ЖҮЙКЕ-ЖҮЙКЕ з а т . Тұла бой, бүкілдене. Жүйке-жүйкесі босады.Көңілі босады, құлазыды. ЖҮЙКЕЛЕ= е т . Шаршау, болдыру, титықтaу. ЖҮЙКЕЛЕН= е т . Дененің барлық мүшелерінің жүйкемен қамтамасыз етілуі. ЖҮЙКЕЛЕНУЖүйкелен етістігінің қимыл атауы; яғни дененің барлық мүшелері мен ұлпалардың жүйкеленуі; мүшелер мен ұлпалардың жүйкелер арқылы орталық жүйке жүйесімен байланысуы. ЖҮЙКЕЛЕТ=е т . Шаршату, діңкелету, ығырын шығару. ЖҮЙКЕЛЕТУ Жүйкелет етістігінің қимыл атауы. ЖҮЙКЕЛЕУЖүйкеле етістігінің қимыл атауы. ЖҮЙРІК1 с ы н . 1.Ұшқыр, жылдам шабатын, жүгіретін. // Ұшқыр, жылдам шабатын ат, тұлпар. 2. а у ы с . Шешен; зерек, сезімтал.3. а у ы с . Жетік, шебер. Жүйрік аттай ойқастады.Қыр көрсетті.Жүйрік аттың белгісі сауырында. Атсейістердің бағалауынша, жүйрік аттардың белі ұзын, сауыры жайдақ, кең, қысқа болатыны туралы.Жүйрік ат шаппаса да, қырындайды.Бұқаның өзі қартайса да, мұрны қартаймайды, кеуде болмаса да, көңіл үйреніп қалғанына басады деген мағынада. Жүйрік [ұшқыр] қиял.Асау көңіл, шартарапты кезген көңіл.Жүйрік тілді.Шешен, сөзге шебер. ЖҮЙРІК2: ат жүйрік. в е т . Малда болатын төс пен төсетектің түйісіндегі шеміршек. ЖҮЙРІКТІК з а т . 1.Ұшқырлық, шапшаңдық, озғыштық. 2. а у ы с . Бір нәрсеге жетіктік, білгірлік, алғырлық; шешендік. ЖҮЙТКУЖүйткі етістігінің қимыл атауы. ЖҮЙТКІ= е т . 1.Заулау, зымырау, шаң ілестірмеу.2.Сырғу, тайқу, ауысу. 3. а у ы с . Алдына жан салмау, озық шығу. ЖҮЙТКІТ= е т . Зулату, зымырату. ЖҮЙТКІТУЖүйткіт етістігінің қимыл атауы. ЖҮК1 з а т . 1.Көлікке, арбаға, түйеге, мәшинеге т.б. артылған, тиелген зат. 2. э т н . Жүкаяққа, сандыққа жиылған тең, көрпе-жастық. 3.Жиһаз бұйым, жасау.4. а у ы с . Қайғы-қасірет, уайым, шер.5. а у ы с . Талап, тілек, міндет.6. а у ы с . Салмақ, ауыртпалық.