ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет23/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
Байланысты:
Түсіндірме сөздік 15 бет

Жүзгіш бронетранспортерлар. ә с к . Мотоатқыштық бөлімшелерді құрлықта тасымалдау, атыс жүргізу және су кедергілері арқылы өткелден өтуге арналған ұрыс мәшинесі. Жүзгіш мәшинелер. ә с к . Алдын ала дайындықсыз су бөгеттерінен өте алатын ұрыстық және көліктік (доңғалақты немесе шынжыр табанды) құралдар. Жүзгіш танк. ә с к . Су тосқауылдарын жеңуге қабілетті жеңіл танк.
ЖҮЗГІШТІК з а т . Жақсы жүзе білетіндік.
ЖҮЗДЕГЕН с а н . Жүз шақты, жүзге тарта, жүздей.
ЖҮЗДЕЙ с а н . Жүз шақты, жүзге тарта.
ЖҮЗДЕН ү с т . Санын жүзге толтырып.
ЖҮЗДЕП ү с т . Жүз-жүздеп, жүз-жүзге бөлініп.
ЖҮЗДЕП-МЫҢДАП ү с т . Жүз-жүздеп, мың-мыңдап.
ЖҮЗДЕС= е т . Кездесу, ұшырасу, бетпе- бет жолығу.
ЖҮЗДЕСТІР= е т . Кездестіру, жолықтыру.
ЖҮЗДЕСТІРУ Жүздестір етістігінің қимыл атауы.
ЖҮЗДЕСУ Жүздес етістігінің қимыл атауы; кездесу, жолығысу, ұшырасу.
ЖҮЗДІ1 с ы н . Жүзі (1) бар; бейнелі, бетті.
ЖҮЗ-ДИДАР з а т . Адамның бет-әлпеті, сыртқы бейнесі.
ЖҮЗДІ2 с ы н . Жүзі бар, жүзі өткір.
ЖҮЗДІК1 з а т . Жүз адамнан құралған жасақ.
ЖҮЗДІК2 з а т . Математикадағы сандық кластар тобы.
ЖҮЗДІК3 з а т . к ә с . Жабыла келе, жүз шөмеле шөп шабатын адамдар тобы.
ЖҮЗДІКШІ з а т . Жүз шөмеле шөп шабуға келіскен пішеншілердің (шөпшілердің) бірі.
ЖҮЗДІР= е т . Жүзгізу, суда жүргізу.
ЖҮЗДІРУ Жүздір етістігінің қимыл атауы.
ЖҮЗДІРУШІ з а т . Жүздіруді іске асырушы, жүздіретін.
ЖҮЗЕ: жүзеге асты. Іске асты, орындалды.
ЖҮЗ-ЖҮЗДЕН ү с т . Жүз-жүзге бөліну, әрқайсысы жүзден.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет