Жұмабек кенжалин қалам қанаты



Pdf көрінісі
бет7/22
Дата12.02.2017
өлшемі2,9 Mb.
#3983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

ҰЯТ ШІРКІН УЫСТАН 
СУСЫП БАРАДЫ...
«Өлімнен  ұят  күшті».  Қазекең  ұят  ұғымын  осылайша 
салмақтаған.  Оның  қадіріне  осылайша    жеткен.  Осы  бір 
қанатты  қағидада  пəлсапалық  қатпарлы  ойдың  бүтіндей  
орманы жатыр бөгіп. 
Ұят  ұғымы  туралы  халқымыздың  ілгерілі-кейіндегі 
кемеңгерлері  де  ой  түйіп  отырған.  Ұлы  Абай: «Ұяттың 
екі  түрі  бар, – дейді.  Оның  бірі – адамдықтан  туатын,  ал 
екіншісі – жағымсыз іске, қылыққа ұялу. Шын ұят – ақыл 
–  парасаттың  ісі».  Ал  Бауыржан  Момышұлы  «Қанмен 
жазылған  кітапта»  бұл  ұғымға  былай  деп  анықтама  бер-
ген: «Ұят – жасаған  əрекетіңнің  жөнсіздігін  түсінушілік. 
Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын 
қорлау – масқара болушылық».
Ұялу  сезімі  мектепке  дейінгі  сəбилік,  бөбектік  шақта, 
үлкендердің  ата-ананың  үлгілі  сөзі  мен  іс-əрекетіне, 
қылығына  еліктеу,  оларды  өнеге  тұту  арқылы  біртіндеп 
қалыптасады екен. 
Сонау  жылдар  тасасында  қалған  балалық  шақтағы 
ескірмейтін  естеліктердің  де  бірсыпырасы  осы  ұят 
ұғымын  əдіптейтіні  шындық.  Ертеректе  əке-шешеміз 
«Сұғанақтық жасама, ұят болады», «Кісінің алажібін ат-
тама, ұят боладыны» жиі-жиі қайталайтын. Айтып қана 
қоймай,  осының  мүлтіксіз      орындалуын  қадағалайтын. 
Талап ететін.
Совхоздың бір тышқақ лағы өлсе, шопан бейбақ соның 
есебін  қайтіп  шығарам,  себебін  қайтіп  дəлелдеймін  деп 
əбігерге түсетін. Қамбадан қап астық ұрланса, ауыл адам-
дары  аяғынан  тік  тұратын.  Кінəлі  табылып,  ол  жазасын 
алғанша ел кісілерінің ішкені ірің, жегені желім болар еді. 
Бұл – ел іші дініне беріктігінің, ар-ұят өлшемі биіктігінің 
белгісі еді! 
Осы  жағдай  күні  кешеге  дейін  қалыптасқан  үрдіс 
болды.  Нарықтық    қатынас  жарықтық  өзімен  бірге  ел 

105
шаруашылығына  еркіндік  əкелді,  жұрт  белсенділігін  оят-
ты.  Сонымен  қоса  қулық-сұмдықты, «бармақ-басты,  көз 
қыстылықты»  ала  келді.  Имандылық,  ибалылық  дейтін 
құндылықтарға көлеңке түсе бастады... Мұның бəрі соңғы 
он-он бес жылдың төңірегінде баспасөзге талай мəрте жа-
зылып,  радио-теледидардан  талай  мəрте  айтылып  келе 
жатқан  жағдайлар.  Олай  болса,  осы  жараның  аузын  неге 
қайта тырнамалап отырмыз деген сауал туады. 
Ана  бір  кезеңдері  Талапкер  Иманбаев  қазынаға  қол  са-
лып,  шетелге  қашқанда  ел  іші  дүр-р-р  етіп,  бір  басылған. 
Төбеден жай түскендей оқиға-ақ болды. Ол елді  əрі-сəріге 
түсірген 90-жылдар еді. Жыртығын жамай алмай отырған 
кісілердің талайының миына қан шапшыды. Халық кіжінді. 
Тіпті қорланды...
– Ол қуды ұстап əкеп соттау керек! 
– Соты ашық өтсін. Өзгелерге сабақ болсын.
– Ашық алаңға тірідей əкеп дүрелеу керек!..
– Ұрлық қылған қолын қидалап тұрып шапса, шіркін!... 
Ел іші осылайша біразға дейін дүрлігіп тұрды. Өрекпіп 
тұрды.  Араға  біраз  уақыт  түскеннен  соң  осы  у  да  шу  сая-
бырсып, ақыры ол оқиға ұмытылып тынды. 
Қазір Иманбаевпен ешкімнің шаруасы да жоқ. Біреулер 
айтады: «Ол  алты  құрлықтың  аржағында  жұмақта  өмір 
сүріп  жатыр»  деп.  Енді  біреулер  кекесімен  мырс-мырс 
күліп: «Ей,  осы  Тəкеңдікі  дұрыс  па  деп  қалдым,  жанды 
қинап жұмыс істегенше мол ақшаны шетінен кертіп жатқан 
да бір жанға рахат қой...»
Бертін  Талапкердің  ұрлаған  қаржысының  ширегіндей 
ұрлық  əр  жер-əр  жерде  көрініп  қалып  жатты.  Алғашында 
«Оу, осыған тоқтау салу болмай ма?»  деген жұрттың  кейін 
мұның  бəріне  құлағы  үйреніп  кетті.  Түйені  түгімен,  ва-
гонды  жүгімен  ұрлайтындар  ресми  қағаздарда  тіркелуін 
тіркеліп-ақ  жатыр,  ал  бірақ  осы  індетке  қайран  болмай 
отыр... 
Мұны айтып отырған себебім, жуырда ел қазынасынан 
соңғы  екі  жылда 2,5 миллиард  теңге  жоғалғаны  ресми 

106
түрде  айтылып,  2010-2011 жылдары 262 қылмыстық  іс 
қозғалғандығы мəлімденді («Айқын», 25-ақпан 2012 жыл).  
Ұрлық  үдеп  барады...  Жуырда  Республикамыздың 
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы 
Əлихан Байменов мəлімдеме жасады. Оның талап етуінше, 
лауазымды қызмет иесінің қарамағында жұмыс істейтін кісі 
əлдеқандай  қылмыстық  іске  қатысы  болса,  яки  мекеменің 
абырой-беделіне  кір  келтіретін  жағдайға  киліксе,  кінəлі 
тұлғамен қоса  сол мекеменің басшысы да қызметпен қош 
айтыспақ. 
Бұл – көптің көкейінен шығатын талап. Осы қағидатты 
бұдан 10-15 жыл бұрын арнайы бекітіп, нормаға енгізгенде 
кейбір  құдық  көмейлер  айылын  жияр  еді.  Алматы 
қаласының  бұрынғы  əкімі  Вячеслав  Храпуновтың  бір 
басындағы  байлығы  неге 390 000 000 доллар,  оның  ұлы 
Ілияс  пен  Эльвираның  байлығы  неге 350 000 000-нан 
астам доллар деген сауалға шарқ ұрып жауап іздемес едік. 
Сондай-ақ бүгінгі қысыр əңгіменің қидалауына  айналған   
атышулы Мұхтар Əблязов  БТА банкінен қалайша ғана 900 
000 000 долларды сыпырып кеткен деп қайран қалмас едік. 
Бұл – Қазақстан қаржысының сыртқа кетуінің зары бол-
са, ал ел ішіндегі іс басындағы азаматтар, халық тағдырын 
сеніп  тапсырған  кресло  иелері  де  осы  «марафоннан» 
қалыспай  жатыр.  Мысал  керек  пе?  Ендеше,  мінекейіңіз.  
Бізде  «Нұр  Отанды»  билік  партиясы,  оған  қолы  таза,  са-
насы  уланбаған  кісілер  енеді  дейді.  Дұрыс-ақ.  Ал  барлық 
жерде  осы  талап  орындалып  жатыр  ма?  Жоқ.  Əрине,  жоқ. 
Осыдан  біраз  бұрын  Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  «Нұр 
Отан»  Халықтық  Демократиялық  Партиясы  облыстық 
филиалы  саяси  кеңесі  бюросының  кеңейтілген  мəжілісі 
өткен.  Осы  мəжіліс  материалдарын  оқып  отырып,  ойға 
қаласың.  Ел  өз  тағдырын  сеніп  тапсырған  азаматтардың 
сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, қазына қаржысын судай 
сапырғандарын біліп, жағаңды ұстайсың. 
Облыс  əкімінің  жанындағы  сыбайлас  жемқорлықпен 
күрес  жөніндегі  комиссия  мəжілісінің  шешімімен  сегіз 

107
мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылған. Оның екеуі ау-
дан мен қаланың əкімдері, бесеуі аудан, қала əкімдіктерінің 
бөлім бастықтары, біреуі маман екен. Отыз сегіз мемлекеттік 
қызметкер  тəртіптік  жазаға  тартылған. 2010 жылы – 25, 
2011 жылы – 24 партия мүшесі сыбайлас жемқорлыққа жол 
бергені  үшін  партия  қатарынан  шығарылған («Айқын», 
23-мамыр, 2012жыл). 
Осыдан  біраз  бұрын  «Нұр  Отан»  ХДП  жанындағы 
жемқорлықпен  күрес  жөнінде  республикалық  қоғамдық 
кеңес 
төрағасы 
О.Əбдікəрімовтың 
төрағалығымен 
Атырауда  жиын  өткен.  Жиынның  негізгі  тақырыбы – 
жемқорлықпен  күрестің  жай-жапсары.  Мұнда  мынадай 
мəліметтер  келтірілген: «Құқықтық  статистика  жөніндегі 
комитеттің  мəліметтері  мен  Бас  прокуратураның  арнайы 
есептеріне сəйкес, облыста 2010-2011 жылдары жемқорлық 
қылмыстың  деңгейі  өскен (2010 ж. – 82, 2011 ж. – 88). Ал 
2011  жылы  тіркелген  жемқорлық  қылмыстардың 9-ы  əр 
деңгейдегі əкімдердің, 26-сы əкімдіктердің қызметшілерінің 
үлесіне  тиеді.  Сондай-ақ  Төтенше  жағдайлар  министрлігі 
қызметкерлері – 17, Ауыл  шаруашылығы  министрлігінің 
қызметкерлері – 15,  Денсаулық  сақтау  министрлігіне 
қарасты  мекеме  қызметкерлері 11 рет  жемқорлық  
қылмыстар жасаған. 
Өткен  жылы  осы    облыста    жемқорлық,  құқық 
бұзушылықтары үшін 15 мемлекеттік қызметші əкімшілік 
жауапқа жəне 130 қызметкер  тəртіптік жазаға тартылған. 
Олардың  ішінде 4 əкім  жəне  əкімдіктердің 61 қызметкері 
бар («Егемен  Қазақстан», 3-сəуір, 2012 ж.).  Ақмола  облы-
сы,  Целиноград  ауданының    бұрынғы  əкімі  М.Мыңжанов 
пен  оның  бірінші  орынбасары  Ежов  жəне  «Казстрой-
проект»  ЖШС  басшылары  «Жол  картасы»  мемлекеттік 
бағдарламасынан 71 миллион теңге жымқырған  («Айқын», 
25-ақпан 2012 ж.).
Байқадыңыз  ба,  құрметті  оқырман,  құрыққа 
іліккендердің    дені    халық  тағдырына    тікелей    жауап  
беретін əкімқаралар мен оның жандайшаптары екен... Əріге 

108
бармай-ақ  қояйық, «балық  басынан  шіриді  деген»  міне, 
осы!..
Ал енді бұған не қайран қалмақ керек?
Жемқорлықты  жүгендеу  тек  қана  бір  партияның,  яки 
қоғамдық ұйымның, құқық органдарының ғана атқаратын 
жұмысы болмауы керек.  Бұған қарсы бүкіл ел болып күрес 
жүргізуіміз қажет!
Ал ол шаруа барынша əділдікпен атқарылуы тиіс.  Сы-
байлас  жемқорлықпен  күрес  ежелден  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының  да  елеулі  міндеттерінің  бірі  болып  келгені 
рас.  Отандық  басылымдар  осы  шаруада  өз  қал-қадерінше 
жұмыс атқарып-ақ жатыр. Дабыл қағады. Кемшілікті сын-
садағына  алады.  Аттандайды.  Бірақ  газет  сынынан  кейін 
креслосымен  қош  айтысыпты  деген  деректер  ілеуде-біреу 
ғана айтылып қалып жатады...
Ана  бір  жылдары  «Социалистік  Қазақстан»  газетінде 
Нұриден Мұфтақов ағамыз жұмыс істеді. Ол шын мəнінде 
өз  кəсібінің  хас  шебері,  нағыз  майталман  еді.  Ел  елден, 
жер  жерден  Мұфтақовтың  қазылығына  жүгінген  адам-
дар  легі  редакция  дəлізінде  сеңдей  соғылысып  жүретін. 
Құдды бір Нұрекең Жоғарғы Сот  секілді. Осының өзі көп 
нəрсені аңғарса керек. Бұл əділетсіздікпен күресте журна-
лист беделін, бүтіндей қазақ журналистикасының абырой-
ын асқақтатқан кісінің шығармашылығына деген сенімі, ел 
құрметінің белгісі еді!
Елімізде нарықтық экономиканың үстемдік етуімен қоса, 
заңнамалар  да  уақытқа  қарай  бейімделгені  рас.  Баспасөз 
қоғамдық  пікір  қалыптастырушының  рөлінде  ғана  таны-
лып  отыр.  Бүтіндей  бұқаралық  ақпарат  құралдарының, 
оның  ішінде  журналистердің  беделін  көтереміз  десек, 
еліміздің  «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына 
өзгерістер енгізіп, онда жарияланған əрбір сын мақала үшін 
тиісті мекемелер мен құзіретті органдар жауап беретіндігі 
жөнінде бап енгізілуі тиіс. Бұл бүгінгі күннің болмысы та-
лап етіп отырған ақиқат.
Біз  бұдан  бұрынғы  мақалаларымызда  жазып  келе 

109
жатқанымыздай, Кеңес заманы кезіндегі халықпен жұмыс 
істеудің  озық  əдіс-тəсілдерін  күнделікті  өмірімізде 
ұтқырлықпен 
пайдалана 
білсек, 
бұдан 
ұтылмас 
едік.  Айталық,  жемқорлықпен  күрес  тек  қана  құқық 
органдарының  ғана  міндеті  болып  қалмай  бұған  бүкіл 
халықтық  майдан  ашылса.  Демек,  əрбір  ауыл-аудан-
да  халықтық бақылау комитеттері құрылып, ол пəрменді 
жұмыс атқару керек.
Халықтық  бақылау  органдары  кезінде  шын  мəнінде 
өзін  ақтаған,  ел  сеніміне  ие  болған  орган  еді.  Қарапайым 
халықтың ырыс-несібінің талан-таражға түспеуіне тосқауыл 
қоятын осындай құрылым болса, оның несі айып?!
Заң  билік  ететін  қоғам  құрамыз  деп  білек  сыбанып 
жүрміз. Онымыз дұрыс. «Бала тəрбиесі – бесіктен» демекші, 
елдің бүтіндей құқықтық сауатын көтеру бір сəтте жасала 
қоймайды, əрине. Қазір ағылшын тілі пəнін бірінші сынып-
тан бастап оқыта бастаймыз деген талап қойылып отырғаны 
секілді,  құқықтану пəні де сол бастауыш сыныптардан ба-
стап оқытылуы керек деп ойлаймыз. 
Жуырда 
əл-Фараби 
атындағы 
Қазақ 
Ұлттық  
Университеті  журналистика  факультетінде  құқықтық 
журналистика  бойынша  маман  кадрлар  даярлау  жөнінде 
нақты шара қолға алынды. Енді осы өркенді мəселе баянды 
болса  екен  деп  тілейміз.  Шынында  да,  құқық  тақырыбын 
білгірлікпен жазатын, оның қыры мен сырын зерттеп жаза-
тын қаламгерлерге қоғам қазір сусап отыр. 
Осының бəрін тізбелеп отырғандағы себебіміз «Ұяда не 
көрсең, ұшқанда соны ілерсіңді» қаперде сақтасақ  дегенді 
айтқалы отырмын. 
Ұят ұядан, соның  қалыбынан бастау алады. 
Ұятты уыстан сусытып алмайық!
2012 ж.

110
ЖАҺАН ЖҮРЕГІН БАУРАҒАН
1
 СƏУЛЕЛІ ОЙДЫҢ ШУАҒЫ
2009 жылғы маусым айының аяқ шенінде Қазақстандағы 
бұқаралық ақпарат құралдары басшыларының, ақын, жазу-
шылар жəне журналистердің үлкен тобы Түркияға достық 
сапармен  барып  қайтты.  Түрік  Республикасындағы  «Диа-
лог  Еуразия»  Платформасы  мен  оның  елімізде  шығатын 
«da  Қазақстан»  журналының  ұйымдастыруымен  болған 
бұл сапарда қаламгерлер əріптестерімен тəжірибе алмасып, 
журналистика  мен  əдебиетке,  бүгінгі  жаһандану  үрдісіне, 
ұрпақ тəрбиесіне жəне басқа да келелі мəселелерге қатысты 
ой  бөлісті.  Адами  қатынастағы  өзара  түсіністіктің,  екі  ел 
арасындағы достықтың осындай халықтық дипломатия жо-
лымен дами түсетіндігіне тағы бір көз жеткендей болды.
Үміт атын шалдыратын жақсы қала
Қазақ 
зиялылары 
мен 
Түркия 
арасындағы 
байланыстың  бастауы  тым  əріде  жатыр.  Халқымыздың 
біртуар  білімпаздарының  бірі  Əлихан  Бөкейханов 1915 
жылы «Қазақ» (№117) газетіне «Ыстамбул һəм қылилар» 
деп  аталатын  мақала  жазып,  түрік  бауырларымыздың 
аумалы-төкпелі  кезеңдегі  тағдырына  алаңдаушылық 
білдірді. 450 жылдан  бері  тағдырдың  тəлкегімен 
көрмегенді  көріп  келе  жатқан  ел  астанасы  ендігі  жерде 
Англия  мен  Францияның  боданына  айналса  не  бола-
ды,  Ая  Софья  мешітінде  христиан  дұғасы  оқылса  түрік 
қайтіп  күн  көрмек  дегенді  айтады.  Əгəрки,  Ресейдің 
қаһарына ілігіп, шабуылға ұшыраса, одан қорғанар күш 
бар  ма  деген  ойды  да  сабақтай  түседі.  Сөйтіп,  Əлихан 
ағамыз  бүтіндей  түркі  əлемінің  інжу-маржандарына 
бөгіп  жатқан  бас  қала  Ыстамбұлдың  өз  мəртебесінде 
1
(Бұл  жолсапар  байыптама  жазушы-журналист    С.Ибраиммен 
бірлесіп жазылған)

111
тұра  бергенін  қалайтындығын  айтады.  Оны  үміт  атын 
шалдыратын жақсы қала деп айдар тақты.
Түрік  елінің  тағдырына  алаңдаушылық  білдіріп  қана 
қоймай, өзінің шығармашылық ізденісінің бір өрісі осында 
жатқанын Шəкəрім Құдайбердиев те айтып өткен.
Жасымнан жетік білдім түрік тілін,
Сол тілге аударылған барлық білім.
Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,
Жарқырап  қараңғыдан  туып  күнім, – деп  жырлаған 
(Шəкəрім.  Өлеңдер  мен  поэмалар.  А, 1988 ж, «Жалын» 
баспасы, 64-бет.)  ойшыл  бабамыз  Меккеге  сапарында 
Ыстамбұлға  соғып,  осында  бірнеше  күн  аялдап,  ілім-
білімнің қазынасы атанған кітапханаларға бас сұққаны та-
рихтан  мəлім.  Ол  өзінің 1919 жылы  жазылған  «Жылым – 
қой,  жұлдызым  июль»  деп  аталатын  өлеңінде  осы  деректі 
нақтылай түседі.
«Білімдінің кітаптарын,
Жазыпты түрікше бəрін.
Философ білгіш ойларын,
Сезіндім біразын байқай.
Кітап, ғылым, ой алмаққа,
Маған жол болды сол жақта.
Жұмылдым Мекке бармаққа,
Алаң боп іше алмай шай.
Пароходта жүріп жолда,
Əл елде кез келіп молда.
Он үш күн боп Ыстамбұлда,
Керек кітап табылғаны-ай!» 
(Шəкəрім  шығармалары.  Алматы, 1988. «Жазушы»  ба-
спасы. 195-бет).
Ал көрнекті мемлекет қайраткері, ұлы ақын һəм жазушы 
Сəкен Сейфуллин 1924 жылы «Түркия туралы» деген мақала 
жазып,  сол  тұстағы  халықаралық  жағдайға  байланысты 
туысқан Түркиядағы болып жатқан уақиғаларға орай өзінің 
концептуалды  ойларын  білдіреді.  Ол: «Түрік  басындағы 
дағдарысты  пайдаланып,  Англия,  Франция,  Италия  осы 

112
елді  өзінің  құрсауында  ұстау  үшін  айла-шарғының  бəрін 
жасап бағуда. Алайда түрік халқы өзінің тарихи таңдауын 
жасады. Жаңа өмірге қадам басты. Керуен алға жылжыды. 
Ал керуеншілер түрік елінің еңбекшіл халқы болып отыр. 
Өзгелер  не  десе  о  десін,  ескілікті  қайтадан  аңсағанмен 
ештеңе  шықпайды.  Ит  үреді,  керуен  көшеді»  деп  өз  ойын 
түйіндейді (М.Абсеметов. Сəкен Сейфуллин. Астана, 2006. 
255-бет.).
Осы  бір  деректерден-ақ  қазақ  зиялы  қауымы  аға 
ұрпағының  түбі  бір  түркітектес  халықтардың  тағдырына 
бейжай  қарай  алмағандығына  айқын  көз  жеткізуге  бола-
ды. Осынау игі дəстүр сабақтастығы бүгінгі таңда да өзінің 
лайықты жарасымын тауып отыр.
Қазақстан  егеменді  ел  атанғалы  бері  екі  мемлекет 
арасындағы  барыс-келіс,  қоғамдық-саяси,  əлеуметтік-
экономикалық,  рухани  саладағы  байланыс  жаңа  арнаға 
шықты.  Соның  нақты  бір  дəлелі  бір  топ  қазақстандық 
қаламгерлердің  «Диалог  Еуразия»  Платформа  аясындағы 
ұйымдастырылған сапарға қатысуы еді.
Тұрғыт Өзал аманаты
  Түркияға  сапармен  шыққанымызда  алдымен  түріктің 
ардақты  ұлы,  елінің  дамуы  үшін  іргелі  реформалар 
жүргізген,  халықаралық  қатынастарда  өзінің  салиқалы 
саясатымен  зор  беделге  ие  болған  Тұрғыт  Өзал  бейнесі 
көз  алдымызға  оралғаны  анық  еді. 1991 жылы  Қазақстан 
тəуелсіздік  алғанда  дүниежүзі  елдерінің  арасында  бірінші 
болып Түркия еліміздің тəуелсіздігін таныды. Түріктерден 
естіген  мына  бір  əңгіме  біздің  елімізге  деген  қарапайым 
халықтың ықыласын сездіріп-ақ тұр. Қазақстан Тəуелсіздік 
алғанын  естіген  Түркия  Президенті  Тұрғыт  Өзал  шын 
пейілімен  қуанып,  қазақ  бауырларына  өзінің  ыстық 
ықыласын  жеткізуге  асығыпты.  Елбасымыз  Нұрсұлтан 
Əбішұлы  Назарбаевқа  телефон  шалып  құттықтап,  өзінің 
мұндай қуанышты хабарды естігеннен кейін таңның атуын 

113
күте алмай, түн ортасында хабарласып тұрғанын айтыпты. 
Сол  кезде  Түрік  елінің  басшысы  əлемнің  тəуелсіздігімізді 
тануға  көшбасшы  болып  ғана  қоймай,  өзі  де  түркілердің 
атажұрты  атанған  Қазақстанға  келгенін  жұртшылық 
жақсы біледі. Осы жолдардың авторлары Тұрғыт Өзалдың 
Қазақстан  Парламентінде  сөйлеген  сөзін  тыңдап,  онымен 
кездескен де болатын. Қазақстанға сапарында ол қазақтарды 
бауырым деп іш тартып, «Түркияда қанша қазақ бар?» де-
ген сауалға «Бізде 75 миллион қазақ бар, соның бірі мына 
менмін»  деп  тапқырлықпен  жауап  бергені  де  ел  есінде. 
Тұрғыт  Өзалды  қазақтар  да  қадірлейді,  Алматыда  оның 
атында үлкен көше бар.
КСРО  күйреп,  еліміз  талай  ғасырлар  бойы  аңсаған 
егемендігімізді  алғаннан  кейін  бұрын  коммунистік  иде-
ологиямен  сіресіп  келген  сең  бұзылып,  екі  ел  арасын-
да  достық,  туысқандық  көпірі  салына  бастады.  Саяси, 
экономикалық,  мəдени  жəне  қарым-қатынастар  орнады. 
Екі елде де елшіліктер ашылды. Сонымен қатар халықтық 
дипломатия да дами бастады. Бұл жас ұрпаққа білім беру, 
оларды бүгінгі жаһандану дəуіріне төтеп бере алатындай 
етіп  тəрбиелеу,  имандылық  пен  ғылымды  қатар  меңгеру 
тұрғысынан  əлемнің  басқа  елдерінде  ашылған  түрік 
лицейлерінің  біздің  елімізде  де  ұйымдастырылуынан 
айқын  көрініс  тапты.  Сондай  бастаманы  қолға  алынуы-
на  түрткі  болған  адамның  бірі  дін  саласындағы  белгілі 
ғалым,  ойшыл-ғалым  Фетхуллаһ  Гулен  еді.  Еліміз 
егемендік  алған 90-ыншы  жылдың  басында  Түрік  елінің 
өкілі  Икхан  Қазақстанға  келіп,  халқымыздың  ардақты 
ұлы  Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаевқа  жолығады.  КСРО 
құрамында  болған  мұсылман  елдерден  түрік  лицейлерін 
ашуға  ниеттері  бар  екендігін  айтады.  Сонда  Димекең 
өтпелі  кезеңдегі  елдегі  жағдайдың  қиындығын  айтып, 
бұл  бастаманы  Əзірбайжаннан  бастаған  дұрыс  деп,  Гей-
дар  Алиевке  осы  мəселеге  орай  түріктерге  көмектесуді 
өтінген  хат  жазып  береді.  Əзірбайжан  елінің  басшысы 
кезінде  КСРО-да,  оның  ішінде  мұсылман  елдерінде  зор 

114
беделге  ие  болған  Димаш  ағаның  сəлемінен  кейін  елінде 
түрік  лицейін  ашуға  бірден  келісім  береді.  Сөйтіп, 1991 
жылы  бұрынғы  КСРО  аумағында  алғашқы  түрік  лицейі 
Əзірбайжанда ашылады.
Қазір  Қазақстан  мен  Түркия  арасында  осы  елдер 
азаматтарының  арнайы  рұқсатсыз  (визасыз)  барып-келуі 
жолға  қойылған.  Еліміз  тəуелсіздік  алғаннан  кейін  Түрік 
еліне алғашқы болып барған, тоқсаныншы жылдардың бас 
кезінде Премьер-министрдің орынбасары болған, мемлекет 
жəне қоғам қайраткері, белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбе-
ков екен. Осы орайда «da Қазақстан» журналының бас ре-
дакторы, біздің делегацияны Түркияға бастап барған Мəлік 
Отарбаев  мырзаның  Мырзатай  ағаның  өз  аузынан  естіген 
мына бір əңгімесі бəрімізді елең еткізді.
–  Түрік  еліндегі  лицейлерді  ұйымдастырушылардың 
өкілі Икхан Тұрғыт Өзалға Қазақстаннан делегация келсе, 
бізге айтыңыздар, оларды өзіміздің білім ошақтарымен та-
ныстырып, күтіп аламыз деп өтініш білдірген. 1992 жылы 
Түркияға алғашқы болып біздің елімізден келген Мырзатай 
Жолдасбековті  əуежайдан  Тұрғыт  Өзалдың  өзі  күтіп  ала-
ды. «Бауырым,  мен  сені  бір  ғасыр  бойы  күттім  ғой!»  деп 
құшақ  жая  қарсы  алады.  Басқа  елдердің  Президенттеріне 
көрсетілетіндей  құрмет  пен  ықылас  көрсеткен  Түркия 
Президенті: «Мырзатай,  енді  аман-есен  бізге  келгеніңді 
айтып,  Атажұртқа  телефонмен  сөйлес»  деп  ол  кезде 
бəрімізге  таң  болып  көрінетін  ұялы  телефонын  ұсынады. 
Қазақстанның  өкілін,  бауырын  қошеметпен  күтіп  алған 
Тұрғыт  Өзал  жоспарланған  ресми  кездесулер  аяқталған 
соң  Мырзатай  ағаға  Икханды  таныстырады: «Мына  кісі 
өте  мықты  адам,  оның  ар  жағында  одан  да  мықты  адам 
бар  (Фетхуллаһ  Гулен.  Авт.).  Ол  саған  өздерінің  ашқан 
Ыстамбұлдағы барлық мектепті көрсетеді, осындай оқу ор-
нын сіздерде де ұйымдастырғысы келеді» дейді. Мырзатай 
Жолдасбеков мектептерді аралап көргеннен кейін елге ба-
рып  ақылдасатындығын  айтады.  Сөйтіп,  алғашқы  лицей-
лер  біздің  елімізде  ашыла  бастады.  Кейін  бұл  іске  қоғам 

115
қайраткері  Шəмшə  Беркімбаева  көп  үлес  қосты,  Түркияда 
оны аса құрмет тұтады.
Бірде  Тұрғыт  Өзал  ауырып  қалғанда  Фетхуллаһ  Гулен 
оның көңілін сұрай барады. Президентке былай дейді: «Орта 
Азияға барғанда ондағы біз ашқан мектептерге қамқорлық 
ойдағыдай  болуы  үшін  əр  елдің  президентіне  оны  тапсы-
рып  кетуіңіз  керек»  деген  өтініш  айтады.  Тұрғыт  Өзал 
көзінің тірісінде түркітілдес елдерге барғанда бұл мəселені 
назарда ұстаған екен. Нұрсұлтан Əбішұлына Тұрғыт Өзал 
«Бұл  мектептер  түрік  пен  қазақ  арасындағы  достықтың 
дəнекері,  ертеңгі  болашағымыз.  Осы  мектептерді  Сізге 
аманаттап  кетемін»  деген  сөздерін  теледидардан  көрген 
түріктер көзіне жас алғаны əлі күнге жыр ғылып айтылады. 
Тұрғыт Өзал аманатына қазақ бауырлары адалдық таныту-
да  дей  аламыз.  Соның  нақты  дəлелі  ретінде  айтар  болсақ, 
қазір біздің елімізде 28 түрік лицейі бар.
Тұрғыт Өзал қайтыс болғанда жерлеуіне 10 миллионннан 
астам адам жиналған дейді. Біздің делегация Ыстамбұлдағы 
Тұрғыт  Өзал  зиратына  барып,  құран  оқыдық.  Қазақты 
өзіне  бауыр  тартқан,  қазақтың  қуанышына  қуана  білген, 
туысқан  халықпыз  деп  бүкіл  əлемге  жар  салған  Түрік  елі 
аса  қадірлейтін  Тұрғыт  Өзал  бейітінің  басында  барған 
қазақтың тебіренбей тұра алмасы анық. Біз де сол күйді ба-
стан кештік. Ұлы тұлға рухымен іштей тілдестік.
Бастама  Измирден басталыпты... 
Бүгінгі  таңда  əлемнің 110 елінде  түрік  лицейі  бар.  Ал 
соның  алтын  бастауы  осыдан  елу  жылдай  бұрын  Из-
мир  қаласынан  басталыпты.  Осындай  игі  шараны  алғаш 
қолға  алған  Фетхуллаһ  Гулен 1938 жылы  Түркияның 
оңтүстігіндегі  Ерурум  ауданының  Қорыжық  деген  ауы-
лында дүниеге келген. Алғашқы білімін медреседен алған. 
Алварлы Ефе, Осман Бекташ, Қажы Сыдқы Ефенди сынды 
жəне т.б. сол кезеңнің бірқатар белгілі ислам ғұламаларынан 
дəріс  алады.  Ол  өзін  тек  діни  жағынан  ғана  жетілдіріп 

116
қоймай,  жастайынан  басқа  да  ғылым  салаларымен  таныса 
бастайды, əдебиетпен де айналысады. 1958 жылы жас ғалым 
Едірне қаласында ұстаздық қызмет атқарып, қоғамдық іске 
белсене араласа бастайды.
1963 жылы жиырма бес жасар Фетхуллаһ Гулен Измир-
де діни басқарма тарапынан Кестани базары мешітіне уағыз 
айту  қызметіне  тағайындалады.  Оның  алдында  бұл  лауа-
зымда жұртшылық аса қадір тұтқан Яшар Тунагур болған, 
ол Гуленге зор үміт артқан. Бірақ өз ісін аса ыждағаттықпен 
атқарған  Гулен  ғылым-білім  мен  рухани  құндылықтарды 
қатар игерген жас ұрпақ тəрбиелеуді армандапты. Біз Измир-
де болғанда оның мешіт жанынан лашық жасап, алғашқыда 
небəрі  алты  шəкірт  тəрбиелеуден  бастаған  жерін  көрдік. 
Əрине, қазір ол лашық жоқ. Кезінде тап осындағы жұпыны 
құрқылтайдың  ұясындай  орында  Гулен  жаңа  үлгідегі  за-
манауи мектеп ашуға бастама көтеріп, оның мəн-маңызын 
халыққа  түсіндірумен  болды.  Бұл  орайда  ол  Борново 
мешітінде, Хисар мешітінде уағыз оқып, өзінің ойларын, ел 
мен ұрпақ болашағы туралы тұжырымдарын айтқан.
Сол  кездің  куəгері,  қарттардың  бірі  Алладин  Нəдірмен 
ақсақалмен  кездестік.  Сонда  ол  былай  деген  еді: «Гулен 
өте  қарапайым  болатын.  Өзінің  күркешігіне  қолданылатын 
электр жарығына, суына, жалақысына төленетін ақшаны дер 
кезінде төлеп тұратын. Бірде оған еңбегін елеп діни басқарма 
артық ақша (сыйақы) бергенде оны алмай, балалардың керек-
жарағына жұмсаған, адам тек өзінің еңбегіне тиесілі ақыны 
алуы керек, артық алған күнə деп есептеді».
Қазіргі  кездегі  Ыстамбұлдағы,  Измирдегі  зəулім  де 
əсем ғимараттарда орналасқан лицейлерді көріп, оны осы-
дан  елу  жылдай  бұрын  күркешікте  басталған  бастама  деу 
қиын.  Бірақ  ақиқат  осы.  Оған  Измирдегі  он  екі  жылдық 
«Яманлар» (Дарындылар)  мектебінде  болғанымызда  көз 
жеткіздік.  Қазіргі  заманғы  жабдықтармен  жарақтанған, 
əсем  де  көрікті  ғимарат  кірсе  шыққысыз  əсер  береді. 
Балаларға  барлық  жағдай  жасалған.  Осыны  көріп  біздің 
əріптестеріміздің  бірі  «шіркін,  бізде  осындай  мектептер 

117
болса  ғой»  деп  таңдайын  қағып  қалды.  Бірақ  қасындағы 
көпті көрген бір журналисіміз «несіне таңғаласың, мұндай 
мектептер қазір біздің Қазақстанда да бар» деп пікір тала-
стыра  қойды.  Қалай  десек  те  екеуінің  де  сөзінде  жан  бар. 
Басқаны былай қойғанда, еліміздегі түрік лицейлерінің де 
қол жеткен жетістіктері көңіл қуантады. Мəліктің айтуын-
ша, қазақ-түрік мектеп-лицейлерін бітіретіндердің 97 пайы-
зы жоғары оқу орындарына қабылданады екен.
Измирде тағы бір лицейге бара жатқанымызда «Диалог 
Еуразия» қорының жетекшісі, қазақ тіліне аса жетік Салих 
Акчай мырза «Құдай қаласа, бұл бір керемет кездесу бола-
ды  деп  ойлаймын,  онда  Фетхуллаһтың  құрдасы  əрі  талай 
жыл бірге жұмыс істеп келе жатқан үзеңгілесі, Қазақстанда 
бірнеше  жыл  еңбек  еткен  Юсуп  Пекмезжи  мырзамен 
кездесеміз»  деді.  Бəріміз  елең  ете  қалдық.  Əдетте  журна-
лист  деген  халықтың  «майданға»  дара  шабатыны  белгілі. 
Ал  сапармен  келе  жатқан  осы  он  екі  журналист  деген 
қандай күш екендігін бағамдай беріңіз. Атап айтар болсақ, 
елімізге есімдері кеңінен танымал қаламгерлер: Нұрдəулет 
Ақыш,  Бауыржан  Жақып,  Ғалым  Жайлыбаев,  Нұртілеу 
Иманғалиұлы,  Асқар  Алтай,  Нұрғали  Ораз,  Доқтырхан 
Тұрлыбек,  Болат  Шарахымбай,  Дəулетбек  Байтұрсынұлы, 
Ардақ  Нұрғазыұлы.  Алда  үлкен  кездесу  тұрғанын  естіген 
олардың бəрі де бір қомданып қалды. Юсуп мырза да осал 
жаңғақ болмай шықты, сөзге шешен, тауып та, қауып та ай-
татын адам екен. Қазақтарды көрген Юсуп мырза қуанышын 
жасыра  алмай,  жарқылдай  сөйлеп  əңгімесін  бастады. 
Мұндай кездесулерде екі жақ бір-бірін тосырқап тұрғандай 
сəтте тізгінқағар əңгіменің жөні бөлек. Өзі кезінде Павлодар 
қаласына лицей ашуға барғанын, сонда əкіммен əңгімесін 
айтты. Əкім оны қабағын түйіп, қатуланған күйінде қарсы 
алады, мұндай жағдайда əңгіме өрбуі екіталай екенін білген 
Юсуп  мырза  айлаға  көшеді: «Қазақстанды  бүкіл  түркі 
халықтары  атажұрт  дейтінін  жақсы  білесіз,  біздің  ата-
бабаларымыздың осында қалған жері бар екен, соны алуға 
келдік» демей ме. Сонда əкім «біреуге беретін ұлтарақтай 

118
да  жеріміз  жоқ»  деп  шорт  кесіпті.  Осыны  айтып  күлдіріп 
алған ол əңгімесін негізгі арнаға бұрды.
– 1963 жылы  Измирге  келіп,  киім-кешекті  көтерме  сау-
дамен  сататын  фирмада  жұмыс  істедім, – деді  Юсуп  мыр-
за. – Арада  үш  жыл  өткенде 1966 жылы  Измирде  мешітте 
Гуленмен  таныстым.  Сол  жолы  ол  маған  мынадай  жақсы 
сөздерін  айтты:  ешкімге  жамандық  жасама,  дұрыс  жүр, 
өтірік айтпа… Бұл сөздері менің өмірбақи жадымда жатта-
лып  қалды.  Гуленнің  шəкірттерін  қалай  оқытқаны,  оларға 
қандай  қамқорлық  жасағаны,  жас  ұрпақты  тəрбиелеуде 
қаншама  күш-жігер  жұмсағаны,  бəрі-бəрі  көз  алдымда.  Ол 
кезде қазіргідей машина жоқ, балалар оқуға 5-7 шақырымнан 
жаяу  қатынайды.  Сондықтан  ұстаз  оқушы  балаларға 
көмек  беруге,  жатақхана  ұйымдастыруға  мəн  берді.  Көмек 
беретіндердің  қаржысы  жеке  баланың  қолына  берілмей, 
ортақ  есепке  аударылды,  жеке  кəсіпкерлер,  ауқатты  адам-
дар балаларға стипендияға, күнкөріске қаржы бөлді. Қаржы 
ортақ қазынаға түскенде көмек алған бала əлгі кəсіпкерге, не 
қолұшын берген адамға кіріптар немесе оның алдында өмір 
бойы қарыздар болып қалмайды. Осы жағы қатты ескерілді.
Оқуды бастаған кезде алғашқыда небəрі 6 бала оқыды. 
Бірақ  аренда  өте  қымбат  еді,  жылына 750 лира  болды. 
Мен Гуленмен құрдаспын, бірақ оны ұстаз тұтамын, оның 
айтқанын  мүлтіксіз  орындадым.  Былтыр  АҚШ-та  екі  ай 
бірге болдық. Оның Түркияға келуіне еш қарсылық жоқ, қай 
кезде  де  келуіне  болады.  Бірақ  денсаулығына  байланысты 
сонда емделуде əрі өз елін сырттан бақылап, оның жетістігі 
мен  кемшілігін  саралап  отыруды  жөн  санайтын  секілді. 
Халқымыздың 90 пайызы  оны  жақсы  көреді.  Үлкен  сот 
оны он жыл бойы тексеріп, оған ешқандай кінə таға алма-
ды. Сөйтіп,  жоғарғы сот одан қауіп жоқ деп шешті. Кейбір 
өркениетті  елдер  Түркияның  жетістіктерін  көре  алмай, 
оның өркендеп, əлемдік беделі өсе түскенін қаламайды, ал 
Гулен ғаламдық бейбітшілікті, бүкіл адамзаттың теңдігі мен 
халықтар достығын нығайтуды жақтайды. Гуленге кезінде 
билікке  таласты  деген  айып  тақты,  ол  ешқандай  билікке 

119
ұмтылған емес, ешқандай билікке таласпайды. Ол біреудің 
ақысын жеп көрмеген, адалдықты ту еткен адам. Ол билікке 
адал, иманды адам келсін, ол еліне елеулі, халқына қалаулы 
басшы  болса  дейді.  Түркияның  жетістігіне  қызғанышпен 
қарайтын  адамдар  оны  биліктен  көруді  қаламайды.  Гу-
лен  саясатқа  араласпайды!  Біз  ешқандай  партияға  мүше 
емеспіз.  Біздің  ешқандай  партиямен  байланысымыз  жоқ, 
сайлау кезінде адал адамға дауыс береміз. Олармен азамат 
ретінде байланыс жасаймыз.
Гуленге  қазіргі  биліктің  көзқарасы  дұрыс,  Премьер-
министр  де,  министрлер  де  дұрыс  қарайды.  Біз  оларды 
бұрыннан танимыз. Билікте – Үкіметте шəкірттеріміз жоқ. 
Ал мемлекеттік қызметтте бар. Біз шəкірттерімізді билікке 
дайындау  мақсатын  ойламаймыз,  ол  жақсы  адам  болса, 
еліне  адал  қызмет  етсе  дейміз.  Жүрегі  таза,  Алланың  ал-
дында  адал  болсын.  Кісінің  ақысын  жемей,  адал,  түзу 
жүрсін, халқына еңбек етсін. Біз сондай адам тəрбиелесек, 
онда  мақсатымызға  жеткеніміз.  Біз  Қазақстанда  болғанда 
«шəкірттеріңіз  кім  болады?»  деген  сұрақты  жиі  естиміз. 
Бізде əлгі айтқаннан басқа мақсат жоқ. Олар халқына, еліне 
адал еңбек етсе, сонда біз оларды мақтан етеміз. Құдай ал-
дында сауап болады деп үміттенеміз. Біздің басқалай бөтен 
ойымыз жоқ. Ал шəкірттеріміз мемлекетті басқаруға сайлау 
арқылы өтсе, оған біздің қатысымыз қанша?
Осы  арада  əңгімеге  жазушы  Нұрдəулет  Ақыш  арала-
сып былай деді: «Менің кіші қызым қазақ-түрік лицейінде 
оқыды.  Олар  балаларды  инабатты  етіп,  Құран  Кəрім, 
шариғат жолымен тəрбиелейді. Шəкірттері саясатқа аралас-
сын деген мақсат қоймайды. Ұстаздық, адалдыққа тəрбие, 
қоғамды  тəрбиелеу  олардың  басты  мақсаты  екеніне  көзім 
жетті.  Қазір  қазақ-түрік  мектеп-лицейлерінде  бір  орынға 
10-20  бала  құжат  тапсырады,  ең  үздіктері  оқуға  түседі, 
өйткені,  онда  білім  беру  сапасы  жоғары.  Ұстаздарын 
«абыла»  дейді,  олар  өте  инабатты,  кішіпейіл  адамдар, 
мінездері жібектей. Қазіргі Түркия өз елін біліммен, пара-
сатпен  өркендетуді  қолға  алған.  Біз  лицей  ұстаздарының 

120
жастар  тəрбиесіндегі  қосқан  үлесі  үшін  алғыс  айтамыз, 
өрлеп,  дами  берсін».  Жастарға  мұсылмандық,  имандылық 
пен  инабаттылық  туралы  сөз  болғанда  Юсуп  мырзаның 
Қазақстанда кəсіпкерлікпен айналысып, зауытты басқарып 
жүргенде  өзінің  куə  болған  мына  бір  əңгімесі  ойға  орала 
береді. «Бірде зауыт ішінде келе жатсам бір жігіт өзіне қарсы 
келе жатқан қызға қолын жүгіртіп, əбес қылық көрсетті, – 
деді  ол. – Мен  оларды  тоқтатып  «бір-біріңді  танисыңдар 
ма?»  деп  сұрадым,  танымайды  екен.  Сонда  мен  жігітке 
«əйеліңе, не анаңа, не қарындасыңа біреу солай істесе, сен 
жақсы  көрер  ме  едің?»  деп  сұрадым…  Содан  бухгалтерді 
шақырып алып, əлгі жігітті сол бойда жұмыстан шығартып 
жібердім».  Байқаған  адамға  бұл  үлкен  тəрбие.  Өйткені  
қызды құрметтеген ата салтымыздан айырылып кеткендер 
үшін,  батыстың  бейбастақ  қылықтарына  бой  үйреткендер 
үшін мұндай батыл шара да керек екеніне ешкім таласа ал-
мас.
Юсуп  мырза  Қазақстанда  ұзақ  жылдар  бойы  жұмыс 
істегендіктен оның əр сөзінен біздің елімізге деген ілтипат, 
туысқандық ықылас анық байқалып тұрды. «Мен Алматы-
да, Жамбылда, Шымкентте, Түркістанда болдым. Балалары-
мыз арасында достық қатынас орнауда. Осы жас ұрпақтың 
арқасында байланысымыз жақсаруда. Біз бабалар арманы-
на  енді  қол  жеткіздік.  Мен  бірде 1991 жылы  Қазақстанда 
Алматыдағы  халық  жиналған  орталық  алаңға  келсем, - 
дейді  ол,-  егемен  Қазақстанның  көк  байрағы  бірінші  рет 
көтерілгелі  жатыр  екен.  Сонда  мен  туға  қарап  көзіне  жас 
алып  тұрған  қазақтарды  көп  көрдім.  Тəуелсіздік  туының 
желбірегені  талай  ұрпақтың  арманы  екенін  жүрегіммен 
сезіндім. Осы тебірентер сəтті сол бойда бейнекамераға да 
түсіріп алғанмын».
Түрік байрағы неге қызыл?
Біздің  бала  кезімізден  əрқайсымызда,  жалпы,  Шығыс 
елдерінің  байрақтары  негізінен  көк,  жасыл,  сары  түстес 

121
бояумен  өрнектелетіндігі  жөнінде  түсінік  қалыптасқан. 
Ал  пəленбай  жылдық  тарихы  бар  түрік  елінің  жалауы  не 
себепті шымқай қызыл түсті? Мұның да мəні бар.
Түркі тарихында Мұстафа Кемалдың алар орны ерекше. 
ХХ ғасырдың алғашқы 30 жылдығындағы Түркияның өсіп-
өркендеу  кезеңіндегі  тағдыр-талайы  осы  кісінің  есімімен 
тікелей байланысты. 1915-1920 жылдар аралығындағы түрік 
билігіндегі тайталас, ескі мен жаңаның арасындағы бітіспес 
күрес Мұстафа Кемал секілді ұлы тұлғаны тарих сахнасы-
на  шығарды.  Кейін  Ататүрік  атанған  бұл  кісі  Түркияның 
өркениет жолымен өркендеуіне, саясаттағы, экономикадағы, 
руханияттағы  іріп-шіріген  ескілікті  қатынасты  түбірімен 
жоюға  бас  болып,  осы  жолда  бүгінгі  тілмен  айтқанда  көп 
векторлы саясат ұстанды. Енді осының мəніне үңілейік.
1919 жылдың 4-11 қыркүйегінде атақты бүкілтүріктік Си-
васс конгресі шақырылып, онда Өкілетті комитет құрылды. 
Бұл  былайынша  айтқанда  Түркияның  тұңғыш  уақытша 
үкіметі еді. Ал оның төрағасы Мұстафа Кемал болды. Бірақ 
бұл  жағдай  сырт  көз  оккупантшы  елдерді  де,  солардың 
мүддесіне  сай  қызмет  етіп  отырған  Сұлтан  Мехмед  VІ-
шының ашу-ызасын тудырды. Сөйтіп, ол жас кемалистерді 
басуға  əскер  жібереді.  Алайда  олар  кемалдықтардың 
жағына шығып кетеді.
1919  жылы 27-желтоқсанда  Мұстафа  Кемалды  Анка-
ра  халқы  зор  қуанышпен  қарсы  алады.  Ал 1920 жылдың 
қаңтарында  Ыстамбұлда  жаңадан  Парламент  құрылып, 
Түркияның  тəуелсіздігі  жарияланады.  Мұның  бəрі,  əрине, 
ағылшын  үкіметінің  ашу-ызасын  тудырмай  қоймады. 
Сөйтіп,  осы  жылдың 16-мартында  британдықтар  түрік 
астанасына басып кіріп, Парламентті тарқатып жіберді. Жүз 
елуден аса саяси қайраткерлер тұтқындалып, жер аударыл-
ды. Ал Мұстафа Кемалдың өзі сұлтанның бұйрығы бойын-
ша бүкіл əскери шенінен, марапаттарынан айырылып, өлім 
жазасына кесілді.
Алайда ұлт үшін дара туған дарынды қолбасшы, кемеңгер, 
қайраткер  Мұстафа  Кемал 1920 жылы 23-сəуірде  Анкара 

122
қаласында Түркияның ұлы ұлттық жиналысын құрып, сонда 
сөз сөйледі. Осы Парламенттің төрағасы болып та Мұстафа 
Кемал сайланды, сөйтіп, елде қос өкімет орнады. Міне, осын-
дай жағдайда сұңғыла саясаткер Ататүрік Германиямен жəне 
Советтік Ресеймен шұғыл байланыс орнатты.
Тəжірибелі  неміс  офицерлері  түрік  армиясына  əскери 
машықтану  ісінен  көмек  көрсетті.  Ал  Советтік  Ресей  бол-
са  сол  кездердің  өзінде  үлкен  ақша  саналатын  он  миллион 
теңге  көлемінде  қаржы  берді.  Ал  бірқатар  орыстың  əскери 
қолбасшылары Түркияға келіп мұндағы, ұрыс алаңдарындағы 
стратегиялық  мақсаттардың  айқындалуы  жолында  нақты 
жəрдем берді. Тарихшылардың айтуына қарағанда, Ресейдің 
осы бір қолжəрдеміне Мұстафа Кемал ризашылығын білдіріп, 
өз  елінің  мемлекеттік  туының  түсін  КСРО-ның  туы  түстес 
етіп  белгіледі.  Олардан  бір  айырмашылығы  байрақта  орақ 
пен балға емес, ислам символы – жарты ай бейнеленді. Бұл 
да болса ел басшысының көрегендігі еді. Ол өзінің бір қанаты 
мұсылман əлемімен тікелей байланысты екендігін ешқашан 
естен шығарған жоқ!
Бір  ғасырға  жуық  уақыт  бойындағы  түрік  елінің 
тағдырындағы  талайлы  белестерде  асқақтай  көтерілген 
осы  ал  қызыл  ту  түріктерді  отаншылдық  пен  патриотизм-
ге  тəрбиелеуде  айрықша  рөль  атқарып  келеді.  Түркияның 
қай  қаласына  барсаңыз  да  түріктердің  желбіреп  тұрған  Ай-
жұлдызды қызыл туын жиі байқайсыз. Бұл сол елдің рухын 
асқақтатын  да,  арқаландыратын  да  айбыны  іспетті.  Əсіресе, 
Ыстамбұлдың  ең  биік  көрнекті  жеріндегі  асау  желмен  арпа-
лысып тулаған алып туды көрсеңіз! Шіркін, бізде, Астана мен 
Алматыда осындай алып ту ілінсе ғой деген ой жылт ете түсті.
Сол ойымызды тап басқандай, жақында Елордада болған 
Астана қүні мерекесінде осындай алып Ту көкке көтерілген 
кезде  кеудесін  қуаныш  кернемеген  қазақ  жоқ  шығар! 
Тұғырда  биіктігі 111 метр  жалаусапта  көлемі 15х30  метр 
келетін  еліміздің  ең  үлкен  Туы  рухыңды  көтеріп, «Менің 
елім»  деген  мақтаныш  сезімін  ұялатады.  Елдің  елдігін 
жалпақ əлемге паш етіп тұратын Туымыз биіктей түссін!

123
БАҚ-тың бағы мен бабы – 
білікті басқаруда 
Ыстамбұлға  қайта  оралғасын  Түркия  Жазушылар  мен 
журналистер  қауымдастығында  кездесу  болды.  Жазу-
шылар  мен  журналистер  қауымдастығының  президенті 
Мұстафа Ешил, Қауымдастықтың төрағасы, «Диалог Еура-
зия» Платформасының тең төрағасы (Платформаның тағы 
бір  төрағасы  Қазақстан  Жазушылар  одағы  төралқасының 
басшысы  Нұрлан  Оразалин),  жазушы  əрі  ақын  Харун  То-
как,  Платформаның  хатшысы  Исмайл  Тас, «Саманйолы» 
(«Құс  жолы»)  телеарнасының  басшысы  Иллаз  Дүрак  жəне 
тағы  басқа  түрік  ақын-жазушылары  қатысты.  Аталған 
Платформа  аясында  түрік-қазақ  қаламгерлері  арасындағы 
байланысты  нығайту  мəселелері  сөз  болды.  Қазақ 
жазушыларының  кітаптарын  түрік  тіліне  аудару  жөнінде 
келелі əңгіме қозғалды. Бұл орайда атқарылып жатқан істер 
бар екені қуантады, бірақ ұлы Абайдың, Мұхтар Əуезовтің 
шығармаларын түрік оқырмандарына таныстыру қажеттігі 
айрықша  айтылды.  Түрік  əріптестер  өз  сөздерінде  Гулен 
шығармаларында айтылатын идеялар Абай мен Мұхтардың 
идеяларына  сəйкес  келеді,  олардың  айтар  ойлары  ортақ, 
бəрі бір тілде сөйлеген деген тұжырым жасады.
Осы басқосуда «Қазақ газеттері» ЖШС атынан сөз алып, 
ойымызды білдірдік:
–  Сіздер  «Диалог  Еуразия»  Платформасы  туралы  айт-
тыңыздар. Екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары арасын-
да  көп  мемлекеттерге  қарағанда  тығыз  байланыс  орнаған. 
90-ыншы  жылдардың  бас  кезінде  «Заман  Қазақстан» 
газеті  бізде  шыға  бастады.  Осы  жолы  Ыстамбұлдағы  «За-
ман» газетінің редакциясында боламыз. Өйткені бұл біздің 
мамандығымызға  қатысты  маңызды  мəселенің  бірі.  Осы 
басқосуға  «Қазақ  газеттері»  ЖШС-на  қарасты  «Ана  тілі» 
газетінің бас редакторы да қатысуда. Тəжірибе алмасу, осын-
да бар тəжірибені бізге, біздегі барды сіздерге жалғастыру 
өте құнды нəрсе. Бұл үрдіске, «Заман Қазақстан» газетімен 

124
қатар біздің елімізде шығатын «da Қазақстан» журналы да 
үлес қосады деп ойлаймыз. Оның бас редакторы Мəлік От-
арбаев мырза біздің делегацияны бастап келіп отыр. Біз Ал-
матыда  аталған  басылымдардың  ұйымдастырған  бірнеше 
дөңгелек үстелдеріне қатыстық. Оның зиялы қауымға пай-
далы  жақтары  көп  болды  деп  ойлаймын.  Алдағы  уақытта 
осындай  үрдіс  жалғаса  беретіні  анық.  Ал  біздегі  «Қазақ 
газеттеріне»  қарайтын  басылымдар  қазақ  оқырмандарына 
арналғанымен, ондағы басылымдар үш тілде – қазақ, орыс 
жəне  түркінің  бір  тармағы  ұйғыр  тілдерінде  шығады. 
Мұның  бəрі  ортақ  мəселеде  үйлесімділікке  жеткізер  жол 
деп білеміз.
Біздің  осы  сапарымызға  орай  екінші  мəселеге 
тоқталайын. Гулен ақсақал идеясы қалай жүзеге асырылып 
жатыр, міне, соны көзбен көрудеміз. Қазақстанда ашылған 
28 мектеп-лицейдің түпкі негізінде не жатыр деген мəселені 
ұғындық,  осындай  адами  құндылықтардың  əсерін  көзбен 
көріп, терең сезіндік. Қазіргі жаһандану заманында адамдар 
арасындағы  психологиялық  тайталасу  күрт  өскен.  Менің 
ойымша,  Гуленнің  негізгі  идеясы  құнды.  Кезінде  Маркс, 
Энгельс,  Ленин  шығармаларын  оқыдық.  Ленин  өзінің 
шығармаларында Гегельді, Плехановты сынайтын тұстары 
аз  емес  екені  белгілі.  Тəуелсіздік  жылдары  Плехановты, 
Гегельді, Конфуцийді сан қырынан таныдық. Ал Гүленнің 
шығармаларын  Мəлік  Отарбаев  бауырымыз  «Баян»  деген 
атпен  қазақ  тіліне  аударды.  Біз  Фетхуллаһ  Гүленнің  идея-
сымен,  шығармашылығымен  қазақ  жəне  орыс  тілдерінде 
əр  жылдары  шыққан  кітаптары  арқылы  жақсы  таныспыз 
дей аламыз. Бұл сапар кітаптан алған əсерді, ойларымызды 
толықтыра түскені анық.
Екі  ел  арасындағы  саясат  осындай  халықтық  ди-
пломатиямен  жалғасады.  Гулен  бастамасы – халықтық 
дипломатияның  бір  көрінісі.  Бұл  бірі-бірімен  тығыз 
байланысты.  Осындай  дəнекер  болғанына  мен  өз  ба-
сым  қуаныштымын.  Мен  тоқсаныншы  жылдар  ішінде 
республикалық  «Халық  кеңесі»  газетінде  бас  редактор 

125
болғанымда  Тұрғыт  Өзалмен  де,  Демирелмен  де  кездесіп, 
сөйлестім.  Алла  қаласа  Гуленмен  де  жүздесіп  қалармыз. 
Үлкен саясатта айтылар əңгіме бір басқа да, мына халықтық 
дипломатияда  айтылар  мəселе  бір  басқа.  Себебі  жаһан 
жүрегін баураған сəулелі ойдың шуағы ізгі ниетті əрбір жан 
иесін  баурайтыны  сөзсіз. «Диалог  Еуразия»  Платформасы 
Қазақстан  мен  Түркия  арасында  рухани  құндылықтарды 
жалғауда,  қаламгер  арасындағы  байланысты  жақсартуда 
игі істерді қолға алған, енді оның жақсы жалғасын табуын 
тілейміз.
«Саманйолы» («Құс 
жолы») 
телеарнасында 
болғанымызда түрік журналистерінің телехабарларды та-
рату  тəжірибесімен  таныстық.  Мұнда  алты  арна  жұмыс 
істейді екен. Арамыздағы атақты тележурналист Нұртілеу 
Иманғалиұлы  мен  белгілі  киногер  Доқтырхан  Тұрлыбек 
өз  əріптестеріне  техникалық  мүмкіндіктерге  байланы-
сты  сұрақты  түйдектетіп  қойып  алды. «Нұреке,  бізден 
қалай  екен?»  дейміз  телеарна  жұмысын  жөнді  білмейтін 
қалғандарымыз. «Жақсы,  мына  бір  тұсы  бізден  артық 
емес,  ал  мына  əдістері  мен  техникалық  мүмкіндіктері 
жоғары»  деп  қысқа  жауап  қайырды.  Тікелей  хабар  жаза-
тын  студияға  түрік  əріптесімен  жайғасып  отырып  алған 
Нұрекең  «Қолтаңбаны»  бастап  кетуге  шақ  қалғандай 
əсерде болдық. Жалпы алғанда, «Саманйолы» телеарнасы 
ақиқатты айтатын Түркиядағы ең беделді арналардың бірі 
екен.
1990  жылдардың  бас  кезінде  «Заман-Қазақстан» 
газеті  шыққаны  белгілі.  Ал  оның  Түркиядағы  бас 
мекемесі – «Заман»  газетіне  бардық.  Онда  «Жиһан»  ха-
бар  агенттігінің  бас  директоры  Абдулхамид  Биллиджин 
қазақстандық  қонақтарды  жылы  шыраймен  қарсы  алды. 
Айта кетелік, «Заман» газеті 850 мың данамен күн сайын 
шығады. 13 мемлекетте тілшісі бар, төрт тілге аударыла-
ды. Басылымның безендірілуі, материалдардың қамтылуы 
жоғары деңгейде. 
Осы  орайда  Абдулхамид  Биллиджин    мырзаның    біз-

126
дердің  қойған сауалдарымызға берген жауабын қамтитын  
қысқаша сөзін келтіре кеткен жөн:
«Газет  жарнамадан,  газетті  сатудан  түскен  қаражатқа 
шығады. Саясат туралы қанша пікір айтылса, сонша пікірді 
жазамыз. Бір проблемаға əртүрлі көзқарас беріледі. Газетті 
шығару  технологиясы  жоғары,  оның  ең  соңғы  үлгілері 
қолданылады.  Маман  кадрларымыз  шетінен  білікті, 
тəжірибелі. Түркияда газетті басып шығаратын 5 орталық 
баспахана бар.
Баспасөзде адалдықты ұстанамыз. Басқа газеттер жалған 
сөйлесе,  оны  сынай  отырып  өзімізде  мақала  жариялауды 
міндет санаймыз. Əрі ондай мақалаларды жинап, кітап етіп 
шығару  тəжірибесі  жолға  қойылған.  Менеджмент  жоғары 
деңгейде дамыған.
Біздің  басылым  баспасөзге  жазылу  бойынша  Түркияда 
бірінші орын алады – 1 миллионға жуық оқырман бар. Га-
зет  алдымен  қалаларға  жеткізіледі,  онда  өзіміздің  газет 
тарататын  фирмалар  бар.  Фирмалар  баспасөзге  жазылу-
ды  ұйымдастырады.  Газетті  оқырманға  жеткізу,  олармен 
кездесу,  пікірлесу  жақсы  жолға  қойылған.  Оқырмандар  да 
газетке  жазылуға  көмектеседі.  Өзі  ғана  оқып  қоймайды, 
басқалардың оған жазылуына қол ұшын береді. Баспасөзге 
жазылу ешкімге міндет болмаса да азаматтарымыз саналы 
түрде  елі  үшін  осындай  игі  істерді  атқарады.  Басшылар, 
біздер,  бəріміз  болып  газеттің  беделін  көтеру  үшін  оның 
басы-қасында жүреміз. Аудандарға шығамыз, тұрғындармен 
кездесеміз.  Біздің  газет  Түркияның  бұқаралық  ақпарат 
құралдары  арасында  бірнеше  мəрте  бірінші  орын  алды. 
Ең мықты журналистер бізде десем артық айтқаным емес. 
Штаттан тыс авторларымыз бар. Белгілі бір тақырыпқа орай 
тапсырыспен  жаздыртатын  авторлар  да  болады.  Оларға 
қаламақы  береміз.  Халықтық  мəселе  жазатын  журнали-
стер бар. Біздің газеттің көптеген елде меншікті тілшілері 
жұмыс істейді. Жарнама, өзімізді насихаттау қалыптасқан. 
Газетімізде халқымыз туралы, елдегі экономикалық жағдай, 
демократиялық  жүйе,  адамдардың  үлгілі  болуы  жəне  т.б. 

127
тақырыптар  жазылады.  Адамдардың  жүріс-тұрысына, 
білім  деңгейіне,  тұрмысына  қарай  мемлекеттің  қандай 
екенін білесіз. Мемлекетті басқару жүйесі, демократиялық 
жүйе, мəдениет, халықтың тұрмысы қай елде болсын ерек-
ше рөл атқарады.
Бір айта кететін жайт, əлемдік медиада, зиялы қауымда 
шыдамсыздық та бар, егемендік алғанына 20-30 жыл болған 
елді  Германия,  Швеция,  Швейцария  деңгейінен  көргісі 
келеді, не ондай елдер бірден сондай болғысы келеді. Оған 
уақыт керек. Дамыған елдердің шыдамсыздығы сонда жа-
тыр.
Түркі  тілдес  халықтар  арасында  байланыс  орнату  өте 
маңызды. Əр елде ашылған лицейлердің орны ерекше. Мен 
Қазақстанға барғанда ондағы оқитын оқушыларға қызыға 
қараймын. Олар көп тілді үйренеді, тіл арқылы мəдениетті 
үйренеді. Төрт тілді (қазақ, орыс, ағылшын, түрік) меңгерген. 
Өскелең ұрпақ арасында түркі тілдес халықтар достығын, 
қарым-қатынасын  жақсартуға  журналистер  үлес  қосады. 
БАҚ-тар  арасындағы  байланысты  нығайту  аса  маңызды 
мəселе. Бұл үшін қалам иелері ізгі ниетпен жұмыс істеу ке-
рек. Кейде қателіктер болса, оны да ізгі ниетпен жазу керек.
Бізде дос шындығын айтады деген сөз бар. Өнер, спорт 
саласында көптеген жұмыстар күтіп тұр.
Гулен ақсақал Түркия мақтанышы. Əрине, жалпы түрік 
мектептері, «Заман» корпорациясы жəне диалог мекемелері 
Гулен  пікірлерін  жақсы  білу  керек.  Ол  кісінің  пікірлері, 
жаңаша  пікірлері,  көшбасшылығы  маңызды  орын  алады, 
оның бейбітшілік идеясын ұсынуы өз жемісін беруде, бұрын 
бізге  жау  болып  көрінген  Ресейде  ашылған  мектептерде 
қазір орыс пен түрік балалары бірге оқиды. Түркі əлемінде 
көптеген игі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Гулен – біздің «Заман» газетіміздің бас жазушысы. Оның 
мақаласы əр жұма сайын шығып тұрады. Ол корпорацияны 
басқаруға қатыспайды  əрі құрылтайшылар арасында оның 
есімі де жоқ. Бірақ корпорация басшылығы, ұжым оған зор 
құрметпен қарайды».

128
Ыстамбұлда «Қозы Көрпеш – 
Баян сұлу» қойылады
…Біз осы сапарда екі ел арасындағы достық қатынастың 
жақсы  жолға  қойылғанына  талай  мəрте  көз  жеткіздік. 
Ыстамбұлдың  қақ  ортасындағы  қазақ-түрік  мəдениет 
қауымдастығы  орналасқан  ғимараттың  ауласындағы 
көгалда  қазақтың  киіз  үйі  тұр.  Қасындағы  бір  қабатты 
ғимараттың  үстінде  Қазақстанның  желбіреген  Туы  да 
көзге  оттай  басылды.  Қауымдастыққа  түрік  азаматы, 
біздің  елімізде,  дəлірек  айтсақ,  Жамбыл  облысында  түрік 
лицейінде біраз жыл ұстаздық етіп келген Мəуліт Өзкиши 
басшылық  етеді.  Өзі  қазақша  сайрап  тұр,  бізді  алдымен 
əсем безендірілген киіз үйге бастап, ондағы қауымдастық 
жұмысымен  таныстырды,  одан  кейін  əсем  ғимаратқа 
келдік. Қазақ елінің мəдениетін насихаттауда көп жұмыстар 
істелген, мұнда қазақ тілін оқыту курсы ұйымдастырылуда. 
Сондай-ақ Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» 
спектаклін сахналауға дайындық басталыпты. «Қазақ шай-
сыз, машина майсыз жүре алмайды» деп əзілдеген Мəуліт 
бізді кəдімгі шайға шақырды. Дастарқан басында да қазақы 
қалжың араласқан көңілге қонымды əңгіме өрбіді.
Осы сапарда Қазақстандағы түрік лицейлеріне қаржылай 
көмек көрсетіп келе жатқан түрік кəсіпкерлерінің «Ивилд» 
қауымдастығындағы  жəне  Фатих  университетіндегі 
кездесулері  де  өзіндік  ерекшелігімен  есте  қалды.  Біз 
қайда  барсақ  та  түріктер  жылышыраймен  қарсы  алды, 
өздерінің  қазақты  бауыр  тұтатыны  көзқарастарынан, 
сөйлеген сөздерінен, іштарта сөйлеуінен айқын аңғарылып 
тұрды.  Кей  жерде  тілмəшсіз-ақ  бір-бірімізді  түсіністік. 
Біздің  жігіттер  «енді  бірер  апта  болсақ,  түрікше  сайрап 
кетуіміз  мүмкін-ау»  деп  əзілдеп  қояды.  Біздің  делегация-
ны  бастап  жүрген  Салих  Ақчай,  Мəлік  Отарбаев,  Мəуліт 
Өзкиши  кезектесіп  аударма  жасайды.  Мəлік  ініміздің 
түрікше өте жақсы сөйлейтінен болса керек, бір кездесуде 
түріктердің өзі оны түрік екен депті, ол қазақпын дегенде 
таңғалғандарын  көрдік.  Ал  Салих  пен  Мəуліт  қазақтың 

129
тілін  ғана  емес,  салт-дəстүрін,  тарихын,  əдебиетін  жақсы 
білетіндіктерін  көрсетті.  Журналистердің  уытты  тілі  мен 
өткір қалжыңдарынан олар табан астында сөз тауып, сыты-
лып кетіп отырды. Қазақстандағы түрік лицейінің алғашқы 
түлектерінің  бірі  Мəлік  Отарбаев  өзінің  білімділігімен, 
біліктілігімен бізді де, түріктерді де тəнті етті. Əріптесіміз 
Нұрдəулет Ақыш айтқандай, жас ұрпаққа білімді ғана емес, 
инабаттылық тəрбиені қоса берудің маңызы ерекше екенін 
осы бауырымыздан-ақ байқауға болады.
 
Алматы – Ыстамбұл – Измир – Ыстамбұл – Алматы
2009 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет