмақ. Аудан орталығы мен Малтабар 
бөлімшесінің аралығында үлкен трасса бойында Бөгенбай 
атындағы  алаңқайға  үлкен  комплекс  түспек.  Міне,  осы 
комплекс біздің елге ат ізін салған адамдардың тынығып-
демалатын,  осынау  тарихи  өлкенің  кешегісі  мен  бүгінін 
зерделейтін  үлкен  тарихи  орынға  айналмақ.  Осындағы 
шаруашылықтарға,  ірі  мəдени  орталықтарына  Бөгенбай 
атын беру қолға алатын мəселе.
Соңғы  жылдар  көлемінде  елін  сүйген  ерлер  рухы-
на  бағышталған  ауқымды  шаралар  өткізіліп  те  жатыр. 
Айталық,  Қаракерей  Қабанбай  батыр  тойының  өткізілуі 

166
бұған дəлел. Бұл орайда мынадай бір ой келеді. Той өткізген 
жақсы.  Ал  бірақ  сол  тойыңыздың  қызығы,  айта  жүрер 
əңгімесі ұзаса бір айға, я бір жылға ғана жетпек. Батырлар 
есімін  ардақтауды  той-томалақпен  ғана  шектеп  қаламыз 
ба?  Міне,  осы  тұста  Ғылым  академиясы  жалпы  қазақ 
елінің  азаттығы  үшін  жаумен  арпалысқан  батырларға  ар-
нап ғылыми-теориялық конференция неге өткізбейді деген 
мəселе иық   көрсетеді. Ол конференция өз деңгейінде дай-
ындалса,  қолына  қалам  ұстаған  талай  зиялыларымыздың 
шығармашылық  мүмкіндігін  ашатын  үлкен  бір  мəслихат 
болар  еді.  Бұл,  сөз  жоқ,  кейін  ғылыми  зерттеулердің 
объектісіне  айналмақ.  Сонда    ғана  біз  бүгінгідей 
олқылықтың орнын толтыра алар едік. Сонда ғана кейінгі 
ұрпақ батырлар туралы толымды зерттеулерді қолға алып, 
аталар мен бабалар тарихынан сыр тартар еді.
Ендігі  бір  ұсыныс:  жер-жерде  батырларға  арналған 
ескерткіш  орнату  мəселесі  қолға  алынып-ақ  жатыр. 
Құптарлық шаруа. Ал бірақ егеменді Қазақстанның оңтүстік 
астанасы,  бас  қаласы  Алматыда  сол  бабаларымызға 
арналған үлкен бір ескерткіштер кешені болса несі айып.
Бұл, əрине, науқаншылықтан туған пікір емес, дəл қазіргі 
қоғамдық-əлеуметтік ой сана үрдісі осыны қажет етіп отыр. 
Алматыға алғаш рет ізін салған шет жерлік қонақтарды бы-
лай қойғанда, өзімізді-өзіміз тануға, зерделеуге де осы бір 
игілікті істің дəнекер болары сөзсіз.
Ел  иесі,  жер  иесі – келешек  деп  келеміз  қашанда.  Ал 
келешек  кешегісіз  болмайтыны  тағы  ақиқат.  Сондықтан 
міне, дулығалы дала перзенттерінің Ерлігі, Есімі кеше мен 
келешектің арасындағы ұрпақтар дəстүрі сабақтастығының 
алтын  көпірі  болуға  керек.  Бұл  жалаң  қағида,  жалған 
ұран  емес.  Соңғы  жылдар  белесінде  жастар  арасындағы 
зердесіздік  пен  жадсыздық,  нигилистік  пиғыл  мен 
мəңгүрттік індеті өpic алған шақтарда осылай демеске амал 
жоқ.
Мақаланың  басында  батыр  ерлігі,  ол  өмір  сүрген  орта 
туралы  мерзімді  баспасөзде  арагідік  болса  да  жазылып 

167
қалып  жүр  дедік.  Ендігі  шаруа  солардың  басын  біріктіріп 
«Бөгенбай  батыр»  деп  аталатын  кітап  шығарса.  Бұл  да 
сонда  келер  ұрпақ  үшін  құймасы  мол  қазынаның  біріне 
айналар  еді.  Ерейментау  жерінде  болғанымызда  Бөгенбай 
ұстаған,  ол  пайдаланған  дейтін  қару-жарақтардың,  тіпті 
дулығасының  да  жекелеген  адамдардың,  мұрагерлерінің 
қолында  жүр  дегенді  естіген  едік.  Сондықтан  да  сол 
қымбат  мұрағаттардың  бəрін  бір  жерге  жиыстырып,  жал-
пы қазақтың рухани игілігіне айналдыратын кез жетті. Ол 
мұрағаттар Орталық музей төрінде тұруға тиіс.
Осының бəрі, түйіп айтқанда, біріншіден, өз ұрпағының 
келешегі  жолында  жаумен  жағаласып,  найзаласқан, 
арпалысқан ардагер аталарымыздың рухы сайын даламызда 
салтанат құрып тұру үшін не істеп, не қойдық, батыр есімін 
əспеттеу жолында не қайран қылдық деген сауалдарға жа-
уап  болмағы  кəміл.  Қоғамдық  өмірдің  бүгінгідей  өлара 
шағында,  ел  тағдыры,  жер  тағдыры  еңбектеген  бала-
дан  еңкейген  қарияға  дейін  қатты  ойландырып  отырған 
шақта  мұндай  іргелі  мəселелердің  жалынан  ұстау  кісілік 
келбетімізді айқындай түсер еді.
***
Ең  соңында  ескертеріміз – бұл  очерк  Бөгенбай  ба-
тыр  хақындағы  толғамның  соңғы  сөзін  айтып  отыр  де-
уге  болмайды.  Əлі  де  нақтылай,  дəлелдей  түсер  тұстары 
болуы  ғажап  емес.  Бөгенбай  батыр  тақырыбы – исі  қазақ 
жұртына ортақ тақырып. Қай-қай мəселенің де көп болып 
ақылдасқанда  ғана  мұратты  жерге  жетері  ақиқат.  Олай 
болса, батыр туралы тың дерек айтып, соны пікір білдірем 
деушілер болса, бұл ниетті қабыл аламыз.
1994 ж.

168

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет