ЖҮКСАЛҒЫШ з ат . т е х . Жеңіл мәшиненің жүк салуға арналған бөлігі. ЖҮКСІЗ с ы н . Жүгі жоқ, бос. ЖҮКТЕ= е т . 1.Жүк арту, тиеу. 2. а у ы с . Міндеттеу, тапсыру. Жүктейтін модуль. и н ф . Байланыс түзету кезінде біркелкі (операциялық жүйеде қабылданған) пішімде алынған салыстырмалық мекенжайларда берілетін бағдарламалық модуль.Жүктейтін модульдердің кітапханасы. и н ф . <ағыл. load module library> Компьютерлердің бірыңғай жүйесіне - жүктелетін модульдерді сақтауға арналған кітапхана. Жүктейтін сектор. и н ф . Бірінші сектордың нөлінші бетіндегі нөлінші сызық жолы. ЖҮКТЕЙ с ы н . Жүк сияқты, жүк тәрізді. ЖҮКТЕЛ= е т . 1.Жүк арттырылу, тиелу.2. а у ы с . Міндеттелу, тапсырылу. Жүктелетін қаріп. и н ф . <ағыл. loadable font> Баспа құрылысының немесе дисплейдің таңба генераторының жадына бағдарламамен жүктелетін бедер-белгілер кескіні (әдетте, растр матрицалары түрінде) ЖҮКТЕЛУЖүктел етістігінің қимыл атауы; міндеттелу, тапсырылу. ЖҮКТЕМЕ з а т . 1.Тапсырма, міндеттеме.2.Еңбекақы мөлшеріндегі сағат (жұмыс).3. т е х . Қажетті бөлшек.4. и н ф . <ағыл. load> Жүйенің жұмыспен жүктелу сипаттамасы. Жүктеме коэффициенті. и н ф . <ағыл. load factor> Желідегі ең үлкен жүктеменің белгілі бір уақыт аралығында графиканың орташа жүктемесіне қатынасы. Жүктемелерді үлестіру. и н ф . <ағыл. load sharing> Оңтайлы жүктеудің белгісі бойынша есептеу желісі бөлімдерінің арасында олардың әрқайсысына жалпы жүктемелерді үлестіру. ЖҮКТЕМЕСІЗ с ы н . Жүктеме алмаған, жүктемесі жоқ. ЖҮКТЕМЕЛІК с ы н . Жүктемеге тән, жүктемеге қатысты. Жүктемелік модуль. и н ф . <ағыл. load module> Берілген операциялық жүйеде бірыңғай қабылданған пішімдегі байланыстарды редакциялау кезінде объектілік модульден алынған салыстырмалы мекенжайлардағы бағдарламалық модуль.Жүктемелік сынау. и н ф . <ағыл. volume tests> Есептеуіш жүйенің қабілетін тексеру; нақты уақыт режімінде терминалдар орындайтын алмасу санының нақты күтілген максимумға жететінін немесе одан асатынын анықтау.