ЖұмбақТАҒыш с ы н. Жұмбақтап, астарлап, тұспалдап айтуға шебер (адам). ЖҰмбақтал=



бет25/72
Дата28.10.2022
өлшемі153,33 Kb.
#46035
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72
ЖҮЙЕ1 з а т . 1. Сала, тарау, желі. 2. Жөн, рет, тәртіп. 3. т е р м . <грек. systema> Бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы. 4. Қандай да бір білімдердің (ұғымдардың, болжамдардың, аксиомалардың, ережелердің, теориялардың, ғылым-білімдердің) шеңбері негізінде жататын принциптер жиынтығы. 5. Қандай да бір нысандардың әрекеттеріндегі, орналасуындағы немесе байланысындағы анықталған тәртіп. 6. Әлденені ұйымдастыру формасы. 7. Құрылымның, құрылғының типі.
Жүйе архитектурасы. и н ф . <ағыл. system architecture> Жүйенің пайдаланушымен және сол жүйенің ішкі құрауыштарымен (құраушыларымен) өзара байланысу ерекшеліктері. Жүйе әкімшісі. и н ф . <ағыл. system administrator> Жүйені пайдалануға және оны жұмыс істейтін күйінде сақтауға жауап беретін адам. Жүйе бейнесі. и н ф . <ағыл. system image> Келесіде жүктеу мен іске қосу үшін сыртқы жадта сақталған, орындалатын тапсырмалары және жүктелген операциялық жүйесі бар компьютердің жедел жадының қалып-күйі. Жүйеге салу. Тәртіпке келтіру, реттеу. Жүйеге салыну. Реттелу, тәртіпке келтіру. Жүйеден тыс бірліктер. ф и з . Шамалардың қазіргі бар бірліктер жүйесінің ешқайсысына енбейтін бірліктері. Жүйеден шығу. и н ф . Жүйені тұтынушының (пайдаланушының) жұмыс істеу ретінің аяқталуы. Жүйеде тіркелу процесі. и н ф . <ағыл. logon process> Пайдаланушылардың жүйеде тіркелу әрекеттерін өңдеу процесі. Жүйе икемділігі. и н ф . <ағыл. system flexibility> Жүйені модификациялау, кеңейту және оған жаңа сапа беру мүмкіндігінен тұратын жүйенің қасиеті. Жүйені баптау. и н ф . <ағыл. System tuning> Жүйенің қызметтік сипаттамаларын анықтау, жақсарту мақсатымен оны қолдану параметрлерін өзгерте отырып, оны жаңа жұмыс жағдайына бейімдеу. Жүйені жабу. и н ф . <ағыл. shutdown> Нақты уақыт жүйесі жұмысының тоқталуы. Жүйені жалпы босату. и н ф . <ағыл.system reset> Мультипроцессорлық жүйеде орталық процессорды тазалай отырып босату. Жүйені жобалау метрикасы. и н ф . Жүйенің көңіл-күйі өзгерістерінің фазалық жолын анықтайтын және оған пара-пар геометриялық кеңістікте жүйені сипаттауға пайдаланылатын түрлендірулер тобы. Жүйені жүзеге асыру. и н ф . <ағыл. system implementation> Жүйе жобасын жұмыс істеуге қабілетті бұйым түрінде іске асыру. Жүйені жүктеу. и н ф . <ағыл. system loading> Жүйе модульдерін компьютердің сыртқы жадынан (дискідан) негізгі жедел жадқа жазу. Жүйені кеңейту. и н ф . <ағыл. system extension> Жүйенің мүмкіндігін кеңейту мақсатымен оған жаңа модульдер мен құрауыштар үстемелеу. Жүйені қорғау. и н ф . <ағыл. system security> Бағдарламалар мен жүйе мәліметтеріне рұқсатсыз қатынас құруды болдырмауға немесе жүйе жұмысына араласпауға күні бұрын жасалған шаралар жиынтығы. Жүйені молықтыру. и н ф . <ағыл. system saturation> Барлық түскен сұратуларға жеткілікті мөлшерде тез жауап бере алмайтын жүйенің қалып-күйі. Жүйенің артықтығы. и н ф . <ағыл. system redundancy> Жүйенің сенімділігін және қорғанышын арттыратын, бірақ оған жүктелген мәселелерді шешуге қажет емес қосымша құралдар (элементтер, троптар, блоктар, бағдарламалар, мәліметтер). Жүйенің атауын тағайындау. и н ф . <ағыл. system initialization> Операциялық немесе басқа жүйелерді іске қосу кезінде алдын ала орындалатын әрекет. Жүйенің даярлығы. и н ф . <ағыл. system availability> Жұмыс қалып-күйіндегі жүйенің өз функцияларын орындау қабілетінің өлшемі. Жүйенің есептеу ресурсы. и н ф . <ағыл. computer resurs system> Белгілі бір уақыт аралығы ішінде мәліметтерді өңдеу процесіне бөлінетін есептеу жүйелерінің құралы. Жүйенің жеделдігі. и н ф . <ағыл. system оperativeness> Берілген мерзімде немесе пайдаланушының жұмыс қарқынында мәліметтерді өңдеу мүмкіндігін бейнелейтін жүйе қасиеті. Жүйенің осалдығы. и н ф . <ағыл. criticality of system> Жүйенің қауіп төнген кезде қорғанысының бұзылуына себепші болатын қасиеті. Жүйенің тиімді режімі. и н ф . <ағыл. system production mode> Бағдарламаны жөндеу мен тестілеу құралдары ажыратылған операциялық жүйенің жұмыс режімі. Жүйені тексеріп шығу. и н ф . Қорғау құралдарының жүйесінде қарастырылған рұқсатсыз қатынас құруға салынған тыйымды ескерместен пайдаланушының мәлімет алу әрекеті. Жүйе сипаттамасы. и н ф . <ағыл. system specification> Жүйенің өнімділігін, шапшаң әрекетін, бір мезгілде қызмет ететін пайдаланушылар санын, бағасын және т.б. мүмкіндіктерін анықтайтын параметрлердің жиынтығы. Жүйесін тапты. Реті келді, жөні келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет