СЫРНАЙ САЗЫ
Журналистік сапар қай қияға бастамаған! Бірде адам
айтса нанғысыз оқиғаның ортасына түссеңіз, енді бірде
тағылымы мол тағдырлардың сырына үңілесіз. Бірде бұрын-
соңды естіп білмеген жайларға қанықсаңыз, ал енді бірде
ұрпақтарға ұлағат берер ғұмырдың ғибратына кенелесіз.
Сөйтіп, жан дүниеңізді тамаша бір əсерге бөлеген əлемді
толғана еске аласыз, тынымсыз күй кешесіз.
184
Жолдың сəті түсіп, Краснодар өлкесінің Тимашев ау-
данында болғанбыз. Осы ауданға келген адам бас сұқпай
кетпейтін қастерлі де қасиетті орын бар екен. Ол – Бірінші
Май хуторындағы ағайынды Степановтардың музей-
үйі. Бұл музей бүгінде жас ұрпаққа интернационалдық-
патриоттық рухта тəрбие берудің орталығы болын отыр.
Тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір жандар айрықша
бір сыйластық, қастерлі сезіммен қолтаңба қалдырады.
Сосын ана махаббаты мен перзент парасатын бедерлеген
осынау мекеннен бойына ғұмырлық қуат алып аттанбақ əр
шалғайға.
Еліміздің түкпір-түкпірінен бауырластық белгісіндей
ағылып жатқан хаттар легі, телеграммалар мен құттықтаулар
музей атқарып отырған сол арнайы жұмыстың жемісі
іспеттес. Өйткені осы музейге келіп, он сегізінде от кешкен
боздақтар рухына бас иген жан сол есіл ерлерді тəрбиелеп
өсірген қарапайым орыс əйелінің ғибратты ғұмырынан сыр
суыртпақтар еді...
***
Қолында көкшіл конверт екен дейді. «...Көп кешікпей
жеңіспен ораламыз, мама. Ал егер олай-бұлай болып кетсем,
менің Совет адамдарының бақыты үшін, болашақ бейбіт өмір
үшін мерт болды деп біліңіз. Сау-саламат болыңыз. Сіздің
Илюшаңыз. «Маржандай тізілген хат жолдарына сүйсіне
қарап, қайталай ежіктеп оқыған Епистиния Федоровнаның
жасаураған жанары алдында ілкі сəт қызылды-жасылды
жолақтар тартыла қалған. «Япыр-ау, маған не болған» де-
ген ой санасында сынапша сырғып өтсе де, тұла бойын шы-
мырлатып, ет-бауырын елжіреткен тəтті қиялдан арылғысы
келмеген ана өң мен түстің арасындағыдай күй кешкен. Əлгі
қызғылт əлем бірте-бірте рауандаған таң шапағына малын-
ды. Көкжиекке қол созым қалған екен дейді. Аяғын адым-
дап, жылдамдата жүрген-ақ секілді. Мұндайда жолдың да
өнбей қоятынын қайтерсің... Miнe, міне қырдың астында...
Ильюшаның ақсары жүзі қылаң берген секілді ме. Оу, мы-
нау дəл соның өзі ғой... Илья... Ильюша... келсеңші, келші,
185
келсеңші балам-ау. Сырнайың қайда, құлыным-ау... Əніңді
аңсады ауылың... Ақ киімі иесі. Кенет... Қызыл сырнай сазы
– құлағына талып естілгендей болды. Илья, Илюша... Епи-
стиния Федоровна тағы да өз дауысынан өзі шошып, ентігіп
оянды. Бастырылып қалыпты. Мана іңір қараңғысында
оң жақ бүйірінен жатқан секілді еді. Бет-аузын жуып,
самайлаған ащы терді сұқ саусағымен сылып тастады. Қарт
ана əлден уақытта дейін өз-өзіне келе алмай, біраз сергиін
деп тысқа шыққан. Хутор əлі ұйқы құшағында екен. Тысыр
еткен жан дыбысы білінбейді. Задында Епистиния Федо-
ровна осындай саумал тыныштықты ұнататын. Сондай бір
сəтте Илюшасының сырнайының сазы қалықтап, бақытты
ананың беймаза тірліктен қол үзетін сəттері басталатын.
Тоғыз ұлы мұны төңіректей отырып тамаша ертегілер еліне
саяхат шегетін. Анасының алдында бірінен-бірі асып түсуге
құмар-ақ еді балалар. О, о да бір дəурен екен-ау... Содан бері,
міне, ел ағасының жасындай уақыт өтіпті. Тоқсанға келсе
де тəтті қиялын серік ете білген, кешегі от кешу жылдары
тоғыз ұлынан айырылған ана жүрегі осылайша еңіреп, осы-
лайша тебіренеді. Əр таңы осылайша күні кеше көз алдында
құлдыраңдаған құлыншақтарын іздеумен атады. Өксігенде
өзегі өрт болып, қан идірген соғысқа қарғыс айтады.
Епистиния Федоровна тағдыр тауқыметін ерте бастан-
ақ тартқан еді. Осы Кубань өлкесінде ғасырға жуық
уақыт ғұмыр кешкен жан туралы айтар əңгіме де көп, ел
аузындағы аңыз да мол. Федор есімді шаруа семьясында
дүниеге келген нəрестеге жергілікті священник грекше
«Епистиния деп ат қояды. Бертін Епистинияның əкесі
Солтүстік Кавказға қоныс аударады. Осы жерде ол Ми-
хайл Степанов деген шаруа баласына тұрмысқа шығады.
Жастайынан жоқшылықтың, аштықтың зардабын тартқан
Епистиниядан есейе келе де қалмады. Кейін олар қайтадан
Кубаньға, Бірінші Май хуторына оралады. Жас aнa
қасірет-қайғыға алғаш рет 1918 жылы тап болды. Ақ гвар-
дияшылар үлкен ұлы 17 жасар Александрды айуандықпен
кескілеп өлтірді. Ал 1933 жылы ері Михайл Николаевич
186
қайтыс болды. Епистиния Федоровна балаларына əке ор-
нын жоқтатпай өсірді. Үйде де, түзде де тəрбиелі, үлгілі
балаларды бүкіл хутор ауыздарынан тастамайтын. Қашан
көрсең де əзілі үзілмейтін Василий, ақын болуды арман
еткен Ваня, болашақ мұғалім Павел, есеп-қисапқа жетік
Саша, он саусағынан өнер тамған сырнайшы Илья, комсо-
мол активісі Николай, шабандоз Федор, жер тамыршысы
агроном Филипп... Ел ағайынды Степановтарға сүйсіне
қарайтын, сүйіне айтатын. Қолдың саласындай болып
бұлар кіріскенде бітпейтін іс те қалмайтын. Алынбайтын
қамал да жоқ еді...
Ел басына күн туған шақта əуелі Федор мерт бол-
ды. 1941 жылғы 22 июльдегі қиян-кескі шайқаста Павел
Степанов хабар-ошарсыз кетті. Ал Василий соғыстың
алғашқы сəтінен-ақ алдыңғы шепте еді. Ол Қырымдағы
553-інші артиллериялық полк құрамында жауға қарсы
шайқасты. 1942 жылы В.Степанов фашистер қолына түсіп
қалып, темір тозаққа салынды. Бұл жерден қашып шығып,
партизандармен байланыс жасаған ол аса маңызды тап-
сырмаларды орындайды. 1943 жылдың ноябрінде «Отан
үшін» деп аталатын партизан отрядының тапсырмасын
орындау кезінде тағы да жау қолына түсіп қалады. Екі
аптадан соң Никополь түбінде жендеттер 78 патриотты
атты. Солардың ішінде Вася Степановтың жас ғұмыры
үзілді. Ал Ваня Степанов Отан соғысына ұрыс өнерінің
азды-көпті тəжірибемен кіріскен. Оржоникидзе əскери
училищесін ойдағыдай тəмамдаған ол 1940 жылы ақ
финдерге қарсы шайқаста өзін білікті офицер ретінде
танытқан еді. Гитлершілдерге қарсы соғыста Ваня соңғы
патроны қалғанша атысып бақты. Алайда айлакер жау со-
вет офицерін қолға түсірді. Сөйтіп оны азап торына салды.
Тұтқыннан қашып шыққан В.Степанов партизандар отря-
дына қосылады. Алайда кезекті бір жауынгерлік тапсыр-
маны орындау үстінде ол тағы да фашистердің қармауына
тап болады. Бұл жолы жендеттер Ваняны аяғы ауыр
əйелінің көз алдында атып өлтірді.
187
Хуторлықтар қашан да көрсе де үш танкіші туралы
əуезді əнді қалықтатып, маңайын ойын-сауыққа бөлейтін.
Илья о баста-ақ танкіші болуды қалаған. Оның бұл арма-
ны орындалды да. Саратовтағы автобронетанк училищесін
аяқтаған И.Степанов Прибалтикадағы 25 танк бригадасына
взвод командирі етіп жіберілді. Білікті де білімді офицер
талай рет ұрыста көзге түсті. Ал 1943 жылдың жаз айында
гвардия капитаны И.Степанов Курск иініндегі қиян-кескі
жан алыс, жан берісте жау танкісінің шынжыр табанында
оратылып кетті. Епистиния Федоровна Николайдан да қара
қағаз алған болатын. Ол 1944 жылы бесінші гвардиялық Дон
кавалерия полкінің құрамында жүргенде ауыр жараланды.
Өлім аузындағы Н.Степановтың өмірін ажалдан арашалап
қалу үшін дəрігерлер сегіз ай бойына емдеу жұмыстарын
жүргізді.
1945 жылдың август айы болатын. Соғыстың соңғы
зіркілі болғанына да екі-үш айдың жүзі өткен. Ал Еписти-
ния Федоровна өзінің ұлдарының бірі болмаса бірі майдан
даласынан оралатындығына сенетін. Күн сайын қолын
көлегейлеп қара жолға көз тігетін. Бүгін де міне əдеттегідей
қоржын бөлмелі үйдің төбесіне шығып, сонау құба жонды
жанарымен шарлаған. Кенет қара жол бойындағы солдат
бейнесі көзіне жылы ұшырай берген. Дəл соның өзі – Нико-
лай. Бертін келе апасының көз алдында қайтыс болды.
Кенже ұлы Александр майдан еріктілер қатарында ат-
танды. 19 жасында большевиктер партиясына қабылданған
ол жиырмасында омырауында Қызыл Жұлдыз ордені
жарқырады. Ол 1943 жылы күзде Семише-Бобрицы
участогіндей арпалыста А.Степановтың взводы айрықша
көзге түсті. Жаудың алты шабуылға тойтарыс берген взвод-
та жетінші шабуылына келгенде бір-ақ адам қалғап еді.
Ол ең соңғы гранатамен өзін қоршап алған фашистерді
жайратты, өзі де опат болды. Осы ерлігі үшін Александр
Степановқа Совет Одағының Батыры атағы берілді.
Ал Филипптің қазасы қасіретке толы ана маңдайына
тағы бір əжім түсірді. Ол 1945 жылғы 10 февральда ұлын
188
Германиядағы 326 концлагерьде азапталып өлтіргенін білді.
Міне, осы мəліметтер қарт ананың жүрегінде
қатпарланып қалған қасіреттің ізіндей. Ол осынау өзегін
өртеген от кешу жайттарды қырық жыл бойына сең-сеңдеп
арқалап келді. Алайда оның жанары жұмылған сəтке дейін
көкірегінде үміт оты өшпеген. Ғазиз ана жүрегі тоғыз ұлын
өлді деуге қимаған. Епистиния Федоровна қырық жыл бой-
ына үйінің алдындағы шарбаққа сүйеніп, қара жолға телміре
қарады. Мынау дөңге бастайтын соқпақ. Сол соқпақпен
дөң үстіне көтеріліп ең соңғы рет қол бұлғай қайырласқан
ұлдарының жайдары жүзі қыр астынан қайтадан қалықтап
келе жататындай болатын əр сəт. Ал олардың сапары ерлік
сапары екен-ау, даңқ сапары екен-ау. Алғашында батыстан
хаттар легі ағылатын. «Фашистерді жойып жатырмыз...»,
«...Жендеттерді қуып барамыз», «Мама, өзіңізге бекем
болыңыз...» деген хат жолдары таңның атысынан күннің
батысына дейін колхоз даласында еңбек ететін Еписти-
ния Федоровнаға айрықша рух, күш-жігер беретін. Арада
біраз күн өтер-өтпестен соң қайсар ананы қаралы қағаздар
қасіреті шырмалады. Ұлдарын өлді деуге қимаған ана
жүрегі басына қара орамал да тартқызбаған.
Халықты қансыратып еңсесін езген соғыс та аяқталды.
Ұлы жеңіс мерекесі тойланды. Содан бері Епистииия Фе-
доровна ұлдарын күткізген «келіп қалар» деген үміт
сəулесінің жетегінде болды. Күн сайын кешке балаларының
көзіндей көретін киім-кешектерді, қаттап жиналған хаттар-
ды жайып салып əрдайым өзімен-өзі сырласатын. Олардың
əрқайсысымен өзінше үн қатысып тұратын. Сол сəт ана
жүрегі айрықша бақытқа кенелетін. Оның көкірегінде
шаттық сезімі ойнайтын. Осы шағын ғана дүние-мүліктерде
ұлдарының мінез-құлқы сайрап тұрғандай. Бірінен-бірі
көкшіл дəптерден балғын жыр шумақтары төгілсе, бірінен
қызғылт сырнайдан əуезді əн қалықтап жөнелгендей.
Бірінен – кішкене модельдерден техника сырына деген
құштарлықтың иірімдері байқалса, бірінен – көне мұқабалы
кітаптардан ғылым əлеміне бастаған ұлының апыл-та-
189
пыл қадамын жүрегімен сезгендей болатын. Талантты
ұлдардың тамаша шоғырын өсіріп, бала тəрбиесінің тамаша
лəззатына кенелген Епистиния Федоровнадан бақытты жан
болмайтын сірə, сол сəт. Елпілдеп өскен құрақтай ұлдары
ел бақыты үшін, Отан үшін адал қызмет ете білсе деп ар-
мандайтын. Ал қан құйлы соғыс алапаты қарапайым ша-
руа семьясында шыңдалған ағайындылардың сертіне берік,
мəрт жандар екендігіне сын болды.
***
Қырық жыл бойы қан кешу майдан даласынан ұлдарын
торыға күткен ержүрек ана Епистиния Федоровна Степа-
пова 94 жасында қайтыс болды. Ол көзінің тірісінде Дне-
провск станциясының Даңқ монументіне келіп, тоғыз
ұлының есімі қашалып жазылған құлпы тас бедерлерін
əжімді алақандарымен аялайды екен.
1977 жылы СССР Жоғарғы Советі Президиумының Ука-
зымен тоғыз ұлы Отан соғысында мерт болған солдат ана-
сы Епистиния Федоровна Степанова бірінші дəрежелі Отан
соғысы орденімен наградталды. Бұл Отан қорғауда тоғыз
ұл аттандырып, өзі де тылда ерен ерліктің үлгісін көрсеткен
қарапайым анаға көрсетілген зор құрмет еді.
***
Тимошев ауданындағы Бірінші Май хуторында үлкен
де кіші ерекше бір қастерлі сезіммен қарайтын үй бар.
Ол ағайынды Степановтардың семьялық музей-үйі. Осы
қастерлі мекеннен жан-жүрегіңді тебірентіп, əуенімен
əлдилейтін сырнай сазы есіп тұрады. Ол саз ерте көктемде
музей-үй төбесіне ұя салған құстардың құйқылжыта caлғaн
əнімен үйлесім тапқан. Илья сырнайының сазы хутор аспа-
нында осылайша қалықтап тұр.
1990 ж.
190
ҰЛЫ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТАРИХЫНА,
ТАҒДЫРЫНА ТАМСАНҒАН
ЖƏНЕ ТАҢДАНУДАН ЖАЛЫҚПАҒАН
ЖОЛАУШЫ
Азия мен Еуропа құрлықтарының түйіскен кіндігінде
орын тепкен кең-байтақ қазақ жері ежелден түрлі
мəдениеттердің диалогына, интеграциялық байланыстың
алтын көпіріне арқау болып келеді. Ал Шығыс пен
Батыстың арасын байланыстырған Ұлы Жібек жолының
Жетісуды жағалап, Сарыарқа мен Бетпақдаланы бойлай,
Қазақстанды басып өтуі, тіптен, өз алдына бөлек шежіре.
Шығысынан мұсылмандық түркілік жəне араб-парсылық,
одан қалды, діні бөлек қытай-моңғол мəдениеттері, ба-
тыстан славяндық орыс, украин, поляк мəдениеттерімен
қатар, католиктік еуропалық өркениет қазақ мəдениетімен
біте қайнасып, біздің тіліміз бен ділімізді, əдебиетіміз бен
өнерімізді байыта түсті.
Бұған қазақ тіліндегі кірме сөздердің көптігі, этнографи-
ясы мен фольклорындағы сырттан енген құндылықтардың
сан-алуандығы,
транзитті
аймақтағы
ұлт
ретінде
еліктегіштігі мен қарым-қатынасқа бейімдігі дəлел.
Протоқазақтар тарихына қатысты «Тарихтың атасы»
атанған Геродоттың, Орхон-Енисей сына жазулары мен
көне Қытайдың жазба деректері, орта ғасырлардағы əл-
Фараби бабамыздың «Шығыс Аристотелі» атануы, жалпы,
қазақ ақын-жырауларының туындыларына Омар Хаям,
Фирдоуси, Шамси, Сағди сияқты шығыс шайырларының
ықпал етуі, ислам қағидаларының қазақ философиясымен
ықпалдасуы да ұлтымыздың ерте заманнан мəдени-рухани
алмасуға бейім екенін айғақтай түседі.
Бір өкініштісі, осынау ұлан-ғайыр кеңістікті жайлаған
Қазақ Елі сыртқы жаулардың шапқыншылығынан көз
ашпай, халқы қырылып, қалалары қирап, мəдени-рухани
тұрғыдан күйзелісті көп көрді... Бұл туралы еуразиялық
191
идеясымен танымал ғалым Л.Н.Гумилев «Древняя Русь и
Великая степь» атты еңбегінде «Странно, но долгое вре-
мя считалось, что народы Евразийской степи, в особенно-
сти кочевые, не имели собственного культурного развития,
собственной истории и уж обязательно – оригинального
искусства. Раскопки на Алтае, в Монголии и Сибири по-
казали, что искусство евразийских народов существовало,
история их ныне написана, прочтенные тексты показали
наличие передовой философской литературы, а фольклор
зафиксировал оригинальные сюжеты. Все у них было, но
мало что сохранилось» деп атап көрсетеді (Гумилев Л.Н.
«Древняя Русь и Великая степь» // http://gumilevica.tripod.
com/ARGS/args101.htm/). Бұл қазақтардың бас сауғалап, Ре-
сей патшалығына қосылуына мəжбүр еткен тарихи-саяси
факторлардың бірі еді.
Қазақтар Ресей патшалығына қарағаннан бастап ұлт
мəдениетіне батыстың ықпалы арта бастады. Сəйкесінше,
қазақы мəдени алмасудың дəстүрі ағартушылық дəуірі
атанған ХІХ ғасырда осы үрдісте жалғасын тапты. Бұл
кезеңде көршілес Ресейде А.Пушкин, М.Лермонтов,
Н.Гоголь, Ф.Достоевский, Л.Толстой, Г.Потанин, А.Чехов,
В.Белинский, И.Крылов, А.Герцен, Н.Чернышевский,
т.б. украиндардан Т.Шевченко, П.Кулиш, поляктардан
А.Мицкевич, Ю.Словацкий, А.Янушкевич, Г.Зелинский,
З.Красинский, Р.Дмовский, ал қазақ жерінде Махамбет
Өтемісұлы, Шоқан Уəлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай
Алтынсарин, Шəкəрім Құдайбердиев сынды ұлы ақын-
жазушылар мен ойшылдар данагөй шығармашылығымен
танылған еді. Абай Пушкин мен Лермонтовтың өлеңдерін
қазақ тіліне аударып, олардың шығармашылығын қазақ
халқына көркемдікпен жеткізсе, Шоқан Уəлиханов До-
стоевскиймен дос ретінде хат алмасып, П.С.Семенов-
Тян-Шанскиймен,
Г.Потанинмен
тығыз
араласты.
Ы.Алтынсарин Толстой мен Крыловтың шығармаларын
қазақшаға аударып, Потанинмен дос болды.
Өз кезегінде А.Пушкин 1833 жылы қыркүйек ай-
192
ында Николай І патшаның рұқсатымен «Пугачев тари-
хы» жəне «Капитан қызы» атты шығармаларына ма-
териал жинау үшін Орынбор арқылы Оралға келіп,
қазақтардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, олардың
əдебиеті, өнері, мəдениеті туралы мағлұмат жинаған.
Зерттеуші Н. Жуанышбековтың көрсетуінше, ол тіптен
Махамбетпен кездесіп, одан «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
туралы жырдың аудармасын жазып алған. (Джуаныш-
беков Нурболат. Свет Пушкина в Казахстане / Учебное
пособие.- Алматы: Искандер, 2000.- 132 с./). Г.Потанин
қызмет бабымен қазақ жерінде біраз болып, қазақ зи-
ялы қауымымен достық қарым-қатынаста болған.
Украиндық Т.Шевченко Қазақстанға жер аударылып
келіп, өзінің шығармашылығымен отандық тарихымызда
ізін қалдырды. Ал поляк А.Янушкевич 1841 жылы Омбыға
көшіп келіп, 1842 жылдан бастап Сібір қырғыздарының
шекаралық басқармасында қызмет етті. Қазақ жерін көп
аралап, қазақ тілін үйренді. 1846 жылы Қазақстан тари-
хы үшін құндылығы зор саналатын «Сібірге сапардың
күнделігі» атты еңбегін жазды.
Сондықтан да, бүгінгі қазақстандықтар өздерінің та-
рихы мен мəдениетін құрметтеген, оның қадір-қасиетіне
жеткен, тиісінше бағалаған шетел азаматтары туралы
ұдайы сүйіспеншілікпен, айрықша ықыласпен ауызға
алады. Солардың алдыңғы легінде поляк халқының адал
перзенттері, Адам Мицкевич, Густав Зелинский, Адольф
Янушкевич секілді əдебиет пен мəдениеттің, қоғам
қайраткерлері де бары анық. Бұлардың қай-қайсы да ХІХ
ғасырдағы қазақ қоғамының жай-күйі, əдет-ғұрпы, салт-
санасы мен дəстүрі туралы танымды шығармалар жазып,
кейінгі ұрпаққа қалдырған.
Əсіресе, А.Янушкевич пен Г.Зелинскийдің мұралары
Қазақ даласының болмыс-бітімін, ондағы тыныс-тіршілікті
білсем, дарқан Дала тарихының сырына қанықсам дейтін
оқырман үшін үлкен олжа болғаны сөзсіз. Сондықтан да біз
ең алдымен осы аттары аталып отырған кісілердің ішінен
193
Адольф Янушкевичтің тұлғасы туралы аз-кем тілге тиек
етіп, ой қорытсақ деген ниетіміз бар.
Жастайынан төңіректегі құбылысқа ойлана көз жүгіртіп
өзінше пікір түйе білген Адольф Янушкевич кішкентай
кезінен-ақ əйгілі Тадеуш Костюшконың көтерілісі туралы
мағлұматтарға қанық болып өсті. Ол поляк халқының осы-
нау асыл перзентінің ұлағатты өмірі мен өз елінің тəуелсіздігі
жолындағы күресінде басын бəйгеге тіккен Костюшконың
ерлігіне еліктей білді. Кезінде Винницы гимназиясын үздік
бітірген ол кейінірек Вильно университетінің тіл-əдебиет
факультетінде оқиды. Осы жылдары жас патриоттың Адам
Мицкевич басқарған студенттердің астыртын ұйымына
деген ерекше ілтипаты пайда болады. Бұл ұйымның
революциялық қозғалыстың басшыларымен, тіпті орыс
декабристерімен де байланысы болғаны мəлім («Қазақ Со-
вет Энциклопедиясы», Қазақ Совет Энциклопедиясының
Бас редакциясы, 12 - том, 1978ж., 542б.).
Адольф Янушкевич университетті бітіріп, өзінің
туған жеріне, өскен ортасына оралғаннан соң да оның
революциялық
рухтағы
əріптестерімен
байланы-
сы үзілмеген еді. Осы тұста ол өзінің шығармашылық
белсенділігімен де оқырман қауымға таныла бастаған бо-
латын. Айталық, 1821 жылы «Dziennik Wilenski» деп ата-
латын журналда «Мелитон жəне Эвелина» деп аталатын
сентименталды поэмасы жарық көрді. Адам Мицкевичтің
творчествосын қастерлеушілердің санатынан табылған ол
кейін Подольеде оның поэзиясын белсенді түрде насихат-
таушы атанды.
1826 жылы А.Янушкевич Каменцедегі Азаматтық сот
жөніндегі бас палатада депутат болып қызмет атқарды.
Алайда, кейінірек денсаулығына байланысты бұл қызметтен
шығып, емделу мақсатында Германияда, Оңтүстік Франци-
яда, Италияда болды. Осы кездері ол Римде саяхатшылап
жүрген А.Мицкевичпен жəне А.Одынцпен кездеседі.
1830 жылы қыркүйек айында елге қайта оралып, Қараша
көтерілісіне қатысады. Осы кезде ол қақтығыс сəтінде
194
жараланып, тұтқынға түседі. 1832 жылғы 4-наурыздағы
сот үкімімен өлім жазасына кесіліп, кейін бұл үкім оның
Сібірге жер аударылуына алмастырылады. Сонымен қоса,
ол дворяндық атағынан айырылып, бүкіл дүние-мүлкі
тəркіленеді.
Міне, осы кезден бастап, нақтылап айтқанда, 1833 жыл-
дары Адольф Янушкевичтің ежелгі Қазақ жеріндегі өзінің
жазасын өтеуге байланысты айды-айға, жылды-жылға
алмастырған өмір кезеңі басталады. Алғашында, өзінің
жаза өтеу күндерін Тобылда бастаған ол кейінірек, дəлірек
айтқанда, 1835 жылы Есілге ауыстырады. Өзімен бірге ел-
ден алдырған шағын да болса кітапханасын əкеледі. Сол
кітаптармен бірге мұнда алыстан Еуропадан əкелінген
мерзімді басылымдар да бар еді. Осы кітапхана Янушке-
вич секілді өзге де жер аударылғандардың рухани қазына
бұлағына айналып, жазасын өтеушілердің жиі бас қосатын,
əңгіме-дүкен құратын мекені болады.
Есілде Янушкевич Г.Зелинскиймен, А.И.Одоевскиймен
кездеседі. Кейін белгілі болғанындай, поляк əдебиетінің
көрнекті өкілі Г.Зелинский Янушкевичтің ықпалымен
атақты «Қазақ», «Дала» поэмаларын жазған. Бұл поэма-
да сол кездегі қазақ тұрмысы мен өмірінен мол мағлұмат
алуға болады. Романтикалық сарында жазылған дастанның
артықшылығы сол Еуропа оқырмандары қазақ даласының
болмысын, оның табиғаты мен тағдырын бағамдай, бағалай
алатындай əсерде болатыны сөзсіз («Қазақ Совет Энци-
клопедиясы», Қазақ Совет Энциклопедиясының Бас ре-
дакциясы, 4 - том, 1974ж., 596-597б.б.). А.И.Одоевский
Янушкевичтің өзіне де бірнеше жыр жолдарын арнаған.
Янушкевич 1841 жылы Омск қаласына қоныс аударады.
Мұнда ол Омбы өлкелік сотында кеңсе қызметін атқарушы
болады. Кейін «Сібір қырғыздарының» Шекаралық
басқармасына ауысады. 1845 жылдан бастап Адольф Януш-
кевич Шекара бастығы генерал Вишневскийдің құрамында
Орта жүз, Ұлы жүз мекендеген өлкелерді аралады. Сөйтіп
жүріп ол қазақ тілін бір кісідей-ақ меңгерді. Оның ұлан-
195
байтақ қазақ жерінен көргендері мен білгендері кейіннен
өзі жазған күнделіктері мен хаттарында маржандай тізіліп
жатты. Янушкевичтің жазып қалдырған күнделіктері
мен хаттары Қазақстан тарихын зерттеушілер үшін үлкен
деректік мəні зор мұрағат болып табылып келеді. 1853
жылы ол Пермь губерниясындағы Нижний Тагильге
қоныс аударып, қаладағы бірінші кітапхананың бірінші
кітапханашысы атанған болатын. Бұл кітапхана кезінде
əйгілі А.Н.Карамзиннің жəне бірнеше Орал зауыттарының
иесі, граф А.Демидовтің бағбаншысының өкімімен ашылған
еді.
Алла тағала берген ғұмырының көбін жазасын өтеу
үшін айдауда өткізген А.Янушкевич 1856 жылы биліктің
рақымымен туған өлкесіне оралады да, ал келесі жылы
қайтыс болады.
А.Янушкевичтің қазақ жеріндегі ғұмыр сапары 1848
жылдан басталып өзі қайтыс болған 1957 жылдың 1 жылы
кеміне дейін өтті десек, оның шығармашылығының да дені
осы кезеңге арналған. Саяхатшының «Күнделіктер мен хат-
тар» деп аталатын кітабында оның қазақ жерін бүкіл жан-
тəнімен көріп білуге тырысқаны айқын аңғарылады. Оның
жазбаларынан тек қана өзі көріп-білген жағдаяттарды
тізбелеп қана қоймай, əрбір құбылысқа өзінше баға беріп,
ой түюге, пікір қорытуға құлшынатындығы байқалады. Біз
қазір Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ
тілінің болашағы, оның қазіргі дамуы мен жай-жапсары
туралы көбірек жазып, оны əңгіме арқауына айналдырып
жүргеніміз анық. Бұл туралы арнайы заң қабылданып,
пəленбай рет қаулы-қарарларға қол қойылды. Дүркін-дүркін
жиналыстар өтіп, ақпарат құралдарында пікір-сайыстар
өтіп жататындығы тағы шындық.
Ал А.Янушкевич 1848 жылы 17 мамырда інісіне жазған
хатында қазақ тілінің қаншалықты өміршеңдігі туралы
пікірлеріне келтірілген деректеріне қайран қаласыз. Са-
яхатшы өзі тоқтаған Семей қаласындағы тілдік ахуалға
аз-кем тоқтала келіп, былай дейді: «Жоңғарлар қиратқан
196
ескі қалалардың орнына салынған Семейде 7 мыңға тар-
та тұрғын бар, олардың көбі татарлар, ташкенттіктер,
бұқарлықтар. Сондықтан шіркеу біреу, ал мешіт алтау не-
месе жетеу. Қазақ тілі барлық жерде дерлік қолданылады.
Тіпті мұндағы сəн-салтанаты асқан ресейліктердің тең жар-
тысы, біздің əйелдеріміздің французша сөйлейтініндей, осы
тілде еркін сөйлейді» (Янушкевич Адольф «Күнделіктер
мен хаттар». Алматы, «Жалын», 1979ж., 23б.). Демек, ежелгі
қазақ жерінде кеңестік-тоталитарлық жүйеге дейін қазақ
тілінің қаншалықты мəртебеде болғанын осы пікірден-ақ
айқын аңғаруға болады.
Ал саяхатшы осы жылдың 22-мамырында інісі
Януариға жазған хатында иісі қазақ əулетінің өздерінің
əдет-ғұрпында тазалық пен мəдениеттілікке қаншама мəн
беретіндігіне көңіл аударады. Мысал келтірейік. Əдеттегідей
жолжүргіншілер кешкі тамаққа отырады, сондағы болған
жайтты саяхатшы былайша баяндайды: «Қазақтың əдет-
ғұрпын жетік білетін Виктор бір ережені бұзған үшін мені
тамақ үстінде едəуір сөкті. Мен онымен қабаттаса құйылған
су астына қолымды тосыппын. Түрегеліп емес, жүрелей
отырып, əрқайсысымыз жеке-жеке жууымыз керек екен.
Мен мұны білмеппін. Мені ұятқа қалдырған тағы бір қатем:
қомағайланып табаққа түсе жаздап, еттің сүйегін мүже ба-
стаппын. Шынында, əрбір көргенді адам белдігіне байлап
жүретін пышағымен əуелі оның етін турауы керек екен»
(Янушкевич Адольф «Күнделіктер мен хаттар». Алматы,
«Жалын», 1979ж., 30б.). Байқап қарасаңыз, А. Янушкевичтің
осынау жазбаларынан ежелгі қазақ даласындағы тазалық
пен əдептілікке қаншалықты мəн беріліп келгендігін аңғару
қиын емес.
Біз осы күні ішімдік пен шылымды адам денсаулығының
басты жауы деп айтып та, жазып та келеміз. Ал ХІХ ғасырда
осыған дала қазағының пікірі, көзқарасы қандай болды де-
генге мына бір диалог жауап берсе керек:
«Кешкі тамақтан кейін біз сигар тартып едік қазақ жігіті:
– Сен не тартып тұрсың? – деп сұрады Виктордан.
197
– Сигар тартып тұрмын.
– Сигар дегенің немене?
– Бұратылған темекі.
– Оның құны қанша?
– 5 тиын.
– Күніне сен бұның қаншасын тартасың?
– Кей-кейде 15.
– Қайран, ақылсызым-ай! Одан да сен бұл ақшаңды қал-
таңа сала берсең ғой.
Бұл ащы шындыққа қайтаратын жауап та жоқ еді»
(Янушкевич Адольф «Күнделіктер мен хаттар». Алматы,
«Жалын», 1979ж., 31б.).
Осы диалогтан дала қазағының ой-өрісі бүгінде екі
күннің бірінде айтылатындай көп мəселеге нарықтық
өлшеммен қарай білетіндігі айқын аңғарылады.
А.Янушкевич Қақ жайлауын кесіп өте жүріп, қазақ
тұрмысының сəн-салтанаты мен өзіндік ерекшелігіне, оны
мекендеген халықтың даладай дарқан көңілі мен ілтипатты
ниетіне əлденеше рет көз жеткізеді. Ол өзі жазғанындай,
«Даланы таза ұстауды қазақ өзінің қасиетті парызына са-
найды» деп білсе, бұл қағидаға бірнеше мəрте көз жеткізгені
тағы шындық.
Поляк саяхатшысының алысты болжай білу қасиетіне
бүгіндері қазақ зиялы қауымы таңғалысып жүргені тағы
шындық. Оның нақты бір дəлелін мына бір деректер-
ден айқын байқауға болады. А.Янушкевич 31-мамыр күні
Аягөзден жазған хатында былай дейді: «Жаңа Аягөз болса,
қауызын жарған қырмызы гүлдей толысып келеді. Əскери
горнизон мен əкімшілікке телінген қазыналық үйлерден
басқа теректен қиюластырылған бірнеше үй бар. Бұл ба-
ра-бара дала өңіріндегі аса маңызды мекендердің бірі бола-
тын секілді. Осы далада ғана, шамасы, Солтүстік Америка
Құрама штаттарындағыдай құбылысты байқауға болады.
Халқы тым көбейіп кеткен ескі Еуропаға бейтаныс бұл
құбылыс – жаңа елді мекендердің тууы немесе жерді жарып
шыға-шыға келетін саңырауқұлақтар тəрізді жыпырлап
198
өсуі. Ақмола, мəселен, бүкіл даланың болашақ астанасы.
Ақтау, Атбасар, Көкпекті, Құсмұрын – осының бəрі менің
көз алдымда туып-өскен мекендер» (Янушкевич Адольф
«Күнделіктер мен хаттар». Алматы, «Жалын», 1979ж., 57-
б.). Байқап қарасаңыз, Тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің
жаңа бас қаласы Ақмола болатынын Янушкевичтің XIX
ғасырда-ақ айтып кетуі оның сəуегейлігі емей немене?!
Мұнан соң бүтіндей қазақ даласын бүкіл ынта-шынтасы-
мен жақсы көрген поляк перзентін қалайша құрметтемей
тұра аласыз?!
Қазақ қоғамында, бүтіндей оның əдебиеті мен
мəдениетінде Абай Құнанбаевтың есімі айрықша атала-
ды. Ол əдебиетіміздің классигі, біртуарымыз. Ал енді,
мына қызықты қараңыз, Янушевский өзінің 6-тамыз-
да жазған күнделігінде сол Абайдың туған əкесі атақты
тобықты болысы Құнанбай Өскенбаевпен кездескенін,
онымен қол алысқанын суреттеп жазады. Бір жазбаларын-
да Құнанбайдың асқазаны қатты ауырып жатқан баласын
қалай емдейтіндігін баяндаса, ал екінші бір күнделік ха-
тында Құнанбайдың өз шежіресін қалайша тарқата баян-
дайтынын сүйсіне жазады. Қысқасы, ол Құнанбайдың тегін
адам емес екендігіне көз жеткізеді. Құнанбайдың өзімен
тікелей пікірлесе отырып, оның зерделі кісі екеніне на-
зар аударады (Янушкевич Адольф «Күнделіктер мен хат-
тар». Алматы, «Жалын», 1979ж., 173,178 б.б.). Қысқасы,
поляк саяхатшысының осыбір деректері бүгіндері қазақ
зерттеушілері үшін көптеген ой түюлерге түрткі болып
жүр.
Өзінің бастауында А.Янушкевич секілді азамат-
тар болған қазақ-поляк ынтымақтастығы бүгінгі таңда
нығайып, дамып келеді. Оның нақты бір мысалына мына
бір деректер анық көз жеткізеді. Айталық, ХХ ғасырдың
басында оқу-тоқу іздеген жас қазақ өрендер Польшаның
жоғары оқу орындарына аттанады. Олар, негізінен, Вар-
шава университетінің заң факультетіне, сондай-ақ осы
қаладағы ветеринарлық институтқа оқуға түседі. Мəселен,
199
қолдағы бар мəліметтерге жүгінсек, К.Боранбаев (Алматы),
А.Күшіков (Семей), Ж.Сұлтанаев (Жетісу), А.Тұнғаншин
(Торғай), Уəлиев, А.Шалымбеков (Семей) аталған оқу орын-
дарында білім алып, 1914 жылы атамекенге қайтып оралған
(Алаш оқығандары // «Ана тілі». 2- 8 ақпан 2012 ж.).
Қазақстан өз Тəуелсіздігін жарияланғаннан бергі
уақытта осы дəстүр жаңа сапалық деңгейге көтерілді.
Қазір Польшаның біраз жоғары оқу орындарында көптеген
қазақстандықтар өздерінің аталары салған дəстүрді
жалғастыра отырып, білім алып жатыр, тəжірибеден өтіп
жүр. Мынандай бір нақты деректерді келтіруге болады.
«Соңғы мəліметтерге қарағанда, Польшада 500-ге тарта
қазақстандық студент оқиды, ал Познаньдағы Адам Миц-
кевич атындағы университеттің қазақ тілі мен əдебиеті ка-
федрасында 50-ге тарта поляк студенті білім алуда» (Вол-
ков А. 20 лет установления дипломатических отношений
между Казахстаном и Польшей. Варшава, «Офицынна Оль-
шинка», 2011ж., 81б.).
Ал Густаф Зелинский «Қазақ» жəне «Дала» атты да-
стандар жазып ХIX ғасырдағы қазақ тұрмысы мен салт-
дəстүрінің əлеуметтік теңсіздіктің жай-жапсарын өз
шығармаларының өн бойына арқау еткен. Сол кездің өзінде-
ақ осы «Қазақ» дастаны неміс, чех, француз, ағылшын
тілдерінде басылып шығып, оқырмандарының ықыласына
ие болған. Екі дастанның екеуінде де қазақ сахарасындағы
оқиғалар, табиғаттың таңғажайып сырлы құбылыстары
шынайы бейнеленген. Қазақ оқырмандарына оның шығар-
малары туралы біліктілікпен жазған белгілі жазушы, по-
ляк əдебиеті мен мəдениетін зерттеуші Ғабит Зұлқаров деп
білеміз. Біздің əңгімемізге өзек болып отырған Адольф
Янушкевичтің шығармалары туралы да толымды пікір ай-
тып келе жатқан осы кісі.
Біз мақаламыздың басында Александр Затаевич тура-
лы да айтқан едік. Қазақстандықтар оны Адольф Януш-
кевич бастамаларының рухани жалғастырушысы ретінде
біледі. Себебі ол ақындардың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен
200
мұраларын жиыстырып, көшпенділердің өнер əлемінің
небір інжу-маржандарын Қазақ Елінің бүгінгі ұрпақтарына
табыстаған жан (Бадовски Р. Польские певцы Казахстана.
Варшава. «Bernardinum», 2006ж., 94-б.).
Оның тапжылмай жанқиярлықпен атқарған шығарма-
шылық ізденісінің нəтижесі 1935 жылы баспадан шыққан
«Қазақ халқының 1000 əні» деп аталатын кітабына енді.
Ел арасында бірден таралып, оқырмандардың айрықша
ықыласына ие болған бұл кітап кейіннен бірнеше рет аса
көп данамен қайта басылып шықты.
Қазақ жəне поляк халықтарының арасындағы рухани
байланыстардың тарихына үңілетін болсаңыз онда бүгінгі
ұрпақ зор мақтаныш сезіммен еске алатын, айтып отыра-
тын көптеген мысалдар келтіруге болады. Мəселен, КСРО
Халық артисі Роза Бағланованың орындауындағы поляктың
халық əні «Шла девэчка до лесэчку» шын мəнінде қазақ
өнер сүйер қауымының да сүйіп айтатын əніне айналды.
Халық артисінің Ұлы Отан соғысы жылдарында
майдан даласының алдыңғы шебіне үнемі концерттік
бағдарламалармен болғаны тарихтан мəлім. 1944 жылы
Польшаны фашистерден азат ету кезеңіндегі бір сапарында
ол поляктың халық əні «Шла девэчка до лесэчку» əнін естиді.
Əннің мəтіні мен ырғағы əншінің жүрегін баурап алғаны
соншалық оны табанда жаттап алып, жауынгерлердің ал-
дында əлденеше рет орындап үлгерген. Кейінірек əннің
мəтінін қазақшаға аудартқызып «Сұлу қыз» деген атпен
орындап жүрді. Қазір осы əн поляк жəне қазақ халықтарына
ортақ əнге айналды.
Деректер тілімен айтсақ, поляктар қазірде еліміздің
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында
көптеп мекендейді. Əсіресе, Солтүстік Қазақстан облысын-
да поляктар осы өңір халқының 2,6 %-ын құрайды. Бүгінде
Қазақстандағы поляктар одағы «Polonia» деп аталады. Бұл
одақ Қазақстан халқы Ассамблеясындағы басқа да еліміздің
үкіметтік мекемелеріндегі поляк тұрғындарының мұрат-
мүддесін білдіріп отырады. Олар, негізінен, халықтық
201
дəстүрлер мен əдет-ғұрыптарды жаңғырту бағытында по-
ляк тарихы мен оның ана тілін оқып-үйренуге байланысты
мəселелерді қозғайды. Қазақстандық поляктар өздерінің
тарихи Отаны Польшамен байланысты нығайта отырып,
ежелгі Қазақ еліне ризашылық сезімін білдіреді, онда
тұрып, мекендеп жатқан ұлттар мен ұлыстарды қадірлейді.
Қазақстан поляктарының алғашқы бірлестіктері 1989
жылы А.Дячинскийдің бастамасымен Көкшетау қаласында
құрылған болатын. Дəл осындай бірлестіктер Қарағандыда,
Алматыда шаңырақ көтерді. Бұл бірлестіктер 1992 жылы
заңды тұрғыдан тіркеліп, «Қазақстан поляктары» одағын
құрды. Бұл одақтың 13 облыста бөлімшелері жұмыс істейді.
Аудандар мен селоларда полоня ұйымдары құрылған. Олар
облыстық Қазақстан поляктары одағының құрамына кіреді.
Ал республикалық деңгейдегі «Қазақстан поляктары»
одағын Республикалық үйлестіру кеңесі басқарады.
Қазақстанның өзінің Тəуелсіздігін жариялаумен орай-
лас жергілікті поляктардың да мəдени, рухани дамуына
байланысты жаңа серпін пайда болды. Қазақстандық по-
ляктар санатынан жыл сайын жүзден аса студент Польша
Республикасының жоғары оқу орындарында оқып, білім
алып келеді. Олардың қатарында, əрине, қазақтар, орыстар,
корейлер мен украиндықтар да бар. Қазақ Елінің іргелі
жоғары оқу орындарында да атап айтқанда, Көкшетау
университетінде жəне Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінде «Поляк тілі мен əдебиеті»
мамандығы бойынша кадрлар даярланып жүр.
Осыдан бірер жыл бұрын қазақ-поляк байланысының
жарқын бір көрінісі ретінде Қарағанды мемлекеттік
университетінде үлкен жиын өтті. Ол поляктардың
Қазақстанға депортациялануының 75 жылдығына арналған
ғылыми-тəжірибелік халықаралық конференция еді.
Ондағы негізгі əңгіме сол бір қанқұйлы жылдардың адам
жанын күйзелтер оқиғаларын еске алып, сталиндік зұлмат
кезеңінің енді қайтіп қайталанбауының алғышарттарын
талдау еді. Əрине, тарихтан белгілі поляктардың негізгі де-
202
портациялануы 1936 жылдары оларды Украина мен Бело-
руссиядан əкелумен тығыз байланысты. Солардың елеулі
бір бөлігі – Қарағанды облысының үлесіне тиеді. Конфе-
ренцияда аталып көрсетілгендей, Қарағанды облыстық
«Палония» поляк қоғамы өз қандастары арасында мəдени,
рухани жағынан ағартушылық жұмыс жүргізуде көптеген
тəжірибе жинақтап қалған.
Облыстық поляк қоғамының төрағасы Виталий
Хмеловскийдің айтуынша, Қарағанды облысында тұрып
жатқан поляктар мен Польша Республикасы арасындағы
байланыс жылма-жыл өркендеп келеді. Айталық, осын-
да құрылған «Вспуль нота Польска» акциясы бойынша
поляк тілін оқып-үйренуге бейімі бар балаларға ерек-
ше қамқорлық жасалып жүр. Жиырма-жиырма бестей
мектеп оқушылары Польшаның мəдениеті мен тарихын
жете білу мақсатында жыл сайын Польша Республика-
сына барып қайтады. Осы акцияның ауқымында поляк
тілін тереңдетіп оқыту мақсатында курстар жүргізіліп
келеді. Конференцияға Польшадан, Ресейден, сондай-ақ
Қазақстанның Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан,
Ақмола өңірлерінен де өкілдер қатысып, ой бөлісті. Кон-
ференция кезінде «Поляктар Қазақстанда» деп аталатын
көрме көрсетіліп, поляктардың депортациялануының жай-
күйіне арналған деректі кинофильм көрермендер назарына
ұсынылды.
Осы жылдары, əсіресе, 2011-2012 жылдары жоғарыда
аталған датаға орай, Қазақстанның бұқаралық ақпарат
құралдарында да көптеген мақалалар жарияланды. Баспасөз
беттерінде радио, теледидар хабарларында Қазақстан мен
Польша арасындағы дəстүрлі достық ынтымақтастық
байланыстың өркенді тəжірибелері үнемі насихатталып
келеді. Осының өзі бір кездері өзі көзімен көріп, бай, өркенді
де қазақ даласы туралы мол рухани мұра қалдырған атақты
саяхатшы Адольф Янушкевичтің ізгі ниетімен сабақтасып
жатқандай. Соның жарқын бір мысалы ретінде қазақ-
поляк қарым-қатынасындағы рухани байланыстың жаңа
203
бір сатыға көтерілгендігі осы жолдардың авторы біз, өткен
2013 жылдың ақпан айында Познань қаласында болып, по-
ляк саяхатшысының мұраларын ұлықтаушы азаматтармен
дидарласқан едік. Бұл жөнінде «Ана тілі» газетінде арнайы
жазған да болатынбыз. Сол жолғы сапардың нəтижесінде
«Қазақ газеттері» ЖШС-і мен Польша Республикасының
бірқатар мемлекеттік жəне бейресми ұйымдарымен
ынтымақтастық байланыс орнады. Бұл күндері Польшада
«Қазақ газеттері» ЖШС-ның арнайы өкілі жұмыс істейді.
Ал Польша-Қазақстан Сауда өнеркəсіп палатасының
президенті П.Гузовский «Экономика» газетінің ақылдастар
алқасының мүшелігіне еніп отыр. Соның нəтижесінде,
«Қазақ газеттері» ЖШС-і мен Польша-Қазақстан Сауда
өнеркəсіп палатасы арасында келісім шартқа қол қойылды.
Ежелгі екі ел арасындағы мəдени-рухани байланыстың
дəнекері, алтын көпірі болған поляк перзенті Адольф Януш-
кевичке деген қазақстандықтар құрметі əрдайым шексіз.
Оның кітаптары дүркін-дүркін басылып оқырман игілігіне
айналып келеді. Сол риясыз сүйіспеншіліктің жарқын бір
көрінісі Қазақстанның мəдени жəне рухани орталығы
Алматы қаласында Адольф Янушкевич атындағы көше
бар. Осы көше бойымен жүріп өткен əрбір жан екі халық
арасында қазақтар мен поляктар достастығының алтын
көпірін тұрғызып кеткен поляк перзентінің тұлғасын
ризашылықпен еске алары сөзсіз.
2014 ж.
204
Достарыңызбен бөлісу: |