ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=


Жүзіп өтті. Арғы бетке өтті. Жүзіп ішті



бет22/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72
Жүзіп өтті. Арғы бетке өтті. Жүзіп ішті. Қанып ішті, еркін сімірді.
ЖҮЗБАСЫ з а т . т а р . к ө н е . Әрбір жүз адамның басшысы.
ЖҮЗБЕ: жүзбе док. с у ш а р . Кеменің су асты бөлігін байқау және жөндеу үшін жабдықталатын ғимарат.
Жүзбе тасындылар. с у ш а р . Ағыспен жүзінді түрінде тасымалданатын қатты бөлшектер.
ЖҮЗБЕ-ЖҮЗ ү с т . Бетпе-бет, көзбе-көз.
Жүзбе-жүз сөйлесті [тілдесті]. Көзбе-көз сөйлесті.
ЖҮЗБЕЛІ с ы н . Жүзіп жүретін.
Жүзбелі база. Кемелер қирамаларын (сүңгуір қайықтар, катерлер), су ұшақтарын жөндеу мен күтуге, материалдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған көмекші кеме. Жүзбелі инженерлік мина. ә с к . Жүзіп жүрген, аласа және су астындағы көпірлерді, гидротехникалық құрылыстарды құрта алатын, сонымен қатар кемелерді, өткелден өту құралдары мен жүзгіш мәшинелерін жоюға арналған мина. Жүзбелі көпір. с у ш а р . Паромдық-көпірлік құрылғылардан суда құрастырылатын көпір. Жүзбелі танк. ә с к . Алдын ала дайындықсыз және қосымша жабдықсыз су бөгеттерінен жүзе алатын және жүзіп келе жатып атыс жүргізе алатын ұрыс машинасы. Жүзбелі теңіз минасы. ә с к . Гидростатикалық аспаптың және басқа да құрылғылардың көмегімен белгілі бір тереңдікте жүзіп жүретін зәкірсіз мина.
ЖҮЗБЕАҒЗА з а т . <грек. cektos> Судың қалың қабатында ағысқа қарсы белсенді жүзетін ағзалар жиынтығы.
ЖҮЗГЕН з а т . ө с . <лат. calligonum> Шөл және шөлейтті, құмды жерлерде өсетін тамыры ұзын, құрғақшылыққа төзімді аласа бұталы өсімдік.
ЖҮЗГІЗ= е т . Суда жүздіру.
ЖҮЗГІЗУ Жүзгіз етістігінің қимыл атауы.
ЖҮЗГІНДЕР з а т . Дисперстік фаза мен дисперсиялық орта тығыздықтарының аздаған айырмашылықтарына сай седиментация процесі өте баяу жүретін суспензиялар.
ЖҮЗГІШ с ы н . Жақсы жүзе білетін, малтығыш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет