Жұмабек кенжалин қалам қанаты



жүктеу 2.6 Kb.
Pdf просмотр
бет10/22
Дата12.02.2017
өлшемі2.6 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

АЛАШТА БІЛІМ АСЫРҒАН
Рухани көш-керуеніміздің кемеңгерлері 
Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың 
Торғай топырағында өткен асынан соңғы ой.
Торғай!
Осы  бірауыз  сөз  қаншама  ойдың  белін  қайыстырып 
тұр  десеңізші!  Кеше  мен  бүгіннің  қыруар  уақиғасын  өн 
бойында  өрнектеп,  Тарих  пен  Тағдыр  дейтін  ұғымның 
өлшеусіз  құпиясы  өңірінде  бөгіп  жатқан  осынау  қасиетті 
һəм  қастерлі  мекеннің  мəртебесі  қашан  да  биік,  қашан  да 
қанатты! Бұл ақиқат от ауызды, орақ тілді ақындарымыздың 
өлең-жылына  өзек  болған,  оқымыстыларымыздың  ой-
орамдарына  айналған,  ел  жадында  шежіре  сыр  болып 
жатталған, атадан балаға аманат боп сақталған.
Үстіміздегі  жылғы  маусым  айының 8-9 жұлдызында 
осынау  киелі  жердің  даңқы  Алаш  жұртына  тағы  бір  рет 
бар  болмысымен  асқақтады.  Торғай  өңіріндегі  бұл  жолғы 
мереке  қос  кемеңгер  Ахмет  Байтұрсынов  пен  Міржақып 
Дулатовтың  есімдерін  ардақтау,  əспеттеу  ниетінен  арна 
тартып жатқандай. Торғай елі той атаулыны тойлай білетін, 
сонымен  қатар  елдің  ертеңін  ойлай  білетін  азаматтар 
кеніші ғой, шіркін! Осы жолы да торғайлықтар, кесіп айту 
керек, өздерінің сол дəстүрінен танған жоқ. Үш күн бойы-
на  республикамыздың  түкпір-түкпірінен  жиылған  небір 
жайсаңдар  мен  жампоздардың  ішер  асқа,  ойын-күлкіге 
ғана  қарық  болмай,  елдік  пен  егемендіктің  алуан  қырын 
толғайтын  қабырғалы  кеңес  құрып,  Ахаң  мен  Жақаң 
армандаған,  көксеген  келелі  мəселелерді  ортаға  салуы, 
сөйтіп туған топырақты қайтсек түлетеміз дейтін пəтуалы 
пікірді  ой-аңсарға  айналдыруы,  міне,  осының  бəрі  асты 
ұйымдастырушы Торғай азаматтарының ерен қайраткерлік 
қасиетімен сабақтасып жатқандықтан болар, бəлкім!
Сонымен,  дүркіреп  той  өтті.  Ол  бізге  несімен  қадірлі, 
одан  қандай  тағылым  түюге  болады? Miнe,  гəп  осында. 

169
Соңғы жылдары, əсіресе, соңғы бірер жыл көлемінде елін 
сүйген ерлер есімін ардақтауға бағышталған іргелі мерей-
тойлар  өткізу  дəстүрге  айналды.  Олар  негізінен  кезінде 
шолақ  саясаттың  құрбанына  айналып,  бірақ  халық  жа-
дынан  берік  орын  алған,  ұрпақтарының  рухани  ұранына 
айналған  арда  азаматтар  есіміне  байланыстырылып  жүр. 
Ахмет  нен  Міржақып  асы,  міне,  осы  бір  үрдістің  жарқын 
мысалына  айналды.  Ал  оның  саяси,  əлеуметтік  жəне 
эстетикалық астарына үңілгенде, ең алдымен, «Егемендік!» 
деп теңдікке ұмтылған жалпақ жəмиғаттың жүрек лүпілін 
аңғарасыз. Екіншіден, ұлттық салт-дəстүрді, болмысты ба-
янды етуге деген ізгі-ниетті сезініп тұшынасыз. Бұл екеуі 
бірін-бірі үстемелеп, толықтырып тұрған мəселелер. Астың 
өн  бойының  алтын  діңгегіне  айналған  осы  бір  желі  Ақан 
мен  Жақаңның  музейін  ашу  рəсіміне  арналған  салтанат-
та, ғылыми-теориялық конференцияда айрықша байқалып 
тұрды.
Кемелдік  пеп  кенендік  дейтін  ұғымды  түсіндіру  үшін 
əдетте қиыннан қиыстыра мысал іздеп, ол өзі былай ғой деп 
əріден орағытып жататынымыз бар. Ал сəл-пəл ой тоқтатып, 
зерделеп  кеп  жіберсеңіз  оның  дəлелін  байқаудың  түк 
қиындығы жоқ екен. Осы аста исі Алаш еліне тəн кемелдік 
пен  кенендік  дейтін  қасиеттің  салтанатына  куə  болдық. 
Өйткені  бұл  той  ресми  түрде  Ахмет  Байтұрсынов  пен 
Міржақып  Дулатовтың  күндері  аталғанымен,  ақиқатында 
Қазақ  жұртының  демократия  мен  жариялылық  бойға  да-
рытып,  ойға  қанат  бітірген,  өзінің  Ұлылығын  сезіндірген, 
тұщындырған  мəйекті  мəслихаты  болды.  Ал  Ұлылықты 
сезіну  қай  елдің  болса  да  ендігі  жерде  өз  тағдырыма  өзім  
иемін,  өзіме-өзім  қожамын  дегені.  Екі  күннің  бірінде 
«Егемендік!»  деп  айтар  əңгімеміздің  саяси  сипатының 
бір  арнасы,  міне,  осыдан  бастау  алып  жатса  керек.  Осы 
ойлар  арнайы  астанадан  шақырылған  қонақтар  мен  ел 
азаматтарының  өзара  пікірлесуінде,  əңгіме-дүкенінде 
өрелесіп өрбіп жатты. Дастарқан басылық құрғақ марапат 
мадақтан  гөрі  Ақаң  мен  Жақаң  елінің  кемел  кешегісі  мен 

170
бедерлі бүгіні, халықтық мəселелердің қадау-қадау шаруа-
лары қаузалды. Өсер жұрттың, өркениетті жəмиғаттың аяқ 
тастасы, міне, осылай болсын дейміз. Саясат пен парасаттың 
таразы басында тең түсуі де міне осындайдан көрінбек.
Өткенді сыйлау – өзіңді сыйлау. Ал өзін-өзі қадірлеген 
жұрт  қашан  да  жалаулы.  Өткенді  сыйлау  кісіліктің  кілті. 
Бұл тұрғыдан алып қарағанда да торғайлықтар алдына жан 
салмаған. Аудан орталығының музей қала атануының да бір 
мəні осыдан шығар. Торғай төсі думанды дүбірге бөленген 
ас  күндерінде  музей-қалада  тағы  бір  рухани  мəдени 
орталықтың  есігі  ашылып,  Ақаң  мен  Жақаңа  ескерткіш 
орнатылды.  Екі  арыстың  мұраттарын  топтастырған  музей 
алғашқы көрермендерін қабылдады. Жалпы, тарихи-мəдени 
ескерткіштерді  жиыстыру,  оны  көздің  қарашығындай 
сақтау,  сол  арқылы  жас  ұрпақ  бойында  жер  тағдырына 
деген  қастерлі  сезімді  қалыптастыруда  бұл  елде  қыруар 
жұмыс атқарылып отыр. Музей ашу еріккеннің ермегі емес, 
ол халықтың өзін-өзі танып білуі, өз болмысына бойлауы, 
дəстүр сабақтастығының салтанаты. Біздің халық шолақ ой-
лап, келте пішудің құрбаны болып келген ғой қашанда. Сол 
думанды  ас  күндердің  бірінде  мынадай  əңгіме  естігеніміз 
бар.
– Музей ашу бұл жерде науқанға айналып кеткен жоқ па 
екен, осы, – деген қара галстукты қылқына таққан біреу.
– Мұныңыз қалай отағасы, осы ауданның əр совхозын-
да музей болса артық демес ек. Музей сол жердің шежіресі, 
ал шежірені, өзінің өткенін білмеген ұл-қыздан не үміт, не 
қайыр?
Miнe, əңгіменің бар пошымы осы.
Соңғы  бір  жыл  көлемінде  жасарып,  құлпырып,  екінші 
тынысы  ашылғандай  болған  ежелгі  Торғайдың  сəнін, 
салтанатын  келтіріп  тұрған  бірегей  құрылыстардың  бірі 
осы  музей  болса,  ол  халықтық  қаражатқа  салынған  екен. 
Сондықтан да ондағы əрбір экспонат талғампаздықпен жиы-
стырылып, əр мұрағат өз ретімен қойылып, көрермендердің   
көз қуанышына айналған.   Қысқасы, мұнда алыстан ат са-

171
былтып келген əрбір жан еңбегім еш болды демесіне кəміл 
сендіруге болады.
Ай  мүйізді  арыстарымыздың  рухына  бағышталған  бұл 
астың  əлеуметтік  сипатына  бойлағанда  тағы  да  бұл  ел 
халқының ауызбіршілігіне бір жағадан бас, бір жеңнен қол 
шығара  білетіндігіне  сүйсінбеске  амал  жоқ.  Аталы  сөзге 
құлақ асып, кісілікті істі қадірлей білетін ел ғой бұл. О ба-
ста Ақаң мен Жақаң тойын көктем айында өткізу хақында 
əңгіме қозғалған екен. Сонда тұрып Кенжебек Үкин:
– Мұндай ардақты азаматтар тойына жүрдім-бардым қа-
раған жараспас. Ақылдасайық, ел ағасымен кеңесейік. Нəті, 
бұл  шаруаны  жер  аяғы  кеңейген  шақта  қоғамдастырған 
дұрыс болар, – деп пікір қосқан екен.
Осы  сөзді  дұрыс  көрген  ел  əйтеуір  қалайда  өткізілетін 
бір  той,  қапысыз  қалмайық  деп  ас  даярлығына  білекті 
сыбана  кірісіп  кеткен.  Іле  ел  ағасының  ризашылығымен 
республикалық комиссия құрылады да, оның төрағасы бо-
лып Мырзатай Жолдасбеков тағайындалады.
Бұл  аудан  əйгілі  «отыздың» – республикамыздағы 
əлеуметтік  жағынан  артта  қалған  отыз  ауданның  бірі  еді 
ғой. Бұл хақында əңгіме тиегі ағытылса оның жыры да та-
усылмас, мұңы да таусылмас. Бір көңілге медет тұтатыны 
осы  асқа  əзірлік  кезінде  қолдағы  бар  аз-мұз  қаржыны, 
Үкімет  тарапынан  бөлінген  көмекті  тиімді  пайдаланудың 
жолдары  қарастырылып,  бірқатар  əлеуметтік  мəні  зор 
объектілер  салу  көзделген  екен.  Ақиқатын  айтайық,  дəм 
жазып  былтырғы  жылы  осы  мезгілде  Торғай  қаласында 
болғанымыз  бар.  Сізге  өтірік,  маған  шын – былтырғы 
Торғай мен биылғы Торғайды салыстыруға мүлде болмай-
ды. Ac қарсаңында көшелерге тас жол төселіп, қаланың əрін 
аша түсер елдің ортақ игілігіне айналар құрылыстар салы-
нып, пайдалануға берілген. Анау Ардагерлер үйі, демалыс 
кафесі, Ақаң мен Жақаң музейі, Шақшақ Жəнібек алаңы, са-
уда орындары, байланыс мекемесі, ақшаңқан тұрғын үйлер 
– бəрі-бəрі жарасымын тауып, көңілге қуаныш үйіреді. Ал 
ең бастысы торғайлықтар үшін мұның бəрі Ақаң мен Жақаң 

172
асына арнап салынған құрылыстар еді деп айта жүрер ша-
руа болды.
– Шіркін, – дейсің, – шіркін, жер-жерде өткізіліп жатқан 
мерейтойлардан елдің əлеуметтік мұқтажын өтейтін осын-
дай  ескерткіштер  қалса  қандай  ғанибет!  Нарықты  эконо-
мика  өкпеден  қысып,  түкпірдегі  түтінді  деміктіре  түскен 
шақта ел   дəстүрін, салт-санасын,   болмысын əдіптейтін 
осындай  іргелі  той-думанның  кəдімгі  тіршілік  заңына  иек 
артып,  бір  жағынан  жыртығымызды  жамап,  жоғымызды 
түгендеп жатқаны қандай жарасымды. Бұл, міне, Ақаң мен 
Жақаң ізбасарларының елін сүйген азаматтардың мəселені 
тереңінен  толғай  білетіндігінің  дəлелі.  Кенендік  пен 
кемелдіктің мысалын осыдан көріп айтсақ керек.
Үш  күн  бойына  Торғай  төсін  тебіренткен,  толғантқан 
астың  эстетикалық  астарынан  да  түйер  тағылым  мол, 
тəжірибе де ұшан-теңіз. Ең алдымен айтарымыз Алты Алаш 
азаматтары  бас  қосқан  осынау  ас  бір  кездері  даламыздың 
біртуар ұлдары Ақаң мен Жақаң негіздеген шешендік өнер 
сайысына  айналғандай  (Бұл  жерде  біз  жалпақ  жəмиғатты 
қуанышқа кенелткен ақындар айтысындағы тапқырлықты, 
тілмарлықты  емес,  ресми  бас  қосуларда,  алқалы  жиын 
мəслихаттарда  айтылатын  сөз  өнерінің  сарабдал  үлгілерін 
еске алып отырмыз).
Қос  кемеңгердің  аруағы  арқаландырып  жіберді  ме, 
қайдам,  ескерткішті  орнату  салтанатында,  ғылыми-прак-
тикалық конференцияда, «көгілдір от» рəсімінде құдіретті 
ана тіліміздің екінші тынысы ашылғандай боп бар бояуы-
мен, болмысымен естір құлақты еліктіріп, ет жүректі бaypaп 
жатты.  Ел  зиялылары  Мырзатай  Жолдасбековтің,  Ғафу 
Қайырбековтің, Қуаныш Сұлтановтың, Кенжебек Үкиннің, 
Шайсұлтан 
Шаяхметовтің, 
Рымғали 
Нұрғалиевтің, 
Тұрсынбек  Кəкішевтің,  Сəкен  Жүнісовтің,  Еркеғали 
Рахмадиевтің, Жақан Қосабаевтың кесек-кесек ой орамдары 
ағыл да тегіл тағылымды топшылаулары осы астың иықты 
бір шаруасы деп білеміз. Осы тұста мына бір мəселені еске 
алмасқа болмайды. Анабір жылдары ресми жиылыстарда сөз 

173
сөйлегеннің реті осы екен деп шылғи қазақ отырған жерде 
баяндама орысша жасалып, жұрт жарыссөзде шатты-бұтты 
орысшалап əлекке түсіп жататын. Зəуқайырда қазақша сөз 
сөйленсе,  ол  орысша  түпнұсқаның  тəржімəсі  болып  қан-
сөлсіз  бірдеңе  болып  шығатын.  Бұл  ащы  да  болса  ақиқат 
еді.  Осы  жағдай  көбіне  аудан,  облыс  тағдырын  қолына 
ұстаған  азаматтардың  басына  тəн  жағдаяттар  еді.  Шүкір, 
соңғы жылдары халықтық маңызы зор осы шаруаның беті 
бері қараған секілді. Мəселен, ас тойда Кенжебек Үкиннің 
тілдік  қорымыздың  мерейін  шығара  баяндама  жасауы, 
күмбірлете күй шертуі көп нəрсені аңғартпай ма? Өзгелерге 
үлгі етерлік қасиет.
Кешегі  от  кешу  жылдары  арда  ағаларымыздың  атын 
əспеттеткен  де  осы  шешендік  өнер  еді  ғой.  Сол  арқылы 
дүйім жұртты соңынан ертіп, көш бастаған ел серкелерінің 
мерейі  аспаса  кеміген  жоқ.  Астан  түйер  тағылымның  бірі 
міне осы.
Ac тойдың эстетикалық мұратын əспеттеген де, даңқын 
асырған да келелі бір шаруа бүтіндей той-төбе кешеніндегі 
жағдаяттар. Қонақ күту үшін тігілген 200 үйден басқа Ах-
мет ауылы мен Міржақып ауылының əрқайсысы бас-басына 
өзінше  бір  өнер  мен  сұлулық  салтанатына  айналғандай. 
Қос  ауылды  аралап  жүріп,  үстіміздегі  ғасырдағы  қазақ 
жұртының  тарихымен  іштей  сырласасыз,  кеше  мен  бүгін 
белестерін  таразы  басына  тартасыз.  Айталық,  Ақаң  ауы-
лында  тігілген  бір  үйдің  иесі  «Еңбек»  совхозы  екен.  Бұл 
үй  Ақаң  өмір  сүрген  кездегі  зергерлік,  ісмерлік  дəстүрді 
көрермендерге көрсетіп жатты. Бір аңғарғанымыз – мұнда 
əйтеуір  қалқиып  тұрса  болды  ғой  деп  кім  болса  соны 
əкелмеген екен, қайта, шын мəнінде осы бір өнерді қастерлеп, 
мирас тұтып жүрген кісілер ел алдында бар білігін сарапқа 
салып  жатты.  Айталық,  Қият  Дідəбеков,  темірден  түйін 
түйіп,  сақина  соғып  жатса,  Сапаржан  Бекмұратов  ісмер 
екен.  Ал  Күйкентай  Жармағамбетов  қамшы  өреді.  Үйлер 
тақырып-тақырып  бойынша  сақталған.  Бірі – «Жар  кешу 
жаңғырығы»,  екіншісі – «Ыбырай  мектебі»,  ал  үшіншісі 

174
– «Алаш-алаш  болғалы»  деп  кете  барады.  Міржақып 
ауылының  сипаты  да  дəл  осындай.  Осының  бəрі  бұл  ас 
тойдың  бір  ерекшелігі  болса,  мəдени  бағдарламаға  сай 
өткізген  ақындар  айтысы,  көркем  өнерпаздар  концерті, 
спорттық  сайыстар  той  табиғатының  бояуын  құлпырта 
түсті.  Тойтөбе  төсін  алуан  реңке  малындырған  осы  бір 
дəстүрлі ойын-сауық Ақаң мен Жақаң армандаған заманға 
сай өз жарасымын тауып жатқандай еді.
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты 
Өткізбей, қараңғыда бекер жасты. 
Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп, 
Қазағым енді жату жарамас-ты.
Қалың  жұртын  оятуға  шақырған  Міржақып  ақынның 
осы  бір  өлең-жырлары  қадам  сайын  ойға  орала  берген. 
Араға 60 жыл уақыт салып қайта қауышқан қос арыс Ах-
мет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов өз елі етек-жеңін 
жиғандығын,  оянып  сілкінгендігін  осы  ас  күндері  айқын 
дəлелдеп  берді.  Ендігі  жерде  қалғыма,  қазақ  деген  ұран 
бүгінгі  күннің  өзекжарды  өткір  сөзіне  айналғандығына 
ешкім  шүбə  келтіре  алмас.  Дүбірлі  ас  тойдан  түйген 
тағылымның да тағылымы, міне, осы еді.
1993 ж.
МƏҢГІЛІК ҒҰМЫР
Қайда  жүрсең  де  еркіңнен  тыс  бір  беймəлім  күшпен 
үнемі  өзіне  жетелеп  тұратын  қастерлі  жерлер  болады. 
Кеңес Одағының Батыры Илларион Романович Васильевтің 
жүрегінде жатталып, бүкіл бітім-болмысы санасында сан-
сыз рет жаңғырыға беретін осындай мекендердің ұзын саны 
үшеу  еді.  Олар:  Лунчат,  Алматы,  Дубосеково.  Бұлардың 
əрқайсысы батыр өмірінің өшпес белгілері қалған қасиетті 
де  қадірлі  жерлер.  Өйткені  осы  атаулардың  əрқайсысында 
ұлы  ерлік  дастанының  бастауы,  жүректі  шымырлатар 
шежіресі,  таусылмас  тарихы  бар.  Ал  осы  тарих  Илларион 

175
Романович Васильев сынды қарапайым орыс шаруасының 
өнегелі  өмірін  өрнектеп,  əспеттеп,  айдай  əлемге  паш  етіп 
отыр.
Бүгінде  сонау  Камерово  облысының  Крапиневск  ау-
данына  қарасты  Лунчат  селосының  тұрғындары  осы  жер-
де  Илларион  батырдың  туғанын  мақтанышпеп  ауызға 
алады.  Сүйсіне  əңгімелейді.  Бұл – Отан  үшін  өзегі 
өртене  жауға  атой  салған  батырдың  туған  топыраққа  де-
ген  шексіз  сүйіспеншілігінің,  перзенттік  махаббатының 
қайтарымындай.
Кішкентайынан  жоқ-жұтаналықтың,  кедейліктің  зар-
дабын  тартып  өскен  əкесі  Романның  өлер  алдындағы  ба-
ласына  табыстаған  аманаты  да  осы  туған  жерге  деген  ма-
хаббат сезімі еді. О баста-ақ, «əке балаға сыншы» дегендей, 
ұлының бейімін байқағыштап жүретін əкесі Илларионның 
жерді  аялай  білетініне,  қадір-қасиетін  сезіне  білетініне 
қуанатын.  Сол  қасиет  қаршадай  Илларионды  өзі  секілді 
көрші  хутордың  қызылқарын  балаларымен  достастырды 
да, ал Денис кулакты жебеушілермен жауластырды да.
...Ұмытпаса, 1916 жылдың  күзі  болатып.  Ми  айналтқан 
ыстық  қылтанақтап  бас  көтерген  шаруа  астығын  қуырып 
бара  жатқан  кез  еді  ол.  Хутордағылар  əні-міне  жауын  бо-
лып  қалар,  енді  біразырақ  күте  тұрайықпен  астық  оруды 
кешеуілдеткен  шақ.  Үлкендер  жағы  алқапты  түнемелікке 
ит-құстан  қорыса,  ал  балалар  да  олардан  қалыспайтын. 
Күндізгі  қарауыл  солардың  мойнында.  Бүгін  де  кішкене 
Илюша  Тимофейдің  Петясы,  Христофордың  Аркашалары-
мен бірігіп, егістік алқапты мал тұяғынан қорғауға шыққан 
болатын.  Күн  тас  төбеге  көтерілгенде  егістіктің  түстік 
басындағы  көкжиектен  шаң  көрінді.  Балалар    бір-біріне  
үрпиісе  қарағанша    болған  жоқ,  əлгі  қою  шаң  жақындай 
берді. Бірінші тіл қатқан Петя болды:
– Ой, мыналар қайтеді-ей, қаптады ғой.
Балалар  тұра-тұра  ұмтылғанша  жөңкілген  сиыр  табы-
ны  алқапты  жапырып,  алға  қарай  тарта  берген.  Іле  табын 
артынан  қиқулаған  көрші  көпес  деревнясының  жігіттері 

176
бұларды  келемеждеп,  құйындатқан  күйі  сақ-сақ  күле  кете 
барған.
Əлгінде  ғана  ырғалыса  бас  изескен  астықты  алқаптың 
астан-кестеңі  шықты.  Балалар  да  есесін  жібермеуге 
тырысты.  Алпамсадай  жігіттер  бұлардың  жерден  тас 
лақтырғанын шыбын шаққан құрлы көрмей, жөңкілген та-
бынды іле қайырып тағы бір рет шаңдатып өткен. Дəл осы 
сəтте Илюша да өзіне-өзі есеп беріп үлгермеді. Мана қолына 
іле шыққан өткір күрек күн көзіне шағылысып, жарқ еткен. 
Қас пен көздің арасында балтырынан қан дірдектеген секпіл 
бет жігіттің өзіне төніп келе жатқандығын байқады. Қашып 
үлгермеді. Етпетінен құлаған ол бүйірін солқ еткізген ауыр 
соққыдан басқасының ешқайсысын да білмейтін...
Miнe,  осы  оқиға  Илюшаның  тайша  тулаған  кішкене 
жүрегінде  көпес  деревнясына  деген  ашулы  кектің  бір 
мысқалын тастап кеткен еді. Жанын жегідей жеп, сыздатқан 
бұл  оқиға  оның  сəби  жүрегінде  шемендеп  қатып  қаларын 
сол сəт өзі де білмеген. Бертін келе қатпарланған осы ашу-
лы кек бозбала Илларионды Денис кулакпен талай рет жүз 
шайыстырғанда,  адам  өліміне  дейін  барған  жағдайлар  да 
болды.
...Бертін Луячат селосын да өмір өзінің шуағына бөледі. 
Түгін  тартса  майы  шыққан  мынау  астықты  алқап  Васи-
льевтер  əулетінің  құт  мекеніне  айналды.  Осы  селоға  кіре 
берісте кешегі аумалы-төкпелі заманның куəгеріндей алып 
емен  ағашы  тұр.  Тамырын  тереңге  жайған  осы  еменнің 
əр  бұтағы  бұл  өңір  өрімталдарының  өмірінен  сыр  шертіп 
жатқандай.  Осы  емен  саясында  ағашты  ат  қып  мінген  ба-
лалар  есейе  келе  осы  емен  түбінен  ерлікке  аттанатын.  Иə, 
луячаттықтар осы жерден алыс сапарларға жол жүріп, осы 
жерде  жанарлары  қуаныш  жасына  тола  бауырларымен  та-
бысатын.  Солардың  бірі – қарапайым  шаруа  Роман  Васи-
льев те өз ұлы Илларионды мəуелі бəйтерек түбінен сонау 
шығыстағы  қазақ  жеріне  аттандырған  еді.  Отанымызға 
фашистік Германияның тұтқиылдан шабуыл жасағандығын 
Илларион Васильев Алматы облысының Қоғалы ауданында 

177
колхозшы болып жүріп естіді. Өзегін өртше шалдырған бұл 
хабар  Васильевті  де  бейтарап    қалдырмады.  Ол  майданға 
өз еркімен сұранушылардың бірі болды. Арада айға толар-
толмас  уақытта  Алматыда 316-ншы  атқыштар  дивизиясы 
құрыла бастаған еді. Илларион Романович та осы дивизияда 
алынды.
Дивизияның 1075-полкының  командирі  Илья  Капров  о 
бастан-ақ  истребительдер  взводын  жасақтауды  өз  қолына 
алған болатын. Взвод командирі капитан Павел Гунделевич 
екеуі полкты аралай жүріп, соғыс өнеріне біршама жақын-
ау дегендерді взводқа тартқан. Сондай таңдаулылардың бірі 
– қатардағы қызыл əскер Илларион Васильевке де түсіп еді.
Ол  майданға  алғаш  рет 1941 жылдың 14-октябрінде 
кірісті.  Ал  мұнан  соңғы  шайқас  бүгінде  əлемге  əйгілі  бо-
лып  кеткен 16-ноябрь  күні  басталды.  Ол  күнгі  алапат 
оқиғаның əр сəті жауынгерлердің санасында əлі күнге сай-
рап  тұрғаны  анық.  Ұрпақтан-ұрпаққа  аңыз  боп  таралып, 
ұлы  ерлік  шежіресіне  айналған  осы  күндер  туралы  Илла-
рион Васильевтің өзі əр кез тебірене де толғана айтып оты-
ратын. Ол 1943 жылы «Казахстанская правда» газетінің 23 
-февральдағы номіріндегі естелігінде былай деп жазды: «...
Отанымыз  бізді  шақырып,  Москваны  қорғауға  бұйырды. 
Дубосеково разъезіне келіп окоп қазып орналастық. Блин-
даждарымызды  мықтап  бүркемелеп  тастадық.  Бел  жазба-
стан еңбек еттік, ешкім бізді үгіттеп сөз айтқан жоқ. Бірақ 
əрқайсымыз  бұл  арадан  жалғыз  қадам  шегіну  болмайты-
нын  ұқтық.  Өліспей  беріспеу.  Халықтың  бізге  берген  тап-
сырмасы,  Сталин  мен  командованиенің  бұйрығы  осы  еді. 
Таң  сəулесі  кезінде  мынадай  оқиғаны  көрдік.  Гитлердің 
жаяу əскер отрядтары Берлинге парадқа шыққандай-ақ лек-
легімен тура бізге қарап жүріп келеді.
Сол кезде, Добробабин қатты ысқырып дыбыс берді. Біз 
оқты  боратып  жібердік. 80-нен  артық  гитлерші  азғындар 
құлады. Қалғандары жан сауғалап қаша жөнелді.
Политрук Клочков окопқа қарғып түсіп: «Жарайсыңдар, 
батырлар»  деді.  Дəл  осы  кезде  құлаққа  бір  жат  дауыстар 

178
естілді.  Жыланбауыр  дөңгелектер  сатырлап,  бұранды  та-
жалдар бізге қарай жылжып келеді.
–  Ресей  зор,  бірақ,  шегінетін  жер  жоқ.  Артымызда  Мо-
сква! – деді  политругіміз,  сонымен  ұрыс  басталды.  Біздің 
гранаттарымыздан  фашист  танкілері  лаулап  жанды.  Жол-
дастарымыз  бірінен  соң  бірі  қатардан  шыға  бастады,  сер-
жант  Добробабин  да  қаза  болды.  Петр  Дутов,  Бондаренко 
қансырап  жатыр.  Қожабергенов  гранаттарды  таңып  алып, 
екі  қолын  кеудесіне  қойып  өлімге  қарсы  жүрді.  Мен  екі 
танкіні  қиратып,  Мұсабек  Сеңгірбаев  екеуміз  үшінші 
танкіге қарай ұмтылдық...».
Алапат майдан Васильевке мұнан арғы оқиғаларды есіне 
сақтауға мұршасын келтірмеді. Аспан мен жер өрт-жалынға 
оранған  шақтың  бірінде  дəл  жанынан  гүрс  етіп  жарылған 
снаряд  жарықшағы  Илларион  Романовичтің  сол  аяғы  мен 
сол қолын сындырып, бүйірін қатты жаралады. Есі кіресілі-
шығасылы ол жан дəрмен алға ұмтылды. Орманға жетуге 
тырысқан...
Көзін  ашқанда  өзінің  медсанбадта  екендігін,  генерал 
Доватордың жауынгерлері ұрыс даласында қансырап жатқан 
жерінен тауып алып, осында жеткізгенін біледі. Мұнан соң 
өлім аузынан оралған азамат Илларион Романович Васильев 
ұзақ  уақыт  госпитальда  емделеді.  Кейінірек  жарасының 
беті бері қараған кезде қайтадан майданға сұранды. Кезінде 
өзі  құрамында  болып,  жауға  қарсы  шайқасқан 8-інші 
гвардиялық  дивизияға  жіберуін  өтінді.  Алайда, 16-ншы 
армияның командованиесі мұны жарасының ауырлығынан 
алдыңғы шепке жібере алмайтындығын білдіреді. Сөйтіп, 
1942  жылдың  мамыр  айында  Илларион  Васильев  Алматы 
облысының Қоғалы ауданындағы Көксу ауылына қайта ора-
лады.  Сұрапыл  соғыста  өліммен  бетпе-бет  келіп,  ажалды 
жеңген азамат енді тылдағы еңбек майданына да бел шеше 
кірісіп кетті. Мен соғыстан келдім, жаралымын» деп отыр-
мады. Қаралы күндердің ауыртпалығынан əбден тұралаған 
колхоз шаруашылығында аянбай еңбек етті. Қан мен терде 
шыңдалған солдаттың əр ісі көпке өнеге болды. Бір ғажабы 

179
– Илларион Романович колхоздың қайда ауыр жұмысы бар 
–  сонда  баратын.  Ал  өзін  мүсіркегенді  жаны  қаламайтын. 
Арагідік  «Ағайындар-ау,  мен  панфиловшымын  ғой.  Ал 
панфиловшының  орны – алдыңғы  шеп.  Қиындық  қайда 
–  мен  сонда  барамын.  От-жалынның  ортасында  қалған 
Əлікбай  мен  Нарсутбайлардан,  Мұсабек,  Ивандардан 
менің  жаным  артық  емес.  Шыбын  жан  сол  боздақтардың 
аруағының садағасы»  дегенде ауылдың шал-кемпірлерінің 
кəдімгідей сай-сүйегі сырқырай, көзіне жас алатын.
Илларион Романович аз уақыттың ішінде жеке басының 
қадір-қасиетімен де, шаруашылықты саралай білетін іскер 
жан  ретінде  де  көксулықтардың  жүрегінен  орын  алды. 
Жаңалыққа жаны құштар Иллариои Романович колхоздағы 
«Бəрі  де  майдан  үшін»  деген  қозғалыстың  үдей  түсуіне 
лайықты үлес қосты.
Ал жұмыстан қолы қалт еткен сəтте мектеп оқушылары 
мен  жастар  кешіне  жиі-жиі  қатысып,  өзінің  панфиловшы 
əріптестерінің ерен ерлігі жайлы сыр суыртпақтайтын. Сол 
əсерлі  əңгімелер,  естеліктер  жүрегінде  шемендеп  қалған 
дерттің шипасындай көрінетін.
***
1942  жылдың  қоңыр  күзінде  Илларион  Романовичтің 
өмірінде тағы бір ерекше оқиға болып еді. Мұны, майдан-
дас  досы  Георгий  Михайлович  Шемякин  екеуін  Москва-
да  Бүкілодақтық  староста  М.И.Калинин  қабылдады.  Осы 
оқиға туралы майдандық «Фронтовик» газеті 11-ноябрьдегі 
нөмірінде былай деп жазады:
«...Дубосековода  жендеттердің 50 танкісі  қорғасынша 
балқыды.  Бірақ  панфиловшылардың  Отан  алдындағы 
адалдық,  азаматтық  сезімі  жаудың  ғаламат  техникасынан 
да  күшті  болып  шықты.  Сұрапыл  шайқаста  қаһармандық 
көрсеткендердің қатарында жауынгерлер И.Р.Васильев пен 
Г.М.Шемякин де бар еді. Жақында Ұлы Октябрь социалистік 
революциясының  айтулы  мерекесі  қарсаңында  жəне 
Дубосеководағы  гвардияшы-панфиловшылардың  өшпес 

180
ерлігінің бір жылдығы алдында қос батырға Отанымыздың 
жоғары  наградалары  тапсырылды.  Олар  Совет  Одағы 
Батырының «Алтын Жұлдыз» медалі мен Ленин орденіне 
ие болды.
П. Логвиненко».
Осы очеркті жазу үстінде сарғайған газет тігінділерін, 28 
гвардияшы-панфиловшылардың ерлік шежіресіне айналған 
кітаптарды парақтауға, қилы тағдырлы адамдармен кезде-
суге тура келді.
–Илларион  Романович  үлкен  парасат  иесі  еді, – деп 
еске  алады  бүгінде  генерал  И.Панфиловтың  қызы  Вален-
тина  Ивановна. – Мен  оны  ең  жақын  білетін  адамдардың 
бірімін  ғой  деп  ойлаймын.  Соғыстан  соңғы  жылдары  ол 
өзі  майданға  аттанған  Қоғалы  ауданындағы  Көксу  ауы-
лында  еңбек  етті.  Астана  мен  осы  жердің  арақашықтығы 
онша алыс болмағандықтан, бір-бірімізде  жиі қонақта бо-
лып,  кешегі  сұрапыл  күндерді  жиі-жиі  еске  алысатынбыз. 
Бертінірек ол семьясымен Кемерово қаласына көшіп кетті, 
бірақ арадағы жақсы байланысымыз үзілген емес.
Сол  семьялық  достықтың  белгісі  ретіндей,  Валентина 
Ивановна Кемеровадан жолданған бірнеше хатты, фото-су-
реттер  мен  альбомдарды,  газет  қиындыларын  алдымызға 
жайып  салды.  Сарғыш  тарта  бастаған  сəлем  хаттар 
тасқыны  Илларион  Васильевичтің  көзі  тірісінде  Алматы-
да қалай жолданса, қазір де сол қалыптан танған емес. Бұл 
күндері  Валентина  Ивановна  Панфилова  батырдың  Кеме-
рово  қаласындағы  семьясымен  үзбей  хат  алысып  тұрады 
екен. Мына бір хат Илларион Романовичтің əйелі Клавдия 
Емельяновнадан, ал мына бір құттықтаулар олардың бала-
лары  Анатолий  мен  Алексейден,  Зинаида  мен  Галинадан 
келіпті.  Ал  олардың  бəрі  де  Кемерово  қаласында  жемісті 
еңбек  етіп  жатыр.  Біз  батыр  өмірінің  соңғы  жылдарының 
куəсіндей  болған  хаттармен  танысып  шыққаннан  кейін, 
оның Кемероводағы семьясымен хабарластық.
– Əкеміздің жеке архивтік документтерін, оның ішінде 
Совет  Одағы  Батырының  куəлігін,  СССР  Жоғары  Советі 

181
президиумының 1942 жылғы 21-июльдегі Указы жазылған 
Грамотаны,  кіші  колиберлі  винтовканы  жəне  ол  кісінің 
əскери  парадтық  киімін  Кемерово  өлкетану  музейінің 
өтініші бойынша, сонда тапсырдық, – дейді Анатолий Ил-
ларионович. – Ал  кейбір  жекелеген  заттарды,  деректерді 
іздестіруге əкеміздің досы Владимир Евсеевич Жмуров көп 
көмек  көрсетті.  Осы  хабардан  соң  Владимир  Евсеевичпен 
тілдесуді ниет қылдық. Оның да сəті түсті. В.Жмуров шын 
мəнінде досына қатысты əрбір документті мұқият жинақтап, 
іздестіріп, оның ұмыт қалмауына жанашыр болып жүрген 
кісі  екен.  Осынау  қастерлі  іске  Кемерово  қаласындағы 
В.Волошина  атындағы  Пионерлер  үйінің  Қызыл  ізшілері 
де  елеулі  үлес  қосыпты.  Пионерлер  Илларион  Романович 
болған жерлерге хат жазып, батыр туралы тың деректердің 
жиналуына септігі тиіпті.
–Іске  деген  ыждағаттылық,  мұқияттылық  Иллари-
он  Романовичтің  бойындағы  асыл  қасиеттердің  бірі  еді. 
Ғажабы сол – ол кездесу кештеріне, жиындарға үлкен мəн 
бере  қарайтын, – дейді  В.Жмуров. – Сондықтан  да  оның 
жастар  алдындағы  əңгімелері,  алқалы  топтағы  пікірлері 
бірсарынды қайталау болмайтын. Оның əрбір естелігі жаңа 
сипатпен баяндалып, тыңдаушының шын ықыласын туды-
ратын.
Жақында  Кемероводан  Алматыға  тағы  бір  посылка 
келді.  Оны  батырдың  досы  Владимир  Евсеевич  жіберіпті. 
Посылканың  ішінде  Илларион  Васильевтің  өміріне 
қатысты  тың  деректер,  оның  атына  жазылған  хаттар  мен 
құттықтаулар, документтер бар екен. Посылкадан сондай-
ақ батырдың фуражкасы, белбеуі, погоны шықты.
–Бұлардың  бəрі  Офицерлер  үйі  жанынан  ұйымдас-
тырғалы  отырған  панфиловшылар  музейінің  тың  экспо-
наттары болмақ, – дейді музейдің жанашыры болып, істің 
басы-қасында  жүрген  Валентина  Ивановна  Панфилова. 
Сонан соң ол сөрелерге қаттала жиналған түрлі папкалар-
ды мегзеді. Олардың да ұзын саны жиырма сегіз екен. Бұл, 
əрине, кімге де болса түсінікті жайт. Валентина Ивановна 

182
жиырма  сегіз  батырдың  əрқайсысы  үшін  жеке-жеке  пап-
ка  ашыпты.  Батырлардың  өмірбаянын,  олардың  ерлігіне 
қатысты  жайларды  толығырақ  білем  деген  жан  осы  пап-
каны  ашып  қараса  болғаны.  Əлгі  посылкамен  келген  зат-
тар, документтер де тіркеліп, нөмірленеді екен. Мұнан соң 
олардың қысқаша сипаттамасы Илларион Романович Васи-
льевке арналған папкадан орын алмақ.
Музей  демекші,  осы  шағын  бөлмедегі  əрбір  экспонат, 
даңқы  ерліктің  ғұмырнамасындай.  Олардың  шертер  сыры 
мол.
...Ер  есімі  ешқашан  ұмытылмайды.  Көзініц  тірісінде-
ақ  халқының  зор  ілтипатына  бөленген  Ленин,  Суворов 
орденді  И.В.Панфилов  атындағы  Режица  гвардиялық  мо-
торлы  атқыштар  дивизиясының  жауынгері  Коммунистік 
партияның  мүшесі  Илларион  Романович  Васильев  есімі 
қазір  де  зор  құрметке  ие.  Біз  жоғарыда  оның  соңғы  жыл-
дарда Кемерово қаласында тұрғанын айтып едік. Даңғайыр 
батыр 1970 жылы қайтыс болды.
Батыр  өлгенімен,  оның  өшпес  даңқы  қалды  артын-
да.  Сол  даңқ,  атақ-абырой  Илларион  Романовичтің  асыл 
бейнесін күн өткен сайын тұлғаландыра түскендей. Бүгінде 
кеншілер тамаша даңққа бөленген өз жерлестерінің есімін 
зор  мақтаныпшен  айтады.  Қаладағы  бірнеше  пионер  от-
рядтары,  дружиналар  Совет  Одағының  Батыры  Илла-
рион  Романович  Васильев  атында.  Атақты  панфиловшы 
жүлдесі  үшін  мұнда  дүбірлі  спорт  жарыстары  да  жиі-жиі 
өтіп тұрады. Халық депутаттары Кемерово қалалық Советі 
атқару комитетінің шешімімен бір көшеге батырдың есімі 
берілген.
Күн өткен сайын астанадағы 28 гвардияшы-панфилов-
шы атындағы парк құлпырып, көркейе түсуде. Осындағы 
«Мəңгілік от» комплексінен жылдың қай мезгілінде бол-
са  да  келушілер  легі  үзілген  емес.  Көзінің  тірісінде  Ил-
ларион  Романович  Васильев  те  осында  əрдайым  болып, 
майдандас  достарының  рухы  алдында  бас  иетін,  тəжім 
ететін. Мұндағы өткізген əр сəті оны ерекше бір сезімге 

183
бөлейтін. Сол сезім құдіреті болса керек, анабір жылда-
ры  көктем  айында  сонау  Дубосеково  даласына  арнайы 
барып, 28 гүл шоғын үзіп əкелгені де бар. Бұл – шындық. 
Өйткені ол жүрегінің соғуы тоқтаған сəтке дейін сұрапыл 
соғыста  шейт  болған 26 боздақтың  мəңгілік  рухымен 
өмір сүрді.
Осы жолдарды жазып отырғанда белгілі орыс ақыны Га-
рольд Регистанның мына бір жыр шумақтары еріксіз ойға 
орала берді:
Мен өлмеймін,
Мен жерге батамын ба?
Қуат жиып алғанша жатамын да,
Жаратылыс жырына құлақ түріп,
Атып тұрам,
Табытты лақтырып.
Қайдан пайда болды деп ақырсын көп, 
Тұрып келем зəулім бір самырсын боп. 
Самырсын боп тағы да өмір сүрем 
Жанам тағы 
Бір ата көңірсімен.
Иə, біздің əңгімемізге арқау болған атақты 8-гвардиялық 
дивизияның жауынгері мəңгілік ғұмыр иесі – Илларион Ро-
манович Васильев, міне, осындай азамат еді.
1990 ж.
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет